Пятница , 4 июля 2025

ОЛИГАРХТАР ЗАМАНЫ БІТТІ МЕ?

  • Қаза­қстан­да оли­гарх­тық капи­та­лиз­мнің зама­ны өтті, деп ескерт­ті пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев (Қаз­ТАГ).

«Мем­ле­кет елі­міз­де жұмыс істей­тін бар­лық ірі өндіру­ші ком­па­ни­я­лар­дың қыз­метін өте жіті бақы­лай­ды. Біз капи­тал­ды шетел­ге заң­сыз шыға­руға жол бер­мей­міз. Олар­дың түр­лі әле­умет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­ды жүзе­ге асы­руын қадаға­лап оты­ра­мыз», – деді Тоқа­ев кеше Қараған­ды облы­сы­на жасаған жұмыс сапа­ры барысында.

Оның айтуын­ша, өндірісті жаңғыр­ту үдерісіне, эко­ло­ги­я­ны қорғау ісіне ерекше назар ауда­ры­ла­ды. «Салық төле­мақы­сы ерекше бақы­ла­уда. Егер ірі өнер­кәсіп кәсі­по­рын­да­ры бұл талап­тарға сай кел­ме­се, біз серік­те­стік­ті тоқта­туға мәж­бүр бола­мыз. Бұл – ешқан­дай қорқы­ту емес, керісін­ше, бүкіл өрке­ни­ет­ті әлем­де қабыл­данған қара­пай­ым, адал және әділ жұмыс ере­же­лері. Қаза­қстан­да оли­гарх­тық капи­та­лиз­мнің зама­ны өтіп, ел аза­мат­та­ры­ның алдын­дағы әле­умет­тік жау­ап­кер­шілік­ті сезі­нетін кезең жет­ті. Аза­мат­та­ры­мы­зға тиім­ді әрі әле­умет­тік жау­ап­кер­шілік­ті сезі­нетін, ел эко­но­ми­ка­сын­да жетек­ші орын­дағы биз­нес керек», – деді Тоқаев.

Дегенмен қазақстандық олигархтардың заманы бітті дегенге күдік келтіретіндер бар. Мәселен, белгілі қазақстандық қайраткер Қайрат Жолдыбаев өзінің ФБ-парақшасында былай деп жазады: «Мен мынаны түсінбеймін. Олигархтарға қылмыстық іс қозғалмаса, олардың шетелде тыққан қаржыларын қандай заңды негізбен елге қайтармақ? Жоқ әлде өзара келісіммен қайтармақ па? Солай болған жағдайда әділдік қайда қалады?».
Дұрыс пайым! Назарбаевтық олигархтарды «құртып бітіру» үшін, ең алдымен олар ұрлық жолмен шетелге тыққан капиталды елге қайтару керек еді. Сонда ғана қазақстандықтар олигархтар заманының біткеніне кәміл сенеді.
ДАТ-информ

Болат «Барыстан» АЙЫРЫЛДЫ

  • Алма­ты қала­сы­ның маман­дан­ды­ры­лған ауда­на­ра­лық эко­но­ми­ка­лық соты «Най­за-БН» ком­па­ни­я­сы­ның жарғы капи­та­лын­дағы мем­ле­кет үлесін сатып алу-сату тура­лы келісім­шар­ттың күшін жой­ды. «Бұл ком­па­ния «Барыс‑4» ірі көтер­ме база­ры­ның иесі деп көр­сетіл­ген» деп хабар­лай­ды Алма­ты соты­ның бас­пасөз қызметі.

Сот про­ку­ра­ту­ра­ның «Барыс‑4» көтер­ме база­ры жеке­ше­лен­генін заң­сыз деп тану тура­лы талап ары­зын қанағат­тан­ды­рған. Қар­жы мини­стр­лі­гінің ақпа­ра­ты­на қараған­да, «Най­за-БН» құры­л­тай­шы­ла­ры­ның бірі – Қаза­қстан­ның бұры­нғы пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың інісі Болат Назарбаев.

Талап арыз түсіру­ге «заң­ды тұлға­ның жарғы капи­та­лын­дағы мем­ле­кет үлесін жеке­ше­лен­дір­ген кез­де өкілет­ті мем­ле­кет­тік орган­дар­дың заң­сыз жеңіл­дік­тер мен басым­ды­қтар бер­гені» негіз болған. «Сот талқы­ла­уы кезін­де талап ары­зда кел­тіріл­ген уәж­дер дәлел­ден­ді» дей­ді сот хабарында.

Жер­гілік­ті БАҚ мәлі­метіне қараған­да, базар бір жарым мил­ли­он дол­ларға (үш мил­ли­он долл­лар­дан астам) баға­ланған, бірақ оны небәрі 307 мил­ли­он тең­ге­ге (640 мың дол­лар шама­сы) сатқан.

Сот шеші­мі әзір­ге күшіне енбеген.

Orda.kz пор­та­лы­ның мәлі­метіне қараған­да, бұрын базар сату­шы­ла­ры «база­рдағы моно­по­лия жөнін­де ары­зданған». Эко­но­ми­ка­лық ресур­стар­дың заң­сыз шоғыр­ла­нуы­мен күрес жөнін­де­гі комис­сия биыл шіл­де айын­да база­рды мем­ле­кет­ке қай­та­ру­ды көз­деп оты­рға­нын айтқан.

Tengrinews.kz басы­лы­мы­ның хабар­ла­у­ын­ша, ақпан айын­да көтер­ме базар сату­шы­ла­ры «базар әкім­шілі­гі база­рға тек өздері қалаған фир­ма­лар­дың өнім­дерін кір­гі­зеді» деп шағым­данған. Олар­дың сөзін­ше, соның сал­да­ры­нан кей­ін­гі бес жыл­да сауда айна­лы­мы күрт төмен­де­ген. Алма­ты­дағы «Алтын Орда» база­рын да Болат Назар­ба­ев­пен байланыстырады.

Azattyq.org

 

 

ПАТРИОТ БЛОГЕР НЕГЕ ҚАМАЛДЫ?

  • Пав­ло­дар қала­сы­на Ресей­де­гі мобилиза­ци­ядан қашып кел­ген­дер­ге «Қырым кім­нің жері?» деген сұрақ қой­ған қоғам бел­сен­дісі Диас Құзай­ы­ров 5 тәулік­ке қамауға алын­ды, деп хабар­лай­ды «Азаттық».

Қазан­ның 3‑і күні кеш­ке Пав­ло­дар қала­сы­ның маман­дан­ды­ры­лған әкім­шілік соты Диас Құзай­ы­ро­вты Әкім­шілік құқық бұзу­шы­лық тура­лы кодекстің 434-бабы, 1‑бөлімі бой­ын­ша («Ұсақ бұза­қы­лық») айып­ты деп танып, 5 тәулік­ке қамау тура­лы шешім шығарған. Сот қаулы­сын­да «Диас Құзай­ы­ров қоғам­дық орын­да шу шыға­рып, өзге адам­дарға күш көр­сетіп, қор­лап, ұйым­да­сты­ру­шы­ларға балағат сөз айтқан» деп жазылған.

Ресей­де­гі моби­ли­за­ци­ядан қашып кел­ген аза­мат­тарға 27 қыр­күй­ек­те жер­гілік­ті кәсіп­кер­лер мей­рам­ха­на­да түскі ас бер­ген. Пав­ло­дар кәсіп­кері Айдар Құрым­ба­ев көр­ші ел аза­мат­та­ры­на «қазақ халқы­ның қонақ­жай­лы­ғын көр­сет­кісі келетінін» айтқан. Ұйым­да­сты­ру­шы­лар мей­рам­ха­наға «Азаттық» тіл­шісін кіргізбеген.

Түскі ас беру­шілер мен Диас Құзай­ы­ро­втың ара­сын­да мей­рам­ха­на сыр­тын­да жан­жал туып, сөз қағы­сқан. Бел­сен­ді поли­ция шақы­рған. Алай­да ертеңіне поли­ция қар­сы тарап­тың да арыз жазға­нын хабар­лаған, деп хабар­лай­ды «Азаттық».

Ал «ДАТ»-қа хабар­ласқан кере­кулік ұлт пат­ри­о­ты Руза Бей­сен­бай­те­гінің сөзіне қараған­да, іс-шара­ны ұйым­да­сты­ру­шы­лар­дың бірі бел­сен­діні «ұлт­шыл, халық жауы» деп айыптаған.

«Оқиға былай болған, – дей­ді Руза. – Біз­де­гі бір ресто­ран­ның қожай­ы­ны, жас қазақ жігіті, қаза­қ­шаға судай, келім­сек­тер­ге дастар­хан жай­ды. Соған Диас та, мен де барғам. Бло­гер ретін­де келім­сек­тер­ге алдын ала ескер­тіп: «Мен бло­гер­мін, сіз­дер­ге сұрақтар қояй­ын деп едім», – деп, Укра­и­на­дағы соғы­сқа қаты­сты сұрақтар­ды қояды.

Сол кез­де бір оры­сқұл мәң­гүрт мені де, Диа­сты да «нацист» деп, видеоға түсір­ді. Сосын Диас поли­ция шақы­ра­ды, «ұлт­шыл» дедің деп. Әлгі қатын да арыз жаза­ды, «қонақтар­мен кикіл­жің­ге бар­ды» деп. Ең қызы­ғы – поли­ция Диа­стың ары­зын қара­у­сыз қал­дыр­ды да, өзін абақты­ға жап­ты. Ал қазақ халқы­ның мүд­десіне қар­сы шыққан қатын бостан­ды­қта сай­ран­дап жүр».

Диас Құзай­ы­ро­втың адво­ка­ты Әскер­бек Кәкі­мов сот шеші­мі­мен келіс­пей­тінін айт­ты. Оның сөзін­ше, сот дәлел­дер­ді ескер­ме­ген. «Диас ешкім­ге тіл тигіз­ген жоқ, Ресей­ден кел­ген­дер­ді қуған жоқ. Ұйым­да­сты­ру­шы­лар оған жала жауып отыр. Оның бар­лы­ғы Диас түсір­ген ютуб-арна­дағы тіке­лей эфи­рін­де тұр. Сон­ды­қтан сот қаулы­сы­на шағым жаса­дық», – деді ол.

Еске сал­сақ, Пав­ло­дар бел­сен­дісі, бло­гер Диас Құзай­ы­ров биыл Қаңтар оқиға­сы кезін­де митин­гі­ге қаты­сып, 15 тәулік­ке қамауға алы­нған еді. Ал Youtube желісін­де жари­я­лаған видео­да Диас Құзай­ы­ро­втың Ресей­ден кел­ген екі аза­матқа «Қырым кім­дікі?», «Пав­ло­дар кім­дікі?» деген сұрақ қой­ға­ны көрі­неді. Ресей аза­мат­та­ры «Қырым да, Пав­ло­дар да сон­да тұра­тын адам­дар­дікі» деп жау­ап бер­ген. Бұл видео әле­умет­тік желі­де жыл­дам тарап, қоғам­да резо­нанс тудырған.

Енде­ше пав­ло­дар­лық поли­цай­лар мен сот кім­нің түрт­пе­гі­мен тәу­ел­сіз бло­гер аза­мат­ты абақты­ға қама­ды? Бұған ақор­да­лық идео­ло­ги­я­ның тұтқа­сын ұстаған Ерлан Карин мыр­за не деп жау­ап берер екен?

Қаза­қстан­ның цифр­лық даму, инно­ва­ция және аэроға­рыш өнер­кәсібі мини­стрі Бағ­дат Мусин­нің ресми ақпа­ра­ты­на қараған­да, 21 қыр­күй­ек­тен бері 70 мыңға жуық ресей­лік Қаза­қстан­да «ЖСН» алған. «Біздің мін­деті­міз – ресей­лік аза­мат­тарға ЖСН беру, біз­ге ел ретін­де олар­дың келуін біліп оты­ру, заң бұзу­шы­лы­қта­рын аны­қтау және олар­ды тір­кеу маңы­зды. Біз оларға нөмер беру арқы­лы оны бар­лық мәлі­мет­тер база­сы­на енгі­зе­міз», – деді Мусин сей­сен­бі күні үкі­мет кулу­а­рын­да. Ол атап өткен­дей, мем­ле­кет ресей­лік­тер­ге ЖСН беру үшін төлем жаса­маған, ол шығын­ды опе­ра­тор­лар көтеріп отыр.

Бей­ре­сми деректер бой­ын­ша, Ресей­ден Қаза­қстан шека­ра­сы арқы­лы өткен, пут­ин­дік моби­ли­за­ци­ядан қашқан ресей­лік­тер­дің саны 200 мың­нан асып кет­кен. Ал қаза­қстан­дық билік «қашқын­дар­дың» бұл жөңкілуіне қар­сы ешбір әре­кет жаса­май отыр.

Айсұ­лу ОСПАН,

«D»

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн