Суббота , 5 июля 2025

Неосталинизм сайлауынан ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛАМЫЗ?

  • Алды­мы­здағы 10 қаңтар­да өткізілетін пар­ла­мент және мәс­ли­хат депут­та­ры­ның сай­ла­уы жөнін­де қоғам­да тараған әртүр­лі пікір бір тұжы­ры­мға келе алмай­тын түрі бар. Біре­улер бой­кот дей­ді. Енді бір топ бар­лық пар­ти­я­ларға қар­сы дауыс беру арқы­лы бюл­ле­тень­ді жарам­сыз ету керек деген пікір айта­ды. Ал үшін­ші топ мәсе­лені алаң арқы­лы ғана шешу керек деген ұстанымда.
Сайлау

Қалай болған­да да, бір мәсе­лені наза­рда ұстау керек: дауыс беру­шілер­дің жар­ты­сы­нан көбі сай­ла­у­ға қаты­спа­са, сай­лау өтпе­ді деген талап сай­лау тура­лы заң­на­ма­дан алы­нып тасталған. Біз­де­гі бұған дей­ін­гі жағ­дай­да 12 мил­ли­он­нан астам сай­ла­у­шы­ның 50 пай­ы­здан аста­мы сай­ла­у­ға қаты­сып жүр­ген жоқ. Соның өзін­де билік өзіне тәу­ел­ді бюд­жет қыз­мет­кер­лері мен сана­сын «бұрап» қой­ған сту­дент­тер­ді дауыс беру учас­ке­леріне апа­рып, сай­ла­удың ими­та­ци­я­сын жасап, көз­бо­я­у­шы­лы­ққа салы­нып келеді.

Оның үстіне биыл Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­ның (ОСК) төраға­сы Берік Има­шев сай­лау кезін­де тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар мен шетел­дік, отан­дық ақпа­рат құрал­да­ры­ның қыз­мет тәр­тібін шек­тей­тін жаңа қау­лы қабыл­дап үлгер­ді. Бақы­ла­у­шы­лар енді сай­лау кезін­де­гі былы­қты сурет пен видеоға түсі­ре алмай­ды. Сай­лау учас­кесі­нен тіке­лей репор­таж жаса­уға да құқы­ғы жоқ. Ал дауыс беру бюл­ле­тень­дерін санау кезін­де жарам­сызда­рын есеп­те­у­ге тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар қаты­са ала ма? Ол да әр ОСК бер­ген тап­сыр­ма­мен әр учас­келік комис­си­я­ның еркін­де­гі шаруа.

Яғни, бұл жолғы пар­ла­мент сай­ла­у­ы­на билік­тің жос­па­ры бой­ын­ша «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­на 75 пай­ыз жазы­ла­тын бол­са, қалған орын­дар – «Ақ жол», «Ауыл», «Адал» сияқты билік пар­ти­я­сы­ның клон­да­ры­на бөлініп жазы­ла­тын сияқты. Сон­да халы­ққа таң­дау мен бала­ма­лық қай­да қалады?

Елі­міз­де­гі оппо­зи­ци­я­лық күш­тер, басқа да қоғам­дық ұйым­дар мен бір­ле­стік­тер заң өзгер­мей, ештеңе де өзгер­мей­ді деген пікір­де. Алай­да Қаза­қстан еге­мен­дік алға­лы 30 жыл­дан бер­гі дереккөз­дерінің мәлі­меті бой­ын­ша, Назар­ба­ев­тың режи­мі Кон­сти­ту­ци­я­мы­здың 93-бабы­ның 53-іне жүз­де­ген толы­қты­ру­лар мен өзгер­ту­лер енгіз­ген. АҚШ-тың 1787 жылы қабыл­данған Кон­сти­ту­ци­я­сы­на 29 рет толы­қты­ру­лар мен өзгерістер енгізіл­се, Жапо­ния 1947 жылы қабыл­даған Кон­сти­ту­ци­я­сы­на бүгін­ге дей­ін бір­де-бір өзгеріс енгізбеген.

