Понедельник , 30 июня 2025

Несіпбек АЙТҰЛЫ Тәтті іздеген ТАҢДАЙЫМ

Сөз тәт­тісі – ақын­ның тілі ұшында, 

Май тәт­тісі – қарын­ның құрышында. 

Жарқа­нат­тың ұясы – жарқабақта, 

Ұлар құстың мекені – ұлы шыңда.

Місе тұтқан өз орнын тірі жан жоқ, 

Әлім­сақтан алы­сып, жұлысуда.

Тәт­ті ізде­ген таң­дай­ым удай ашып, 

Өрт шалқи­ды өмір­дің тынысында. 

Зама­на­ның бұра­лаң, бұрысында 

Құла­мауға әркім де тырысуда.

Қу дүние қой­сын ба қағыстырмай, 

Бірі сырғып қиядан, бірі ұшуда.

Барған сай­ын қар жауып қабағынан, 

Арқа-басы уақыт­тың құрысуда.

Өткен­ді айт­сам, өксік тұр көмейімде, 

Теке қой­дық кір­менің шыбы­шын да. 

Шашым кет­ті ұстаған уысында, 

Басым кет­ті сіл­те­ген қылышында.

Тек­тілер­дің тұқы­мы тозып бітті 

Түр­ме менен көшенің бұрышында.

Жерім бай­тақ болған­да, қай­ғым шексіз, 

Әзірей­іл батыс пен шығысымда.

Үрей­ле­нем қалған­дай үміт үні 

Қыста­удағы қурай­дың дыбысында. 

Аққан жыл­дар сынап­тай жылысуда, 

Қобыз мой­ын аққуым құнысуда.

Ел тағ­ды­рын біре­улер шешкенсиді 

Қолын малып оты­рып жылы суға. 

Қалы­ң­да­са көп­ші­гі қопаңдайды, 

Мұр­ша­сы жоқ жай­ы­ң­ды ұғысуға. 

Жанға жинап жан­дай­шап, туы­сын да, 

Түзу жүр­ген жақ­сы­мен суысуда.

Ұлта­рағын ұял­май туға байлап, 

Ұлық қыл­ды қарақ­шы, ұры­сын да. 

Ел азған­нан ер азған сорақы екен, 

Өлсең көр­мес үңгір­дің қуысында. 

Бүйт­кен тір­лік, ағай­ын, құры­сын да,

Қашқан­нан соң құтың да, ыры­сың да. 

Сор­па­дай боп соры­мыз сарқылдайды, 

Толып бер­мес тажал­дың ыдысында.

Ерні жалақ ұрпағың ертең тағы, 

Жалға жүрер жуан­ның жұмысында. 

Ашық аспан астын­да адасарсың, 

Жол тап­па­саң есіңнің дұрысында.

·        

 

Тоқаев өз адамдарын ТАҒАЙЫНДАУДЫ БАСТАДЫ МА?

  • Бұған дей­ін Қаза­қстан пре­зи­ден­тінің кеңес­ші болған Қанат Бозым­ба­ев Алма­ты облы­сы­ның әкі­мі болып тағайындалды.

2009 жылғы қара­ша­дан бастап, 2013 жылғы жел­тоқ­санға дей­ін Жам­был облы­сын, 2016 жылғы науры­зға дей­ін Пав­ло­дар облы­сын басқарған, одан кей­ін энер­ге­ти­ка мини­стрі болған Қанат Бозым­ба­ев сая­си истеб­лиш­мент­те пре­зи­дент Тоқа­ев­тың «өз ада­мы» сана­ла­ды. Егер «Нұр Отан­ның» сая­си кеңесі­нен кей­ін пар­ти­я­ның тіз­гінін өз қолы­на алған пре­зи­дент маңы­зды пост­тарға өз кадр­ла­рын тағай­ын­дай бас­та­са, елде­гі бір өзгерістің ныша­нын сезу­ге болады.

«Маңы­зды пост» деген­де, Алма­ты облы­сын басқа­ру бар­лық аймақтар­дың ішін­де ең күр­делісі. Себебі Алма­ты­ның төңіре­гіне топ­тасқан клан­дар Аман­дық Бата­ло­вқа дей­ін­гі әкім­дер­дің ады­мын аштыр­май қой­ған. Мұн­дағы Қас­ке­лең мен Ұзы­нағаш аймағын толы­қтай Болат Назар­ба­ев­тың кла­ны бақы­лай­ды; облы­стың Тал­ды­қорған­нан арғы жағы Най­ман жігіт­тер­дің «еншілі­гін­де»; Талғар мен Есік өңірін ала-құла бол­са да, азу­лы топ­тар бөліп алған; Нары­нқол-Кеген аймағын Албан ағай­ын­дар уысы­нан шығармайды.

Міне, осын­дай «қақты­ғы­стар» орта­сын­да ешқай­сысы­на дес бер­мес әкім болу – екінің бірінің қолы­нан кел­мей­ді. Соңғы алты жыл­дан астам уақыт­та осы «май­дан­ды» Аман­дық Бата­лов басқа­рып, облы­сты аймақтар ара­сын­дағы рей­тинг сай­ы­сын­да үшін­ші орын­нан түсір­мей кел­ген еді.

Енді бұл «жазыл­маған» мін­дет­ті Бозым­ба­ев «бала» қалай атқа­ра­ды – мұның жау­а­бы уақыт­тың еншісін­де. Егер пре­зи­дент Тоқа­ев­тың «атқа қонға­ны» рас бол­са, Бозым­ба­ев бұл өңір­ді «бозда­туы» керек. Ал егер тағы сол баяғы мыр­тың мен тыр­ты­ң­да қал­са, алма­ты­лық клан­дар қазір­дің өзін­де Қанат «бала­ның» қана­тын қай­ы­ру­дың қамы­на кірісті дей беріңіз…

Ермұрат БАПИ

ПРЕЗИДЕНТ бір шындықты МОЙЫНДАДЫ

  • Аза­мат­тар­дың қары­зда­ры мен қар­жы­лай про­бле­ма­ла­ры әле­умет­тік және сая­си тұрақ­сызды­ққа алып келуі мүм­кін, деп санай­ды Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Биыл тұрғын­дар сұра­ны­сы­ның бел­сен­ді түр­де қалы­пқа келе бастаға­нын бай­қап отыр­мыз. Тұты­ну­шы­лық несие 32,8 пай­ы­зға артқан. Несие алушы­лар 6,1 мил­ли­он ада­мға жет­ті. Бәл­кім, бұл қалып­ты үдеріс. Алай­да аза­мат­та­ры­мы­здың қарыз жүк­те­месіне тиім­ді бақы­лау жасау маңы­зды. Қазір­гі уақыт­та 545 мың адам­ның қары­зын өтеу мерзі­мінің кеше­уіл­де­уі 90 күн­нен асқан. Мәсе­ле елі­міздің қар­жы тұрақты­лы­ғы­на төн­ген тәу­е­кел-қатер­де ғана емес. Бұл көп­те­ген аза­мат­та­ры­мы­здың қар­жы тап­шы­лы­ғы­мен бет­пе-бет кел­генін біл­діреді. Бұл әле­умет­тік және сая­си тұрақ­сызды­ққа алып келуі мүм­кін», – деді Тоқа­ев өткен жұма күні Алма­ты­да қар­жы сала­сы­ның өкіл­дері­мен кез­де­су барысында.

Қаз­ТАГ

 

МАКС ПЕН ӘЛНҰР кооператив құрады…

  • Кеше – 24 қара­ша­да аза­мат­тық бел­сен­ділер Макс Боқа­ев пен Әлнұр Илья­шев онлайн бас­пасөз кон­фе­рен­ци­я­сын өткізіп, Еуро­одақ юрис­дик­ци­я­сын­да коопе­ра­тив ашу иде­я­сын талқылады.

Идея авто­ры – Макс Боқа­ев. Ол Қаза­қстан­да азат ойлы аза­мат­тар­дың бірі­гуіне, құқы­қта­рын қорға­уға мүм­кін­дік­тері бол­маған соң, осын­дай қада­мға барып оты­рға­нын айтты.

«Гер­ма­ни­ядағы коопе­ра­тив­тер қауым­да­сты­ғы­ның бірі­мен хат алмасқа­ным­да, кез кел­ген шетел аза­ма­ты­ның ол жер­де коопе­ра­тив ашуға құқы­ғы бар екенін біл­дім. Еуро­па­да тір­кел­ген коопе­ра­тив арқы­лы қаза­қстан­ды­қтар­дың мүд­десі мен құқы­ғын қорғап, Еуро­одаққа лоб­би­стік жұмыс жүр­гізу­ге бола­ды. Мәсе­лен, көлік­тер­дің ути­ли­за­ци­я­лық алы­мы­на қаты­сты Еуро­одақ арқы­лы Қаза­қстан үкі­метіне ықпал ету­ге бола­ды. Өйт­кені Қаза­қстан Дүни­е­жүзілік сауда ұйы­мы­на мүше», – деді Макс Боқаев.

Оның сөзін қоштаған Әлнұр Илья­шев та қазір­гі жағ­дай­ға қама­лып қал­май, одан шығу­дың бір жолы – шетел юри­дик­си­ци­я­сын пай­да­ла­ну керек деп санай­ды. «Назар­ба­ев пен оның отба­сы офшор­дың юрис­дик­ци­я­сын ұтым­ды пай­да­ла­нып отыр. Біз аза­мат­тарға вир­ту­ал­ды эми­гра­ция ұсы­на­мыз. Оның эко­но­ми­ка­лық та пай­да­сы бар», – деді Ильяшев.

Боқа­ев­тың айтуын­ша, Гер­ма­ни­яда коопе­ра­тив құру үшін үш құры­л­тай­шы жет­кілік­ті. «Осы ойды жүзе­ге асы­ру үшін біз­ге баста­ма­шыл топ керек. Біз олар­дың ара­сы­нан үш адам­ды ірік­теп алып, Еуро­паға жібе­ре­міз. Алды­мен сол жер­де құжат­тар­мен таны­су керек. Бірақ қой­ы­ла­тын талап бар: ол адам­дар аза­мат­тық бел­сен­ділі­гі­мен көз­ге түсуі тиіс және шет тілін білуі керек. Себебі оларға қосым­ша аудар­ма­шы жал­да­уға да қара­жат кете­ді. Коопе­ра­тив мүше­лері жар­на төлей­ді. Ол ашық және оны Қаза­қстан жүй­есін­де үйреніп қалған­дай ешкім ұрла­май­ды, Гер­ма­ния банк­терін­де жина­ла­ды. Реви­зи­я­лық комис­сия тек­серіп тұра­ды», – деді ол.

Боқа­ев­тың айтуын­ша, Қаза­қстан­да қан­дай да бір қоғам­дық ұйым­ды тір­ке­ту үшін кедер­гі көп және әдет­те соңы аяқ­сыз қала­ды. Ол оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­кер Вла­ди­мир Коз­ло­втың кезін­де ҚДТ пар­ти­я­сын тір­ке­те алмаға­нын, қазір Жан­бо­лат Мамай­дың өз пар­ти­я­сын тір­ке­те алмай жүр­генін мысал етті. Тіп­ті өзінің де үкі­мет­тік емес ұйы­мын 2013 жылы алты ай жүріп әрең тір­кет­кенін, ал биыл жыл басын­да пар­ла­мент сай­ла­уы қар­саңын­да Қаза­қстан­дағы халы­қа­ра­лық адам құқы­қта­ры жөнін­де­гі бюро мен «Қадір-қаси­ет» және өзге де бірқа­тар ұйым­дар­дың ірі салық тек­се­руіне ілік­кенін айтты.

Макс Боқа­ев пен Әлнұр Илья­шев­ке Қаза­қстан­да сот шеші­мі­мен қоғам­дық ұйым­дарға мүше болуға, жиын­дарға қаты­суға тый­ым салы­нған. Оларға өзге де шек­те­улер қой­ы­лған. Осы­ны еске алған Боқа­ев оны айна­лып өтудің бір жолы ретін­де шетел­де құры­ла­тын ұйы­мға мүше бола­тын­да­рын мәлім­деді. «Өте өкіні­шті, бірақ өз құқы­ғы­мы­зды қорғау үшін, осын­дай әре­кет­ке баруға мәж­бүр­міз», – дей­ді Макс Боқаев.

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн