Суббота , 5 июля 2025

ПАНА ІЗДЕГЕН ЖІГІТТЕР Қытайға қайтарылмауы тиіс!

  • Кеңес Одағы дәу­рен құрып тұрған заман­да шека­ра­ны бұзып, өзге елге өтіп кет­кен­дер­ді «қашқын» (пере­беж­чик) дей­тін. Олар­дың ара­сын­да таны­мал әртістер мен атақты спорт­шы­лар жиі кез­де­сетін. Қашқын­дарға тек «сатқын» деген таң­ба тағы­лып, олар­ды қуда­лау баста­ла­тын. Бұл Кеңес зама­ны­ның көрінісі.

Ал қазір ше?! Сол баяғы ком­му­ни­стік пар­ти­я­ның дәу­рені құрып тұрған Қытай­дан елім-жерім деп, бас сауға­лап, пана сұрап кел­ген қазақ бауыр­ла­ры­мыз Қытай үшін сатқын бол­са, біз үшін олар кім? Шека­ра бұзып өткен қан­даста­ры­мы­зға ҚР Қыл­мыстық кодексін қол­да­нып, айдаһар­дың ара­ны­на өз қолы­мы­з­бен салып бере­міз бе, әлде Халы­қа­ра­лық нор­ма­ларға жүгініп, оларға ара­ша түсіп, қорған бола­мыз ба?

Осы сұрақтың жау­а­бын Қытай­дан қашып кел­ген 30 жасар Қастер Мұса­ханұ­лы мен 25 жастағы Мұра­гер Әлі­мұлы­на қаты­сты сот шеші­мі айқын көр­се­тетін бола­ды. Естеріңіз­ге сал­сақ, екі жігіт ағым­дағы жыл­дың 8 қаза­нын­да ШҚО Зай­сан ауда­ны аумағын­дағы шека­ра сызы­ғын «бұзып өтіп», 14 қазан күні «Ата­жұрт ерік­тілері» ұйы­мы­ның көме­гі­мен Алма­ты­да өткізіл­ген бас­пасөз мас­ли­ха­ты бары­сын­да Қаза­қстан­нан бас­па­на сұра­ды. Сол күні ҰҚК-не қарас­ты Шека­ра қыз­метінің өкіл­дері қан­дас бауыр­ла­ры­мы­зды ұстап әкет­ті. Қазір оларға қаты­сты қыл­мыстық тер­геу аяқта­лып, іс Зай­сан аудан­дық соты­на түсті. Олар­ды Қытай­ға қай­та­ру қау­пі төніп тұр. Осы­ған орай, құры­лу про­цесін бастаған Демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­ның ұйым­да­сты­ру­шы­ла­ры бас­пасөз мәс­ли­ха­тын өткізіп, билік­тен Қастер мен Мұра­гер­ді Қытай­ға беріл­ме­уін талап етті.

Жан­бо­лат МАМАЙ, баста­ма­шыл топ жетекшісі:

– Өткен жұма­да ҰҚК Шека­ра қыз­метінің бас­шы­сы Діл­ма­нов мыр­за Қастер мен Мұра­гер шека­ра­ны бұз­ды деген сыл­та­у­мен олар­ды Қытай­ға қай­та­руы­мыз мүм­кін деп мәлім­де­ме жаса­ды. Бұл жағ­дай қоғам­ды дүр сіл­кін­дір­ді. Екі бауы­ры­мы­зды Қытай­ға қай­та­ру мәсе­лесі қоғам­ның ашуы мен нара­зы­лы­ғын туғы­зып отыр. Сол себеп­ті Демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­ны құру­шы баста­ма­шыл топ өзі­міздің сая­си, аза­мат­тық пози­ци­я­мыз бен ұста­ны­мы­м­ы­зды мәлімдейміз.

Бірін­ші кезек­те қан­дас бауыр­ла­ры­мы­здың Қытай­ға қай­та­ры­луы­на түбе­гей­лі қар­сы­мыз! Қастер мен Мұра­гер­ді Қытай­ға қай­та­ра­тын жағ­дай­да, олар өлім жаза­сы­на кесілуі әбден мүмкін.

Бұл бірін­ші жағ­дай емес. Осы­ған дей­ін екі бала­ның ана­сы Сай­ра­гүл Сауыт­бай да өзінің отба­сы­мен қауы­шу үшін шека­ра­ны бұзып өткені бар­ша­мы­зға мәлім. Ал 2009 жылы Шың­жаң­да көтеріліс басталған кез­де Арши­дин Исра­ил деген жігіт теле­фон мен интер­нет арқы­лы бүкіл шетел­дік ақпа­рат құрал­да­ры­на Шың­жаң­да орын алған Қытай әскері мен поли­ци­я­сы­ның қыл­мыста­ры мен бас­сызды­қта­ры тура­лы ақпа­рат таратқан. Басы­на қатер төн­ген­нен кей­ін ол жігіт шека­ра­ны кесіп өтіп, Қаза­қстанға келе сала, БҰҰ өкіл­ді­гі­нен босқын мәр­те­бесін алған бола­тын. Соған қара­ма­стан, біздің билік оны түр­ме­ге қамап, 2011 жыл­дың мамыр айын­да Қытай­ға қай­та­рып бер­ді. Содан бері ол жігітт­тің тағ­ды­ры не болға­ны бел­гісіз. 2014 жылы Арши­дин Исра­ил түр­ме­ден боса­тыл­ды-мыс деген ақпа­рат шықты, бірақ оның өлі-тірі екенін ешкім нақты біл­мей­ді. Сол сияқты Қастер мен Мұра­гер Қытай­ға қай­та­ры­ла­тын бол­са, олар­дың да басы­на өлім жаза­сы төніп тұр.

БҰҰ Адам құқы­ғын қорғау коми­тетінің кон­вен­ци­я­сын­да «егер шека­ра­ны заңды/заңсыз кесіп өткен адам­ның өміріне қай­та­ры­ла­тын мем­ле­кет­те қауіп төн­се, не бол­ма­са оның адам құқы­қта­ры шек­теліп, азаптау әре­кет­тері күтіп тұр­са, ол адам қай­та­рыл­мауы керек» деп тай­ға таң­ба басқан­дай көр­сетіл­ген. Бұған қоса, шека­ра­ны заңды/заңсыз кесіп өткен адам бір­ден мем­ле­кет­тік орган­дарға барып, қашып кел­ген елін­де оған қауіп төніп тұрға­нын мәлім­дей­тін бол­са, ол адам түр­ме­ге қамал­мауы тиіс. Осы заң­ды Қаза­қстан қол­дап, рати­фи­ка­ци­я­лаға­ны­на қара­ма­стан, орын­да­май отыр. Қастер мен Мұра­гер­дің абақты­да оты­руы­ның өзі аталған халы­қа­ра­лық нор­ма­ларға қай­шы. Екі жігіт­ті түр­ме­де ұста­удың еш қажет­тілі­гі жоқ. Олар Қаза­қстан­ның аумағын­да ешқан­дай қыл­мыс жасаған емес. Тек баста­ры­на төн­ген қауіп-қатер­ден қашып, ол жөнін­де ашық түр­де мәлім­деп, сая­си бас­па­на сұрады.

Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті ресми мәлім­де­месін­де екі қан­да­сы­мы­зды Қытай­ға қай­та­ра­мыз деп неге айтып отыр?! Өйт­кені біздің билік Қытай­дан қорқа­ды. Тоқа­ев­тың соңғы сұх­ба­ты – құл­дық пси­хо­ло­ги­я­ның анық көрінісі. Қытай­дың бодан­ды­ғын­дағы ел сияқты мәлім­де­ме жасау – тәу­ел­сіз мем­ле­кет­тің бас­шы­сы­на тән емес! Сон­ды­қтан қан­дас бауыр­ла­ры­мы­здың қай­та­ры­луы­на үзіл­ді-кесіл­ді қар­сы­мыз. Қазақ аза­мат­та­ры­ның Қытай­ға қай­та­ры­луын – мем­ле­кет тара­пы­нан жасалған қыл­мыс деп санай­мыз. Бұл екі қазақ жігітінің Қаза­қстан­нан басқа бара­тын жері, басар тауы жоқ! Оларға ара­ша түсіп, қорған бола білу және өмір­лерін сақтап қалу – аза­мат­тық қоғам мен мем­ле­кет­тің борышы.

Қазір­гі таң­да Қытай­да жал­пы мұсыл­ман халқы­на гено­цид жүріп жатқан­ды­ғы тура­лы шетел­дік ұйым­дар мен бас­пасөз ашық айтып отыр. Сон­ды­қтан Қаза­қстан үкі­меті «егер қан­дай да бір қазақ аза­ма­ты қашып келетін бол­са, Қытай­ға ешқа­шан қай­та­рыл­май­ды» деп, ресми мәлім­де­ме жаса­уға тиіс.

Төле­ген ЖҮКЕЕВ,

қоғам қай­рат­кері, баста­ма­шыл топ­тың мүшесі:

– Қастер мен Мұра­гер­ге қаты­сты жағ­дай – қазақ үшін ұлт­тық қасірет. Бұл тек Шың­жаң­дағы бауыр­ла­ры­мыз үшін ғана емес, бүкіл қазақ халқы үшін сынақ болып тұр. Біз­ге этни­ка­лық, мәде­ни және діни бол­мысы­мы­зды жоғал­ту қау­пі төн­ді. Діни экс­тре­мизм және сепа­ра­тизммен күрес деген желе­уді пай­да­ла­нып, қытай­лы­қтар өз бол­мысын жоғал­тқы­сы кел­мей­тін­дер­ді қуда­ла­у­ға ұшы­рат­ты. Бұл қазақ, ұйғыр мен қырғы­зға қаты­сты жағ­дай. Біз бәріне ара­ша түсе алма­сақ та, Қытай­дағы қан­даста­ры­мы­зға қорған болу – біздің тари­хи және мораль­дық мін­деті­міз деп біле­мін. Бауыр­ла­ры­мы­зға бүгін ара­ша түс­пе­сек, кей­ін өзі­мізді қорғай алмай қала­тын күн­ге де жете­міз. Сон­ды­қтан біз үшін бұл үлкен сыни тегеурін.

Осы тұрғы­дағы біздің билік­тің бүгін­гі ұста­ны­мы тіп­ті масқа­ра! Өздеріңіз білетін Сай­ра­гүл қарын­да­сы­мы­зға тари­хи Ота­ны пана бола алма­ды. Қаза­қтар қай­да жүр­се де, өзі­міздің отан­да­сы­мыз, қан­да­сы­мыз екенін терең гене­ти­ка­лық дең­гей­де ұғы­нуы­мыз қажет. Кей алпа­уыт мем­ле­кет­тер сияқты мүм­кін­ді­гі­міз бол­ма­са да, оларға шама-шарқы­мыз кел­ген­ше қамқор­лық жаса­уға тиіспіз.

Шека­ра­ны ешкім жетіс­кені­нен бұз­бай­ды. Ондай қада­мға қауіп-қатер төн­ген кез­де ғана бара­ды. Қан­да­сты­ры­мыз тари­хи Ота­ны­на қашып келіп, пана сұра­са, оларға ара­ша түсіп, қорған болу – ел мен мем­ле­кет ретін­де­гі мін­деті­міз. Өкініш­ке орай, біздің билік осы­ған қауқар­сыз болып тұр. Олар­дың қорқақты­ғы шек­тен шықты.

Тоқа­ев­тың соңғы сұх­ба­ты тіп­ті жаға ұстат­ты. Адам­да өзіне-өзі баға беруін­де «Кіта­п­ха­на» неме­се «кіта­п­ха­на мең­ге­ру­шісі­мен» күр­делі жағ­дай орын алуы мүм­кін. Бірақ сол мәсе­ле­лер­ді шешу үшін бүкіл мем­ле­кет­ті қор­ла­у­ға ешкім­нің қақы­сы жоқ! Өзін-өзі сый­лай­тын сая­сат­кер осын­дай мәлім­де­ме жаса­мас еді.

