Пятница , 16 мая 2025

НҰРСҰЛТАННЫҢ «нұрсыз жолынан» ҚҰТЫЛУ ҚАЖЕТ!

  • Мем­ле­кет­тік және сая­си дағ­да­ры­стан шығу­дың жолдары

Қаза­қстан мем­ле­кет­тік және сая­си дағ­да­ры­сқа ұшы­ра­ды. Отанға, тәу­ел­сіздік­ке, ел аза­мат­та­ры­ның қауіп­сізді­гіне қатер төн­ді. Жүз­де­ген адам­ның өмірі қиыл­ды. Алаң­дар­да қан төгіл­ді. Әкім­шілік, әле­умет­тік нысан­дар қира­тыл­ды. Мил­ли­ард­таған тең­ге көле­мін­де зиян келтірілді.

Мұның бәріне кінәлі, бірін­ші­ден – Н.Назарбаевтың жеке басы­ның, әулетінің ғана мүд­десіне қыз­мет еткен, соған лай­ы­қталған мем­ле­кет­тік басқа­ру жүй­есі. Екін­ші­ден, пре­зи­дент мін­детін атқарға­ны­на 3 жыл уақыт бол­са да, Қ.-Ж. Тоқа­ев­тың сая­си өзгеріс жаса­уға, билік тар­мақта­рын тазар­туға кіріс­пе­ген­ді­гі. Қоғам тара­пы­нан жасалған үнде­улер­ге құлақ аспаған­ды­ғы. Дәр­мен­сізді­гі, ман­сап­ты қолы­на ұстатқан қожа­сы­на тәуелділігі.

Елде­гі жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты біз­дер – Қаза­қстан аза­мат­та­ры көп­шілік қауым­ның аты­нан пре­зи­дент Қ.-Ж.Тоқаевқа төмен­де­гі­дей талап­тар қоя­мыз. Мұны бар­лық отан­даста­ры­мы­здың қол­дай­ты­ны­на сенеміз.

Пре­зи­дент Қ.-Ж.Тоқаев мыр­за­ға мынан­дай талап­тар қоямыз:

  • Елі­міз­де­гі мем­ле­кет­тік және сая­си дағ­да­ры­стың туын­даға­ны тура­лы бүк­пе­сіз мәлім­де­ме жасал­сын. Жасы­рып жауып, халы­қты алда­уға бол­май­ды. Шын­ды­қтың ашы­ла­тын­ды­ғы сөз­сіз. Өтірік айтқан мем­ле­кет бас­шы­сы ел сені­мі­нен айырылады;
  • «Тұңғыш пре­зи­дент – елба­сы тура­лы» заң­ның күшін жоя­тын жар­лық керек. Мем­ле­кет­ке, тәу­ел­сіздік­ке қатер төн­діру­ге себеп­кер болған назар­ба­ев­тық билік жүй­есін онсыз өзгер­ту мүм­кін емес;
  • Күштік құры­лым­дар – Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті, Ішкі істер мини­стр­лі­гі, про­ку­ра­ту­ра, сот­тар, Қорға­ныс мини­стр­лі­гі назар­ба­ев­тық кадр­лар­дан тазар­тыл­сын. Ұлт­тық, мем­ле­кет­тік мүд­де­ге емес, жеке ада­мға қыз­мет ету­ге қалып­тасқан, қожа­сы­на беріл­ген, сыбай­ла­сты­қ­пен жұмысқа тұрып, заң­сызды­қтарға барған біліксіз қыз­мет­кер­лер жау­а­пқа тартылсын;
  • Бұл сала­лар­ды басқа­ру­ды түбе­гей­лі рефор­ма жасай­тын, отан­шыл, мем­ле­кет­шіл, жоға­ры білік­ті маман­дар­дың қолы­на тап­сыр­май­ын­ша, жақ­сы­лық болмайды;
  • Лаң­кестер­ді тез ара­да тізе бүк­ті­ру үшін, олар­дың Қаза­қстан­дағы жұрт­шы­лы­ққа бел­гілі, бей­мәлім «қамқор­шы­ла­рын» және өзге де қожа­ла­рын, шетел­дер­де­гі қол­да­у­шы­ла­рын әшке­ре­леп, қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­ке тар­тқы­зу қажет;
  • Лаң­кест­ік­пен күре­сте АҚШ-тың, Евро­одақ мем­ле­кет­терінің көме­гіне, тәжіри­бесіне сүй­ен­ген абзал;
  • Рес­пуб­ли­ка көле­мін­де­гі 2 – 7 ақпан ара­лы­ғын­дағы митин­гілер мен шеру­лер­ге қаты­сқан бей­біт адам­дар­ды қуда­ла­у­ға, жаза­ла­у­ға жол беріл­месін; Еуро­па пар­ла­мен­ті, халы­қа­ра­лық құқық қорғау ұйым­да­ры сая­си тұтқын­дар санаған, жала­мен, дәлел­сіз сот­талған бар­лық қоғам бел­сен­ділері босатылсын;
  • Лаң­кестер­ді, аран­да­ту­шы­лар­ды, ұрлық жаса­у­шы­лар­ды, қарақ­шы­лар­ды аны­қтау, айып­тау және жаза­лау кезін­де заң талап­та­ры қатаң сақтал­сын. Кінәсі дәлел­ден­бе­ген жазы­қ­сыз жан­дар қысым көр­се­ту, қинау, азаптау арқы­лы алы­нған түсінік­тер­мен, хат­та­ма­лар­мен сот­тал­ма­сын. Шаңы­рақ, Жаңаө­зен, Қор­дай оқиға­ла­ры кезін­де тер­ге­ушілер­дің бопса­лау арқы­лы қолға түс­кен аза­мат­тар­дан ақша алға­ны сияқты «қыл­мыстық биз­нес» қайталанбасын;
  • Лаң­кестер­дің неме­се күштік құры­лым­дар­дың қолы­нан қаза тапқан бей­біт тұрғын­дарға үлкен мөл­шер­де өте­мақы төлен­сін. Қаза­ға себеп­кер­лер қатаң жазалансын;
  • Ұжым­дық қауіп­сіздік тура­лы келісім­шарт ұйы­мы – ҰҚКҰ- әскер­лері Қаза­қстан аумағы­нан дереу әкетіл­сін. Тәу­ел­сіздік­ке, бостан­ды­ққа қатер төн­діретін, Путин­нің шоқ­па­ры сана­ла­тын шетел­дік әскер­лер бізді қорғамайды;
  • Аза­мат­тар­дың құқы­ғын қорға­уды емес, керісін­ше, қор­ла­уды жүзе­ге асыр­та­тын К.Мәсімов пен Е.Тұрғынбаев сияқты бас­шы­лар­ды қыз­мет­тен кеті­ру жөнін­де­гі бұрын­нан қой­ы­лған талап­та­ры­мыз ерте­рек ескеріл­ген­де, дәл қазір­гі жағ­дай бол­мас еді. Е.Тұрғынбаев өзінің әре­кет­сізді­гі сал­да­ры­нан қыз­мет­тік мін­детін атқа­ра алмаған­ды­ғы үшін жау­ап­кер­шілік­ке тар­ты­луы тиіс.

 Қасым-Жомарт Кемелұ­лы, Сіздің халық алдын­да боры­штар екеніңізді есіңіз­ге сала­мыз. Қоғам әділет­сіз әрі лас сай­лау арқы­лы билік­ке кел­ген Сізді «леги­тим­ді пре­зи­дент» деп есеп­те­мей­ді. Бұл – біріншіден.

 Екін­ші­ден, егер Сіз 2001 жылы Демо­кра­ти­я­лық таң­дау қозға­лы­сын құру­шы мем­ле­кет­шіл, пат­ри­от, білік­ті аза­мат­тар­ды үкі­мет құра­мы­нан шыға­ру­ды талап етіп, олар­ды қуда­лат­па­саңыз, керісін­ше, қол­дау біл­дір­сеңіз, бүгін­де елі­міз мүл­де басқа­ша болар еді. Үкі­мет бас­шы­сы болған кезіңіз­де­гі сол әре­кетіңіз қоға­мға, мем­ле­кет­ке, халы­ққа орас­ан зор зала­лын тигіз­генін мой­ын­да­уға тиістісіз.

 Демо­кра­ти­я­лан­ды­ру, сая­си рефор­ма жасау арқы­лы билік­тің ауы­спа­лы­лы­ғын қам­та­ма­сыз еткен­де, қазір­гі­дей авто­ри­тар­лық, тота­ли­тар­лық жүйе бол­мас еді. Назар­ба­ев өзі сіз­дер арқы­лы орны­қты­рған жиір­кені­шті жүй­енің құлай­ты­нын біліп, жан­та­ла­сты. Тая­у­да Сіз «Билік құла­май­ды. Бірақ біз­ге өза­ра сенім мен диа­лог керек» дедіңіз. Өткен­де­гі қателі­гіңіз­ден қоры­тын­ды шыға­рып, шынайы сая­си рефор­ма жаса­уды дереу қолға алма­саңыз, билік құлай­ды. Құла­та­тын дүр­бе­лең салған лаң­кестер емес. Құла­та­тын – шыда­мы шегіне жет­кен, кедей­лен­ген, жұмыс­сыздық, қым­бат­шы­лық қинаған, мар­дым­сыз айлық пен зей­не­тақы күн­көрінісіне жет­пей жүр­ген, кеше мінез таны­тқан ХАЛЫҚ.

 Билік құла­мауы үшін сенім мен диа­лог керек екені рас. Ал егер ХАЛЫҚТЫ митинг үшін қуда­лап, жаза­лап жасқан­та­мыз десеңіз, бұры­нғы­дан бетер қате­ле­сесіз. Олай ету арқы­лы Назар­ба­ев­тың керін құша­сыз. Мем­ле­кет­тік және сая­си дағ­да­ры­стан шығу­дың жолы – жоға­ры­дағы және Алма­ты­дағы халық құры­л­тай­ын­да қабыл­данған, өздеріңіз­ге жол­данған талап­тар­ды іске асыру.

 Ол талап­тар – ХАЛЫҚ СЕНІМ БІЛДІРГЕН ҮКІМЕТ құру; мәжіліс пен сенат­ты тара­ту; Сая­си пар­ти­я­лар мен бір­ле­стік­тер, Сай­лау тура­лы, Жиын бостан­ды­ғы, митин­гілер мен шеру­лер тура­лы заң­дар­ды қай­та қарау; Кон­сти­ту­ци­я­ны 1993 жылғы баста­пқы қал­пы­на кел­ті­ру; сай­лау комис­си­я­ла­рын түгел­дей өзгер­ту; пар­ла­мент сай­ла­у­ын өткі­зу, жаңа үкі­мет­ті жасақтау. Қазір­гі пре­зи­дент осы істер­ді атқа­руға, ауы­спа­лы кезең­де халы­ққа адал қыз­мет көр­се­ту­ге пей­іл­ді бол­са, қол­дау таба­ды. Олай бол­ма­са, билік­тің құлап тынуы­ның себеп­кері ата­нып, ел тарихын­да есі­мі қара әріп­тер­мен жазы­лып, масқа­раға ұшырайды.

 Назар­ба­ев сүй­ік­ті Ота­ны­мыз – Қаза­қста­ны­мы­зды бүкіл әлем­ге демо­кра­ти­ядан безін­ген, жап­пай сыбай­лас –жемқор­лық, ниги­лизм, арсыздық жай­лаған, билі­гі сатқын­ды­ққа, қыл­мысқа бей­ім, адам­да­ры кедей­шілік тақ­сы­ретін тар­тқан ел бей­несін­де таныт­ты. Сон­ды­қтан оны әспет­те­ген жалған мадақта­у­лар­ды, орын­сыз құр­мет көр­се­туді доға­ра­тын кез кел­ді. Аста­на қала­сы­на, әуе­жай­ға, алаң­дар мен көше­лер­ге бұры­нғы ата­у­ла­ры қай­та­рыл­сын! Оған қой­ы­лған ескерт­кі­ш­тер алы­нып тасталсын!

 Пре­зи­дент мыр­за! Нұр­сұл­тан салған нұр­сыз жол­дан шығы­ңыз! Нағыз демо­кра­ти­я­лық мем­ле­кет, қоғам құру үшін, өрке­ни­ет­ті елдер­ден үлгі алы­ңыз! Халы­ққа бостан­дық беріңіз!

 Егер Сіз өзіңізді өзгер­те алма­саңыз, батыл қадам жаса­уға қабы­летіңіз жет­пе­се, еркіңіз­бен қыз­мет­тен кетіңіз! Қазір­гі шешу­ші тари­хи кезең­де бұры­нғы қателік­тер­ді қай­та­ла­у­ға, ескі сүр­ле­умен жүру­ге хақы­ңыз жоқ! Мем­ле­кет­тің, халы­қтың тағ­ды­ры­мен ойнамаңыздар!

  • Бал­таш Тұр­сын­ба­ев, мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері; Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы, қоғам қай­рат­кері, жур­на­лист; Ермұрат Бапи, қоғам қай­рат­кері, «Дат» жоба­сы­ның жетек­шісі; Уәли­хан Қай­са­ров, қоғам қай­рат­кері, ҚР пар­ла­мен­тінің экс-сена­то­ры; Марат Бай­діл­даұ­лы, пуб­ли­цист, жазу­шы; Есенға­зы Қуан­дық, тарих ғылы­мы­ның док­то­ры; Еркін Рақы­шев, кино­ре­жис­сер; Нұр­лан Бұлан­ба­ев, ұлт пат­ри­о­ты; Талғат Айт­бай­ұ­лы, жазу­шы, пуб­ли­цист; Халел­хан Ыбы­рай­ы­мұ­лы, жел­тоқ­сан­шы; Жары­лқап Қалы­бай, жур­на­лист; Асыл­бек Қара­ев, заң­гер; Абзал Құс­пан, заң­гер; Айсұ­лу Қадыр­ба­е­ва, қоғам қай­рат­кері, ақын; Мар­жан Аспан­ди­я­ро­ва, құқық қорға­у­шы; Асел Нұрға­зи­е­ва, құқық қорға­у­шы; Инга Иман­бай, жур­на­лист; Айгерім Тіле­ужа­но­ва, қоғам бел­сен­дісі; Жанат Нұрқы­шев, қоғам қай­рат­кері, заң­гер; Мир­бо­лат Мыр­за­тай­ұ­лы, жел­тоқ­сан­дық-жур­на­лист; Ғаби­ден Жәкей, «Ұлы Дала» бір­ле­сті­гінің жетек­шісі; Нұр­жан Оша­нов, қоғам бел­сен­дісі; Ыры­с­бек Тоқ­та­сын, қоғам бел­сен­дісі; Тимур Тоқ­сей­ітов, заң­гер; Сүй­ін­дік Алдаб­ер­ге­нов, қоғам бел­сен­дісі және т.б.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн