Пятница , 13 июня 2025

ОДАҚ & ТОЗАҚ 

Қаза­қстан­ның Еура­зи­я­лық одаққа артқан үміті ақтал­ды ма?

Биыл Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одаққа 10 жыл тол­ды. 2015 жыл­дан бері Қаза­қстан жаңа эко­но­ми­ка­лық, кеден­дік, тау­ар айна­лым­дық режим­де өмір сүріп келеді. Оны бәрі­міз сездік. 10 жыл – бар­лық аспек­тілер­ді сара­лап, бел­гілі бір қоры­тын­ды­ға келу­ге мүм­кін­дік беретін мерзім. Енде­ше Еура­зи­я­лық одақтың Қаза­қстанға пай­да­сы көп бол­ды ма, әлде зия­ны басым бол­ды ма деген сұрақтың жау­а­бын бүгін бере аламыз. 

Кеден одағы құры­лып, одан кей­ін Эко­но­ми­ка­лық одақ құры­лған дәуір есім­де жақ­сы сақта­лып­ты. Ол кез­де мен теле­ви­зи­я­ны басқар­дым және көп­те­ген шене­уік­тер мен эко­но­ми­стер­дің осы­ған қаты­сты тези­стері қолым­нан өтті. Біз­де «Қаза­қстан үлкен диви­денд ала­ды, себебі біз­ге 140 мил­ли­он­дық Ресей нары­ғы еш баж салы­ғын­сыз ашы­ла­ды» деген опти­мизм бол­ды. Жүй­рі­гін үкілеп бәй­ге­ге қосқан адам­дай, біз бұдан бір «бат­пан құй­рық» күт­кені­міз жасы­рын емес. Тау­ар шыға­ра­мыз, экс­порт­ты арт­ты­рып, Ресей­ге сата­мыз деген жос­пар­лар­дың бар­лы­ғы қазір біреу біліп, біреу біл­мей­тін «Инду­стри­ал­ды-инно­ва­ци­я­лық үде­мелі даму», «30 кор­по­ра­тив­ті көш­бас­шы» деген бағ­дар­ла­ма­лар­дың арқа­сын­да орын­да­луы тиіс еді. Біз­де Ресей­ге қараған­да қосым­ша құн салы­ғы төмен болған­ды­қтан, шетел­дік инве­стор­лар зауыт­та­рын Қаза­қстан­да ашып, ал өнім­дерін Ресей­ге сата­ды деген топ­шы­ла­у­лар да көп бол­ды. Бір қара­саң, сол кез­де бәрі логи­ка­лық дұрыс сияқты болып көрін­ген. Бірақ 10 жыл өткен­нен кей­ін біз қан­дай жолға келдік?

2025 жыл­дың қоры­тындысы бой­ын­ша біздің эко­но­ми­ка­ның көле­мі 300 мил­ли­ард дол­лар шама­сын­да бола­ды деп болжай­мын. Демек, Еура­зи­я­лық одаққа кір­гелі бер­гі 10 жыл­да Қаза­қстан­ның ішкі жал­пы өні­мі 184,36 мил­ли­ард дол­лар­дан 300 мил­ли­ард дол­ларға өсті деп есеп­тей ала­мыз. Сон­да Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ уақы­тын­да біз ішкі жал­пы өнім­ге 115,64 мил­ли­ард дол­лар қостық.

Енді ЕАЭС-ке дей­ін­гі 10 жыл­ды көрей­ік. Одақ­сыз өзі­міз жеке өмір сүр­ген 2005–2015 жыл­дар ара­лы­ғын­да біздің ішкі жал­пы өнім 57,1 мил­ли­ард дол­лар­дан 184,36 мил­ли­ард дол­ларға дей­ін артқан. Бұл +127,26 мил­ли­ард дол­лар. Гео­са­я­сат қан­ша бұлаң­да­са да, эко­но­ми­ка­дағы ста­ти­сти­ка­ны айна­лып өте алмай­ды. ЕАЭС жоқ кез­де біздің эко­но­ми­ка­мыз қарқын­ды­рақ дамы­ған. Он жыл­дағы айыр­ма­шы­лық шама­мен 12 мил­ли­ард дол­лар. Яғни, одаққа дей­ін­гі 10 жыл­да біз ішкі жал­пы өнім­ді 12 мил­ли­ард дол­ларға артық өсіргенбіз.

Одақ құры­лға­лы 10 жыл өткен­нен кей­ін­гі уақыт­та біз Ресей нары­ғын емес, Ресей біздің нары­ғы­мы­зды пай­да­лан­ды деп толық сенім­мен айта ала­мын. Мыса­лы, одаққа кір­мей тұрған 2014 жылы Қаза­қстан мен Ресей ара­сын­дағы тау­ар айна­лы­мы 20,19 мил­ли­ард дол­лар бол­ды. Оның ішін­де біздің Ресей­ге экс­пор­ты­мыз 6,38 мил­ли­ард дол­лар, ал Ресей­ден келетін импорт 13,8 мил­ли­ард дол­ларға баға­лан­ды. Сон­да кері саль­до, яғни біздің мину­сы­мыз 7,42 мил­ли­ард дол­лар болып тұрған.

Одақтың арқа­сын­да осы мину­сты жой­ып, экс­порт­ты арт­ты­ра алдық па? 2024 жыл­дың қоры­тындысы бой­ын­ша Ресей­мен тау­ар айна­лы­мын 27,8 мил­ли­ард дол­ларға көтер­дік. Оның ішін­де біздің экс­порт 9,54 мил­ли­ард дол­лар, импор­ты­мыз 18,25 мил­ли­ард дол­лар болып шықты. Сон­да өза­ра сауда­да кері жағым­сыз саль­до 8,7 мил­ли­ард дол­лар болып өсіп кеткен.

Қан­дай нәти­же алып отыр­мыз? Одақтың ішін­де­гі 10 жыл­да біз Ресей­ге экс­пор­ты­мы­зды неба­ры 3 мил­ли­ард дол­ларға көбейт­кен­біз. Ал Ресей­ден таси­тын импор­ты­мыз 4,45 мил­ли­ард дол­ларға өскен. Жағым­сыз саль­до 1,28 мил­ли­ард дол­ларға артқан. Одақта Ресей­ден басқа елдер де бар. Олар­ды ескеріп, жал­пы одақ бой­ын­ша тау­ар айна­лым­ды қара­сақ, 10 жыл ішін­де экс­пор­ты­мыз 2,22 мил­ли­ард дол­ларға, импор­ты­мыз 3,33 мил­ли­ард дол­ларға өскен. Сон­да одақтан кім ұтты?

Менің ойым­ша, ешқан­дай одақ­сыз-ақ Қаза­қстан 10 жыл­дың ішін­де бұл көр­шілер­ге өз экс­пор­тын қинал­май өсі­ре алар еді. Мыса­лы, біз­бен еш сауда келісі­мі жоқ Аме­ри­ка Құра­ма Штат­та­рын алай­ық. 2014 жылы біз АҚШ-қа 410 мил­ли­он дол­ларға экс­порт жіберіп, 1,9 мил­ли­ард дол­ларға импорт алған­быз. Ал 2024 жылғы экс­пор­ты­мыз 1,9 мил­ли­ард дол­лар, импор­ты­мыз 2,2 мил­ли­ард дол­лар бол­ды. Сон­да 10 жыл­да біз АҚШ-қа экс­порт­ты үш есе­ге, дәлірек айт­сақ, бір жарым мил­ли­ард дол­ларға арт­ты­рған­быз. Ал импорт бар-болға­ны 300 мил­ли­он дол­ларға көбейген. 

Еш одаққа кір­мей, алы­ста жатқан Аме­ри­ка­мен жағым­сыз саль­до­ны әжептәуір қысқар­тып, тау­ар айна­лы­мын екі есе өсі­ре алдық. Одаққа кіру біз үшін тек оған мүше елдер­ден ала­тын импорт­ты ғана көбей­тіп беріп, сыр­тқы төлем балан­сы мен тең­ге­ге ауыр соққы болып тиді. ЕАЭС-тің 10 жыл ішін­де­гі біз­ге бер­ген бар жемісі осы.

Бұған кінәлі тек Қаза­қстан­ның өзі ғана. Ресей де, басқа­сы да кінәлі емес. Олар тек біз өзі­міз жасап бер­ген жағ­дай­ды пай­да­ла­нып кет­ті. Ешкім біз­ге өңдей­тін өндіріс ашып, дай­ын тау­ар­лар шыға­рып, оны Ресей­ге сатуға тый­ым салған жоқ. Мәс­ке­уде­гі оты­ры­стар­да биз­нес мүд­дені қорға­уға, тариф­тен тыс барьер жасап оты­рған әр губер­на­тор­дың есі­гін қағуға, талап ету­ге ешкім қой демеді. Бірақ бас шұлғи бер­дік, кел­ген отчет­тарға қол қой­ып қана отыр­дық, өз кәсіп­кер­лері­мізді сүй­реп, нары­ққа шыға­руға ұял­дық. Ең басты­сы – инду­стри­ал­ды өндіріс­ке, өңдеу өнер­кәсібіне бюд­жет­тен қыру­ар қар­жы бөл­діріп, оны ұрлап-жыр­лап жеп қой­дық. Енді құры­лыс мате­ри­ал­да­ры мен тамақ жасай­тын зауыт та жоқ, ақша да жоқ. Бәрін Ресей­ден дай­ын түрін­де алдырамыз. 

Біз­де Ресей­ге деген 18 мил­ли­ард дол­лар­лық тәу­ел­ділік бар. Сон­ды­қтан көр­шінің кез кел­ген инфля­ци­я­сы үш күн­нен кей­ін біз­ге келеді. Сол үшін база­лық став­ка жоға­ры. Сол үшін кре­дит про­цен­ті қым­бат. Сол үшін ақшаңыз тамаққа әрең жете­ді. Бұл кезін­де ФИИР деген бағ­дар­ла­ма­лар­дың ақша­сын ұрлап, өтірік план­шет­тер жасаға­ны­мыз үшін бәрі­міз­ге беріл­ген жаза. Біз осы зардап­ты әлі біраз жыл тар­та­тын боламыз.

Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ ебін тапқан мем­ле­кет­тер үшін жаман болған жоқ. Эко­но­ми­ка­сы кіш­кен­тай Арме­ния, Қырғыз­стан, Бела­русь сияқты елдер осы­ның арқа­сын­да жақ­сы көтеріл­ді. ЕАЭС оларға құт пен бере­ке әкел­ді. Ресей де биз­нес ықпа­лын арт­ты­руға қосым­ша мүм­кін­дік алды. Тәжік­стан кере­мет өспе­се де, бір­ша­ма еңбек және логи­сти­ка­лық мәсе­ле­лерін шешті. Одақта тек Қаза­қстан­ның ғана үміті ақтал­маған. Себебі біз 10 жыл бұрын мен­тал­ды тұрғы­да да, ептілік пен пысы­қтық жағы­нан да мұн­дай инте­гра­ци­я­лық жобаға дай­ын емес едік. 

Салы­стыр­ма­лы түр­де: одақ ішін­де­гі 10 жыл­да біз Ресей­ге экс­пор­ты­мы­зды 49 пай­ы­зға арт­тыр­сақ, бұл одаққа кіру­ге асы­қ­паған Өзбек­стан Ресей­ге экс­пор­тын 869 мил­ли­он дол­лар­дан 3,5 мил­ли­ард дол­ларға дей­ін, яғни төрт есе­ге неме­се 302 пай­ы­зға көбей­тіп алған. Оларға Ресей­мен ортақ шека­ра­ның жоқты­ғы да дым кедер­гі болған жоқ.

2014 жылы одақтың керек екенін дәлел­деп, мил­ли­он сұх­бат бер­ген шене­уік­тер мен эко­но­ми­стер­дің ешбір тезисі орын­дал­ма­ды. Олар­дың бар­лы­ғы ара­мы­зда жүр. Мен тіл­ші қауы­мға архив­тер­ді ақта­рып, сол сұх­бат бер­ген­дер­дің бар­лы­ғын қай­та­дан әңгі­ме­ге шақы­ру­ды ұсы­нар едім. Поп­корн алып қарайтындай.

Айбар ОЛЖАЕВ,журналист

Республиканский еженедельник онлайн