Мұра­гер мен Қастер­ден бөлек, Шың­жаң­да қуда­лау көріп оты­рған бар­ша түр­кітіл­дес халы­қтар үшін бар­лық қаза­қстан­ды­қтар бір­тұ­тас май­дан болып ара­ша түс­пе­се, онда бола­шағы­мыз бұлы­ңғыр. Көп жағ­дай­да талай атқа­мі­нер аза­мат­та­ры­мыз ауы­зда­рын көпір­тіп, «біз – қаза­қ­пыз» деген­ді жиі айта­ды. Осын­дай жағ­дай­да кім­нің – кім екені көрі­неді. Ұлт­жан­ды бола­тын бол­са, бір халық, бір ұлт болып, Ота­ны­нан пана іздеп, шека­ра­ны кесіп кел­ген жігіт­тер­ге қорған болуға міндеттіміз.

Рыс­бек ТОҚТАСЫН, баста­ма­шыл топ­тың мүшесі:

– Қаза­қта – «Арқа жай­лы бол­са, арқар ауып несі бар?!» деген сөз бар. Қытай­дағы өрес­кел жағ­дай әсіре­се соңғы екі жыл­да ушы­ғып кет­ті. Өзінің тари­хи ата мекені – Шығыс Түр­кістан жерін­де­гі мұсыл­ман­дарға Қытай гено­цид жасап жатыр. Қай­та «тәр­би­е­леу орта­лы­ғы» деп ата­ла­тын, шын мәнісін­де түр­ме­ден бетер жаза­лау лагерін­де бір мил­ли­онға жуық мұсыл­ман қамауда отыр. Соңғы уақыт­та Қаза­қстан үкі­метінің ара­ла­суы­мен халы­қа­ра­лық ұйым­дар­дың қысы­мы­ның әсері­нен қаза­қтарға бел­гілі бір дәре­же­де босаң­сы­ған кей­іп таныт­ты. Бірақ осы­ның өзін­де де босатқан адам­дар­дың туы­ста­рын сол жақта кепіл­ге алып, уақыт­ша ғана жіберіп отыр.

Қазір Қытай­да кім бел­сен­ді, кім ұлт­шыл, кәсіп­кер­лік­пен айна­лы­са­тын еті тірі аза­мат­тар шеті­нен қама­лып жатыр. Өйт­кені олар ұлт­тың сор­па бетіне шығар аза­мат­та­ры. Бұл екі бауы­ры­мыз нан сауда­сы­мен айна­лы­сқан. Ұлт­тың жана­шыр жігіт­тері. Сол үшін осы­ған дей­ін де қуда­лау көр­ген. Кезек­ті түр­ме жаза­сы қатері төніп тұрған­ды­қтан, сауда жасап жүр­ген жері­нен бері қашып өткен. Тіп­ті өздерінің ауыл­да­ры­на бар­ма­стан кел­ген. Бей­біт, тыныш заман­да бала-шаға­сын, отба­сын тастап, кім қаша­ды?! Баста­ры­на өлім қау­пі төніп тұрған соң ғана бас сауға­лап, Қаза­қстан­нан пана сұрап кел­ді. Ол жақта екі мил­ли­он қазақ Қаза­қстан­ды өз Ота­ным деп санай­ды. Бізді тек жасан­ды шека­ра сызы­ғы бөліп тұр. Әйт­пе­се Қаза­қстан мен Қытай қаза­қта­ры­ның ара­сын­да ешқан­дай айыр­ма­шы­лық жоқ. Көп адам қашып келудің жолын таба алмай отыр, әйт­пе­ген­де ол жақта қазақ қал­мас еді.

Бүгін­гі жағ­дай – бір-екі адам­ның тағ­ды­ры емес, бұл бүкіл елдің тағ­ды­ры. Халы­қтың басы­на келіп тұрған нәу­бет. Бей­жай қарап оты­ра­тын бол­сақ, ол жақтағы бүкіл қаза­қтан айы­ры­лып қалуы­мыз әбден мүм­кін. Қытай­дағы аз ұлт­тарға қаты­сты сая­сат тоқта­май­ын­ша, осын­дай жағ­дай­лар қай­та­ла­нып тұра­ды. Алдағы уақыт­та Қастер мен Мұра­гер­ге қаты­сты сот әділ шешім шыға­ра­ды деген ойдамыз.

СҰРАҚ-ЖАУАП

– Осы мәсе­ле­ге қаты­сты үкі­мет­ке ары­зда­на­сыздар ма?

Жан­бо­лат Мамай:

– Иә, біз қазір арыз дай­ын­дап, қол жинап, үкі­мет­ке жол­дай­мыз. Осы екі аза­матқа қорған болу – бір ғана топ­тың баста­ма­сы емес, жал­пы халы­қтың ісі болуы тиіс. Сон­ды­қтан Қастер мен Мұра­гер­дің ісіне етене ара­ла­сып, қоғам­дық жұмысты қолға алмақ­шы­мыз. Енді­гі кезек­те сот про­цесін бақы­ла­у­ға ала­ты­ны­мы­зды мәлім­дей­міз. Екі қан­да­сы­мы­зды Қытай­ға беру қау­пі болған жағ­дай­да, нара­зы­лық шара­ла­рын өткізу­ге де дайынбыз.

– Шека­ра бұзған аза­мат­тар қай­та­рыл­май, елде қалып жатқан жағ­дай­да, олар­дың Қытай­да қалған отба­сы­ла­ры не болмақ?

Төле­ген Жүкеев:

– Жасы­ра­тын несі бар, Қытай біз­ден де өткен авто­ри­тар­лы мем­ле­кет. Қытай да біз сияқты тек бір ғана пар­ти­я­ның идео­ло­ги­я­сын­дағы ел. Ол идео­ло­ги­я­мен келіс­пей­тін­дер­мен не бола­ты­ны бар­шаға мәлім. Осы жағ­дай қашып кетем деген­нің бәріне сабақ бол­мақ. Сон­ды­қтан біз де Қытай алдын­да аза­мат­тық қоғам болып басы­мы­зды имей­тіні­мізді және бауыр­ла­ры­мы­зға қорған бола ала­ты­ны­мы­зды көр­се­те білуі­міз керек.

– Осы­ған дей­ін ҚР ҰҚК үлкен мәлім­де­ме­лер жаса­май кел­ген. Осы мәлім­де­менің аста­рын­да не жатыр?

Жан­бо­лат Мамай:

– Біз де осы жөнін­де ойлан­дық. ҰҚК бас­шы­лы­ғы­ның осын­дай мәлім­де­ме жаса­уы бүгін­гі билік­ке тән әре­кет емес. Ашы­қтан-ашық Қастер мен Мұра­гер­ді және шека­ра­ны бұзған басқа да аза­мат­тар­ды Қытай­ға қай­та­руы­мыз мүм­кін деп айтқан сөзі­нен қоғам­нан қол­дау күтіп отыр ма деген ой туа­ды. Өйт­кені, көріп оты­рға­ны­мы­здай, Қытай біздің елдің эко­но­ми­ка­сы­на кіріп, ықпа­лы күн­нен-күн­ге күшей­іп келе жатыр.

Оның үстіне ұрлық-қар­лы­ққа жақын шене­унік­тері­міз есеп­шот­та­рын Қытай­дың банкт­терін­де ұстай­ды деген ақпа­рат тарап жүр. Яғни, Қытай билі­гінің біздің елдің билі­гіне ықпа­лы өте күшті. Бұл қатер­лі жағ­дай. Тоқа­ев­тың немістік Deutsche Welle-ге бер­ген сұх­ба­ты осы­ны анық көр­сетіп тұр. Ақор­да бол­сын, «Кіта­п­ха­на» бол­сын, Қытай­ға тәу­ел­ділі­гінің артып келе жатқан­ды­ғын көр­се­те­ді. Билік тәу­ел­сіз елдің бас­шы­лы­ғы сияқты қан­дай да бір қаза­қтың аза­ма­тын қай­та­ру­дан бас тар­та­мыз деген мәсе­лені ашық айтуы тиіс.

Төле­ген Жүкеев:

– Иә, бұл терең сұрақ. Бұрын арнайы қыз­мет тара­пы­нан бұн­дай мәлім­де­ме­лер болған емес. Әлі сот шеші­мі шық­паға­нын ескер­сек, мүл­де таңқа­лар­лық жағ­дай. Бұл бекер­ден-бекер емес деп ойлай­мын. Билік өзі айта алмаған дүни­е­лер болып жат­са, қоға­мға, халы­ққа жүгі­нетін кез­дері бола­ды. Мәлім­де­менің аста­ры солай да болуы әбден мүм­кін. Бұл – қоғам­дық пікір­ді қалып­та­сты­ру және тамыр басу әрекеті.

Жағ­дай­ды өршік­тір­мей-ақ айтай­ын. Кей­де шеші­мін тап­паған күр­делі мәсе­ле­лер бірінің үстіне бірі үйіліп, бір ғана оқиға жап­пай бас көте­ру­ге әке­леді. Естеріңіз­де бол­са, жер мәсе­лесіне қаты­сты жағ­дай дәл осы­лай басталған. Заң­ды талқы­лау мен бекіту бары­сын­да халық үн қат­пай қал­ды. Ал жер­ді шетел­дік­тер­ге жалға беру мәсе­лесі қарас­ты­ры­лған­да, халық көтеріліп кет­ті. Өйт­кені халы­қтың шыда­мы­ның жет­кен жері сол бол­ды. Адам­дар билік­тің біт­пей­тін өтірі­гі мен сатқын­ды­ғы­нан әбден шар­шаған. Аты­ра­уда бір­не­ше мың болып шыққан халы­қты елі­міздің бүкіл аймақта­ры қол­да­ды. Өйт­кені жер мәсе­лесі халық үшін киелі дүние. Кім шақыр­са да, адам­дар жай­дан-жай митин­гі­ге шық­пай­ды. Олар тек ең өзек­ті, жаны­на бата­тын мәсе­ле­ге кел­ген­де ғана көше­ге шыға­ды. Бұл біздің қоға­мға ғана тән дүние емес, бәрін­де осылай.

Сай­ра­гүл­дің тағ­ды­ры мүл­де жанға бата­ды. Оның оқиға­сы әр қаза­қты қор­лап, абы­рой­ы­мы­зға дақ түсір­ді. Өйт­кені біз пана сұраған анаға қорған бола алма­дық. Ол өз Ота­нын­да қалғы­сы кел­ген. Ал қазір эми­грант болып, Шве­ци­яда жүр. Бола­шақта Сай­ра­гүл елге ора­лып, әділет­тілік орнап, біз өзі­мізді ақтап шыға­мыз деген үмітім зор. Қазір­гі таң­да сая­си көзқа­рас­та­ры­мы­зға, ұлтқа, тіл­ге қара­ма­стан, біз Қаза­қстан­ды мекен еткен бір­тұ­тас халық бола білуі­міз қажет. Егер біз осы екі жігіт­ке ара­ша түсе алма­сақ, кей­ін өзі­міздің тәу­ел­сізді­гі­мізді жоғал­та­мыз. Осы­лай жалға­са бер­се, үнсіз тобыр болып қала­мыз. Оған жол беру­ге болмайды!

Біз осы баста­ма­мы­зды сая­си ұпай жинау үшін жасап жатқан жоқ­пыз. Өзі­міз­ге қажет­ті қол­ды онсыз да жина­уға қауқа­ры­мыз жет­кілік­ті. Осы жағ­дай­дан біз тек аза­мат­тық күш­тер­дің бірі­гу мүм­кін­ді­гін көріп тұр­мыз. Біз Қытай үрей­ін ушы­қты­рай­ық деген мақ­сат қой­ып тұрған жоқ­пыз. Қытай – терең тарихы бар, құдай қосқан көр­ші ел. Қаты­на­сы­мыз да жақ­сы. Бірақ өзі­міздің ұлт­тық мүд­де мен тәу­ел­сіздік­тен артық ешнәр­се жоқ екенін ұмыт­паған жөн.

Аза­мат ШОРМАНХАНҰЛЫ,

«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн