Четверг , 19 июня 2025

ОРЫСТІЛДІ қазақтар – ЖАҢА ҰЛТ

Оры­стіл­ді қаза­қтар­дың өз мек­тебі, өз бала­бақ­ша­сы, өз бас­пасөзі, өз интер­нет рес­сур­ста­ры, өз әнші-әртісі, өз ақын-жазу­шы­сы, өз орта­сы, қаза­қтіл­ділер­ден бөлек өз әле­мі бар.

Олар «үй іші­нен үй тігіп», күн­дер­дің күнін­де қаза­қтіл­ді қаза­қтан бөлініп, жеке ел болып кет­пей ме?

Бел­гілі жур­на­лист, әде­би­ет сын­шы­сы Әмір­хан МЕҢДЕКЕ осын­дай ой тарқатады.

Келі­сесіз бе? Алды­мен бұл мақа­ла­ны мұқи­ят оқып шығы­ңыз. Сосын өз ой-пікіріңізді қосыңыз!

«Біз қазір «Қаза­қтар қаза­қтіл­ді және оры­стіл­ді болып екі­ге бөлін­ді» деп, оп-оңай айта сала­тын бол­дық. Бәл­кім, көз үйреніп, еті­міз өліп кет­кен­дік­тен бе, осы қасірет­ті құбы­лы­сқа да тым жеңіл, үстірт, бей­ғам қараймыз.

Шын мәнін­де қазір­гі қазақ ұлты­ның қол­да­ны­сын­дағы тіл­ге бай­ла­ны­сты ауырт­па­лы­қты ешкім­ге, ешбір ұлтқа, ешбір халы­қтың басы­на бер­месін. Бұл ауырт­па­лы­қтың ала­пат­ты­ғы сон­ша­лық, мұны қазақ халқы­ның басы­нан өткен әйгілі «Ел айы­ры­лған» оқиға­ла­ры­мен теңе­стіру­ге, салы­сты­руға әбден бола­ды. Мәсе­лен, XV ғасыр­да Әз Жәні­бек пен Керей хан Әбіл­хай­ыр хан­нан бөлініп, іргесін ажы­рат­ты: соның нәти­же­сін­де Әз Жәні­бек пен Керей­ге ілес­кен­дер «қазақ» ата­нып, Әбіл­хай­ыр хан­ның айна­ла­сын­да қалған­дар басқа ұлтқа айнал­ды. Солай ғой? Солай. Дәл осы­ған ұқсас қазір­гі күні де қазақ ұлты екі­ге жары­лып, екі ұлтқа айналды.

Айт­пақ­шы, біз осы жер­де мына бір жайт­ты айта кетуді ұмы­тып бара­ды екен­біз. Әйгілі «Ел айы­ры­лған» оқиға­ла­ры тұсын­да айы­ры­лған ел бірін-бірі іздеп, бірін-бірі жоқтап, бірін-бірі сағы­нып, бірін-бірі көп­ке дей­ін ұмы­та алмаға­ны да бел­гілі (бұл да – ортақ энте­ле­хи­я­ның көрінісі). Ал бүгін сағы­ну былай тұр­сын, іздеу, жоқтау былай тұр­сын, ұмыт­пау былай тұр­сын, дәл қазір қазақ ұлты бірін-бірі ізде­мей­тін, бірін-бірі түсін­бей­тін, бірін-бірі ұқпай­тын, бірін-бірі жаты­рқай­тын, бірін-бірі бөг­де санай­тын, бірінің айтқа­ны екін­шісіне ерсі көрініп тұра­тын, не бол­ма­са екін­шісінің айтқа­ны бірін­шісіне оғаш боп көрі­нетін, бірі­мен-бірі ортақ тіл табы­са алмай­тын бөлек-бөлек екі ұлтқа айнал­ды. Бұл ұлт­тың бірі – қаза­қтіл­ді қаза­қтар бол­са, екін­шісі – оры­стіл­ді қазақтар.

Қаза­қтіл­ді қаза­қтар­ды «бай­ы­рғы қазақ ұлты­ның бүгін­гі көзі, бүгін­ге жет­кен жұр­нағы, қара шаңы­рақ иесі» деп қабыл­да­саңыз, ал оры­стіл­ді қаза­қтар тура­лы бұлай деп айта алмай­сыз. Бұлар­да қаза­ққа тән, қаза­қты­ққа тән ешқан­дай сипат, ешқан­дай із, ешқан­дай жұр­нақ, ешқан­дай бел­гі-бедер жоқ: ұлт­тық тіл жоқ, ұлт­тық түй­сінім жоқ, ұлт­тық сезінім жоқ, ұлт­тық тұшы­ным жоқ, ұлт­тық түп-тамыр жоқ, ұлт­тық өріс жоқ, ұлт­тық діл жоқ, ұлт­тық рух жоқ, ұлт­тық тін жоқ, ұлт­тық намыс жоқ… Демек, «оры­стіл­ді қаза­қтар» дегені­міз – мүл­де жаңа қауым­да­стық, қазақ ұлты­ның ұзақ жыл­дар бойы бодан­дық пен отар­лы­қта болуы­ның кесір-кері­нен пай­да болған жаңа ұлт, жаңа халық. «Үйдің іші­нен үй тігіл­ді, ұлт­тың іші­нен ұлт пай­да бол­ды» дегені­міз де осы…

Осы жер­де оқыр­ман­да­ры­мы­здың біра­зы: «Қаза­қтіл­ді қаза­қтар мен оры­стіл­ді қаза­қтар қалай ортақ тіл табы­са алмай­ды? Мұны­ңыз енді асы­ра сіл­теу емес пе?» – деуі де мүм­кін. Рас, күн­делік­ті күй­бің тір­шілік­те, жай­шы­лы­қта қаза­қтіл­ді қаза­қтар мен оры­стіл­ді қаза­қтар­дың ортақ тіл табысуы (біріне-бірі қарыз беруі, қай­ы­рым­ды­лық жаса­уы және т.т.) бек мүм­кін. Ал енді жағ­дай күр­де­леніп, шие­ленісіп, өшіп, елдік мәсе­ле­ге, мем­ле­кет­тік мәсе­ле­ге, ұлт­тық мәсе­ле­ге келіп тірел­ген­де, оры­стіл­ді қаза­қтар­дың жалт беретініне ешбір шәк кел­тір­ме­уіңіз­ге бола­ды. Мәсе­лен, «Қаза­қстан­да орыс тілінің ресми тіл мәр­те­бесі жой­ы­лып, тек қазақ тілі ғана әрі мем­ле­кет­тік, әрі ресми тіл бол­сын! Осы­ған қалай қарай­сыз?» деген сау­ал­на­ма жүр­гізіл­сін­ші, оры­стіл­ді қаза­қтар­дың бір­де-біре­уі орыс тілі­нен ресми тіл мәр­те­бесі алы­нып тасталға­нын қала­май­ды, әрі қол­да­май­ды. Неге? Өйт­кені қаза­қтіл­ді қаза­қтар мен оры­стіл­ді қаза­қтар­да ортақ энте­ле­хия (ортақ рух­та­стық, ортақ тіле­уле­стік, ортақ мүд­де­ле­стік) жоқ. Ортақ энте­ле­хия жоқ жер­де ортақ ештеңе жоқ!

«Билік пен халы­қтың ара­сы алшақтап бара­ды» деп жиі айта­мыз ғой, сол сияқты қаза­қтіл­ді қаза­қтар мен оры­стіл­ді қаза­қтар­дың ара­сы да күн­нен-күн­ге алы­стап, алшақтап бара­ды. «Неге?» дей­сіз ғой енді сіз. Өйт­кені Қаза­қстан­да оры­стіл­ді қаза­қтар­дың жаңа ұлт, жаңа халық ретін­де өмір сүруіне (яғни бір ұлт­тың бірін-бірі түсін­бей­тін екі ұлтқа айна­луы­на) бар­лық қажет­ті жағ­дай жасалған: оры­стіл­ді қаза­қтар­дың өз бала­бақ­ша­сы (оры­стіл­ді бала­бақ­ша), өз мек­тебі (оры­стіл­ді мек­теп) бар. Бұлар­дың саны да қаза­қтіл­ді бала­бақ­ша мен қаза­қтіл­ді мек­теп­тен әлде­не­ше есе­ге көп. Өз ақын-жазу­шы­ла­ры бар (кілең орыс тілін­де жаза­тын қаза­қтар). Өз әртістері, өз әншілері, өз кино­фильм­дері, өз ансамбль­дері, өз театр­ла­ры, өздерінің күл­дір­гі топ­та­ры мен ойын-сауық ота­у­ла­ры бар (Мәс­кеу мен Санкт-Петер­бор­дан арнайы шақыр­ты­лып жатқан­дар­дан бөлек). Өз теле­ар­на­ла­ры, өз теле­бағ­дар­ла­ма­ла­ры, өз газет-жур­нал­да­ры бар (газет-жур­нал­да­ры­ның саны қаза­қтіл­ді газет-жур­нал­дар­дың саны­нан 65 есе­ге көп!). Бұлар­дың мүд­десін көз­дей­тін өз сая­си қай­рат­кер­лері, өз лоб­би­стері, өз биз­не­смен­дері, өз қар­жы­гер­лері бар. Керек десеңіз, өз «көсем­дері» де бар.

Бұры­нғы «көсем­дері» марқұм Нұр­бо­лат Маса­нов еді. Қазақ тілін түк­ке тұрғы­сыз, түк­ке алғы­сыз етіп шығарған Н.Масановты қаза­қтың айту­лы ақсақал­да­ры, бел­гілі аза­мат­та­ры, бедел­ді зия­лы­ла­ры қан­ша­ма рет ақы­лға шақы­рып, неше­ме рет аяу­сыз сына­ды десеңіз­ші?! Бірақ Н.Масанов тәу­бе­ге кел­ді ме? Қазақ тілін қор­лаға­ны үшін қазақ ұлты­нан, қазақ халқы­нан кешірім сұра­ды ма? Сұраған да жоқ, тәу­бе­ге де кел­ген жоқ. Өйт­кені қазақ ұлты мен Нұр­бо­лат Маса­но­втың ара­сын­да ешқан­дай руха­ни ортақ­та­стық жоқ бола­тын: ортақ рух­та­стық, ортақ мүд­де­ле­стік, ортақ діл­де­стік, ортақ үндестік жоқ болатын.

Тарих көшіне көз сал­саңыз, бір ұлт­тың бөлек тіл­де сөй­лей­тін бір­не­ше қауым­да­сты­ққа бөлін­гені, бұл құбы­лы­стың бір­те-бір­те асқы­на, ушы­ға келіп, әлгі ұлт­тың тіл­дік бел­гілеріне қарай екі мем­ле­кет­ке, кей­де үш-төрт мем­ле­кет­ке бөлініп-бөл­шек­теніп кет­кені аз кез­дес­пей­ді. Қазақ ұлты­ның да жоға­ры­дағы­дай екі тіл­де сөй­лей­тін екі ұлтқа айна­луы – шын мәнін­де қасірет­ті, күй­зелісті құбылыс.

Бұл күй­зелісті құбы­лы­стан қалай құты­ла­мыз? Мұның алдын қалай алуға болады?

Мұның бір-ақ жолы бар. Біз қаза­ққа, қаза­қты­ққа және қазақ тіліне қаты­сты қазір­гі күн­гі ұлт­бе­зер­лік сая­сат­ты түп-тамы­ры­мен өзгер­туі­міз керек. Ұлт­бе­зер­лік­ті сая­сат­тың құра­лы­на айнал­ды­ру­ды тоқта­туы­мыз қажет. Сон­да ғана қазақ тілі Қаза­қстан­да шын мәнін­де­гі мем­ле­кет­тік тіл­ге, яғни ортақ тіл­ге айна­ла­ды. Біз бұл жер­де казақ тілінің шын мәнін­де­гі мем­ле­кет­тік тіл­ге айна­луы­ның жолын, жөнін, жоба­сын, жос­па­рын, шар­тта­рын, бағ­дар­ла­ма­сын атап айтып, қадап тұрып көр­сет­кен қазақ зия­лы­ла­ры­ның ой-пікірін қай­та­лап жат­пай-ақ қоя­лық. Ұдайы наза­рдан тыс қалып келе жатқан мына бір мәсе­ле­ге тоқта­ла кет­кен­ді орын­ды көріп отырмыз.

Дәл қазір Қаза­қстан­дағы орыс мек­теп­терін­де оқып жүр­ген оқу­шы­лар­дың 70 пай­ы­здан аста­мы – қаза­қтың бала­ла­ры. Біз ертең­гі күні қаза­ққа, қаза­қты­ққа қар­сы шығып, қаза­қтың ұлт­тық құн­ды­лы­қта­ры­ның күл-талқа­нын шыға­ра­тын «бола­шақ кадр­лар­ды» осы­лай даяр­лап жатыр­мыз. Орыс мек­тебін­де оқы­ған бала қай­тып қазақ бола алмай­ды. Бұл – өмір-кемең­гер, уақыт-даны­шпан дәлел­де­ген шын­дық. Оры­стіл­ді қаза­қтар­дың аға буы­ны мен орта буы­нын қазақ ете алма­сақ та, ең бол­маған­да кей­ін­гі буы­нын қазақ ету­ге күш салуы­мыз керек. Сон­ды­қтан да орыс мек­тебін­де оқып жүр­ген қаза­қтың ұл-қызда­рын қазақ мек­тебіне ауы­сты­руы­мыз керек. Қалай? Әкім­шілік жол­мен! Егер қазақ билі­гі, қазақ әкім­шілі­гі қазақ тілінің мүд­десін көз­дей алма­са, онда оның несі билік, қай жері әкім­шілік?! Егер біз қазақ бала­ла­рын қазақ мек­теп­терін­де оқы­та алма­сақ, онда несіне ұлт ата­нып, халық ата­нып жүрміз?!

Енді осы жер­де кей­бір кера­уы­здар «Сон­да ата-ана­ның қала­уы, бала­ның еркі қай­да қала­ды?» деуі де мүм­кін. Қазір қазақ тілінің жағ­дайы өте мүш­кіл: қатер­лі шек­ке жетіп, тығы­ры­ққа тіреліп тұр. Сон­ды­қтан да мұн­дай қаза­қтарға, яғни өз бала­ла­рын орыс мек­тебіне беру­ге әуес ата-ана­ларға ерік бер­меу керек. Ерік бер­сек, ана тілі­міз­ден айы­ры­лып қала­мыз. Сол себеп­ті мұн­дай мәсе­лені әкім­шілік жол­мен шешіп (арнайы қау­лы шыға­рып, не бол­ма­са нұсқау беріп), қазақ бала­ла­рын тегіс қазақ мек­тебін­де оқы­туы­мыз керек. «Өзінің бала­ла­рын қазақ мек­тебін­де оқы­тқы­сы кел­мей­тін қаза­қтар шу шығар­са қай­те­міз?» Мұн­дай сұраққа біз былай жау­ап бер­ген болар едік: «Егер Қаза­қстан­дағы күл­лі қаза­қтіл­ді қауым дүр көтеріліп: «Жет­ті! Бол­ды! Уәде­ге де, жел сөз­ге де әбден той­дық! Біз бұл мем­ле­кет­те қазақ тілін өркен­де­те алмай­ты­ны­мы­зды біл­дік. Қазақ тілі­нен айы­ры­лып қал­мас үшін, біз енді бұл мем­ле­кет­тен бөлініп шығып, жеке мем­ле­кет құра­мыз! Біз­ге бұдан басқа жол да, жөн де қал­ма­ды!» десе, не дер едіңіз? Осы екі шудың қай­сысы күшті, қай­сысы басы­мы­рақ? Қай­сысы қатер­лірек? Сіздің, тек сөздің ғана емес, біздің бәрі­міздің (әсіре­се билік­тің) бұл жөнін­де ойланға­ны­мыз жөн. «Төзім­ділік, көм­бістік, көнім­паз­дық (толе­рант­ность) – тек қаза­қтіл­ділер­ге ғана тән» десеңіз, қат­ты қателесесіз…».

***

Қаза­қтіл­ді зия­лы­лар, жал­пы қаза­қтіл­ді қауым қазақ тілінің мұңы мен зарын айта-айта әбден шар­ша­ды. Қажы­ды. Шар­шаған, қажы­ған жұрт не істей­ді енді? Бұры­нғы­дай ішкі зарын лақыл­да­тып сыр­тқа төге бер­мей­ді, өздерін тың­да­маған, қажы­тқан, шар­шатқан билік­те­гі дөкей­лер­ге деген рені­шін, ыза­сын ішіне жинап, ішіне бүге береді. Содан ішке жиналған ыза түй­ін­ді жараға айна­ла­ды. Күбірт­кі сияқты. Ал күбірткі…

Әмір­хан МЕҢДЕКЕ, жур­на­лист

Республиканский еженедельник онлайн