Понедельник , 30 июня 2025

ПИКЕТКЕРҰҚСАТ, тақырыпқа – тыйым

  • 22 қыр­күй­ек­те Ақтө­бе қала­сын­да рұқ­сат етіл­ген бір адам­дық пикет­ке шыққан құқық қорға­у­шы Әли­ма Әбдіро­ва мен Оль­га Кли­мо­но­ва­ны поли­ция ұстап әкетті.

– Бізді Зауыт поли­ция бөлі­міне әкетіп бара­ды. Мен рұқ­сат етіл­ген пикет екенін айтып, қорған­бақ болған­мын. Қала әкі­мінің қаулы­сын да көр­сет­тім. Сөзі­ме ешкім құлақ аспа­ды. Поли­ция қыз­мет­кер­лері сағат 12-ге таман көлік­ке күш­теп салып әкет­ті. Бір инспек­тор «пого­ным­ды жұлып алдың» деп жала жауып отыр, – деді «Азатты­ққа» поли­ция көлі­гін­де кетіп бара жатып хабар­ласқан Әли­ма Әбдірова.

Әбдіро­ва 21–23 қыр­күй­ек­ке әкім­дік­тен бір адам­дық пикет ұйым­да­сты­руға рұқ­сат алған. 21 қыр­күй­ек­те­гі пикет­те ол пре­зи­дент­тік­тен кет­се де, билік­ке ықпа­лын сақтап қалған экс-пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа санк­ция салу­ды Еуро­па одағы­нан сұраған.

Ақтө­бе қала­лық ішкі сая­сат бөлі­мі бір адам­дық пикет өткі­зу үшін Әбдіро­ваға рұқ­сат беріл­генін рас­та­ды. Бірақ құқық қорға­у­шы­ның ұсталға­ны­нан бей­ха­бар. Ақтө­бе әкім­ді­гінің қыз­мет­кер­лері «Азатты­ққа» «бүгін­гі пикет­тің кезек­шілі­гі облы­стық ішкі сая­сат бөлі­мін­де» деп жау­ап бер­ді. Ал Ақтө­бе облы­стық ішкі сая­сат басқар­ма­сы­ның бас­шы­сы Айбек Көпе­нов құқық қорға­у­шы Әбдіро­ва­ның ұсталға­нын растады.

– Әли­ма Әбдіро­ва тақы­рып­тан ауы­тқып кет­кен­дік­тен, 21–22 қыр­күй­ек­те ескер­ту жасал­ды. Бірақ құлақ аспаған­ды­қтан, поли­ция шара қол­данған, – деді Айбек Көпенов.

Әбдіро­ва «Азатты­ққа» 21 қыр­күй­ек күні бер­ген сұх­ба­тын­да облыс әкім­ді­гі­нен «хабар­ла­ма фор­ма­тын бұз­дың» деп хабар­ласқа­нын, өзін кез кел­ген уақыт­та поли­ция ұстап әке­туі мүм­кін екенін айтқан еді. Ол «хабар­ла­ма фор­ма­тын бұз­дым», «тақы­рып­тан ауы­тқы­дым» деп санамайды.

Айтуын­ша, қала әкім­ді­гіне жол­даған хабар­ла­ма­да пикет мақ­са­тын «Қаза­қстан­да адам құқы­қта­ры­ның бұзы­луы, санк­ция талап ету» деп қысқа­ша көр­сет­кен. Ал пикет­ке алып шыққан пла­ка­ты­на «Сот­тар мен Назар­ба­евқа санк­ция салу­ды талап ете­мін» деп бірін­ші пре­зи­дент­тің фами­ли­я­сын жазған. Адам құқы­ғы бұзы­лған жағ­дай­да санк­ция лау­а­зым­ды тұлғаға салы­на­ты­ны айдан анық. Біздің жағ­дай­ды елді отыз жылға жуық басқарған Назар­ба­евқа санк­ция салу керекті­гі айт­па­са да түсінік­ті емес пе? – дей­ді Әбдірова.

Әбдіро­ва 16–18 қыр­күй­ек­те де рұқ­сат етіл­ген пикет өткізіп, Еуро­одақтан Қаза­қстан­ның экс-пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа санк­ция салу­ды сұраған еді.

Әбдіро­ва­ның пикет­терін видео-фотоға түсіріп жүр­ген құқық қорға­у­шы Оль­га Кли­мо­но­ва «Азатты­ққа» әкім­дік­тен бір адам­дық пикет­ке рұқ­сат ала алмай жүр­генін айтқан.

– Жаз бойы пикет өткі­зетінім­ді хабар­лап, қала әкім­ді­гіне жүз шақты хат жол­да­дым. Пикет­ке рұқ­сат бер­мей қой­ды. Өйт­кені соңғы рет рұқ­сат етіл­ген пикет­ке шыққа­ным­да, қолым­да «Шал, кет!» деген жазуы бар пла­кат бол­ды. Осы­дан кей­ін әкім­дік­тен ылғи бір сарын­ды жау­ап алып жүр­мін. Яғни, менің Қаза­қстан аза­ма­ты ретін­де бей­біт митин­гі­ге шығуға құқы­ғым жоқ, – деген еді Оль­га Климонова.

Ақтө­белік құқық қорға­у­шы­лар Әли­ма Әбдіро­ва мен Оль­га Кли­мо­но­ва бұған дей­ін­гі пикет­терін­де де Еуро­па одағы­нан Назар­ба­евқа санк­ция салу­ды талап еткен. Был­тыр қыр­күй­ек айын­да олар Ақтө­бе­де­гі қала әкім­ді­гіне барып, «құқық қорға­у­шы­лар мен олар­дың отба­сы мүше­леріне жүй­елі түр­де қысым жасай­тын» билік­ке нара­зы­лық білдірген.

ЖАҢАӨЗЕНДЕЖАППАЙ ҚАМАУ

Маңғы­стау облы­сы Жаңаө­зен қала­сын­да «бей­біт жиын өткі­зу тәр­тібін бұзға­ны үшін» бір­не­ше бел­сен­ді әкім­шілік қамауға алын­ды. Олар­дың көбі тамы­здың соңын­да қала­да өткен мәж­бүр­лі вак­ци­наға қар­сы акци­яға қаты­сқан.

Сот шеші­міне сәйкес:

  • Мұрат­бай Жұмаға­ли­ев, Әкім­шілік кодекстің 488-бабы, 11-бөлі­гі бой­ын­ша айып­талған – 20 тәулік­ке қамалған;
  • Жаң­быр Ерға­зи­ев, Әкім­шілік кодекстің 488-бабы, 11-бөлі­гі бой­ын­ша айып­талған – 20 тәулік­ке қамалған;
  • Ғазиз Махам­бе­тов, Әкім­шілік кодекстің 488-бабы, 6‑бөлігі бой­ын­ша айып­талған – 5 тәулік­ке қамалған;
  • Серік Тіле­уба­ев, Әкім­шілік кодекстің 488-бабы, 6‑бөлігі бой­ын­ша айып­талған – 5 тәулік­ке қамалған;
  • Бақты­ға­ли Сәби­ев, Әкім­шілік кодекстің 667-бабы, 1‑бөлігі бой­ын­ша айып­талған – 4 тәулік­ке қамалған;
  • Кел­бет Нұр­ба­ев, Әкім­шілік кодекстің 488-бабы, 6‑бөлігі бой­ын­ша айып­талған – 5 тәулік­ке қамалған;

Бел­сен­ділер­дің бар­лы­ғы­на сот шеші­мі 19 қыр­күй­ек күні шыққан.

Еске сал­сақ, 30 тамы­зда Жаңаө­зен­де бір топ бел­сен­ді мен қала тұрғын­да­ры коро­на­ви­рус вак­ци­на­сын мәж­бүр­леп сал­ды­руға қар­сы­лық акци­я­сын өткіз­ген еді. «Вак­ци­на­ны мүл­дем сал­дыр­май­мыз демей­міз. Бірақ мәж­бүр­ле­месін, әркім өз еркі­мен сал­дыр­сын», – деген еді сол кез­де бел­сен­ді Мұрат­бай Жұмағалиев.

Azattyq.org

Рефе­рен­дум өткізу­ге БАСТАМА КӨТЕРІЛДІ

Бел­гілі мем­ле­кет және қоғам қай­тар­кері Бал­таш Тұр­сым­ба­ев «ДАТ» газетінің өткен нөмеріне бер­ген сұх­ба­тын­да Ресей­дің Қаза­қстан­да АЭС салуы­на, мем­ле­кет­ті басқа­ру­дың цифр­лы жүй­есін Ресей­ге беру­ге және Пар­ла­мент­тің интер­нет­ті шек­теу тура­лы қабыл­дап жатқан заңы тура­лы халы­қтың пікірін білу мақ­са­тын­да рефе­рен­дум өткі­зу керек деген баста­ма­сы қоғам­да қызу талқылануда.

Сей­сен­бі күні «Ел мен Жер» қозға­лы­сы­ның кең­сесін­де осы және тағы басқа мәсе­ле­лер жөнін­де жиын өтті. Оған алма­ты­лық қоғам бел­сен­ділері­мен бір­ге Алма­ты облы­сы мен Шым­кент, Тараз қала­ла­ры­ның ұлт­шыл-пат­ри­от аза­мат­та­ры қаты­сып, өз ойла­ры­мен бөлісті. Жиын­да жоға­ры­да айты­лған және басқа да сұрақтар жөнін­де рефе­рен­дум өткізу­ге қоғам­дық баста­ма көте­ру тура­лы шешім қабылданды.

Бүкіл­ха­лы­қтық рефе­рен­дум­ды билік­тен талап ету кам­па­ни­я­сын ұйым­да­сты­рып, оны басқа­ру жөнін­де­гі комис­си­я­ның төраға­лы­ғы­на «ДАТ» газетінің бас оқыр­ма­ны, қоғам қай­рат­кері Ермұрат Бапи, оның орын­ба­са­ры болып бел­гілі режис­сер, қоғам бел­сен­дісі Еркін Рақы­шев сай­лан­ды. Жақын күн­дері баста­ма­шыл топ рефе­рен­дум өткі­зу жай­лы қажет құжат­тар мен сұрақтар­ды даяр­лап, үкі­мет пен көп­шілік­ке ұсы­на­тын болады.

Айсұ­лу ОСПАН

Көңіл айту

«ДАТ» медиа-жоба­сы­ның редак­ци­я­лық ұжы­мы Қаза­қстан­ның Халық жазу­шы­сы, Қырғыз­стан­ның Халық ақы­ны, көп­те­ген халы­қа­ра­лық сый­лы­қтар­дың лау­ре­а­ты Мұх­тар Шаха­но­вқа ұлы РАУАННЫҢ мез­гіл­сіз қай­тыс болуы­на бай­ла­ны­сты қай­ғы­сы­на ортақ­та­сып, көңіл айта­ды. Бекем болы­ңыз, қадір­мен­ді Мұқа!

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн