Суббота , 5 июля 2025

ПОЛИЦИЯНЫҢ ӨЗІ ҚОР БОЛДЫ

17 жел­тоқ­сан күні сағат 11-ден кете үйден шығып, тро­туар­мен келе жатқа­ным­да, менің соңым­нан «жеке күзет­шілерім», поли­ция капи­тан­да­ры Жар­ма­нов Самат пен Сағын­ды­қов Еркебұлан қуып жетіп тоқтат­ты: «Аға, қай­да барасыз?». 

«Жігіт­тер, ден­дерің сау ма?! Сон­да қалай, маған енді үйден аттап басып шығуға, өз шару­а­ла­рым­мен барғым кел­ген жер­ге баруға бол­май­ды ма? Кеше­гілерің аз болып, тағы да соңым­нан қал­май­сы­ң­дар, мынау масқа­ра бол­ды ғой!!!». 

«Аға, бұй­рық солай, бастық сіз­ге кел­сін деп жатыр». 

«Ешқай­да бар­май­мын. Мен азық-түлік алу үшін дүкен­ге бара жатырмын». 

«Дүкен міне емес пе?» (Бұл «диа­лог» мен тұра­тын үйдің бұры­шын­дағы «Мали­ка» дүкенінің жанын­да болған). 

«Қарағым, мен зей­нет­кер­мін, сон­ды­қтан арзан­дау «Маг­нум» дүкеніне барам». 

«Енде­ше сізді сон­да алып барайық». 

«Жақ­сы, мей­іл­дерің білсін».

Мені мәшинәға оты­рғы­зды. Рөл­де учас­келік май­ор Төле­ев Талғат екен, жүріп кет­тік. Жол­шы­бай кеше­гі «лек­ци­я­ма» қосым­ша тағы біраз әңгі­ме айтып, «мила­рын ашыт­тым». Соның ішін­де: «Сен­дер ғой, өздеріңді еркек, аза­мат санай­сы­ң­дар. Ал мына оңбаған билік­тің бүкіл поли­ци­я­ны қуыр­шақ орны­на ұстап, халы­ққа қар­сы ұят тір­лік­тер­ге пай­да­ла­нып жатқа­нын түсі­несің­дер ме? Ден­дерің сау, аяқ-қол­да­рың бүтін, теп­се темір үзетін жігіт­сің­дер, «екі қолға – бір күрек» деген­дей, басқа жұмыс табы­лар еді ғой. Мен өз басым бүй­тіп нан тапқан­ша, аштан өлген­ді дұрыс көрер едім», – дедім. «Күзет­шілерім­де» үн жоқ. 

Дүкен­ді ара­лап, ол-пұл алып жүріп бай­қай­мын, әлгі бай­ғұстар әр жер­ден сыға­лап, мені әлі аңдып жүр! Кере­гім­ді алып, кас­саға кел­сем, еке­уі оты­рғы­шта күтіп отыр. Орын­да­ры­нан тұрып, кас­са­дан өткен азық-түлік­ті пакет­тер­ге сал­ды. Менің соңым­нан еріп, пакет­тер­ді алып жүр­ді. Мәшинәға отырдық. 

Қай­тып келе жатқан­да: «Бір есеп­тен, мына­ла­рың маған жаман бол­ма­ды. Қан­ша айтқан­мен, жая­уға біраз жер еді. Енде­ше келесі жол­да­ры дүкен­ге барар­да сен­дер­ге хабар­ла­сып тұрай­ын, мақұл ма?» – дедім. 

Бұлар не айта­рын біл­мей күміл­жі­ген соң: «Мен рас айтам, хабар­ла­сам», – дедім. Содан кей­ін ғана үндері шықты: 

«Енді… қол­да­ры­мыз тисе… келе­міз ғой…».

Екі капи­тан пакет­тер­ді пәтерім­нің есі­гіне дей­ін жет­кізіп салып, қоштасты.

Ай, қай­ран жігіт­тер-ай! Бір жағы­нан, әбден есі­нен ауы­сып, алжып кет­кен дик­та­тор­лық режим­ге халқы­мы­зды қор­ла­у­ға көмек­тесіп, екін­ші жағы­нан, өздерің де қор болып, бүй­тіп жұмыс істе­ген­дерің құрысын.

Республиканский еженедельник онлайн