Біздің ел 30 жыл бойы осын­дай кон­сти­ту­ци­я­лық кри­зис жағ­дай­ын­да өмір сүру­де. Билік­те­гілер заң­ды орын­да­удың орны­на оны бұзуға бей­ім. Сол үшін Кон­сти­ту­ци­я­лық сот­ты да жоққа шыға­рып, оның орны­на аты бар да, заты жоқ «кеңес» ашып қойды.

Осын­дай құқы­қтық неги­лизм жағ­дай­ын­да 30 жыл бойы сая­си, эко­но­ми­ка­лық, әле­умет­тік және құқы­қтык тығы­ры­ққа тірел­ген халы­ққа бүгін­де күн­көріс мәсе­лесінің өзі үлкен про­бле­маға айна­лып тұр. Ең төмен­гі жалақы 42 500 тең­ге делін­се де, 32 мың тең­гені де місе тұтып, өлмес күнін көріп оты­рған­дар аз емес. Төмен­гі зей­не­тақы 16 839 тг. Дүни­е­жүзілік банк­тің есебі бой­ын­ша, ең төмен­гі күн­көріс шегі күніне кем деген­де 5,5 дол­лар­дан кем бол­мауы керек. Біз­де­гі жағ­дай­да ол 2,5 дол­ларға да жет­пей­ді. Кедей­шілік­тің шегін­де айлық жалақы 60 мың тең­ге­ден кем бол­мауы керек. Ал 32 мың тең­ге ала­тын­дар күніне 1000 тең­ге­мен қалай күн көреді? Оның үстіне жұмыс­сыздық қала­лық жер­де 50–60 пай­ы­здан асса, ауыл­дық елді мекен­дер­де – 70–80 пайыз.

Елі­міз­де­гі жұмысқа жарам­ды 9 млн адам­ның 3 мил­ли­о­ны ғана зей­не­тақы қоры­на тұрақты қар­жы ауда­ра­ды. Өзін-өзі асы­ра­у­шы­лар сана­ты­на жатқы­зы­лған 355 983 адам бас­па­на­сыз. 152 307 адам әле­умет­тік әлсіз­дер қата­рын­да, 5 млн-нан астам бала­лар жағ­дайы нашар отба­сы­ла­рын­да тәрбиеленуде.

Алы­стағы елді мекен­дер­ді айт­паған­да, Алма­ты мен аста­на­ның айна­ла­сын­да 15 шақы­рым­дай жер­де­гі ауыл­дар ауыз­суға зәру. Олар­дың бірқа­та­ры суды бөш­ке­леп тасы­са, қыста қар ерітіп ішеді. Ал ауру­дың 80 пай­ы­зы судың ласты­ғы­нан бол­са, от жағу, жылу мәсе­лесі, электр қуа­ты­ның тап­шы­лы­ғы, жол қаты­на­сы­ның про­бле­ма­ла­ры­на несие тұза­ғы қосы­лып, халы­қты одан сай­ын қина­уда. Қала­лық жер­лер­де халы­қтың 70 пай­ы­зы банк­тер­ге қарыз бол­са, ауыл­дық елді мекен­дер­де­гі тұрғын­дар­дың өза­ра бере­ше­гін еске алсақ, ондағы­лар­дың бәрі қары­здың тұза­ғы­на ілінген.

Сон­ды­қтан пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев халы­қтың мұң-мұқта­жы­на көңіл бөліп, қазір­гі кон­сти­ту­ци­я­лық дағ­да­ры­сты іші­на­ра бол­са да жөн­ге кел­тіру­ге мін­дет­ті. Ол үшін Кон­сти­ту­ци­я­мы­здағы Сай­лау тура­лы, Сая­си пар­ти­я­лар тура­лы, Митин­гілер тура­лы заң­дар­ды жедел түр­де қай­та қарап, мына­дай өзгерістер енгі­зу керек:

1. Заңға оппо­зи­ци­я­лық пар­ти­я­лар­ды тір­ке­удің сан­дық шек­те­месін 4–5 мың адам ету;

2. Пар­ла­мент­ке сай­ла­на­тын депу­тат­тар­дың ара­лас пар­ти­я­лық және мажо­ри­тар­лық тәр­тіп­пен 50/50 тәсіл­мен сай­ла­уды енгізу;

3. Сая­си тұтқын­дар­ды боса­тып, халы­қтың митин­гілер­ге шығу құқы­ғын билік­тің рұқ­са­тын­сыз-ақ ескер­ту арқы­лы іске асыру;

4. Кон­сти­ту­ци­я­лық сот­ты қай­та жасақтау;

5. Пар­ла­мент құра­мын­да шынайы оппо­зи­ция бол­сын десек, қоғам­дағы халық мүд­десі үшін бел­сен­ділік таны­тып жүр­ген аза­мат­тар­дың қата­ры­нан кемін­де үш сая­си пар­ти­я­ны жаңа­дан тір­кеп, шынайы сай­лау дода­сы­на қосу керек.

6. Қазір­гі сенат­тың құра­мын­да сай­лау­сыз, пре­зи­дент­тің тағай­ын­да­уы­мен 15 депу­тат, Қаза­қстан халық ассам­бле­я­сы­ның құра­мы­нан 9 депу­тат­тың оты­рға­ны ешқан­дай әділет­тілік­ке сәй­кес кел­мей­ді. Бұл екі құры­лым­ның бюд­жет­ке кел­тіретін мил­ли­ард­таған шығы­ны­нан басқа қоға­мға ешқан­дай пай­да­сы жоқ. Тек ҚХА-ның өзі 25 жыл­да салық төле­ушілер­дің есебі­нен 70 мил­ли­ард тең­гені жел­ге шашып отыр. Сон­ды­қтан бұның еке­уін де тарқа­ту керек.

7. Егер сай­ла­у­ға дауыс беретін элек­то­рат­тың жар­ты­сы­нан көбі қаты­спа­са, онда сай­лау өтпе­ді деген талап заңға енгізілуі керек.

8. ОСК төраға­сы Берік Има­шев «елба­сы» Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың құда­сы болған­ды­қтан, сай­ла­удың таза өтеріне күмән туа­ты­ны жасы­рын емес. Сон­ды­қтан ОСК-ден бастап, округ­тік, учас­келік сай­лау комис­си­я­ла­ры тәу­ел­сіз пар­ти­я­лар мен бақы­ла­у­шы­лар­дың сай­ла­у­ы­мен жасақталға­ны жөн болар еді. Облы­стар­дағы сай­лау округ­та­ры­ның жетек­шілерін жер­гілік­ті халық өзі сай­ла­уы керек.

9. Әділ сай­лау өту үшін, дауыс беру тәсілін өзгер­ту керек. Қоғам­дағы демо­кра­ти­я­лық про­це­стер­дің даму дең­гей­ін аңғар­та­тын бел­гілер­дің бірі – халы­қтық ашық, таза сай­лау. Өйт­кені өрке­ни­ет­ті елдер­дің қалып­тасқан тәжіри­бесі бой­ын­ша, сай­ла­у­ға қаты­су әр аза­мат­тың өз ерік-жігерін, қоғам­дық-аза­мат­тық пози­ци­я­сын біл­ді­ру деген сөз. Мем­ле­кет­тік билік­тің сай­лан­ба­лы орган­да­ры­на дауыс берудің жасы­рын түр­де өткізілетіні сон­ды­қтан. Бірақ демо­кра­ти­я­лық прин­цип бой­ын­ша әр адам­ның дауыс беру құқы­ғы­на ешқан­дай қол сұғуға, сай­лау бюл­ле­тень­дерін есеп­те­уде бұр­ма­ла­у­шы­лы­ққа жол беру­ге бол­май­ды. Жеке аза­мат ретін­де менің бер­ген дауы­сым ешқан­дай жағ­дай­да өзгер­ме­у­ге тиіс. Оған жау­ап­ты адам­дар­дың қол сұғуы – қыл­мыстың үлкені.

Біздің қазір­гі пай­да­ла­нып жүр­ген сай­лау бюл­ле­тенін­де­гі сай­ла­у­шы­ның өз таң­да­уы­на бер­ген дауы­сты өзгер­те салу – оп-оңай. Басты кем­шілік осын­да. Әр сай­ла­у­шы өзі бер­ген дауы­стың сол қалп­пын­да сақталған неме­се сақтал­маға­ны­на көз жет­кі­зе алмай­ды. Ол тіп­ті мүм­кін емес. Осы­дан кей­ін дауыс беру про­цесін жетіл­ді­ру қажет­тілі­гі өзі­нен-өзі туын­дап тұр.

Егер Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­ның мүше­лерін, оның төраға­сын пре­зи­дент өзінің жар­лы­ғы­мен тағай­ын­дай­тын бол­са және сай­ла­у­ға дауыс беру тәсілі өзгер­мей­тін Ста­лин зама­ны­нан жалға­сып, оның айтқа­нын­дай «мәсе­ле сай­ла­уда кім­ге кім­дер­дің қан­ша дауыс бер­генін­де емес, мәсе­ле дауы­сты қалай сана­уда» деген зұлым­дық тәсілі оған 30 жыл қыз­мет етсе, одан кей­ін­гі авто­крат­тарға 38 жыл қыз­мет етті.

Сол неоста­ли­низм сай­лау тәсілін Қаза­қстан билі­гі 30 жыл бойы айныт­пай іске асы­рып келеді. Сон­да бұл 100 жыл­дан бері өзгер­мей­тін нет­кен тәсіл? Сон­ды­қтан мен осы про­бле­ма­ны қалай шешу жолын ойла­сты­рып, бір­не­ше рет тиісті мем­ле­кет­тік орган­дар­дың алды­на ұсы­ныс жаса­дым. Дауыс беру­шінің бюл­ле­тені урнаға тасталған­нан кей­ін, одан әрі қарай ол сай­лау комис­си­я­сы­ның құзы­ры­на өтіп, қан­дай шешім шыға­ры­ла­ты­ны­мен шек­теліп қал­мауы керек.

Егер сай­ла­у­шы мен оның қол­да­ны­сын­да болған бюл­ле­тень­нің кері бай­ла­ны­сы бол­са, онда дауы­стың бұр­ма­лан­баға­нын сай­ла­у­шы­ның өзі тек­серіп те, керек бол­са, сот алдын­да дәлел­деп те бере ала­тын тетік болуы тиіс.

Алды­мы­здағы пар­ла­мент сай­ла­у­ын­да дай­ын­далған дауыс беру бюл­ле­тень­дерін лоте­рея билет­терін­де­гі тәрізді сери­я­лап, көп сан­ды номер­леп шыға­ру қажет. Серия сай­лау округ­тері мен учас­ке­лерінің ата­у­ла­ры­на қарап, алға­шқы бір-екі бас әріп­тері­мен облыс ата­у­ла­ры бел­гі­лен­се, рим цифр­ла­ры­мен сай­лау округ­та­ры бел­гі­ле­неді. Ал бюл­ле­тень­де­гі номер­лер әр сай­лау учас­кесін­де сай­ла­у­шы­лар саны­на жететін етіп, мың­дық, он мың­дық цифр­лар­мен жазы­ла­ды. Сай­лау күні дауыс беру­ге кел­ген сай­ла­у­шы сай­лау комис­си­я­сы­на өзінің төлқұ­жа­тын көр­сетіп, бел­гі соқты­рған­нан кей­ін, стол үстін­де жазуы асты­на қарап жатқан бюл­ле­тень­дер­дің біре­уін алып, шымыл­дық ішіне кір­ген соң, өзінің таң­да­уын неме­се қар­сы­лы­ғын жасай­ды да, бюл­ле­тень сери­я­сын, номерін өзіне жазып ала­ды және оның келесі бетіне өзінің қалаған бір бел­гісін салып жібе­реді. Содан кей­ін дауыс беру жәші­гіне апа­рып сала­ды. Осы­лай­ша сай­ла­у­шы өз бюл­ле­тенінің ізін жоғалт­пай­ды. Сол арқы­лы бер­ген дауы­сын бұр­ма­ла­у­ға жол бермейді.

Сай­лау уақы­ты біт­кен­нен кей­ін, сай­лау комис­си­я­сы әр пар­ти­я­ның өкілет­ті бақы­ла­у­шы­ла­ры­ның қаты­суы­мен дауыс беру­ге қаты­спаған бюл­ле­тень­дер­дің номер­лері мен жал­пы санын көр­сетіп, хат­та­маға түсіреді. Және сол жер­де өрт­теп жібе­реді. Бұдан кей­ін дауыс бер­ген жәшік­ті сол бақы­ла­у­шы­лар алдын­да ашып, дауы­сқа қаты­сқан бюл­ле­тень­дер­ді әрбір кан­ди­дат­тың үлесіне түс­кен номер­лерін көр­сетіп, кім­дер­дің қан­ша дауы­сқа ие болған­ды­ғын хат­та­маға түсіреді. Одан әрі округ­тік комис­си­яға арнайы пошта­мен жібе­реді. Және де сай­лау нәти­же­сі ОСК мен округ­тық сай­лау комис­си­я­ла­ры­ның элек­трон­ды пошта­ла­ры­на енгізіледі. Неме­се ком­пью­тер жетім­сіз жер­лер­де жер­гілік­ті газет­тер­дің бетін­де дауы­сқа түс­кен бюл­ле­тень­дер номері жари­я­ла­на­ды. Бұдан кей­ін әр жари­я­ланған мағлұ­мат­та­ры арқы­лы сай­ла­у­шы өзінің дауыс бер­ген бюл­ле­тень­де­гі номерін өзі таң­даған кан­ди­да­ты­ның үлесіне жазы­лға­ны­на көз жеткізеді.

Егер өзі дауыс бер­ген бюл­ле­тень номері басқа кан­ди­датқа жазы­лып кет­кен бол­са, сотқа шағым­да­нуы­на әбден бола­ды. Және сот алдын­да өзі дауыс бер­ген бюл­ле­тень­ге салған бел­гісін көр­сет­се (таң­ба ретін­де өзінің туған күні, не бол­ма­са өзіне тән кез кел­ген цифр жазыл­са), заң­сызды­қты толық дәлел­дей алады.

Сон­да ғана қағаз жүзін­де­гі қағи­да­лар іске асып, халық өзін-өзі басқа­ру тіз­гінін қолы­на алып, эко­но­ми­ка­лық өркен­деу, мәде­ни даму, құл­дық пси­хо­ло­ги­ядан ары­лу, баба­лар қал­ды­рып кет­кен руха­ни сана­ны қалып­та­сты­ру арма­ны­мы­зға жетеміз.

Қаза­қстан­да жүріп жатқан сай­ла­удың бір­де-бірін ЕҚЫҰ (ОБСЕ) мой­ын­да­ма­ды. Алды­мы­зда өтетін пар­ла­мент сай­ла­у­ын­да осы тәсіл­мен дауыс беруді Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Үкі­меті­нен талап етей­ік. Бұл сай­лау тәсілі Алма­ты қала­сы Қаза­қстан автор­лар қоға­мын­да 2000 жылы 6 жел­тоқ­сан күні №19 куәлі­гі­мен санат­кер­лік мен­шік ретін­де тіркелген.

Мақсұт ҚАЛЫБАЕВ,

қоғам зерт­те­уші,

Қаза­қстанға ерекше еңбе­гі сің­ген зей­нет­кер,Алма­ты қаласы

Республиканский еженедельник онлайн