Понедельник , 30 июня 2025

Ойлан, ҚАЗАҚ!

Оды­раң­да­са оры­сың, қоқи­лан­са қытайың,

Тоналға­ны намысың, жоғалға­ны ұпайың.

Келім­сек­тер қопар­са жер­дің астын, жер үстін,

Жүр­ген­сің ғой аңғар­май жай­ын оң мен терістің.

Әлпеш­те­ген ұл-қызың кетіп жат­са шетелге,

Қаның менен теріңді төк­кен­сің ғой бекерге.

Кім көрін­ген елің­де жүр­се сені басынып,

Есті емес­сің, есер­сің езге айналған, осы­ны ұқ!

Желік­кен­дер жеріңе құсып-тышып, ластаса,

Ата-баба үлгісі өзгер­гені басқаша.

Жарқыл­дағы жат жұрт­тың көздің алдын тұмшалап,

Өзге тіл­де сөй­ле­сең, өз тіліңді қор санап,

Май­мыл сын­ды мәз бол­саң қылы­ғы­на өзгенің,

Ойың жұтап, ес кеміп, киерің хақ таз кебін.

Ман­сап қуған көбей­іп, адал жан­дар азайып

Жатқан бол­са, осы­дан артық не сөз жазайық?!

Қан­даста­рың қи жинап, құмар бол­са байлыққа,

Тұлға болам дей­місің қан­дай елге, қай жұртқа?!

Айт­сам дей­мін жырым­ды сөзді тың­дар құлаққа,

Қазір жылап жүр­сең де, ұрпағы­ң­ды жылатпа!

Ақыл­бек ШАЯХМЕТ

 

«Қазақтелекомда» ТОЛҚУ ТУДЫ

  • ШҚО Шығыс РТТ «Қаза­қ­те­ле­ком» ком­па­ни­я­сы­ның қыз­мет­кер­лері жалақы­ның 100% өсуін талап ету­де, деп хабар­лай­ды ҚазТАГ.

«Біз, Шығыс Қаза­қстан облы­сы­ның Шығыс РТТ «Қаза­қ­те­ле­ком» АҚ-ның төмен­де қол қой­ған қыз­мет­кер­лері, біздің Қараған­ды, Аты­рау және Жам­был TUSM-дегі әріп­те­стері­міздің дәлел­дері­мен келі­се­міз және олар­дың жалақы­ны лай­ы­қты дең­гей­ге көте­ру қажет­тілі­гі тура­лы тала­бын қол­дай­мыз. Шығыс Қаза­қстан облы­сы қолай­сыз эко­ло­ги­я­лық жағ­дай екенін бар­лы­ғы біледі, баға­лау жүй­есі бұл аймақта өмір сүрудің ерекшелік­терін қарас­тыр­май­ды. Аймақтық жалақы коэф­фи­ци­ент­тері жоқ. Шығыс Қаза­қстан облы­сы мен оңтүстік аймақтар­дың кли­ма­тын­дағы өмір сүру құнын салы­сты­ры­ңыз», – делін­ген Avaaz.org ресур­сын­да жари­я­ланған үндеуде.

Олар­дың айтуын­ша, ком­па­ни­я­ның 25%-дан астам акци­я­сы «шетел­дік офф­шор­лық ком­па­ни­я­ларға тиесілі, салы­қтар басқа елдер­де төленеді».

Пети­ция ҚР пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­евқа, «Нұр Отан» пар­ти­я­сы төраға­сы­ның бірін­ші орын­ба­са­ры Бауы­р­жан Бай­бек­ке, «Самұрық-Қазы­на» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы­ның басқар­ма төраға­сы Ахмет­жан Есі­мов­ке, «Қаза­қ­те­ле­ком­ның» басқар­ма төраға­сы мен дирек­тор­лар кеңесінің төраға­сы­на жол­дан­ды. Жари­я­ланған кез­де пети­ция 800-ден астам қол жинады.

Қаз­ТАГ

 

САЙРАГҮЛ ТАҒЫ ДА халықаралық сыйлық алды

  • Қаза­қстан­нан сая­си бас­па­на бұй­ыр­май, отба­сы­мен бір­ге Шве­ци­я­ны пана­лап кету­ге мәж­бүр болған Сай­ра­гүл Сауыт­бай «Нюрн­берг адам құқы­ғы» сый­лы­ғы­мен мара­пат­тал­ды. Бұл – Сай­ра­гүл Сауыт­бай­дың халы­қа­ра­лық дең­гей­де­гі екін­ші сыйлығы.

Бұған дей­ін – был­ты­рғы науры­зда Сай­ра­гүл Шың­жаң­дағы репрес­сия тура­лы бер­ген батыл түсінік­те­ме­лері үшін АҚШ мем­ле­кет­тік депар­та­мен­тінің «Халы­қа­ра­лық батыл әйел» (Annual International Women of Courage) сый­лы­ғы­на ие болған еді.

Өз еліне өгей болып, Шве­ци­яда босқын атанған қазақ қызы Сай­ра­гүл Сауыт­бай­ға теле­фон арқы­лы хабар­ла­сып, мара­па­ты­мен құт­ты­қтап, оның қуа­ны­шын елге жет­кізу­ге асықтық.

– Хабар­ла­сып, құт­ты­қтап жатқан «ДАТ» газетіне мың алғыс! – деді біз­ге Сай­ра­гүл. – Ақпан­ның 28-інде қуа­ны­шты хабар­ды есті­ген­де, қат­ты қуан­дым. Бұл мара­пат­тың ең маңы­зды мағы­на­сы – «Нюрн­берг» деген ата­уын­да тұр. Өйт­кені екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­ста гено­цид жүр­гіз­ген фаши­стер­ді жаза­лай­тын сот – Гер­ма­ни­я­ның осы Нюрн­берг қала­сын­да өткен. Сон­ды­қтан бұл мара­пат осы аты­мен де аса маңы­зды тари­хи сим­вол­дық сипатқа ие. Осы­дан-ақ Қытай үкі­метіне күшті сиг­нал беріл­ді деу­ге болады.

Осы мара­пат арқы­лы Қытай ком­пар­ти­я­сы­ның Шығыс Түр­кістан­да жүр­гізіп жатқан гено­цид­тік сая­са­ты­на қар­сы Еуро­па елдерінің қол­да­уын сезін­дім. Еуро­па мем­ле­кет­терінің Қытай­дағы гено­цид­тік жауы­зды­ққа қар­сы нәти­желі жұмысы­на сені­мім арт­ты. Бұл – Батыс елдерінің Қытай үкі­метіне бер­ген соққы­сы деп санай­мын. Халы­қа­ра­лық «Нюрн­берг адам құқы­ғы» мара­па­ты – өз басын қауіп-қатер­ге тігіп, қуда­ла­у­ға тап болған ұлт­тар­ды құтқа­ру үшін күрес­кен­дер­ге берілетін сый­лық. Сый­лы­қты беретін баға­лау комис­си­я­сы жан-жақты зерт­теу, сарап­тау жүр­гі­зу арқы­лы мені осы мара­патқа лай­ық деп санаған, сөй­тіп комис­сия мүше­лері біра­уы­здан дауыс беру арқы­лы бұл мара­пат­ты маған беруді бекітіпті.

Мара­пат­тау рәсі­мі қалай өтті?

– Бұл рәсім­де Нюрн­берг қала­сы­ның мэрі Мар­кус Кениг­ке мыр­за менің бастан кеш­кен азапты күн­дерім­ді және Шығыс Түр­кістан­дағы мұсыл­ман­дар­дың азап шек­кен тағ­ды­ры тура­лы айт­ты. Мақтанға­ным емес, қала бас­шы­сы менің «адам таң­да­нар­лық батыл­ды­ғым­ды» атап өтті. Баға­ла­у­шы қазы­лар алқа­сы­ның мүше­сі Хилал Элвер мыр­за: «Сіз­ге беріл­ген бұл мара­пат­пен әлем­де­гі қауіп төніп тұрған бар­лық аз ұлт­тар­дың жағ­дай­ы­на назар ауда­ру маңы­зды екенін біл­діре­міз. Азшы­лы­қтағы халы­қтың азап шегу мәсе­лесін шешу ісін­де маңы­зды роль атқарған батыл әйел­дер­ге мүм­кін­дік бер­гі­міз келеді. Сауыт­бай ханым мара­патқа өте лай­ық. Ол этни­ка­лық азшы­лы­қтағы елдің азап шегуіне баса назар аудар­ды», – деді.

Ал бұл халы­қа­ра­лық сый­лық сіздің алдағы күресіңіз­ге қалай әсер етпек?

– Бұл күре­сте мен жалғыз емес­пін, халы­қа­ра­лық ұйым­дар мен Баты­стағы сая­сат­кер­лер бізді қол­дап келеді. Бұл үлкен сый­лық менің ғана емес, Еуро­па­дағы, АҚШ-тағы, Түр­ки­ядағы, Қаза­қстан­дағы және жер-жер­де­гі бар­лық сая­сат­кер­лер мен ұлт азатты­ғы жолын­да тоқта­май күресіп келе жатқан бар­лық ақиқат сүй­гіш аза­мат­тар­дың ортақ жеңісі! Қытай үкі­метінің гено­цид сая­сты­на қар­сы халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­қтан ауыр соққы берілетініне сене­мін. Шығыс Түр­кістан­дағы жазы­қ­сыз зардап шегіп жатқан бауыр­ла­ры­мы­здың аман-есен бостан­ды­ққа шығып, отба­сы­мен қауы­ша­тын күн­дері алыс еме­сті­гіне сені­мім кәміл, үміті­мізді үзбейік!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

«Біздің Борат» та СЫЙЛЫҚ АЛДЫ

  • Режис­сер Джей­сон Уоли­нер­дің «Борат‑2» филь­мі «Алтын гло­бус» сый­лы­ғы­ның «Ең үздік комедия/мюзикл» номи­на­ци­я­сын жеңіп алды. Сый­лы­қты тап­сы­ру рәсі­мі 28 ақпан­да АҚШ-та өтті. Фильм­де басты рөл­ді сомдаған Саша Барон Коэн де «Ең үздік коме­дия рөлін» сомда­у­шы ретін­де марапатталды.

Был­тыр жыл соңын­да жары­ққа шыққан «Борат» коме­ди­я­сы­ның жалға­сы Қаза­қстан мен шетел­де­гі қаза­қстан­ды­қтар ара­сын­да алды­ңғы­сын­дағы­дай әртүр­лі реак­ция туғы­зған еді. Онда ойдан шыға­ры­лған қаза­қстан­дық жур­на­лист Борат Сағ­ди­ев­тың хика­я­ла­ры баян­да­ла­ды. Екін­ші бөлім­де бас кей­іп­кер коро­на­ви­рус пан­де­ми­я­сы кезін­де АҚШ-қа ора­лып, «виру­сты жеңіп», ондағы сая­си оқиға­лар­ды бақы­ла­у­ға тырысады.

Бұл фильм тура­лы интер­нет­те ақпа­рат шыққан­нан кей­ін, Қаза­қстан­да фильм­ге қар­сы бір­не­ше акция өтті. Қазан айын­да кей­бір жастар ұйым­да­ры «Борат» коме­ди­я­сы­ның тара­уы­на тый­ым салу­ды сұрап, АҚШ-тың Алма­ты­дағы кон­сул­ды­ғы­на пети­ция тап­сы­рған. Кей­бір желі қол­да­ну­шы­лар «Борат» фильм­деріне емес, мұн­да айты­ла­тын Қаза­қстан­дағы жемқор­лы­ққа қар­сы пети­ция жазу керек дейді.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн