Четверг , 12 марта 2026

ОТАН

Отан ­­– бұл тебірен­бей жай айта сала­тын сөз емес. Халқы­мыз Жер-Ана деп бекер айт­пай­ды. Ана (Жер) – Отан, Әке – ұран, Ата – ту! Сол Жер-Ана­да гүл, шөп, жеміс өседі, су аға­ды. Сол Жер-Ана­да, Отан­да дүни­е­ге келесің. Сүтін еміп, нанын жеп, суын ішіп, гүлін иіс­кеп, жұпар ауа­сын жұтып өсесің. Қақаған аязы, мәң­гілік мұзы бар жер­де туып, мұзын жалап өссең де – ол сенің Ота­ның. Отан­ның қадірін одан алы­ста жүр­ген­де білесің. Сағы­на­сың, мұңа­я­сың, көзіңе жас ала­сың. Нағыз адам Ота­нын ешқа­шан ұмыт­пай­ды. Ұза­қта көп жүріп, туған жеріңе, Ота­ны­ңа келіп, топы­рағын иіс­ке­сең – мас қыла­ды, суын ішсең – бал­дай сезіледі. Жатып көкіре­гіңді жер­ге тос­саң – шемен болып қатып қалған жүре­гіңді жібі­те­ді, қай­ғы-қасіретіңді ұмытасың.

Гер­ма­ни­яға көшіп кет­кен бір неміс кем­пір Қаза­қстанға қай­тып келіп­ті. «Неге қай­тып кел­діңіз?» – деп сұраған­дарға: «Қой­дың қиын сағы­нып кет­тім», – дей­ді екен. Ол негізін­де Қаза­қстан­ды – Ота­нын сағы­нған. Қаза­қстан­нан көшіп кет­кен немістер кей­де бас қосып, қой сой­ып, ет асып, қаза­қ­ша ән айтып оты­ра­ды екен. Бұл да олар­дың Ота­нын, туған жерін сағынғандығы.

Бір­де соғы­стан кей­ін Алма­ты әуе­жай­ын­да ұшақтан түс­кен пол­ков­ник Бауы­р­жан Момы­шұ­лы (Бау­кең) шөп үстіне құшағын жай­ып құлап­ты, аунап, шөбін иіс­кеп жатыр дей­ді. Оны көр­ген бір шал: «Е‑е, елін сағы­нған екен ғой!» ­– деп көзіне жас алып­ты. Бұл да Отанға деген сағыныш.

Әлем­ге әйгілі гео­лог-ғалым Қаныш Сәт­ба­ев бірде:

«О‑у, алтын бесік – туған жер,

Келе алма­сам мен саған көп, кеше гөр!

Ақын бол­май, тас болған­да мен егер

Тебірен­бес­тен жер астын­да жатар ем», – деп ауыр күр­сін­ген екен. Оны есті­ген қаза­қ­ша білетін орыс шопы­ры: «Елін сағы­нған ғой!» – деп­ті. Бұл – ­елдің, Отан­ның сағынышы.

Ежел­де бір пат­ша көр­ші пат­ша­ның жеріне көз салып, қалай ала­рын біл­мей, желеу іздеп, жақ­сы сәй­гүлі­гін сұра­тып­ты – оны беріп­ті. Кей­ін пат­ша­ның жақ­сы көретін әйелін сұра­тып­ты, оны да беріп­ті. Бір күні «жеріңді бер» деп­ті. Сол кез­де ашуға мін­ген пат­ша соғыс ашып, әлгі сұран­шақ пат­ша­ны жеңіпті.

Осы­ны көзі­мен көр­ген уәзір­лері: «Сәй­гүлі­гіңізді сұраған­да бер­діңіз, әйеліңізді сұраған­да бер­діңіз, неге жер­ді сұраған­да бер­медіңіз?» – деп сұрап­ты. Сон­да пат­ша: «Ат та, әйел де табы­ла­ды, ал жер табыл­май­ды. Бұл ­– біздің Ота­ны­мыз!» – деп жау­ап бер­ген екен.

Осы ата-баба­дан қалған жер үшін халы­қтың қан­ша­ма қаны, тері төгіл­ді?! Егер алы­ста жүріп, Отан­ды сағын­саңыз, әйгілі поляк ком­по­зи­то­ры Миха­ил Огин­ский­дің сүр­гін­ге кетіп бара жатып жазған «Отан­мен қошта­су» атты поло­нез әуенін тың­даңыз. Ол онда:

«Қай­ран, туған жерім, тай-құлын­дай ойнақтап өскен жерім, бау-бақ­ша, орман-тау­ла­рым, сарқы­рап аққан өзен, шөбі жай­қа­лып, гүлінің иісі аңқы­ған Жер-Ана! Көзім толы жас, көкірі­гім толы қай­ғы. Артқа бұры­лып қара­уға мұр­шам жоқ, еңкіл­деп жылар­мын деп қорқа­мын. Мен ора­ла­мын. Оралған­да: «Мен орал­дым, Ота­ным!» – деп, бар­лы­ғы есіт­сін деп, айқай­лап лез­де хабар­лай­мын. Көзім толы қуа­ныш жасы. Сен қан­дай сұлу­сың, Ота­ным! Күн­делік­ті күй­бең­мен бай­қа­май жүр­ген екен­мін, сағын­дым ғой сені алы­ста жүріп. Бірақ мен ылғи сені­мен бол­дым, сен күн­діз-түні ойым­да бол­дың, түн­де түсім­де көріп, жылап-жылап ала­ты­н­мын. Көкіре­гім­ді жер­ге төсеп, екі қолым­ды жай­ып жата­мын. Жер-Ана­ның топы­рағын иіс­кей­мін, мас қыла­ды. Жай­қалған шөп­ке барып аунай­мын, гүлін иіс­кей­мін әтір­дей. Кеудем­де­гі мұңым­ды, қай­ғым­ды сен ғана тазар­та ала­сың. Себебі сен – Жер-Ана­сың, ал Ана жүре­гіңді жұба­тып, қай­ғы-мұңы­ң­ды ұмыт­ты­ра­ды. Езіл­ген шөп ертең-ақ Жер-Ана­ның күші­мен қай­та тұрып, өседі. Сылқ-сылқ күлетін сұлу­дың күл­кісін­дей сыңғыр­лап аға­тын бұлаққа бара­мын, бал­дай тәт­ті суын ішіп оты­рып, сырым­ды айта­мын. Ол жағаға шолп-шолп ете соғы­лып, менің сөзім­ді қоштай­ды. Тасқа соғы­лған су толқын­дап маған көбі­гін шашып тұр, бар – Ота­ны­ң­ды өркен­де­ту­ге үлес қос, – дей­ді. Мен бара­мын. Мен кім­мін? Отан­ның бір түй­ір құмы не тасы­мын. Құм­дар бір-біріне қосыл­са – тас болар, тастар бір-біріне қосыл­са – үлей дауыл­дан қорғай­тын тау болар. Отан! Отан! Мен сол тастың бірі­мін. Мен енді сені тастап ешқай­да кет­пей­мін, тек Жер-Ана­ның құшағын­да бол­ма­сам!» – деп ­тұрған­дай сезіледі.

Отанға опа­сыздық жаса­уға бол­май­ды, бұл – сатқын­дық! Отан ұлт таңдамайды.

Жер жүзін­де­гі бар­лық қаза­қтың жалғыз да ортақ Ота­ны – Қаза­қстан! Елі­міз бүгін үлкен өзгерістер алдын­да тұр. Енді бір­не­ше күн­нен соң Ота­ны­мы­зды өркен­де­ту­ге бағыт­талған Жаңа Кон­сти­ту­ция қабыл­дау жөнін­де рес­пуб­ли­ка­лық рефе­рен­дум өте­ді, оған қаты­сып, өз таң­да­уы­мы­зды жасау да – Отанға, ата-баба­ла­ры­мыз біз­ге ама­нат­тап кет­кен Ұлы Далаға деген шексіз сүй­іспен­шілік пен құр­мет­тің бір бел­гісі болмақ!

Ұбай­дол­ла ФАЙЗОЛЛАЕВ, Еңбек арда­гері Алма­ты облы­сы, Іле ауданы,Ащыбұлақ ауылы

Республиканский еженедельник онлайн