Пятница , 4 июля 2025

ОТ ОРТАСЫНДА ЖҮРГЕН азаматтарды қорғайық!

Жақын­да «Abai.kz»сайтында жур­на­лист Ермұрат Бапи­мен болған «Екі оттың орта­сын­да тұрған адам­мын» деген сұх­ба­ты жарияланды. 

Сұх­бат өте тар­тым­ды, ашық, рия­сыз шын­ды­қты айту, ағы­нан жары­лу дең­гей­ін­де беріл­ген. Қой­ы­лған сұрақтар да өткір, орын­ды. Қай­та­ры­лған жау­ап­тар да сұх­бат беру­шінің бой­ын­дағы адам­гер­шілік қаси­етінің жоға­ры дең­гей­ін, өз ісіне шын беріл­ген­ді­гін, пей­ілі таза, соны­мен қатар айна­ла­сын­дағы­ларға көз­сіз сен­гі­шті­гін, аңғал­ды­ғын, ақкөңіл­ділі­гін айқын көр­сет­кен. Әрине, бір сұх­бат­пен бар­лық жай­ды қам­ту мүм­кін емес. Сон­ды­қтан сұх­бат­та толы­қтай айтыл­май қалған кей­бір тұстарға пікір біл­дір­сем деген ой келді.

Айты­лған мәсе­ленің ең басты­сы – ЖСДП-ның ыды­ра­уы. Шын­ды­ғы­на кел­ген­де, пар­ти­я­ны билік­тің тіке­лей ара­ла­суы­мен ыды­рат­ты деген тұжы­рым­мен келіс­пе­у­ге бола­ды. Біз­де­гі қалып­тасқан жағ­дай­мен: иә, солай бол­ды, билік ара­ла­сып, пар­ти­я­ны ыды­рат­ты дей салуға болар еді. Бірақ терең көз жүгір­тіп, ақиқатқа жүгін­сек, мәсе­ленің басқа­дай жақта­ры ашы­ла­ты­ны белгілі. 

Қан­ша деген­мен, пар­ти­я­ның іштей ыды­ра­уы­на билік ара­ла­сты деген күн­нің өзін­де, билік осы мақ­сатқа кім­дер­ді пай­да­лан­ды? Билік­тің тап­сыр­ма­сын орын­да­у­шы­лар кім­дер? Олар қан­дай пиғыл­да жүр­ген адам­дар, ұста­ным­да­ры қан­дай? Төң­керіс­шілер­дің көз­де­ген мақ­са­ты не? Олар­дың көкей­ін тес­кен ақша ма, жоқ әлде өздерінің бой­ы­на сің­ген сатқын­дық па? 

Билік қай уақыт­тар­да бол­ма­сын өзінің лас, кір әре­кет­терін жүзе­ге асы­ру үшін, пиғы­лы арам, дүни­еқоңыз, мораль­дық азғын­да­уға жақын тұрған тоғы­шар­лар­ды пай­да­ла­на­ды. Ортаға­сыр­лық түсінік­пен айтқан­да, олар хан тағы­на жетер жол­да ештеңе­ден тай­ын­бай, кедер­гі кел­тіретін әкең бол­са да, оның басын алып, мұратқа жетіп, таққа оты­руың керек» деген қағи­да­дан алыс кет­пе­ген озбырлар. 

Бұған жақын­да өткен пре­зи­дент­тік сай­ла­уда орын алған келеңсіз жағ­дай толы­қтай дәлел бола ала­ды. «Қоса­нов-Көшім» одағы «Ұлт тағ­ды­ры» қозға­лы­сын көп­те­ген ұлт пат­ри­от­та­ры­ның және ұлт­тың мүд­десіне қар­сы пай­да­лан­ды. Дос Көшім Әділет басқар­ма­сын­да бөлім­шенің тір­кеу құжат­та­рын астыр­тын бұр­ма­лап, менен «Ұлт тағ­ды­ры» қозға­лы­сы­ның Жам­был облы­стық бөлім­ше­сін тар­тып алды. Жал­пы тура­сын айтар бол­сам, Д. Көшім­ге менің билік­ке қар­сы сөй­лей­тін сөзім ұна­май, оның қитұрқы әре­кетін іске асы­руы­на кесірім тиіп кетер деген ойы болған шығар. Қоға­мға билік­тен гөрі, осын­дай арам­за­лар өте қауіп­ті. Осы жағ­дай­лар­ды ескер­сек, ЖСДП-ның іштен ыды­ра­уы­на билік­тен бұрын, пар­ти­я­ның ішін­де жүр­ген осын­дай «сая­си ала­яқтар» көп үлес қосқан сияқты. Төң­керіс солар­дың ісі деп білу керек.

Сұх­бат­та «кеше­гі КПСС пен ВЛКСМ-ның шинелі­нен шыққан­дар қазақ қоға­мын өзгер­те алмай­ды. Оппо­зи­ци­я­ның ең кәрі ақсақал­да­ры 40–45 жаста болуы керек. Қаза­қстан­да өзгеріс жасай­тын­дар – КСРО деген қызыл импе­ри­я­ны көр­ме­ген, қызыл­көз­дер мен ком­со­мол­дар­дың жете­гіне ерме­ген, «Нұр­сұл­тан – Қаза­қстан» деген вирусқа шал­ды­қ­паған, оты­зын­да орда бұза­тын жігіт­тер мен қыздар» деген сұрақтың аста­ры ашыл­май, толы­қтай айтыл­май қалған тұста­ры бар. Біздің қоғам сол КПСС пен ВЛКСМ басқарған қоғам­нан алыс кет­кен жоқ. 

Сол қызыл импе­ри­я­ны жақтаған ком­му­ни­стер мен ком­со­мол­дар тәу­ел­сіздік алған­нан бері қоғам­да өзіне ыңғай­лы мем­ле­кет­тік басқа­ру жүй­есін құрып алды. Әлі солар билік­ке аш кене­дей жабысып, өздерінің құрған шірі­ген жүй­есі­мен елді басқа­рып келеді. Тәу­ел­сіздік алған кез­де­гі дүни­е­ге кел­ген сәби­лер оты­зын­да орда бұза­тын жасқа келіп қал­ды. Әзір­ге олар­дың қата­ры­нан орда бұзай­ын деп, жұлқы­нып тұрған жастар көрін­бей­ді. Осы отыз жыл ішін­де бұл жастар­дың көр­гені – билік­те­гі парақор­лық, ұрлық, қоғам­ның мораль­дық азғын­да­уы. Осын­дай тұр­лау­сызды­қ­пен уланған жастар­дың сана­сы бір күн­де өзгеріп, елде өзгеріс жасай­ды деген­ге ила­ну қиын. Жастар күй­зеліс­ке ұшы­рап, бағы­ты­нан айы­ры­лып қалған. 

Сон­да қоғам­ды қан­дай жастар өзгер­те ала­ды? Күн­көрістің қамы­м­ен жетім бұры­штар­ды саға­лап, биша­ра­ның күй­ін кешіп жүр­ген жастар ма, жоқ әлде үлде мен бүл­де­ге бөленіп оты­рған «шөп­ке­ты­шар» жастар ма?

Әрине, бола­шақ – жастар­ды­кі. Оған ешкім­нің дауы бол­ма­са керек. Деген­мен осы жастар­дың бой­ы­на пат­ри­от­тық сезім ұяла­та­тын­дай мем­ле­кет тара­пы­нан оларға қан­дай да бір қамқор­лық жасал­ды ма? Қиын­ды­қ­пен сана­сы сан­сы­рап, тоз-тозы шығып, тары­дай шашы­лып кет­кен жастар мына жүй­ені өзгер­те ала ма? 

Сон­дай-ақ сұх­бат­тағы «Қаза­қстан­да бір­тұ­тас оппо­зи­ция бола ма?» деген сұрақтың жау­а­бы­на кел­сек. Менің ойым­ша, сана­ны тұр­мыс билеп тұрған мына заман­да қоғам бел­сен­ділері­нен өз пози­ци­я­сын­да орны­қты, нық тұра ала­тын табан­ды оппо­зи­ция шыға­ру өте қиын. Өзін оппо­зи­ция қата­рын­да есеп­тей­тін адам­дар­дың ішін­де жанын қина­май, ауыр­дың асты­мен, жеңіл­дің үсті­мен күн көр­гісі келетін, елге жана­шыр болып көрініп, іс жүзін­де ақша­ның құлы болып жүретін­дер өте көп. Ондай адам­дар қан­дай жағ­дай­да бол­ма­сын халы­қтың сені­мін аяққа тап­тап, ақша шыға­тын жер­лер­ді саға­лап, билік­ке жұмыс жасай­ты­ны бел­гілі. Қашан да ел алды­на ары таза, пиғы­лы түзу, халы­ққа жаны аши­тын аза­мат­тар шық­пай, біз­де жүй­елі оппо­зи­ция қалып­тас­пай­ды. Бапи­ге қой­ы­лған сұрақтар­дың ішін­де «Сіз­ге айтар халы­қтың рені­ші өте ауыр. Соңғы кез­де сізді түсі­ну қиын болып кет­ті. Біре­се ЖСДП-ға төраға болып кет­тіңіз. Одан кей­ін төраға­лы­қтан кет­кеніңізді көр­дік…» деген­дей, орын­сыз сұрақтар болған. Деген­мен мұн­дай сұрақ үшін әлдекім­ді жазғы­руға бол­мас. Қан­ша халық бол­са, әркім­нің сон­ша пікірі бар. 

Ал Е.Бапидың тәу­ел­сіздік алған кезең­нен бері билік­ке қар­сы жүр­гіз­ген күресін айт­сақ, ол Қаза­қстан­дағы бар­лық оппо­зи­ци­я­лық күш­тер­дің бірі­гіп жүр­гіз­ген жұмысы­нан әлдеқай­да артық. Былай­ша айтқан­да, ерлік­пен пара-пар. Ұзақ жыл­дар бой­ын­да билік­ті әшке­ре­леп, бетің бар, жүзің бар демей, ашық жазып, жүген­сіз кет­кен жүй­енің халы­ққа жасап оты­рған зор­лық-зомбы­лы­ғын елге уақы­тын­да, шынайы жет­кізіп оты­рған елде­гі бел­ді, бедел­ді басы­лым­ды билік­тің тыр­нағы­нан аман-есен алып шығып, жұмысын жалға­сты­рып келе жатқан аза­мат. Осын­дай атқарған жұмыста­ры­на қарап, оны белі қай­ы­спас қара нар­мен теңе­у­ге бола­ды. Бапи басқарған, кезін­де билік­тің нешетүр­лі қыспағы­на ілініп, аман қалған, әртүр­лі атпен шыққан газет­тер­ден басқа осын­дай өмір­шең оппо­зи­ци­я­лық көзқа­рас­тағы бір­де-бір басы­лым болған емес. Бұл аза­мат­ты халық болып қол­да­сақ, оның әлі елге бере­рі көп.

Негізі­нен, «Abai.kz»сайтында жария болған сұх­батқа пікір жазып оты­рған­дағы алға қой­ған мақ­са­тым – Ермұрат Бапи­ды мақтап, оның атағын асқақта­ту емес. Ере­кең менің мақта­уы­ма, қол­пашта­уы­ма мұқтаж емес деп есеп­тей­мін. Ол ел білетін, халық қол­даған, өресі биік, аза­мат­тық көзқа­ра­сы қалып­тасқан аза­мат. Менің негіз­гі ойым – басы­нан қилы заман­дар­ды өткізіп, мың өліп, мың тіріл­ген қаза­қты енді мың бірін­ші рет өлтір­мей, қауіп-қатер­ден сақтап қала­тын елім дей­тін аза­мат­тар бол­са, соларға қол­дау көрсету. 

Ара­мы­здан сон­дай аза­мат­тар шығып жат­са, ел болып қол­дай­ық! Жама­ны­мы­зды жасы­рып, жақ­сы­мы­зды асы­рып жүр­ген киелі, қаси­ет­ті қазақ деген халы­қ­пыз. «От орта­сын­да жүр­ген» аза­мат­та­ры­мы­зды біліп жүрей­ік. Оларға бостан бос айып тағып, қара­ла­май­ық. Бас бірік­тіріп, іргелі ел болайық. 

Өмір­бай САБЫРОВ

Жам­был облы­стық «Ел бола­шағы» қоғам­дық ұйы­мы­ның төрағасы 

Республиканский еженедельник онлайн