Суббота , 5 июля 2025

ОН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМ президент Тоқаевқа хат жазды

Әлем­ге әйгілі он ірі халы­қа­ра­лық құқы­қтық ұйым­дар бір­ле­се оты­рып, ҚР пре­зи­ден­ті Қ.ТОҚАЕВҚА ағы­л­шын тілін­де жазған ашық хатын BitterWinter сай­ты жари­я­лап еді. 

Біз сол үшбу сәлем­ді қаз-қал­пын­да қаза­қ­ша­лап, оқыр­ман­дар наза­ры­на ұсы­нып отыр­мыз. Тоқа­ев мыр­за бұл хат­та көтеріл­ген мәсе­ле­ге құлақ түре ме, жоқ па – оны жаңа пре­зи­дент­тің осы хат орай­ы­на қаты­сты алдағы қыз­мет қары­мы­нан білетін бола­мыз. Жоға­ры мәр­те­белі Қасым-Жомарт Тоқа­ев мырза!

Біз бүкіл әлем­де діни бостан­ды­қтың себеп­терін жетіл­діру­ге маман­дан­ды­ры­лған үкі­мет­тік емес ұйым­дар­дың жақта­у­шы­сы­мыз. Бұлар­дың кей­біре­улері Қаза­қстан­да діна­ра­лық диа­лог бой­ын­ша баста­ма­ларға қаты­сты. Біз Қаза­қстан­ның түр­лі дін­дер­дің бей­біт қатар өмір сүруіне және жаһан­дық ауқым­дағы діна­ра­лық диа­ло­гқа жәр­дем­де­су жөнін­де­гі күш-жігерін білеміз.

Қытай­да этни­ка­лық қазақ мұсыл­ман­да­ры мен азшы­лық ұлт өкіл­дері қуда­ла­на­ды және кем­сіту­ге ұшы­рап отыр. Ең аз деген­де, 10 мың этни­ка­лық қазақ «үйре­ну мек­теп­терін­де» емес, түр­ме­де жүр – қорқы­ны­шты «транс­фор­ма­ция арқы­лы білім беру» лагерін­де ұста­лы­нып отыр.

Этни­ка­лық қазақ Сай­ра­гүл Сауыт­бай 2018 жылы осы лагерь­лер­дің бірі­нен Қаза­қстанға қашып кел­ді. Ол елге жалған пас­порт­пен кел­ген­дік­тен, тұтқы­нға алын­ды және Қытай­ға депор­та­ци­я­ла­у­мен қорқы­тыл­ды. Қаза­қстан­дық сот­тың шеші­мін мақұл­да­дық, ал оны депор­та­ци­я­лау тоқта­тыл­ды. Деген­мен, оған босқын мәр­те­бесі әлі беріл­ме­ген және бұл мәр­те­бе бол­ма­са, оның жағ­дайы өте қауіп­ті болып қалады.

Бізді Сай­ра­гүл Сауыт­бай­дың, «Ата­жұрт» құқық қорғау ұйы­мы­ның және оның жетек­шісі Серік­жан Білә­штің Қытай­дағы этни­ка­лық қаза­қтар­ды ара­ша­ла­удағы күш-жігері қызы­қтыр­ды. Оның 10 науры­зда тұтқы­нға алы­нға­ны және әлі күн­ге дей­ін үй қамауын­да болға­ны алаң­да­у­шы­лық туғызады.

Біз Сай­ра­гүл Сауыт­бай мен Серік­жан Білә­штің тағ­ды­ры тура­лы тіп­ті олар­дың адво­ка­ты, халы­қа­ра­лық дең­гей­де­гі құр­мет­ті ханым Айман Ома­ро­ва­дан есті­гені­міз­де, қамаудағы этни­ка­лық қаза­қтар­дың қорқы­ны­шты жағ­дай­ын ашық айтуға тырыстық.

Көп­те­ген басқа елдер үшін Қытай маңы­зды сауда серік­тесі болып табы­ла­тын­ды­ғын және Қытай үкі­меті­мен жақ­сы қарым-қаты­на­стар­ды сақта­удың сіз үшін маңы­зды екенін біз толық түсі­не­міз. Соны­мен қатар біз адам құқы­қта­ры мен діни еркін­дік­тері­нен бас тар­тқан мұсыл­ман этни­ка­лық қаза­қтар Қытай­дан қашып, Қаза­қстан­нан халы­қа­ра­лық кон­вен­ци­я­лар ман­да­ты негізін­де сая­си бас­па­на алуға және босқын­дар сөз бостан­ды­ғы­на ие болуға тиіс деп есеп­тей­міз. «Білім беру арқы­лы транс­фор­ма­ци­я­лау» лагерін­де болып жатқан жағ­дай­лар­ды айып­тау керек.

Біз Қаза­қстан­ды Сай­ра­гүл Сауыт­бай­ды бас бостан­ды­ғы­нан айыр­мауға, Серік­жан Білә­шті боса­туға және Сауыт­бай мен Білә­штің адво­ка­ты Ома­ро­ва­ның сөз бостан­ды­ғы­на кепіл­дік беру­ге шақы­ра­мыз. Қытай­да болып жатқан жағ­дай­лар тура­лы шын­ды­қты кез кел­ген босқын неме­се бел­сен­дінің айтуын қалаймыз.

Сауыт­бай мен Білә­штің істеріне, дін­дер ара­сын­дағы бей­біт диа­лог­ты қол­да­уға және діни бостан­дық пен адам құқы­ғын қорға­уға деген ұмты­лы­ста­ры­на қаты­сты Қаза­қстан­ның халы­қа­ра­лық шар­ттарға қол жет­кі­зетініне сенімдіміз.

  • CAP-LC (Ар-ождан бостан­ды­ғы үшін қауым­да­сты­қтар мен тұлға­лар­ды үйле­сті­ру); CESNUR (Жаңа дін­дер зерт­теу орта­лы­ғы); EMISCO (Еуро­па­лық мұсыл­ман­дар­дың әле­умет­тік бірі­гу баста­ма­сы); EIFRF (Еуро­па­лық діна­ра­лық діни бостан­дық фору­мы); FOB (Еуро­па­лық сенім бостан­ды­ғы феде­ра­ци­я­сы); FOREF (Еуро­па­дағы діни еркін­дік фору­мы); HRWF (Шека­ра­сыз адам құқы­қта­ры); LIREC (Сенім бостан­ды­ғы, дін және ар-намыс бой­ын­ша зерт­теу орта­лы­ғы); ORLIR (Босқын­дар­дың діни еркін­ді­гі халы­қа­ра­лық обсер­ва­то­ри­я­сы); SOTERIA International (Руха­ни адам құқығы)

Түп­нұсқа kazakhshumanright.org сай­тын­да.

Республиканский еженедельник онлайн