Суббота , 5 июля 2025

ПОЛИЦИЯНЫҢ ҚОРЛЫҒЫ ӨТТІ

37-нің ызға­ры халы­қты қор­лап, қарып барады…

Елі­міз еге­мен­ді бол­са да, билік­те­гілер сол баяғы қорқы­ту, үрей туғы­зу әдістерін жалға­сты­ру­да. Оның дәлелі кеше­гі – 2018 жылы 16 жел­тоқ­сан­дағы тота­ли­тар­лық режим­нің әрекеті… 

Мені 16 жел­тоқ­сан­да сағат таңер­тең­гі сағат 8.40-та үйден шыға бере, бас­сейн­ге кетіп бара жатқан жерім­де Алма­лы ауда­ны­ның учас­ке капи­та­ны С. Шалғым­ба­ев пен аға лей­те­нант Сала­ба­ев Кәрім және тағы 3 поли­ция – бар­лы­ғы 5 поли­ция мәж­бүр­леп, еркім­нен тыс, мал секіл­ді сүй­ре­леп, бесе­уі жалғыз маған жабы­лып, қолы­ма жарақат салып, борт нөмірі «53» авто­көлі­гіне мыжғы­лап тықты. Әйелім­нің қолын бұрап, оны өз үйіне кір­гіз­бей, есік­ті жауып жалаңаш суы­қта ұстады. 

Түстен кей­ін әкім­шілік сотқа апар­ды: «Поли­ци­яға қар­сы­лық көр­сет­тің, курт­ка­сын жырт­тың» деп. Мені сүй­реп, жан­та­ла­сып жүр­ген­де, Шалғым­ба­ев­тың қол­ты­ғы сөгіліп кетіп­ті. Ал олар «шаш ал десе, бас алу» әдісі­мен жан­дай­шап­тық, жен­дет­тік әре­кет­ке барып, басты­ғы­на жағы­ну үшін жан алып, жан бер­ген­дей, мені­мен алы­сты. Тігісі­нен сөгіл­ген курт­каға поли­ция – өздері жалған сарап­та­ма жасап, мені айып­та­ды. Сот­та олар өздерінің жен­дет­тік әре­кет­терін дәлел­дей алмай, басты­ғы­мыз бұй­ыр­ды деп ақталды. 

Неге кей­бір поли­ци­я­лар 37-нің жен­дет­тері­нен аумай­тын қыз­мет­тік билік­терін пай­да­ла­нып, өз ұлты аза­мат­та­ры­ның жаға­сы­нан алып, үндерін өшіру­ге тыры­сып, «өз ана­сы­на өзі шаба­тын хай­у­ан» секіл­ді сорақы қылық көрсетеді?

Ал басты­қта­ры – АПБ ЖПҚ басты­ғы, май­ор Абды­ға­ли­ев Рүстем мен тер­геу бөлі­мінің басты­ғы Бейм­бе­ков Айдарбек. 

Бейм­бе­ков Айдар­бек мені тіп­ті таны­май, көр­мей тұрып, кем­сітіп, «әлгі шал қай­да» дегенін қалай түсі­ну­ге бола­ды? Бұл «кеудесіне нан піс­кен», өзін өзге­лер­ден жоға­ры санай­тын жен­дет­тің қылы­ғы. Бұл жер­де ол ҚР ішкі істер орган­да­ры қыз­мет­кер­лерінің Ар-намыс кодексінің 3‑тармағында көр­сетіл­ген «жеке және заң­ды тұлға­лар­дың құқы­қта­ры, бостан­ды­қта­ры мен заң­ды мүд­де­лерінің сақта­луы мен қорға­луын қам­та­ма­сыз ету­ге, олар­ды бұзу іс-әре­кет­теріне жол бер­ме­у­ге мін­дет­ті» деген талап­ты орын­да­май, өздерінің қыз­мет­тік билік­терін асы­ра пай­да­ла­нып, қыз­мет­тік қыл­мыс жаса­ды. Өздеріне тәу­ел­ді поли­ци­я­лар­ды лау­а­зым­да­рын пай­да­ла­нып, құқық бұзу­шы­лы­ққа итермелеген.

Май­ор Абды­ға­ли­ев Рүстем­мен ара­да бас араз­ды­ғы­мыз бар. Мен оның қыз­мет­тік жалған­дық жасаға­нын және оның басты­ғы, Алма­лы ауда­ны­ның басты­ғы Меңді­ба­ев­тар­дың үсті­нен шағым­данған­мын. Меңді­ба­ев бірін­ші бас­шы бола тұра, жазған 6 рет­те­гі шағы­мы­ма заң тала­бы­на сай жау­ап та бер­мей, мен­сін­бе­ушілік таны­тып, лау­а­зы­мын бұл­дап, билі­гін асы­ра пай­да­лан­ды. Міне, жұрт­тың құқы­қта­рын, бостан­ды­қта­рын қорға­уға тиісті бас­шы­лар өздері қыз­мет­тік билік­терін арқа­ла­нып, қол астын­дағы поли­ци­я­лар­ды маған қар­сы айдап салып, менен осы­лай өш алмақ болған.

Мені тер­ге­мек болған аға лей­те­нант Өте­п­ба­ев Қылыш­бек менің адво­кат шақыр­тқан тала­бы­ма пысқы­рып та қара­ма­ды. Менің қаты­сым жоқ, маған бел­гісіз «қыл­мыстық іске» куәсіз деп, алдап шақы­рып, оның кім­ге қаты­сты екенін де айт­пай, бет алба­ты сан­ды­рақ сұрақтар қой­ып қор­ла­ды, жалған хат­та­ма тол­ты­рып, ҚР ҚК 416-бабын­дағы қыл­мысты өзі жаса­ды. Маған қолым­дағы мәж­бүр­леп әке­лу бары­сын­да поли­ци­я­лар салған дене жарақа­тын дәрі­гер­лік сарап­та­ма­дан өткі­зу үшін арнайы жол­да­ма талап еттім. Ол алдап, әне берем, міне берем деп бермеді. 

«Мем­ле­кет­тік билік­ке қар­сы емес­сіз бе?» – деп сұрақ қой­ды. Мен «мем­ле­кет­тік билік үш тар­мақтан тұра­ды, қай­сысын сұрап отыр­сыз?» деп едім ашу­ла­нып, маған қоқан-лоқы көр­се­те баста­ды. Сөй­тіп, заң­нан мақұ­рым, тек «адам­дарға қар­сы бұй­ры­қты» орын­дай­тын­дар мені бесе­уі жабы­лып, сотқа апарды. 

Пре­зи­дент жақын­да министр, гене­рал-пол­ков­ник Қасы­мо­вты мұқым елдің көзін­ше «поря­доч­ный, гра­мот­ный поли­цей­ский…» деп еді. Ал осы «поря­доч­ный» мини­стр­дің кадр­ла­ры «не поря­доч­ный, без­гра­мот­ный» екенін жұрт жақ­сы біледі. Министр мыр­за, пре­зи­дент­тің өзіңіз­ге бер­ген баға­сын ақта­май­сыз ба?

Маған әкім­шілік сотын­да өзі сатыл­май­тын, қорғай­тын ада­мын сат­пай­тын адво­кат кезік­ті, оның есі­мі – Мұста­па­ев Алим деген нағыз білік­ті аза­мат екен.

Боя­у­ов Жан­дос есім­ді ақиқат­тан атта­май­тын, «қисық көше­де түзу жүре ала­тын», тек заңға ғана бағы­на­тын, бұрын жар­ты ғасыр­дан астам өмір сүр­сем де, кезік­тір­ме­ген про­ку­рор­ды жолы­қты­рып, түс көр­ген­дей болып жүр­мін. Мен білетін про­ку­рор­лар, судья­лар жағым­паз, көпе-көрі­неу өтірік шешім шыға­ра­тын, сау­ат­сыз, жал­тар­ма жау­ап беретін «қасқа­лар» еді.

Мені сот кінәсіз деп тауып, істі қысқарт­ты, 12 сағат ұстап, кеш­кі сағат 9.00-де үйі­ме жібер­ді. Сөй­тіп, билік­тің жан­дай­шап­та­ры­мен 12 сағат бойы заң­сыз әре­кет­терін жоққа шыға­рып, «қару­сыз шай­қа­стым». Судья да мен білетін өзге судья­лар секіл­ді заңға қар­сы шықпады.

Есенға­зы ҚУАНДЫҚ

Республиканский еженедельник онлайн