Понедельник , 30 июня 2025

ОСК «ОТТАПСЫҢ» ДЕГЕНДЕЙ БОЛДЫ

Екі күн­нен соң – сай­лау. Пре­зи­дент Тоқа­ев­тың сай­лау әділ өте­ді деп айтқа­ны сол еді, артын­ша Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы (ОСК) бай­қа­у­шы­лар­дың және олар­дың қоғам­дық ұйым­дар­дың Кон­сти­ту­ци­я­лық сай­лау заңын­да көр­сетіл­ген құқы­қта­ры­на шек­теу қой­ып таста­ды. Ашы­ғын айтқан­да, ОСК Тоқа­евқа «оттап­сың» деген­дей бол­ды. Демек, ОСК пре­зи­дент­тің ұста­ны­мы­на сабо­таж жаса­мақ па?

Мұн­дай сорақы­лық тек біздің елде ғана болар?! Қау­лы Кон­сти­ту­ци­я­лық заң­ның үсті­нен қарай­ды. Бұл аз болған­дай, енді /карантинге қатысты/ «қызыл» және «сары» аймақтың бай­қа­у­шы­ла­рын ПЦР-тест тап­сы­руға мәж­бүр­леу бастал­ды. Тәу­ел­сіз бай­қа­у­шы­лар­дың сай­лау учас­кесін бақы­ла­у­ы­на осын­дай тосқа­уыл­дар қой­ы­лу­да. Сай­лау учас­ке­лерін бай­қа­у­шы­лар­сыз қал­ды­ру – ол тура қасқы­рға қой бақты­рған­мен бір­дей болады.

Қасқыр ет жемей жүре ала ма? Түсіне алмай­ты­ным, сон­да комис­сия мүше­леріне елі­міздің дамы­ға­ны, ұрпағы­мы­здың бола­шағы қызық емес пе?! Сіз­дер үшін бола­шақтың құны қан­ша болуы мүм­кін? Өздеріңіздің, бала-шаға, үрім-бұтақта­ры­ңы­здың, туы­сқан­да­ры­ңы­здың бола­шағын қан­шаға баға­лар едіңіз­дер? Мил­ли­он, 2–3 мил­ли­он… қан­ша мил­ли­ард?.. Қан­ша болуы мүм­кін? Сай­ла­у­шы­лар­дың дау­сын ұрлай­тын, сай­ла­удың қоры­тындыс­ын бұр­ма­лай­тын комис­сия мүше­лері, айты­ңы­здар­шы, өздеріңіздің, бала­ла­ры­ңы­здың бола­шағын қан­шаға сауда­лап жүр­сіз­дер? Бола­шақтың баға­сы бар ма?

Ақма­рал ҚАМБАРҚЫЗЫ

«Неге?» ток-шоуы

НЕГЕ ЖАБЫЛДЫ?

Қазақстандық қоғамдық-саяси «Неге?» ток-шоуы жабылып жатыр, деді «31 арнаның» бағдарламалық директоры Болат Мұрсәлім (фото).

«Сая­си бағ­дар­ла­ма­лар­дың жоға­ры рей­тинг жина­уы өте сирек. Десек те, ондай бағ­дар­ла­ма­лар қан­дай да бір дең­гей­де өз-өзін ақта­уы керек бола­тын. Бірақ, өкініш­ке орай, олай бол­ма­ды. Сон­ды­қтан «31 арна» «Неге?» бағ­дар­ла­ма­сын жабу тура­лы шешім қабыл­да­ды», – деп жазған сей­сен­бі күні Facebook парақ­ша­сын­да Мұрсәлім.

Оның айтуын­ша, басы­нан бастап бағ­дар­ла­ма плю­ра­ли­сти­ка­лық ұста­ным­ды ұстанған еді. «Бағ­дар­ла­маға билік өкіл­дері де, оппо­зи­ция да, оның ешқай­сысы­на да жат­пай­тын­дар қаты­сты. Көзқа­рас­тарға, қыз­меті мен жаста­ры­на қаты­сты шек­теу болған жоқ», – деп атап өтті теле­ар­на­ның бағ­дар­ла­ма­лық директоры.

 «Бұл бағ­дар­ла­ма­да біздің қоғам­ның маңы­зды әле­умет­тік мәсе­ле­лері ашық және еркін талқы­лан­ды. Сон­ды­қтан мұн­дай бағ­дар­ла­ма­ның рей­тин­гі жоға­ры болуы керек еді», – деп санай­ды Мұрсәлім.

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн