Вторник , 1 июля 2025

НҰРТАЙ ӘБІҚАЕВ ҚАЙТЫП КЕЛДІ МЕ?

НҰРТАЙ ӘБІҚАЕВ

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы, Қазақстан билігіндегі «сұр кардинал» деп сипатталатын Нұртай Әбіқаев жақында пікір айтыпты. Айтқанда да, сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент Назарбаев туралы Батыс ақпаратына айтқан пікіріне пікір қосыпты.

Еске сал­сақ, «Би-Би-Си» радио­сы­на сұх­бат бер­ген сенат спи­кері Қасым-Жомарт Тоқа­ев сөз ара­сын­да «Нұр­сұл­тан Әбі­шұлы­ның 2020 жылғы сай­ла­у­ға қаты­са­ды деп ойла­май­мын» деген еді.

Нұр­тай Әбіқай­ұ­лы Қасым-Жомарт Кемелұлы­ның пікіріне пікір қосып, былай деді: «Ол өз ойын айт­ты. Менің­ше, шешім­ді пре­зи­дент­тің өзі қабыл­дай­ды. Ол кісі бір сөзін­де егер халық қол­дай­тын бол­са және қой­ы­лған мін­дет­тер­ді орын­да­уға қауқар­лы коман­да дай­ын бол­са, әрі қарай да жұмыс жаса­уға әзір екен­ді­гін біл­дір­ген болатын».

Неше жыл­дан бері пре­зи­дент­тің оң қолы болған «сұр кар­ди­нал­ды» Ақор­да сенат­та оты­рған жері­нен зей­нет­кер­лік­ке мақтау-мадақ­сыз, медаль, шапан­сыз шыға­рып салған-ды. Содан бері Нұр­тай Әбіқай­ұ­лы жылы төсе­гін­де тым-тырыс жатқан бола­тын. Ол тура­лы жазған-сызған, атын атап шақы­рған ешкім­ді естімегенбіз.

Жуы­қта Дүни­е­жүзі қаза­қта­ры­ның қауым­да­сты­ғы жаны­нан «Отан­дастар» қоры құрыл­ды. Міне, ел пре­зи­ден­тінің өкі­мі­мен сол қор­ды басқа­руға Нұр­тай Әбіқай­ұ­лы кел­ді. Бұл оның үлкен сая­сатқа қай­тып кел­гені ме? Еске сал­сақ, Нұр­тай Әбіқай­ұ­лы елі­міздің Ұлы­бри­та­ния, Ресей сияқты импе­ри­я­лық елдер­де­гі елшісі, екі рет пре­зи­дент әкім­шілі­гінің бас­шы­сы, екі рет сыр­тқы істер мини­стрінің бірін­ші орын­ба­са­ры, екі рет рес­пуб­ли­ка Қауіп­сіздік коми­тетінің төраға­сы, сенат төраға­сы, депу­та­ты болып қыз­мет істеді.

Міне, сол Әбіқа­ев­тың 2020 жылы елі­міз­де болатын/болмайтын пре­зи­дент сай­ла­у­ы­на бай­ла­ны­сты пікір айтуы­на қараған­да, үлкен сая­сатқа қай­та оралған сияқты. Қалай болған­да да, оның пре­зи­дент­ке қаты­сты сенат төраға­сы­ның пікіріне «елең етуі» тегін бол­ма­са керек…

Нұр­гел­ді ӘБДІҒАНИҰЛЫ,

Abai.kz

(медиа-про­ект «DAT» №26 (438) от 5 июля 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн