Суббота , 1 ноября 2025

Патриотизм – жалаң ұран емес, ұлттық ұстанымды заманауи деңгейде дамыту

Бүгін­де пат­ри­о­тизм – бос ұран емес, іс жүзін­де­гі жау­ап­кер­шілік. Ол әр аза­мат­тың өз еліне, туған жеріне, мәде­ни­еті мен тарихы­на деген құр­меті­нен бастау ала­ды. Нағыз отан­сүй­гі­штік – елді сөз­бен емес, еңбе­гің­мен сүю. Адам­ның қай сала­да еңбек етсе де өз ісіне адал болып, ел дамуы­на кіш­кене бол­са да үлес қосуы – пат­ри­о­тиз­мнің ең биік көрінісі.

Жаһан­да­ну дәуірін­де ұлт­тық құн­ды­лы­қтар мен дәстүр­лер­ге сүй­е­ну – елдің руха­ни тәу­ел­сізді­гінің кепілі. Қазір әлем­де түр­лі мәде­ни­ет­тер ара­ла­сып, жастар­дың сана­сы­на сыр­тқы әсер күшей­іп келеді. Осын­дай заман­да өз бол­мысы­ң­ды жоғалт­пай, ұлт ретін­де дара қалу – үлкен сын. Сон­ды­қтан мем­ле­кет дең­гей­ін­де пат­ри­от­тық тәр­би­е­ге, ұлт­тық сана мен мәде­ни код­ты сақта­уға ерекше мән берілуі орынды.

Мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев атап өткен­дей, «Пат­ри­о­тизм туған жеріңе, тілің мен мәде­ни­етіңе деген сүй­іспен­шілік­тен баста­ла­ды. Ұлт­тық құн­ды­лы­қтар­ды дәріп­те­мей­ін­ше, шынайы отан­сүй­гі­штік қалып­тас­пай­ды». Бұл сөздің аста­рын­да терең мән жатыр. Елге деген сүй­іспен­шілік – жай сезім емес, ұлт бола­шағы­на бағыт­талған күн­делік­ті әрекет.

Қазақ халқы­ның сан ғасыр­лық тарихы – пат­ри­о­тиз­мнің айқын көрінісі. Ел қорғаған батыр­лар, ұлт үшін қалам тер­бе­ген зия­лы­лар, ғылым мен мәде­ни­ет­ке үлес қосқан тұлға­лар – өз елінің намысын қорғап, ұлт мүд­десін бәрі­нен биік қой­ған жан­дар. Ал бүгін­гі ұрпақтың мін­деті – сол рух­ты жалға­сты­рып, ел дамуы­на үлес қосу.

Иә, қазір­гі жастар­дың елге деген сүй­іспен­шілі­гі жаңа қыры­нан көрініс тауып келеді. Бірі өз кәсібін ашып, отан­дық өнім шығар­са, екін­шісі ғылым мен тех­но­ло­гия сала­сын­да ел атын таны­тып жүр. Бұл – жаңа дәуір пат­ри­о­тиз­мі. Мыса­лы, ұлт­тық сән инду­стри­я­сын дамы­тып жүр­ген дизай­нер­лер, ұлт­тық тағам мен қолө­нер­ді бренд­ке айнал­ды­рған кәсіп­кер­лер қаза­қтың мәде­ни­етін әлем­ге паш етіп отыр. Олар үшін пат­ри­о­тизм – құр сән емес, өмір­лік ұстаным.

Эко­но­ми­ка­лық тұрғы­дан алған­да да пат­ри­о­тизм – елдің тұрақты­лы­ғы мен өркен­де­уінің негізі. Өз өні­мін тұты­ну, отан­дық биз­не­сті қол­дау, шетел­ге тек шикі­зат емес, дай­ын өнім шыға­ру… міне, эко­но­ми­ка­лық пат­ри­о­тизм дегені­міз – осы. Бұл тек кәсіп­тің дамуы­на емес, елдің беделіне де ықпал етеді.

Соны­мен қатар пат­ри­о­тизм – руха­ни имму­ни­тет. Қара­пай­ым тіл­мен айтқан­да, ол – ұлт­ты сыр­тқы ықпал­дар­дан, бөтен идео­ло­ги­ядан қорғай­тын қалқан. Сон­ды­қтан әр қаза­қстан­дық өз бол­мысын, тілін, дәстүрін қадір­ле­у­ге тиіс. Өйт­кені елге деген сүй­іспен­шілік алды­мен өзіңді тану­дан басталады.

Қазір Қаза­қстан­да пат­ри­от­тық сезім тек мем­ле­кет­тік дең­гей­де емес, аза­мат­тық қоғам­да да кеңі­нен қол­дау тауып отыр. Волон­тер­лік жоба­лар, жастар қозға­лы­ста­ры, мәде­ни баста­ма­лар – дәл қазір­гі сәт­те­гі елге деген қамқор­лы­қтың жаңа фор­ма­сы, зама­на­уи пат­ри­о­тиз­мнің нақты көрінісі. Сол себеп­ті бүгін­гі ұрпақтың алдын­да тәу­ел­сіздік­тің рухын сақтап, оны жаңа маз­мұн­мен толы­қты­ру сияқты үлкен мін­дет тұр деу­ге толық негіз бар.

Бүгін­гі заман тала­бы­на сай, пат­ри­о­тизм тек әске­ри ерлік­пен неме­се батыр­лы­қ­пен шек­тел­мей­ді. Ол – кәсі­би шебер­лік, білім мен білік, іскер­лік пен баста­ма­шыл­дық арқы­лы елдің дамуы­на үлес қосу. Осы тұрғы­дан алған­да, әрбір қаза­қстан­ды­қтың өз сала­сын­да адал еңбек етуі – мем­ле­кет дамуы­ның тірегі.

Әлем­дік мәде­ни­ет­тер мен құн­ды­лы­қтар тоғы­сын­да жастар­дың дүни­е­та­ны­мы кеңей­ген­мен, өз тамы­ры­нан ажы­ра­мауы қажет. Елін сүй­етін аза­мат алды­мен өз халқы­ның тілін, мәде­ни­етін, тарихын құр­мет­тей­ді. Мұн­дай руха­ни берік­тік ұлт­тың бір­лі­гін нығай­тып, мем­ле­кет­тің іргесін бекітеді.

Қоры­та айтқан­да, әр қаза­қстан­дық өз ісіне адал болып, ел мүд­десін бірін­ші оры­нға қой­са, Қаза­қстан­ның келе­ше­гі кемел бола­ры сөзсіз.

Ғали ТӨЛЕК

Республиканский еженедельник онлайн