Понедельник , 28 апреля 2025

ОТАНШЫЛ КАДРДЫ қоғам мен бизнестен іздеу керек

Ермұрат Бапи, ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты:

ҚР Пре­мьер-мини­стрі Олжас Бек­те­нов­ке!

Мен бүгін­гі депу­тат­тық сау­а­лым­да Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың кеше­гі кеңей­тіл­ген үкі­мет­тік оты­ры­ста сөй­ле­ген сөзін кон­спек­тілік тезис тәрізді тізіп шыққан­дай болуым мүм­кін. Себебі – ел Пре­зи­ден­ті мем­ле­кет­тік жана­шыр­лы­қ­пен қозғап, Үкі­мет­ке қадау-қадау мін­дет қылған біраз мәсе­ленің ішін­де елдің жал­пы эко­но­ми­ка­сы­на драй­вер бола­тын бірер тақы­рып­ты өте маңы­зды деп санай­мын. Бұл – кадр мәселесі.

Пре­зи­дент Үкі­мет­ке айқын­дап бер­ген бес мін­дет: «…ірі инфрақұры­лым­дық жоба­лар­ды, цифр­лан­ды­ру және жасан­ды интел­лект, ядро­лық энер­ге­ти­ка­ны дамы­ту, агроө­нер­кәсіп кешенін нығай­ту және инве­сти­ция тар­ту мәсе­ле­лерін» – жал­пы алған­да, бар­лық эко­но­ми­ка­лық түйт­кіл­дер­дің теті­гін тек бюд­жет­тен түсетін тегін ақша мен инве­сти­ция ғана емес, бірін­ші кезек­те соның көзін таба­тын кадр шешеді.

Тағы да Пре­зи­дент­тің сөзі­мен айт­сақ, «эко­но­ми­ка­ның дамуы жаман емес» бол­ма­са да, оның қарқы­ны­на мем­ле­кет бас­шы­сы­ның көңілі тол­май­ты­нын біл­дік. Бірақ Пре­зи­дент жоға­ры­да аталған бес мәсе­лені алдағы бес жыл­да орын­дау мін­детін қой­ып отыр. Еске сала кетей­ік, алдағы бес жыл­мен пре­зи­дент­тік құзірет­тің жеті жыл­дық мерзі­мі де шек­те­леді. Яғни, Пре­зи­дент Тоқа­ев – өз мой­ны­на алған мін­дет­тер­дің орын­далға­ны жөнін­де халық алдын­да рапорт беріп кету­ге түбе­гей­лі оқталған адам.

Енде­ше «оқталған адам­ның» тала­бы да, кәрі де қат­ты бола­рын үдірей­ген Үкі­мет қапер қылуы керек! Бұл мақ­сат­тың мүл­тіксіз және сөз­сіз орын­да­луы Пре­зи­дент­ке парыз бол­са, Үкі­мет­ке үлкен мін­дет бол­мақ. «Алға қой­ы­лған мін­дет­тер­ді жүзе­ге асы­ру үшін, тұтас мем­ле­кет­тік аппа­рат тиім­ді жұмыс істе­уі тиіс. Мем­ле­кет­тік аппа­рат­тың басты мін­деті – аза­мат­тар­ды толған­ды­ра­тын өзек­ті мәсе­ле­лер­ді шешу. Ол үшін ең алды­мен аза­мат­тар­мен ұдайы бай­ла­ны­ста болу керек. Онсыз бол­май­ды». Бұл да Пре­зи­дент­тің сөзі.

Пре­зи­дент­тің сөз әлпе­ті­нен аңға­рар бол­сақ, қоғам­дық қотыр­дың қышуын баса­тын, «аза­мат­тар­мен ұдайы бай­ла­ныс» орна­та­тын бұл мін­дет­тер­ді кім орын­дай­ды? Әрине – кадр! «Кадр бәрін шешеді!» деген атақты тәм­сіл барын тағы да білеміз.

«Біз­ге ең алды­мен білік­ті және ел мүд­десін ойлай­тын отан­шыл кадр­лар керек. Дәл осын­дай маман­дар­ды тауып, олар­ды бас­шы­лық лау­а­зым­дарға тағай­ын­дай­мыз», – деді Пре­зи­дент. Нығыз айт­ты, талап қылып айт­ты. Мұн­дағы тірек (клю­че­вое) сөз – «таба­мыз»! Таба­тын – әрине, Үкі­мет пен Пре­зи­дент әкім­шілі­гі. Ал «бас­шы­лық лау­а­зы­мға тағай­ын­да­ла­тын» мұн­дай кадр­лар­ды алы­стан неме­се Мар­стан іздеу қажет емес. Олар біздің жаны­мы­зда жүр. Пре­зи­дент айтқан­дай, жау­ап­кер­шілік­ті мой­ны­на ала ала­тын, отан­шыл, мем­ле­кет­шіл, ұлт­тық мүд­де жолын­да жанын сала­тын, халы­қтық-либе­рал­дық ұста­ны­мы табан­ды аза­мат­тар баршылық.

Енде­ше, Олжас Абай­ұ­лы, бірін­ші кезек­те ел мүд­десін ойлай­тын ондай оғлан аза­мат­тар­ды ең алды­мен биз­не­стен және аза­мат­тық қоғам­нан іздеу керек! Пре­зи­дент айтқан­дай, олар­ды жау­ап­ты лау­а­зы­мға батыл тағай­ын­дау қажет! Мем­ле­кет­тік аппа­рат­та жыл­жы­май, жыл­дап оты­рған, лау­а­зым­дық жау­ап­кер­шілік­тен бұрын, жеке басы­ның қауіп­сізді­гін күйт­тей­тін, «сауы­сқан­нан сақ», әбден сүр­леніп кет­кен бұры­нғы бюро­кратқа қараған­да, біз­ге елде­гі өзгерістің бой­ы­на балғын қан жүгір­тетін жаңа кадр қажет.

Айт­пақ­шы, ондай «сен – тұр, мен – атай­ын» дей­тін жұлы­нып тұрған және өзінің елін Пре­зи­дент­пен бір­ге өзгер­ту­ге құл­шы­ны­сы қай­нап тұрған жастар осы зал­да да отыр. Мен олар­ды өз көзім­мен күн­делік­ті көріп жүр­мін (пар­ла­мент­тік пар­та­да қатар оты­рған Жанар­бек Әшім­жан, Елнұр Бей­сен­ба­ев, Ринат Зай­ы­тов). Олар нағыз пре­зи­дент­тік тала­пқа лай­ық жігіттер!

Ең басты­сы – былы­қ­пен былған­баған, аза­мат­тық ерік-жігері таза, жаңа кадр­ды мем­ле­кет­тік орган­ның шары­ғын­да шың­дап, оты мен шоғы­на «қақтап» алып, нағыз мем­ле­кет­шіл тұлға қалып­та­сты­ру – халы­қтық қажет­тілік бол­са керек!

Соны­мен бір­ге қоғам мен биз­не­стен неме­се жоға­ры мек­теп­тен кел­ген кадр­лар қоғам­мен батыл және шынайы сөй­ле­се ала­ды. Олар ман­сап пен лау­а­зым­дық құзіретін қорға­штап, оты­рған орны­на қауіп төн­діруі мүм­кін қорқы­ны­штан қай­мы­қ­пай­ды, билік мен қоғам­ның ара­сы­на батыл буфер бола ала­ды. Қоға­мға іскер­лі­гі­мен, биз­не­сте­гі жетісті­гі­мен, мем­ле­кет­шіл аза­мат­тық ұста­ны­мы­м­ен таны­лған аза­мат­тар елде­гі әле­умет­тік-тұр­мыстық түйт­кіл­дер­ге қаты­сты дүр­мек­ті даб­ы­рас­ыз диа­лог үстелі басын­да шешу­ге әлдеқай­да қабілет­ті келеді.

Сон­ды­қтан, Олжас Абай­ұ­лы, «отан­шыл маман­дар­ды тауып, олар­ды бас­шы­лық лау­а­зым­дарға тағай­ын­дай­мыз» деген пре­зи­дент­тік тап­сыр­ма­ны Үкі­мет мүше­леріне мін­дет етіп қой­ып, оның орын­да­лу нәти­же­сін үне­мі тек­серіп оты­ру­ды сұраймын!

Пре­зи­дент өз сөзін­де айтқан­дай, «Ақпа­рат­тық жұмыс уақты­лы әрі сапа­лы жүр­гізіл­ген жағ­дай­да көп­те­ген мәсе­лені, соның ішін­де қоғам­да дүр­бе­лең туды­рған түйт­кіл­дер­ді ушы­қтыр­май» шешу­ге бел шешіп кірі­сетін мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер – ол, бірін­ші кезек­те, қоғам мен биз­не­стен кел­ген кадр деп білем.

«Біз­ге нақты нәти­же керек. Нәти­же бол­са ғана даму бола­ды», – деді ел Пре­зи­ден­ті өз сөзін қоры­тын­ды­лай келе. Ол нәти­жені білік­ті, білім­ді және батыл шешім­дер шыға­ра ала­тын отан­шыл кадр ғана жасайды.

Республиканский еженедельник онлайн