Суббота , 24 мая 2025

ОЛ МЕНІҢ БАРЫМ БОЛАТЫН

ОЛ МЕНІҢ БАРЫМ БОЛАТЫН

  • Иә, ол менің барым еді… Айтып оты­рға­ным – «ДАТ»-тың оқыр­ма­ны білетін Мәкім­бай Бақыт­гүл Көп­бай­қы­зы. Мен оның туған аға­сы – Мұха­мет­тің қызымын.

Мен ес біл­гелі, алтын әпкем­нің қамқор­лы­ғы мен қол­да­уы­нан шық­паған маған оның қаза­сы ауыр тиді. Бала жасы­нан әділет­сіздік­ті көп көр­ген Бақы­тым мек­теп­ті үздік оқы­са да, 4 пән­нен көпе көр­неу «төрт­тік» баға қой­ы­лып, алтын медаль иегер­лі­гі­нен шет­тетіл­ген-ді. Ол сон­да әділет жолын­да өмірінің соңы­на дей­ін күре­сетінін айтқан еді. Солай бол­ды да…

Мен анам­ның құр­сағын­да жатқан­да, бой­жет­кен Бақыт­гүл жең­гесі Нүр­си­па­ның қыз туға­нын қат­ты қалап­ты. Отба­сын­да үш аға­сы­нан соң жалғыз қыз болып өскен­дік­тен болар. Көп­бай әулетінің алға­шқы неме­ресі болған­ды­қтан, Бақан апам сол жылы қол­дан-қолға өтіп, тап­тыр­май оқы­лған «Мей­ір гүл­ден­ген шақта» пове­стінің әсері­нен болар, менің есі­мім­ді Мей­ір­гүл қойыпты.

  • Мені Барым өсірді

Тұңғыш бала, алға­шқы неме­ре болған мені анам 9 ай емізіп, әжем Көкен­нің тәр­би­есіне бер­ген екен. Содан да болар, ата-анам­ды есім­дері­мен атап, Бақыт­гүл­ден соң туған Көкен­нің қызы бол­дым. Еркелі­гім­де шек бол­ма­ды. Әжем 11 жасым­да өмір­ден озған­ша аяқ киі­мім­ді теріс киіп, еркелік­тен өз қалаған обра­зым­да еркін де ерке қыз болып өстім. Әжем намаз оқы­са, арқа­сын­да оты­ра­ты­н­мын. Содан болар, кей­ін намаз­да оқы­лар құлағы­ма жағым­ды сүре­лер тез жат­тал­ды. Бақыт­ты бала­лық шағым­да алаң­сыз ерке­леп өсуі­ме мүм­кін­дік­тер жасап, қалаған ойын­шы­ғым­нан бастап, киім-кеше­гі­ме дей­ін әпе­ріп, әлпеш­те­ген менің Бақыт апай­ым мен үшін бар қала­у­ым­ды жасай­тын менің Барым болды.

Жал­пы, біздің әулет әде­би­ет пен өнер­ге өте жақын бол­дық. Оған себеп – ата­мыз Көп­бай­дың қис­са­шы-дом­бы­ра­шы­лы­ғы мен ақын­ды­ғы­нан кел­ген қаси­ет болар. Бақаң да сол қаси­ет­ке жақын бол­ды. Менің әкем Мұха­мет те өзін­ше өлең жазып, аудан­дық көр­ке­мө­нер­паз­дар бай­қа­уын­да өте жақ­сы өнер көр­се­тетін (пан­то­ми­ма, сықақ оқу, т.б), ал кіші аға­сы Жұма­хан дом­бы­ра­да кере­мет ойнай­тын. Одан кей­ін­гі ұрпақ – біз­дер – мен азы­рақ өлең жазам. Арман қуып, Алма­ты­ға кел­ген­де, Театр және өнер ака­де­ми­я­сы­на түскім кел­ген еді. Алай­да ол мақ­сат­ты 360 гра­дусқа өзгерт­кен Бақыт әпкем еді. Оның айтқа­ны біз­ге заң бол­ды. Соны­мен Каз­ГУдің гео­гра­фия факуль­тетіне оқуға түсіп, оны бітіріп, бүгін­де сол маман­ды­қтың ғылы­ми жолын­да еңбек етіп жатқан жай­ым бар. Айна­лай­ын апа­тай­ым-ай десең­ші, маған зама­ны­ма лай­ық адам болуы­ма мүм­кін­дік­тер мен қамқор­лы­қтар жасап кет­ті ғой!..

Бақа­тай­ым­ның үш аға­сы Дәу­лет­хан, Мұха­мет және Жұма­хан­нан туған – Күміс, Жан­на, Жанар, Әділ, Марал, Ақтө­ре, Шыңғыс және мен – біздің білім алуы­мы­зға, толы­қтай отба­сы­лы болуы­мы­зға атса­лы­сып, барын беріп, бап­тап тәр­би­е­ле­ген біздің пана­мыз, қорға­ны­мыз – әке­міздің жалғыз қарын­да­сы Бақыт­гүл Мәкім­бай бола­тын. Осы­лай­ша үш аға­сы­ның арты­нан ерген 8 бала­сы­на қамқор­шы пана болды.

  • Бақан­ның әске­ри тәртібі

Үш аға­сы­нан ерте айы­ры­лған Барым біз­дер­ді аға­ла­ры­ның көзі деп қарап, қызғы­штай қоры­ды, аяла­ды. Бірақ қатал еді, Бақан апам тағай­ын­даған тәр­тіп деген әске­ри түр­де бол­ды. Қатал­дық деген не үшін керекті­гін енді өзім бала тәр­би­е­леп өсіріп жатқан­да, бір-ақ түсін­дім. Уни­вер­си­тет­те оқып жүр­генім­де, сағат кеш­кі 8‑ден қал­май үйде болу керек. Сауық кеш­ке, биге бару деген­ге тый­ым салы­нған. Ауыл­дан кел­ген­нен шаш кесу, боя­ну деген мүл­дем бол­май­тын және ол қай­та талқы­ға салын­бай­тын тақы­рып еді.

Қай­ран апай-ай десең­ші, біз­дер­ге – Жанар еке­уі­міз­ге: «Маман­дық таң­дау, жұмысқа тұру, қалай киі­ну – бар­лы­ғы менің айтқа­ным­дай бола­ды. Ал күй­е­улеріңді өздерің таң­дай­сы­ң­дар», – дей­тін. Солай бол­ды да.

Біз­ден кей­ін­гі «тәр­тіп эста­фе­та­сы­на» Шыңғыс тап бол­ды. Тәр­тіп­ке бағы­нған құл бол­мас деген­дей, темір­дей тәр­тіп­тің арқа­сын­да өмір­дің кез кел­ген сыны­нан мой­ы­май өту­ге бей­ім­дел­дік. Қатал­ды­қ­дың ар жағын­да саған деген үлкен үміт пен шынайы тіле­уле­стік барын білдік.

  • Сый­лық жасау сал­ты еді

Біз сту­дент­тік сес­си­я­мы­зды бес­ке тап­сыр­сақ, Бақыт апай­ы­мы­здың сый­лық жасай­тын әдеті еді. Алтын сырға, сақи­на, алқа, жақ­сы киім деген мақ­сатқа жету жолын­дағы ынта­лан­ды­ру түрі бола­тын. Оның үстіне сол бір тәу­ел­сіздік­тің алға­шқы жыл­да­ры­нан кей­ін­гі ауыл­дар­дың жұмыс­сызды­ғы мен қар­жы­лық қиын­ды­ғы­на тура кел­ген біздің сту­дет­тік кезі­міз­де ата-ана­мы­здан қар­жы­лай көмек мүл­дем бол­ма­ды. Сон­ды­қтан сес­си­я­ны жақ­сы тап­сы­ру – сти­пен­дия алу­дың басты мақ­са­ты болды.

Қазір ойла­сам, жалғыз өзі қара­пай­ым газет тіл­шісінің мар­дым­сыз айлы­ғы­мен біз­дер­ді қалай асы­рап, баққа­ны­на таңым бар. Менің әкем Мұха­мет 1997 жылы 42 жасын­да қай­тыс бол­ды. Мен жиыр­маға да тол­маған едім. Жанар сіңілім сол жылы мек­теп­ті бітіріп, Каз­ГУ-ге оқуға түсті. Мен 4‑курс сту­ден­ті – қала­ны жақ­сы мең­геріп алғам. Бақы­тым сол жылы біз­ге цирк­тен еден жуу­шы­ның жұмысын тауып, Жанар еке­уміз сабақтан соң цирк қыз­мет­кері болып шыға кел­дік. Еден емес, шын­ды­ғын айтқан­да, дәрет­ха­на таза­лай­тын­быз. Айлы­ғы 3 мың тең­ге, ол кез­де ондай ақша­ны анау-мынау адам ала алмай­ды. Барым осы­лай­ша еңбек­ке де араластырды.

  • Жанын­да жақ­сы­лар жүрді

Біз­дер­дің үй шаруа­сын дөң­ге­летіп әкетін­дей аспаз болуы­мы­зға Бақан­ның жан құр­бысы Діл­дәр апай­дың жасаған алу­ан тамақ түр­лері, дастар­ха­ны үне­мі бір­ден-бір үлгі бола біл­ді. Діл­дәр апай мен Қыды­рәлі аға­ның отба­сы­ның біз­ге сон­дай жақын болға­ны сон­ша­лық, біз ол кісілер­ді Барым­ның доста­ры ретін­де емес, нағыз жана­шы­ры­мыз, туы­сы­мыз деп біле­міз. Ол кісілер­дің үйі­нен қар­ның да той­ып, жаның да руха­ни бай­ып қай­та­тын­быз. Еке­уі де шығар­ма­шы­лық ада­мы болған­ды­қтан, бас­па­дан жаңа­дан шыққан тари­хи, әде­би шығар­ма­лар­дың маз­мұ­ны­на қанып, руха­ни тұрғы­дан нәрленетінбіз.

Барым­ның қолы­ның бере­кесі бола­тын. Тамақ жаса­са, дәм­ді, киім­ді қысқар­ту, қай­та өңдеп, сән­деп тігу деген сүй­ік­ті хоб­биы бола­тын. Барым­ның дос қызы Ұлба­ла апай да кере­мет киім тігетін. Жаңа­дан шыққан сән­де­гі киім­дер­ді сол кісі тігіп, біз­дер­дің көрік­ті сту­дент болуы­мы­зға атса­лы­сқан жан­ның бірі десем, артық емес.

  • Жатқа да жана­шыр еді

Сту­дент кезі­ме, сол жыл­дарға тұс­па-тұс кел­ген тағы бір жайт – елге оралған орал­ман­дар­дың жағ­дайы бола­тын. Аядай бір бөл­мелі пәтеріне Қытай­дан кел­ген 12 орал­ман қаза­қты про­пис­каға тұрғы­зды. Бұны Барым өзінің аза­мат­тық мін­деті деп біл­ген еді. Олар кирил­ли­ца қар­пі­мен жаза алмаған­ды­қтан, бүкіл құжа­тын қол­мен жазу­ды тағы біз­дер­ге – Жанар еке­уі­міз­ге мін­дет­тей­тін Барым: «Қамқор­лық жасау – әр адам­ның мін­деті», – дей­тін еді.

Сол орал­ман қаза­қтар бүгін­де мықты биз­нес­мен, ауқат­ты отба­сы­ға айналған. Алай­да солар­дың бір­де-біре­уі Бақан апам­ның жана­за­сын­да бас көр­сет­пе­гені өкіні­шті-ақ болды…

Айта бер­сем, Барым­ның жасаған жақ­сы­лы­ғын­да есеп жоқ. Бір күні, 3‑курста оқи­мын, үйге кел­сем, менен біраз ғана үлкен Құра­лай есім­ді бір қыз жылап отыр. Барым сас­пас­тан маған: «Құра­лай­ды бір жеті­ден соң ұза­та­мыз», – деп жыми­ды. Сөйт­сем, бұл қыздың жігіті алдап кет­кен екен. Өзі айтқан­дай, Құра­лай­дың тәтесін ауыл­дан шақыр­ды, ұмыт­па­сам, Жам­был облы­сы­нан. Қашып жүр­ген жігіт­ті қай­дан тапқа­нын біл­мей­мін, әйте­уір келер апта­да жақ­сы­лап дастар­хан жасап, әлгі Құра­лай­ды біздің үйден ұза­тқан еді. Сон­да мен: «Бұл қыз кім, жақы­ны­мыз ба?» десем: «Бір жақ­сы қыз, ауру­ха­на­да таны­стым…» деп отыр сабаз апам. Сон­да ғана ұқтым – жақын бол­ма­са да, кез кел­ген адам­ды қамқор­лы­ғы­на алу – оның жүре­гінің кеңді­гі­нен екен. Одан кей­ін сол Құра­лай бала­лы бол­ды деп, арты­нан іздеп барып жүр­ді. Міне, алтын жүрек­ті адам!

Ол өзінің әлдекім­ге жасаған қамқор­лы­ғы­на ақы сұра­май­тын рия­сыз ақ жүрек­ті жан еді. Аядай ғана пәтеріне оқуға түсу­ге келетін ақсу­ат­ты­қтар­дың санын­да есеп жоқ. Кей­де жаз бол­са – бал­конға, қыста – ван­наға жатуы­мы­зға тура келетін күн­дер де болды…

«Менің үйім­де өлім бол­май­ды, тек жақы­сы­лық жаса­ла­тын бола­ды», – деген Барым­ның өз пәтері­нен сүй­е­гі шық­па­ды. Өз аяғы­мен жедел жәр­дем­ге оты­рып кет­кен апам сол беті өз үйіне орал­ма­ды. Ауру­ха­на­да 18 күн жатып, жан тәсілім етті. Сүй­е­гі мәй­іт­ха­на­да ару­ла­нып, жана­за­сы зират басын­да шығарылды.

Қай­ран апа­тай­ым-ай, жаман­ды­қты жақын­да­ры­нан ала­ста­та жүріп, тек жақ­сы­лы­қты ырым еткен пей­іліңді Алла да дұрыс деп қабыл­даған адал құл­дар­дың қата­ры­нан екенсің!

Алғыс айтам…

Жоға­ры айтқа­ным­дай, әділет­сіздік­ті бола­шаққа басқан алға­шқы қада­мы­нан-ақ көр­ген бала Бақыт мек­теп бітір­ген жылы Каз­ГУ-дің заң факуль­тетіне оқуға тап­сы­рып, жолы бол­май құлай­ды. Жақ­сы бағаға толы атте­стат­пен Алма­ты бай­ла­ныс тех­ни­ку­мы­на оқуға емти­хан­сыз түседі. Атал­мыш тех­ни­кум­ды үздік оқы­ған сту­дент Бакыт­гуль Мәкім­ба­е­ва Киев қала­сы­на сая­хатқа барған­дағы әсерін жиі-жиі шат­та­нып айтатын.

Аға­сы Дәу­лет­хан­ның өмір­ден ерте озуы оны бір­ден есей­тіп, бір-ақ күн­де пана­сыз қалға­нын айтқан­да, ете­гі жасқа тола­тын. Жоға­ры білі­мі жоқ, қала­лық про­пис­ка жоқ, не тұрақты жұмысы жоқ жағ­дай­да «Қаза­қстан мек­тебі» жур­на­лы­на әріп теру­ші болып кіріп, бөлім редак­тор­лы­ғы­на дей­ін көтер­ген, еңбе­гім­ді, жағ­дай­ым­ды біліп, қамқор­лық жасаған сол кез­де­гі жур­нал редак­то­ры Сай­раш Әбі­шо­ваға алғы­стар­мын дей­тін. Аға өлген соң, пәтер жаға­лап, шынайы жетім­дік­ті тар­тып жүр­ген қызға редак­ци­яға қажет­ті маман ретін­де үй кезе­гіне тұрғы­зып, 1993 жылы пәтер­лі болуға сеп­ті­гін тигізіп, жақ­сы­лы­қтың төресін жасаған Сай­раш апай болған-ды.

Пәтер жаға­лап жүр­ген­де, жана­шыр­лық таны­тып, әр кез қамқор болған Фари­да Жолым­бе­то­ва апай­дың жасаған жақ­сы­лы­ғы ұшан-теңіз деп оты­ра­тын апам. «Жақ­сы­лық жаса­уды кім­нен үйрен­дің?» десең, осы адам­дар менің жақ­сы­лы­ғым­ның әліп­пе­сі дей­тін. Редак­ци­яға жұмысқа кір­ген соң, Діл­дәр­дай дос тауып, Қыды­рәлі­дей аға­лы бол­дым дей­тін. Ұлба­ла апай­мен де сол редак­ци­я­ның жас маман­да­ры ретін­де доста­сып, жастық шағы­ның сүбелі кезең­дерін бір­ге өткіз­ген «қан­ды көй­лек» достар-ды.

«Атым­ды дар­дай еткен «ДАТ» газеті­ме алғы­стар­мын. «ДАТ» бар жер­де – ақиқат бар, олай бол­са, мен бар­мын» дей­тін апа­тай­ым. Сөйт­кен Барым өзінің «ДАТ»-ын 23 жыл бойы ештеңе­ге айыр­ба­ста­маған адал жура­лист, өз кәсібінің шебері болды.

  • Жалға­сы бар

Мей­ір­гүл МӘКІМБАЙ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн