Вторник , 1 июля 2025

НАҒЫЗ МАЙОР «Шал, кет!» деген талабынан ТАЙСАЛМАДЫ

8 қазан­да Тал­ды­қорған­ның қыл­мыстық істер жөнін­де­гі сотын­да 68 жастағы остав­ка­дағы ІІМ май­о­ры Болатхан Жүні­со­втің соты одан ары жалға­сты. Поли­ци­я­ның зей­нет­кер офи­цері биыл екін­ші рет істі болып жатыр. Оған Қаза­қстан­да экс­тре­ми­стік ұйым деп таны­лып, сот шеші­мі­мен қыз­метіне тый­ым салы­нған ҚДТ (ДВК) қозға­лы­сы­ның жұмысы­на ара­ла­сты деген айып тағылған.

Айып­та­лушы Жүні­сов сот­та адво­ка­ты Ғалым Нұр­пей­і­со­втің, про­ку­рор және судья Бей­біт Тұры­со­втың сұрақта­ры­на жау­ап бер­ді. Жүні­сов өз сөзін­де Қаза­қстан­да билік жүй­есінің бей­біт жол­мен пре­зи­дент­тік­тен пар­ла­мент­тік­ке өзгер­генін қалай­ты­нын айт­ты. Бұған қоса, айып­та­лушы Мұх­тар Әбі­ля­зо­вты таны­май­мын, одан ақша алма­дым, ҚДТ қозға­лы­сы­на мүше емес­пін деді.

Жүні­сов сот­та 6 шіл­де­де ешкім­ді митин­гі­ге шақыр­маға­нын айт­ты. Оты­рыс кезін­де судья Бей­біт Тұры­сов «Facebook» парақ­ша­сын­да «Шал, кет!» деген лозунг жари­я­лай­ты­нын, «шал» деп кім­ді мең­зей­тінін сұра­ды. Айып­та­лушы «шал» деп Қаза­қстан­ның бұры­нғы пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­ты атай­ты­нын айтып, өз сөзі­нен тай­сал­май­тын ерік-жігерін көр­сет­ті. Нағыз май­ор­дың бұл аза­мат­тық мінезі бүгін­гі бұралқы поли­ци­я­ның жасық қыз­мет­кер­леріне үлгі-өне­ге болардай-ақ.

«DAT-ақпа­рат»

Республиканский еженедельник онлайн