Пятница , 4 июля 2025

ОТТЫ СӨЗГЕ ОТЫЗ ЖЫЛ

  • Төмен­де аяу­лы ақын аға­мыз Жұбан Мол­даға­ли­ев­тің әйгілі тари­хи сөзінің 30 жыл­ды­ғы­на арналған кез­де­су­де­гі естелік­тер­ді жазу­шы-пуб­ли­цист Талғат Айт­бай­ұлы­ның «Алма­ты 1986. Жел­тоқ­сан» айғақ-кітап­та­ры­ның 10-томы­нан алып, ықшам­дап жари­я­лап отырмыз.

Талғат Айт­бай­ұ­лы:

Биыл көтеріліс­ке отыз жыл тол­ды. Жұбан аға­ның әйгілі сөзіне де отыз жыл тол­ды. Қамы­ғып, еске ала­тын-ақ оқиға! Алай­да біздің бүгін­гі қоға­мы­м­ыз үнсіз… Менің­ше, бұл әрқай­сысы­мы­зға, біздің аза­мат­ты­ғы­мы­зға келіп тіре­летін ауыр сын.

Бүгін­гі қоғам­дағы бір кісінің үстем­ді­гі бәрі­нен биік болып тұр. Бірақ ол үстем­дік ұлт­тық рух­тың, намыстың алдын­да түк те емес! Өкіні­штісі – өзі­міз жалтақпыз.

Мен Жұбан аға­ның әйгілі сөзінің отыз жыл­ды­ғын еске алып, атап өтетін жер іздедім. Әуелі тари­хи кез­де­су өткен қаси­ет­ті қара шаңы­раққа (Жазу­шы­лар одағы – Ред.) бар­дым. Бас­шы­ла­ры­на жолы­қтым. «Қап-ай, ә! – деді мен жолы­ққан бір бас­шы­сы. – Біздің Әде­би­ет­шілер үйі­міз алдын ала жалға беріліп қой­ы­лған еді, ол күні бос бол­май тұр…».

Ол кісі­ден шыққан соң, Ұлт­тық кіта­п­ха­наға бар­дым. Дирек­то­ры қала­лық әкім­шілік­ке кетіп­ті. Орын­ба­са­ры, ол да әлгі Жазу­шы­лар одағын­дағы аза­мат­тың сөзін қай­та­ла­ды: «Біз­де бәрі жос­пар­ланған, гра­фик бой­ын­ша өте­ді ғой», – деді. Ол жос­пар­лы нәр­се күні бұрын қағазға түсіріліп, қан­дай тақы­рып­та бола­ты­ны, оған кім­дер­дің қаты­са­ты­ны нақты көр­сетіліп, құп­та­ла­ды екен.

Ал Жел­тоқ­сан көтерілісі ешқан­дай гра­фиксіз бол­ды емес пе? Гор­ба­чев­тік билік ешкім­мен ақыл­дас­пай, Қаза­қстан­ның мәсе­лесін жеке-дара шешті. Нәти­же­сін­де халы­қтық қар­сы­лы­ққа тап бол­ды. Сон­да олар «бұл – күн тәр­тібін­де жоқ екен» демеді. Енді, міне, өзі­міз­ше тәу­ел­сіз елміз деген уақыт­тағы басы­мы­здағы бей­ша­ра­лық жағ­дай. Сірә да, жаның жылай­ды, өкініш өзе­гіңді өртей­ді. Қазақ жаста­ры­ның көтерілісіне деген көзқа­ра­сы­мы­здың сиқы осындай…

Ғаб­бас Қабышұлы:

Жел­тоқ­сан – жүре­гі­міз­де­гі ауыр жара. Ол жазыл­май­ды. Қаза­қтың қай ұрпағы­ның бол­са да жүре­гін­де­гі жара болып қала береді. Себебі – осы жара­ны жазай­ық, емдей­ік деп оты­рған билік жоқ. Олар­да ондай ниет болған да емес. Егер билік соны бір мей­ірім­мен, игі ниет­пен ойлай­тын бол­са, Тәу­ел­сіздік күнін 16 жел­тоқ­санға тағай­ын­да­мас еді. Ақиқа­тын айтқан­да, оны бір апта бұры­нға неме­се бір апта кей­ін­ге бел­гіле­се, ештеңе өзгер­мей­тін еді. Тәу­ел­сіздік­ті ешкім қай­та­рып алмай­тын еді. Мін­дет­ті түр­де осы көтерілісті қай­ғы-қасірет басталған 16, 17, 18 жел­тоқ­сан күн­дерін көлең­ке­де қал­ды­ру үшін 16 жел­тоқ­сан – Тәу­ел­сіздік күн­ді деп бел­гіледі. Солай жари­я­лаған­да, шыда­май айтқан, жазған болатынбыз.

Оның жалға­сы ретін­де әйгілі алаң­ды «Жел­тоқ­сан алаңы» деп атау керек екен­ді­гін де қан­ша­ма рет көтер­дік! Бірақ ол ойы­мыз да еске­русіз қал­ды. Билік белі­нен басып, дегенін істе­ді. Қазір оның астын үстіне шыға­рып, жера­с­ты­лық сауық-сай­ран, сауда-сат­тық орны етті. Одан кей­ін алаң­ның ең көр­нек­ті жерін­де тұра­тын бір әде­мі ескерт­кіш болуы керек еді. Өздерін­ше ескер­ген болып, ең қолай­сыз жер­ге ескерт­кіш тұрғы­зды. Ол Жел­тоқ­сан­ның рухы көрін­бей­тін, аты бар да, заты жоқ ескерт­кіш. Әдейі екі көшенің бұры­шы­на қой­ы­лған, бағ­дар­ша­мға қарап өтпе­сең, өте алмай­тын жер­де­гі ескерт­кіш. Қыса­сты­қ­пен жасалған дүние.

Ұлт­тық рух, қаза­қтық мәсе­ле­ге кел­ген­де, мұн­дай қыса­сты­қтар көп жаса­ла­ды. Міне, енді мына биы­лғы жылы Жел­тоқ­сан­ды қай бас­шы аузы­на алды? Пре­зи­дент пе? Пре­мьер-министр ме? Кім отыз жыл бол­ды деп ата­ды? Бір ауыз сөй­ле­ген сөз жоқ. Оның орны­на газет­тің бетіне, алды­ңғы күні қара­сам, «Есіл­дің бетіне диа­мет­рі 30 метр бола­тын сағат сал­дық. Гин­нес­стің рекорд­тар кіта­бы­на ене­міз» деп айқай­ла­тып, ісіп-кеуіп, жары­ла жаз­дай­тын мақтан­гөй мақа­ла жари­я­лап жатыр. Бұл не деген сұм­дық? Міне, Жел­тоқ­санға деген бүгін­гі билік­тің теріс пиғылы!.

Ал енді Жұбан аға­ның сөзіне келей­ік, сол жиын­ның ішін­де бол­дық, бәрін тың­да­дық. Аға­мыз қат­ты елжіреп, егіліп сөй­леді. Бүкіл елдің көңілін босат­ты. Мен қазір де сол сезім­де отырмын…

Жатқан жерің жарық бол­сын, ағатай!

Сей­фол­ла Оспанов:

Жұбағаң­ның сөзі – тари­хи сөз. Әлдекім­дер­ге ұна­маған сөз. Бірақ әлдекім­дер ешқа­шан халық бола алмай­ды. Деген­мен сон­дай пен­де­лер­дің кесір­лі ісі алдан шығып тұра­ды екен.

Мәсе­лен, бір жылы Әбіл­мә­жін аға­мыз еке­уі­міз Жұбағаң тура­лы естелік­тер кіта­бын шығарғы­мыз кел­ді. Сол естелік­ті жинақтап алған­нан кей­ін, бас­па­гер­лер­дің біра­зы­на кіріп шықтым. Маған біре­уі де қол ұшын берей­ік деп, шыға­руға ықы­лас таныт­па­ды. Содан кей­ін «Мек­теп» бас­па­сы­ның дирек­то­ры Жары­лқа­сын Нұсқа­ба­евқа бар­дым. Сон­да Жары­лқа­сын аза­мат екен: «Менің басым кет­се де, мен осы­ны шыға­ра­мын!» – деді. Сол сөзін­де тұрды.

Сол кітап­та талай естелік­тер сыр шер­те­ді. Соның бірін­де бір қызық дерек айты­ла­ды. Мұны да кей­ін­гі ұрпақтар­дың біле жүр­гені керек. Жұбан аға­мыз сөзін сөй­леп болған­нан кей­ін, төмен түс­пей ме. Түсіп бара жатқан­да, оты­рған жігіт­тер өре тұрып, Жұбағаң­ды құшақтаған ғой. «Ой, аға, кере­мет сөй­ледіңіз, сұм­дық сөй­ледіңіз!» деп қау­ма­лап, бірі­нен кей­ін бірі құшақап, қой­ын қал­та­сы­на салған жаз­ба­сын сыпы­рып алып­ты. Оны қат­ты толқу үстін­де­гі өзі біл­мей де қала­ды. Енді үйіне барған кез­де жан-жақтан зво­нок түсіп, «Жұбаға, бір дана­сын бер­сеңіз» деген соң, әлгі қағаз­ды алай­ын деген оймен қал­та­сы­на қолын сал­са, жаңағы жаз­ба­сы жоқ болып шығады…

Мол­даға­ли Матқан:

Жұбан­ның сөй­ле­ген жина­лы­сын­да да, Жел­тоқ­сан оқиға­сын­да да басы­нан аяғы­на дей­ін болған­мын. Бір күн, бір түн КГБ-ның түр­месін­де оты­рған­мын. Келесі күні мені алып кет­ті. Оның ертесін­де қай­тып алып кел­ді. Жал­пы осы­ған бай­ла­ны­сты мате­ри­ал Талғат шыға­рып жүр­ген айғақ-кітап­тар­дың төр­тін­ші томын­да бар. Сон­да әңгі­мем­ді толы­ғы­рақ етіп жаздым.

Сол бір қыста­лаң шақта ел үшін шын­ды­қты айтқан­нан артық, шын­ды­ққа шырыл­дап жана­шыр­лық таны­тқан­нан артық ұлағат­ты іс, асқан бақыт жоқ деп біле­мін. Жұбан аға­мыз сол шын­ды­қты тура уақы­тын­да әрі тіке­лей қаты­сы бар Кол­бин­нің алдын­да айт­ты. Сөй­ле­ген сөзінің мәң­гілік бола­ты­ны сондықтан…

Кезін­де Жұбан аға­мен ара­ла­ста бол­дым. Сон­да: «Аға, қазақ мың өліп, мың тіріл­ген деген сөзіңізді түсін­бей­мін. Мың өлген­ді­гі рас. Жер бетін­де қаза­қтай қыры­лған халық жоқ. Ал мың тіріл­ген­ді­гін қалай дәлел­дей­сіз?» деп, пікір тала­сты­рған кезім де бол­ды. Енді қазір ақын­дық оймен айтқа­нын түсі­не­мін. Жағ­дай­ы­мыз жастар көтеріл­ген 86-жыл­дағы­дан да ауыр, күр­делі. Тілі­міз түзел­ген жоқ, қай­та кері кет­ті. Жер­ге иелік ете алмай отыр­мыз. Бай­лы­ғы­мыз жат жұрт­тың қолын­да. Пай­да­сын халық емес, билік­тің айна­ла­сын­да жүр­ген үркер­дей топ көріп отыр. Соны біле тұра, үні­міз шық­пай­ды. Неге? Нелік­тен мыңын­шы рет тірілмейміз?

Рыс­бек Сәрсенбай:

Жазу­шы­лар одағын­да 777 жазу­шы бар дей­ді. Соның қан­ша­уы бүгін­гі қоғам шын­ды­ғын жазып жүр? Кезін­де алаңға шыққан ақын-жазу­шы­лар аз бол­ма­ды. Кей­ін комис­сия құра­мын­да жел­тоқ­сан­шы­лар­ды ақтау үшін атса­лы­сқан­да­ры да аз емес. Бәл­кім, бұл сол кез­де­гі жазу­шы­лар­дың саны­на сапа­лық құра­мы­ның сай болға­ны­нан шығар.

Ал қазір қалам­гер­лер одағын­дағы 777-нің ішін­де осын­дай аза­мат­тық тұлға­сын таны­тып, ұлт мүд­десі, қазақ халқы­ның ертеңі үшін деп үн қоса­тын­дар, Мұх­тар /Шаханов/ аға­мыз айта­тын­дай, жетеу-ақ болар. Міне, солар шын­ды­қтың шырақ­шы­сы екен­дік­терін көр­сетіп жүр. Қалған­да­ры­ның бәрі дер­лік жал­пақ­ше­шей, билік­шіл қарақұ­рым қауы­мға айнал­ды! Міне­ки, осын­дай жан­бақы­лар, жал­пақ­ше­шей­лер, жағым­паз­дар жемқор, қыл­мыс­кер билік­пен ара­ла­сып, біте қай­на­сып кет­ті. Тамыр­ла­рын жай­ып жатыр деу­ге әбден бола­ды. Кей­ін осы­лар­дың өзін таза­лау оңай болмайды-ау…

Болат Шарахым­бай:

Жұбан аға ешқа­шан өлмей­тін, ескір­мей­тін, қан­дай дәуір­де бол­ма­сын, бой­ын­да қазақ қаны ойнаған­дар­ды қай­рап, ерлік­ке үндеп тұра­тын сөзді айт­ты. Қай жер­де және қай кез­де айт­ты десеңіз­ші?! 1986 жылы 31 жел­тоқ­сан­да қазақ қалам­гер­лерінің қара шаңы­рағы – Қаза­қстан Жазу­шы­лар үйін­де Орта­лы­қтан кел­ген су жаңа бірін­ші хат­шы Ген­на­дий Кол­бин­нің рес­пуб­ли­ка зия­лы қауы­мы­м­ен кез­де­суі кезін­де айтты.

Ол уақыт қызыл импе­ри­я­ның қылы­шы­нан қаны тамып тұрған сұрқия кезең еді. Бірақ арқа­лы ақын сұрқия заман­ның қаһа­ры­нан тай­салған жоқ. Айт­ты да таста­ды. Білуім­ше, сол кез­де­су­де Жұмағаң­нан басқа Әлжап­пар Әбі­шев, Сафу­ан Шай­мер­де­нов, Әзіл­хан Нұр­шай­ы­қов сияқты бірқа­тар жазу­шы­лар да сөз алып­ты. Соның ішін­де ыза мен кек­ке толы Жұбағаң­ның сөзі ғана «қаңғып кел­ген шүре­гей­ді» селк еткіз­ген екен. «Қақаған аяз­да қызда­рым­ның бұры­мы қиы­лып, ұлда­рым­ның қан­ды алаң­да қан­жо­са болып жатқа­нын көр­генім­ше, соғыс дала­сын­да өліп кет­кенім жақ­сы еді!» деп Жұбан аға сөзін аяқтаған­да, Кол­бин қап-қара болып, түті­гіп, тең­селіп кетіп­ті дей­ді сол оқиғаға куә болған­дар. Жұбағаң­ның аңы­зға айналған осы сөзі­нен соң тыны­штық сақтап оты­рған зал шулап, қол соғып­ты. Міне, адуын­ды ақын билік­ке осы­лай сес көрсетіпті.

Зал­да Жұбағаң­ды қол­да­у­шы­лар­дың да көп болға­ны бел­гілі ғой. Осы жер­де көп­шілік біле бер­мей­тін бір кіш­кене эпи­зод айтып бер­сем дей­мін. Кез­де­су­ге кел­ген жазу­шы­лар­дың ара­сын­да зама­нын­да «Тен­тек Тоқаш» ата­нып кет­кен май­дан­гер ақын Тоқаш Бер­ди­я­ров та оты­рып­ты. Жұбан сияқты аға­ла­ры­мыз мін­бе­ге шығып, тай­сал­май, рух­ты сөзі­мен сес көр­сетіп сөй­леп жатқан­да, Тоқаш аға­мыз мін­бе­ге көтеріл­мей-ақ тосын мінез көр­сетіп­ті. Ол сахна төрін­де шәниіп, кісім­сіп оты­рған Кол­бин­ге, тура пре­зи­ди­ум­ның алды­на екпін­де­те жетіп барып: «Това­рищ Ген­на­дий Васи­лье­вич, ты поче­му пода­вил нашу моло­дежь, а? В чем вино­ва­тые они ?!.» деп, өңмені­нен өткізіп жібе­ре­рдей тесі­ле қарап тұрып сұрақ қой­ып­ты. Шына­шақтай кісінің өзіне келіп дікең­де­генін жақтыр­май қалған бірін­ші хат­шы­ның түсі бір­ден бұзы­лып сала бер­се керек. Зал­дағы әр нәр­сені қалт жібер­мей бағып, бірін­ші­мен қатар оты­рған Олжас Сүлей­ме­нов істің насы­рға шауып бара жатқа­нын бір­ден аңға­рып: «Ему не обра­щай­те вни­ма­ния, он же фрон­то­вик, кон­ту­жен» деп, Кол­бин­нің наза­рын басқа жаққа ауда­рып жіберіпті.

Маған бұл оқиға­ны айтып бер­ген Қалау­бек Тұр­сы­нқұ­лов аға­мыз бола­тын. Иә, ол бір кенет­тен тұтанған өрт­тің лау­лап жанып бітіп, енді өрт­тен кей­ін­гі күй­ік­тің күлім­сі иісі­мен дем алып жатқан дәр­мен­сіз күн­дер еді. Осы дәр­мен­сіздік­ті Жұбан аға­мы­здың күн­дей күр­кіре­ген рух­ты үні қан­жар­дай тіліп түсті.

Бұл дүни­е­де ұлтқа қал­ты­қ­сыз қыз­мет ету­ден асқан бақыт бола ма?! Сірә, бол­май­ды. Ұлы ақын, шынайы атпал аза­мат Жұбан Мол­даға­ли­ев ұлтқа қыз­мет ету­де өзінің өткір­лі­гі­мен, бел­сен­ділі­гі­мен таны­мал болған осын­дай бақыт­ты адам.

(29 жел­тоқ­сан, 2016 жыл)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн