Четверг , 29 января 2026

Парламенттік реформа САЯСИ ЖҮЙЕНІ қайта қарауға жол ашты

Ерлан Қоша­нов, ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің төрағасы:

Пар­ла­мент­тік рефор­ма Қаза­қстанға, мем­ле­кет пен қазақ қоға­мы­на қан­дай өзгерістер әке­леді? ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің төраға­сы Ерлан Қоша­нов өткен апта­дағы пле­нар­лық оты­ры­сты ашар­да сөй­ле­ген сөзі осы сұраққа сая­си баға бер­ді деген оймен оны қаз-қал­пын­да жари­я­лап отырмыз.

Біз Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның тари­хи баста­ма­ла­ры­ның куәсі бол­дық. Бір топ әріп­тесі­міз­бен бір­ге Ұлт­тық құры­л­тай оты­ры­сы­на қатыстық.

Бәріңіз Қасым-Жомарт Кемелұлы­ның сөй­ле­ген сөзі­мен таны­сты­ңы­здар. Онда айты­лған сөз­дер­дің бар­лы­ғы мем­ле­кет­ті­гі­мізді бекем­де­у­ге, тәу­ел­сізді­гі­мізді нығай­туға бағыт­талған. Пре­зи­дент­тің әр рефор­ма­сы, әр баста­ма­сы «Тәу­ел­сіздік бәрі­нен қым­бат» деген қастер­лі ұғым­нан бастау алады.

***

Бұл шын мәнін­де тари­хи жиын бол­ды. Әр Құры­л­тай­дың ел шежіресін­де­гі орны да, жөні де бөлек екені сөз­сіз. Деген­мен, Қызы­лор­да­дағы оты­ры­стың идео­ло­ги­я­лық маз­мұ­ны терең, сая­си сал­мағы әлдеқай­да басым.

Құры­л­тай­да Пре­зи­ден­ті­міз ел тағ­ды­ры­на тіке­лей қаты­сты жаңа, ауқым­ды әрі бет­бұры­сты рефор­ма­лар жиын­ты­ғын ұсынды.

Бұл рефор­ма­лар – ұлт­тық дең­гей­де­гі инсти­ту­ци­о­нал­дық транс­фор­ма­ци­я­ның бастауы.

Соның аясын­да мем­ле­кет­тік құры­лым­ның кон­цеп­ци­я­сы кешен­ді түр­де өзгермек.

Сөй­тіп, билік архи­тек­ту­ра­сы түбе­гей­лі жаңғырады.

Бұл қадам­дар­ды «Пре­зи­дент Тоқа­ев­тың әділет жолы» деп айтуға болады.

Ол жұмыс бүгін ғана басталған жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұ­лы пре­зи­дент­тік­ке кіріс­кен алға­шқы күн­нен бастап, кезең-кезеңі­мен іске асып келе жатқан жүй­елі, кешен­ді рефор­ма­лар­дың заң­ды жалғасы.

***

Бұл баста­ма­лар­дың үлкен бір бағы­ты Пар­ла­мент­тің келе­ше­гіне қаты­сты. Мәжіліс депу­тат­та­ры осы өзгерістер­дің қай­наған орта­сын­да жүр.

Бар­лық фрак­ция жетек­шілері, біраз әріп­тесі­міз жұмыс тобы­ның қыз­метіне бел­сене атса­лы­сты. Жар­ты жыл бойы бола­шақ Пар­ла­мент­тің құры­лы­мы мен құзы­реті төңіре­гін­де нақты нор­ма­лар әзір­леп, ұсы­ны­стар берді.

Әр пар­ти­я­ның сая­си ұста­ны­мы мен көзқа­ра­сы Пре­зи­дент­тің пози­ци­я­сы­мен үндесті. Жал­пы, пар­ла­мент­тік рефор­ма сая­си жүй­ені қай­та қара­уға жол ашып отыр.

Бір пала­та­лы Пар­ла­мент құру – ел бола­шағы үшін тағ­дыр­ше­шті, өте қажет шешім. Ол – сая­си жау­ап­кер­шілік­ті нақты­лау, пар­ти­я­лар­дың инсти­ту­ци­о­нал­дық рөлін күшей­ту, заң шыға­ру про­цесін кәсі­би­лен­ді­ру деген сөз.

Мем­ле­кет бас­шы­сы айтқан­дай, біздің мақ­са­ты­мыз – мүл­дем жаңа сипаттағы ықпал­ды заң шыға­ру­шы орган құру. «Күшті Пре­зи­дент – ықпал­ды Пар­ла­мент – есеп беретін Үкі­мет» фор­му­ла­сын одан әрі күшейту.

Қазір Мәжілі­сте 6 фрак­ция қоян-қол­тық жұмыс істеп жатыр. Көп­пар­ти­я­лы қыз­мет­те мол тәжіри­бе жина­дық. Сол тәжіри­бе алда про­пор­ци­о­нал жүй­е­мен жасақта­ла­тын бір пала­та­лы Пар­ла­мент­тің негізі болуға тиіс.

***

Сон­дай-ақ Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның пре­зи­дент­тік кво­та­дан бас тар­туы, Ассам­блея кво­та­сын алып таста­уы – Пар­ла­мент­ке толық дер­бес­тік беру деген­ді біл­діреді. Ең басты­сы – бұл либе­рал­ды баста­ма­ны халы­қа­ра­лық сая­си ұйым­дар қол­дай­ты­ны анық.

Халқы­мы­здың тара­пы­нан да кеңі­нен қол­дау тапқа­ны­на көзі­міз жетіп отыр. Ол әлем­дік тәжіри­бе­ге, жаһан­дық кон­вен­ци­я­ларға толық сәй­кес келеді.

Бір сөз­бен айтқан­да, отан­дық пар­ла­мен­та­ризм тарихын­да батыл да демо­кра­ти­я­лық қадам­дар жаса­лып жатыр.

***

Ең басты жаңа­лық – Пре­зи­дент­тің бола­шақ Пар­ла­мент­ті Құры­л­тай деп ата­уды ұсы­нуы. Мұны өте ұтым­ды шешім дер едім. Менің ойым­ша, тари­хи тұрғы­дан да, қазір­гі заман тұрғы­сы­нан да Пар­ла­мент­тің табиға­тын аша түсетін атау.

Құры­л­тай – қай кезең­де де дала демо­кра­ти­я­сы­ның негізі болған. Ежел­ден ұлт тағ­ды­рын айқын­даған, ел ама­на­тын арқа­лаған институт.

Пре­зи­дент дәл осы жау­ап­кер­шілік­ті бола­шақ Пар­ла­мент­ке жүк­теп отыр.

***

Соны­мен қатар кей­ін­гі кез­де ұлты­мы­зды ұйы­сты­ра­тын, қоғам­ды бірік­тіретін инсти­тутқа деген қажет­тілік арта түсу­де. Шынын айту керек, бұл тұрғы­да Ассам­блея мен Ұлт­тық құры­л­тай өз мис­си­я­сын толық орын­да­ды. Енді осы бағыт­тағы жұмысты жүй­е­леп, жан­дан­ды­ру үшін Пре­зи­дент Халық кеңесін құру­ды ұсын­ды. Ол қоғам­дық кон­сен­сус пен сенім алаңы­на айналады.

Айта кетер­лік жайт, Халық кеңесі Пар­ла­мент­тің бала­ма­сы емес. Бұл – мем­ле­кет пен халық ара­сын­дағы алтын көпір. Оған этно-мәде­ни орта­лы­қтар­дың, ірі қоғам­дық бір­ле­стік­тер­дің, мәс­ли­хат­тар мен аймақтар­дағы қоғам­дық кеңе­стер­дің мүше болуы ашы­қты­қты арт­ты­рып, нәти­желі жұмысқа арқау бола­ды. Осы­лай­ша біз сая­си ком­му­ни­ка­ци­я­ның тың фор­ма­ты­на көше­міз. Жаңа сая­си мәде­ни­ет­ке жол аша­мыз. Халық кеңесі – елде­гі ең жоға­ры кон­суль­та­тив­тік орган мәр­те­бесіне ие болады.

***

Бұдан бөлек, билік тар­мақта­рын жаңғыр­ту үшін, Мем­ле­кет бас­шы­сы Вице-пре­зи­дент лау­а­зы­мын енгі­зу баста­ма­сын көтер­ді. Бір­ден айта кетей­ін, бұл билік­ті бөлу емес. Мем­ле­кет­тік басқа­ру жүй­есін қазір­гі заманға бей­ім­деу. Осы ұсы­ны­стар Қаза­қстан­ның сая­си жүй­есін айтар­лы­қтай жаңғыр­тып, жаңа инсти­ту­ци­о­нал­дық дең­гей­ге көтереді.

***

Жоға­ры­да айты­лған­дар­дың бәрі жаңа кон­сти­ту­ци­я­лық түзе­ту­лер қабыл­да­уды талап етіп отыр. Бұл – жаңа Кон­сти­ту­ция қабыл­да­у­мен пара-пар өзгеріс, тари­хи қадам деу­ге болады.

Пре­зи­дент­тің сая­си бағы­ты­ның өзе­гін­де әділ­дік иде­я­сы жатыр. Осы тұрғы­да Жаңа Кон­сти­ту­ция Әділет­ті Қаза­қстан­ның құқы­қтық ірге­та­сы­на айналмақ.

Ең басты­сы – Мем­ле­кет бас­шы­сы: «Біз бәрі­міз Әділет­ті Қаза­қстан­ды ең жоға­ры мақ­сат ретін­де көз­дей­міз» деген қағи­дат­ты Ата заңға шеге­леп жазуы­мыз керек» деді. Рефор­ма­лар, ауқым­ды өзгерістер – бір адам­ның емес, тұтас ұлт­тың жауапкершілігі.

Алды­мы­зда жұмыс көп. Пре­зи­дент рефор­ма­ла­ры мен баста­ма­ла­рын заң­на­ма­лық тұрғы­да қам­та­ма­сыз ету­ге тиіспіз.

Республиканский еженедельник онлайн