Понедельник , 19 мая 2025

НАУРЫЗДЫ ТОЙЛАУДЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ: БІР АЙЛЫҚ ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ

Наурыз – халқы­мы­здың ең басты ұлт­тық мей­ра­мы. Бұл көк­тем­нің келуі­мен қатар, бере­ке-бір­лік­ті жаңа­ру мен татулы­қты біл­діретін ерекше мере­ке. Ұлы­стың ұлы күнін жаңа фор­мат­та атап өту үшін Науры­зды 14 наурыз – Көрі­су күні­нен бастап 15 сәуір­ге дей­ін жалға­са­тын бір айлық ұлт­тық мере­ке­ге айнал­ды­ру ұсы­ны­лып отыр.

Қазір көп жағ­дай­да Наурыз тойы жыл сай­ын бір сарын­ды дәстүр­лі кон­церт­тер мен жәр­мең­ке­лер­ден аспай, халы­қта ерекше әсер қал­дыр­май­ды. Бұл жағ­дай­ды орна­ту үшін мере­кені жаңа ұйым­да­сты­ру фор­ма­ты қажет. Ең алды­мен, ауа рай­ы­ның қолай­сызды­ғын еске­ре оты­рып, мере­келік іс-шара­лар­ды мүм­кін алаң­дар­да, орта­лы­қтар­да және этно­ауыл­дар­да мәде­ни­ет­ті ұйым­да­сты­ру жағын қарас­ты­ру керек. Киіз үйлер­ді рет­сіз емес, арнайы жос­пар бой­ын­ша тігіп, әр киіз үйдің өзін­дік мағы­на­сы болуын қам­та­ма­сыз ету маңызды.

Наурыз мере­кесінің маз­мұ­нын бай­ы­ту мақ­са­тын­да зама­на­уи фор­мат­тағы этно­фе­сти­валь­дер, театр­лан­ды­ры­лған қой­ы­лым­дар, ұлт­тық ойын­дар мен интер­ак­тив­ті шара­лар­ды көбейт­кен жөн. Науры­зды жаңа­ша той­лау арқы­лы оны шынайы ұлт­тық мере­ке­ге айнал­ды­рып, халы­қтың қызы­ғу­шы­лы­ғын арт­ты­руға болады.

 Біз ұсы­нып оты­рған бұл баста­ма өңір­дің өзін­дік ерекшелік­терін көр­се­ту­ге мүм­кін­дік береді, мере­кені бүкіл ел бой­ын­ша кезек-кезек той­лау арқы­лы оның көле­мін кеңей­те­ді. 14–22 наурыз ара­лы­ғын­да батыс өңір­лер­ден бастау алып, 21–22 науры­зда рес­пуб­ли­ка­лық бай­қау той­ла­на­ды. Одан әрі орта­лық, оңтүстік, шығыс және сол­түстік аймақтар­да жалға­сып, әр өңір­ге тән ұлт­тық дәстүр­лер мен мәде­ни шара­лар ұйым­да­сты­ры­ла­ды. Бұл бірін­ші кезек­те күн рай­ы­ның жылы­нуы­на бай­ла­ны­сты туын­да­са, екін­ші кезек­те халы­қтың көңіл күй­ін рет­те­у­ге мүм­кін­дік береді.

Жаңа фор­мат­тың негіз­гі күші – мере­кенің дамуын кеңей­ту, ұлт­тық мәде­ни­ет­ті дәріп­теу, туризмді және эко­ло­ги­я­лық сана­ны қалып­та­сты­ру. Соны­мен қатар, бұл баста­ма ел ішін­де­гі бір­лік­ті нығай­тып, Науры­зды халы­қа­ра­лық қаты­на­сқа шыға­руға жол ашады.

Науры­здың жаңа­ша той­ла­нуы – Қаза­қстан­ның мәде­ни бренд­терінің бір-біріне айна­лып, елі­міздің мере­келік дәстүрін әлем­ге таны­та­тын ерекше мүмкіндік.

1. Ұсы­ны­стың мәні

Наурыз мей­ра­мын жаңа фор­мат­та атап өту үшін, оны 14 наурыз – Көрі­су күні­нен бастап, 15 сәуір­ге дей­ін созы­лған ұлт­тық мере­ке­ге айнал­ды­ру ұсы­ны­ла­ды. Бұл дәстүр­лі мере­кені әр өңір­дің ерекшелі­гін еске­ре оты­рып, кезек-кезек атап өту арқы­лы елі­міздің бар­лық аймағын қам­ти­тын ауқым­ды мере­ке­ге айнал­ды­руға мүм­кін­дік береді.

2. Негіз­гі идея және кезеңдер

Бұл жаңа фор­мат Науры­зды әртүр­лі өңір­лер­де бір ай бойы той­лау арқы­лы халы­қтың мәде­ни бай­ла­ны­сын нығай­та­ды. Әр қала мен өңір өзіне тән ерекшелік­тері­мен бұл мей­рам­ды ұлт­тық дең­гей­де өткізеді.

  1. 1422 наурыз: Науры­здың баста­луы – Батыс өңір­лер­ден бастау
    1. 14 наурыз (Көрі­су күні, Маңғы­стау) – Наурыз мей­ра­мы­ның бастау алуы. Халық бір-бірі­мен көрісіп, наурыз мей­ра­мын қар­сы алады.
    1. 1516 наурыз (Аты­рау, Ақтө­бе, Орал) – Көрі­су күнін жалға­сты­рып, өңір­лік мере­ке­лер ұйымдастырылады.
    1. 2122 наурыз (Аста­на, Алма­ты, Шым­кент) – Науры­здың басты күн­дері ұлт­тық дең­гей­де той­ла­на­ды. Мем­ле­кет­тік іс-шара­лар, этно­фе­сти­валь­дар, театр­лан­ды­ры­лған қой­ы­лым­дар өтеді.
  2. 2331 наурыз: Орта­лық және оңтүстік аймақтар
    1. Қараған­ды, Жам­был, Түр­кістан, Қызы­лор­да – Наурыз мей­ра­мы ұлт­тық спорт ойын­да­ры, көне жәр­мең­ке­лер және ұлт­тық тағам фести­валь­да­ры­мен ерекшеленеді.
  3. 110 сәуір: Абай, Шығыс Қаза­қстан мен сол­түстік өңірлер
    1. Өске­мен, Пав­ло­дар, Семей – Наурыз мей­ра­мы этно­мә­де­ни кеш­тер, тари­хи қой­ы­лым­дар және ұлт­тық өнер көр­ме­лері­мен атап өтіледі.
    1. Көк­ше­тау, Пет­ро­павл, Қоста­най (Сол­түстік Қаза­қстан) – Қыс пен көк­тем­нің ауы­суын бей­не­лей­тін «Сыбаға беру» және «Шежі­ре түзу» секіл­ді дәстүр­лер­ге басым­дық беріледі.
  4. 1115 сәуір: Науры­зды аяқтау кезеңі (Қоста­най, Қызылжар)
    1. Науры­здың соңғы кезеңін­де Сол­түстік Қаза­қстан облы­ста­рын­да көк­тем­нің толық келуі мен жаңа жыл­дың баста­луы­на арналған сал­та­нат­ты шара­лар ұйымдастырылады.

3. Жаңа фор­мат­тың артықшылықтары

Аймақтық ерекшелік­тер ескеріледі: әр өңір­дің мәде­ни­еті мен дәстүр­лері көр­сетіледі, олар­дың тари­хи мұра­ла­ры дәріп­те­леді, жер­гілік­ті этно­мә­де­ни орта­лы­қтар жанданады.

 Ұзақ мерзім­ді мере­ке: Наурыз бір күн­дік емес, бір айға созы­лған ұлы той­ға айна­ла­ды, бұл халы­қтың дәстүр­лер­ді тереңірек сезі­нуіне мүм­кін­дік береді.

Эко­но­ми­ка­лық сер­пін: туризм, қолө­нер және ұлт­тық тағам өндірісі дами­ды, жер­гілік­ті биз­неске сер­пін береді, ауыл шару­а­шы­лы­ғы өнім­деріне сұра­ныс артады.

Жал­пы­ұлт­тық бірік­тіру­ші фак­тор: халық ара­сын­да бір­лік пен ынты­мақ­та­стық арта­ды, әр өңір тұрғын­да­ры­ның бай­ла­ны­сы күшей­еді, ұрпақтар сабақ­та­сты­ғы нығаяды.

Жаңа тури­стік бағыт: Қаза­қстан­дағы Наурыз мей­ра­мы халы­қа­ра­лық дең­гей­де таны­мал бола­ды, шетел­дік тури­стер үшін қызы­қты фести­валь­дік бағ­дар­ла­ма ұсы­ны­ла­ды, Қаза­қстан этно­ту­ризм орта­лы­ғы ретін­де дамиды.

Эко­ло­ги­я­лық сана­ны қалып­та­сты­ру: Наурыз мей­ра­мын­да ағаш оты­рғы­зу, эко­ло­ги­я­лық шара­лар өткі­зу арқы­лы табиғатқа деген жау­ап­кер­шілік арттырылады.

4. Қоры­тын­ды

Бұл ұсы­ныс Қаза­қстан­да Наурыз мере­кесін жаңа­ша той­ла­у­ға мүм­кін­дік береді.

14 науры­здан бастап, 15 сәуір­ге дей­ін созы­лған жаңа фор­мат – елі­міз­де­гі ұлт­тық бір­лік­ті нығай­тып, әр аймақтың өзін­дік дәстүрін көр­се­ту­ге жағ­дай жасай­ды. Бұл мере­келік фор­мат бола­шақта Қаза­қстан­ның мәде­ни бренд­терінің біріне айна­луы мүмкін.

Асқар АҚЫМБЕТ

Республиканский еженедельник онлайн