Суббота , 5 июля 2025

ОҢТҮСТІК ӨҢІРДІ Өзбекстан ақпараты БАСЫП БАРАДЫ

«Қой бағуға жарамағандар ел басқарғасын не оңар?! Қазақстанның мемлекетінің шенеуніктері оңтүстіктің ақпарат кеңістігін өзбек тіліндегі ақпарат басып бара жатқанына көңіл аударғанды қойды» деп дабыл қағады біздің қоғамдық тілшіміз, журналист Ілесбек Байжанов.

Оңтүстік аймақтар, оның ішін­де Оңтүстік Қаза­қстан (қазір­гі Түр­кістан) облы­сы­ның Қазы­ғұрт, Сары­ағаш, Келес, Шар­да­ра, Мақта­арал, Асы­қа­та, Жеті­сай өңір­лерін­де­гі көп­те­ген елді мекен­дер мен онда тұра­тын 1,5 мил­ли­он­нан астам халық Қаза­қстан­дық ақпа­рат кеңісті­гі­нен, яғни мем­ле­кет тілін­де берілетін (радио, ТВ) хабар­лар­дан тыс қалған. Бұл өңір­лер­ді өзбек тілін­де­гі радио мен ТВ, ұялы бай­ла­ныс жүй­е­лері түгел­ге жуық жау­лап алған. 

Есесіне, қазақ-шека­ра­сы­нан ары қарай бір қадам атта­саң, Қаза­қстан­да тарай­тын ұялы бай­ла­ныс теле­фон­да­ры­ның бар­лы­ғы­ның үні сол сәт­те-ақ өшіп, мүл­гі­ген тыны­штық орнай­ды. Тіп­тен мұн­дай жағ­дай­лар­дың үйрен­шік­ті күй­ге айна­лып, берік қалып­тасқан­дағы сон­ша­лық, оңтүстік­тің мем­ле­кет­тік шене­унік­тері (халы­қтың төле­ген салы­ғы­ның арқа­сын­да нан жеп жүр­ген­дерін ұмы­тқан­дар) бұл үрдіс­ке көңіл ауда­ру­ды да қойған. 

Облы­стар­дағы тәжік, өзбек, орыс мек­теп­тері түгел­дей дер­лік спут­ник­тік теле арна­лар арқы­лы олар­дың тари­хи отан­да­рын­да дай­ын­далған ақпа­рат хабар­ла­рын тың­дай­ды және тари­хи отан­да­рын­дағы мем­ле­кет­тер рухы­мен тәр­би­е­ле­неді?! Бұл аса маңы­зды боп сана­ла­тын, мем­ле­кет­тік идео­ло­гия қыз­мет­кер­лері атқа­руға және бақы­лап оты­руға тиісті, мем­ле­кеті­міздің қауіп­сізді­гіне тіке­лей әсері бар стра­те­ги­я­лық сала беті­мен жіберілген.

Қазақ радио­сы­ның сапа­сы сын көтер­мей­ді. Радио­ха­бар­лар от басы – ошақ қасы­ның дең­гей­іне түсіп кет­кен: арза­нқол сұх­бат­тар, түк­ке жара­май­тын жыр­тақай, күл­ді­ба­дам әндер мен музы­ка­лар. Көр­кем­дік сапа­дан жұр­дай, ешқан­дай да мәде­ни комис­си­я­лар­дың сүз­гісі­нен өтпе­ген эст­ра­да­лық қой­ырт­пақтар, т.с.с. Іліп ала­тын, тың­дар­ма­нын риза қылып, руха­ни тәр­бие беретін, халқы­мы­здың рухын көте­ретін хабар­лар мүл­дем жоқ десе де болады. 

Мем­ле­кет­ті была­мы­ққа айнал­ды­рған, дүни­еқоңыз, қанағат­сыз, қой бағуға жара­май­тын­дар ел басқарған соң, идео­ло­гия сала­сы да жал­пы елде­гі­дей құр­ды­мға кетудің аз-ақ алдын­да тұр. Балық басы­нан шіріп бітті! 

Ілес­бек БАЙЖАНОВ
Шым­кент шаһары

(медиа-про­ект «DAT» №38 (450) от 25 октяб­ря 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн