Пятница , 20 марта 2026

ПОЛЯК ҚЫЗЫНА ПАЦИЕНТТЕР РАЗЫ

Қос­шы қала­сын­дағы науқаста­нып қалған әрбір жан №1 қала­лық емха­наға кел­ген сай­ын жылы жүз­бен жымия қар­сы ала­тын бұл әйел­ді жақ­сы тани­ды. Өйт­кені олар­дың сұраған дәрі-дәр­ме­гін дереу тауып беріп, ілти­пат біл­діріп тұра­тын жан­ды кім ұмыт­сын?.. Сол шуақты көңіл­дің, мей­ірім­ге толы орта мен шынайы қыз­мет­тің артын­да тұрған жан – дәрі­ха­на мең­ге­ру­шісі Люд­ми­ла Ана­то­льев­на Горская.

Сабыр­лы, көп­шіл, әр паци­ен­тіне жылы сөзін аямай­тын Люд­ми­ла Ана­то­льев­на өз ісін жай ғана жұмыс емес, өмір­лік борыш деп біледі.

Ол 1967 жыл­дың 17 қара­ша­сын­да бұры­нғы Цели­но­град облы­сы Шор­тан­ды ауда­ны­ның Дам­са ауы­лын­да дүни­е­ге кел­ген. Оның өмір жолы ХХ ғасыр­дағы тари­хи көші-қон­ның бір көрінісі іспетті.

«Атам мен әжем, сон­дай-ақ әкем 1936 жылы Укра­и­на­дағы Хмель­ниц­кий облы­сы­нан Қаза­қстанға жер ауда­ры­лған. Ал анам 1956 жылы Бело­рус­си­ядан тың көте­ру­ге келіп­ті», – дей­ді ол өткен­ді еске алып.

Осы­лай­ша, әр ұлт­тың өкіл­дері қазақ жерін­де тоғы­сып, ортақ тағ­дыр­мен біте қай­на­сып, жаңа өмір бастаған. Ал олар­дың бала­ла­ры мен неме­ре­лері – бүгін­гі еге­мен елдің аза­мат­та­ры, дәрі­гер, ұстаз, дәріханашы…

1984 жылы Дам­са орта мек­тебін бітір­ген соң, Люд­ми­ла Ана­то­льев­на Шым­кент қала­сын­дағы Алма­ты фар­ма­цев­ти­ка инсти­ту­ты­ның фили­а­лы­на оқуға түседі. Сол кездің өзін­де ол өмірін меди­ци­на­мен бай­ла­ны­сты­ру­ды мақ­сат еткен.

«Фар­ма­цевт болу – тек дәрі беру емес, адам­ның жанын түсі­ну, оған қол­дау көр­се­ту. Кей­де жылы сөздің өзі ем бола­ды», – дей­ді кей­іп­кері­міз күлімсіреп.

Инсти­тут­ты тәмам­даған соң жас маман туған жеріне ора­лып, Шор­тан­ды аудан­дық ауру­ха­на­сын­да про­ви­зор, яғни дәрі­ха­на мең­ге­ру­шісі болып жұмысқа орна­ласқан. 35 жыл бойы бір сала­да, бір мақ­сат­та, бір жүрек­пен қыз­мет ету үлкен еңбек пен адал­ды­қтың айғағы бол­са керек.

Ол жыл­дар бойы дәрі-дәр­мек тап­шы­лы­ғы, ден­са­улық сақтау сала­сын­дағы рефор­ма­лар, жаңа тех­но­ло­ги­я­лар мен пан­де­мия сияқты талай өзгерістер­ді көр­ді. Бірақ бар­лы­ғын­да ол өз маман­ды­ғы­на деген сүй­іспен­шілік­ті жоғалтпады.

2024 жылы Люд­ми­ла Ана­то­льев­на отба­сы­мен бір­ге Аста­наға қоныс ауда­рып, кей­ін Қос­шы қала­сы­на келіп, №1 қала­лық емха­на­да дәрі­ха­на мең­ге­ру­шісі қыз­метін атқа­ра бастады.

«Қос­шы – ерекше қала. Мұн­да адам­дар мей­ірім­ді, жылы жүзді. Қала күн­нен күн­ге көр­кей­іп келеді. Бола­шағы зор деп сене­мін», – дей­ді ол.

Люд­ми­ла Ана­то­льев­на – өз ісінің мама­ны ғана емес, өмір­ге құштар, көп­шіл жан. Қазақ тілі кур­ста­ры­на қаты­сып, мем­ле­кет­тік тіл­ді үйре­ну­ге ерекше ықы­ласпен кіріскен.

«Қазақ тілі сабағы өте қызы­қты өте­ді. Мұғалім­дері­ме риза­мын. Тіл­ді мең­геріп, жер­ле­стерім­мен қаза­қ­ша сөй­лескім келеді», – дей­ді ол.

Бұған қоса, Люд­ми­ла Ана­то­льев­на шығар­ма­шы­лы­қты да ұна­та­ды. Ән айту – оның сүй­ік­ті ісі. Биыл 26 қыр­күй­ек­те Қос­шы қала­лық мәде­ни­ет үйін­де өткен «Star Duet» бай­қа­уын­да ол Мәде­ни­ет үйінің әншісі Азат Тұра­нел­мен бір­ге сахнаға шықты.

«Екі апта бойы дай­ын­дал­дық. Бір әнді қазақ тілін­де, екін­шісін орыс­ша орын­да­дық. Көңіл­ді, думан­ды бол­сын деп қаза­қ­ша әнді өзім ұсын­дым. Әріп­те­стерім­нің қол­да­уы ерекше күш бер­ді. Сол сәт­ті ұмыт­пай­мын», – дей­ді ол.

Бұл кей­іп­кері­міздің еңбекқор­лы­ғын ғана емес, руха­ни бай­лы­ғын да көр­се­те­ді. Өмір­дің қан­дай кезеңін­де де өзіне шабыт таба білу – нағыз мықтылық.

Люд­ми­ла Ана­то­льев­на­ның өмірінің өзе­гі – отба­сы. Жол­да­сы Вла­ди­мир Ива­но­вич Гор­ский – Аста­на қала­сын­дағы №3 авто­бус пар­кін­де жүр­гі­зу­ші. Екі ұлы да білім­ді, еңбекқор аза­мат болып ержет­кен. Үлкен ұлы Антон Аста­на қала­сы­ның Аграр­лық уни­вер­си­тетін бітіріп, қазір Мәс­ке­уде энер­ге­тик маман­ды­ғы бой­ын­ша жұмыс істеп жүр. Кіші ұлы Данил – Омбы поли­тех­ни­ка­лық инсти­ту­ты­ның түле­гі, Аста­на­да тұра­ды және инже­нер болып қыз­мет етеді.

«Отба­сым – менің тіре­гім. Ерім мен бала­ла­рым әрдай­ым қол­дау көр­се­те­ді. Осы бақыт­тың бәріне шүкір­шілік ете­мін», – дей­ді ол шынайы ризашылықпен.

Көп­ті көр­ген, өмір­дің ысты­ғы мен суы­ғын басы­нан өткер­ген Люд­ми­ла Ана­то­льев­на қазір де сол балау­са көңіл­мен, таза жүрек­пен өмір сүріп келеді.

«Мен жұмысым­ды жақ­сы көре­мін. Өйт­кені бұл – адам­дарға көмек­те­су, олар­дың жағ­дай­ын түсі­ну. Бар­ша жұр­тқа тіле­гім – елі­міз­де бей­біт­шілік бол­сын, ешқан­дай қасірет бол­ма­сын», – дей­ді ол.

Осы бір қара­пай­ым, бірақ жүрек­тен шыққан тілек­те оның бүкіл бол­мысы көрініп тұрғандай.

Мей­ірім мен еңбек­тің, адам­гер­шілік пен рух­тың үлгісі болған Люд­ми­ла Гор­ская сияқты жан­дар – қоғам­ның ең үлкен бай­лы­ғы, көпұлт­ты елдің шынайы бей­несі іспет­ті. Ол – поляк ұлты­нан шыққан­мен, қазақ топы­рағын­да тамыр жай­ып, осы елдің тілін, дәстүрін құр­мет­теп, рухы­на жақын­даған жан. Қазақ тілін үйре­ну­ге деген ұмты­лы­сы, халық әнін сахна­да шырқай алуы – тек тіл­ге деген қызы­ғу­шы­лық емес, елге деген құр­мет­тің көрінісі бол­са керек.

Кей­іп­кері­міздің өмір жолы – қара­пай­ым еңбек­тің қадірі мен адам­дық жылы­лы­қтың үлгісі. Оның өмірі­нен бай­қа­ла­тын сабыр, еңбекқор­лық, өмір­ге сүй­іспен­шілік – бүгін­гі қоға­мға жет­пей жүр­ген ең қым­бат қасиеттер.

Қоры­та айтқан­да, Қос­шы­ның тыныс-тір­шілі­гіне етене ара­ласқан Люд­ми­ла Ана­то­льев­на сияқты жан­дар – уақыт­тың шынайы қаһар­ман­да­ры. Олар күн­делік­ті еңбе­гі­мен өмір­дің мәнін ұқты­рып, қоғам­ның ең жарқын бет­терін жазып жүр.

Қос­шы сияқты жас қала дәл осын­дай адам­дар­мен өсіп келеді. Мей­ірім­ді де еңбекқор жан­дар­дың еңбе­гі­мен қала­ның іргесі бекиді, рухы қалыптасады.

Ғани АТЫМТАЙ

Республиканский еженедельник онлайн