Вторник , 1 июля 2025

ПРЕЗИДЕНТКЕ ХАТ

Мен үшін аса қым­бат­ты болған аға!

Мен, тауқы­мет­ті тағ­ды­рым басталған күн­нен бастап, қазір­ге дей­ін сізді бір минут­та ұмы­тқан емес­пін. Сіздің ар-намысы биік ұлы тұлға екеніңізді біле­мін, сон­ды­қтан сіз­ге аса құр­ме­пен қарай­мын. Менің басым­нан өткен бар­лық тауқы­мет­ті тағ­дыр­дан сіз де хабар­дар болар деп үміттенемін. 

Құр­мет­ті аға, мен Қытай­дың фаши­стік сая­са­ты­ның кесірі­нен қуда­ла­у­ға ұшы­рап, сол себеп­ті елім­нен пана іздеп, отба­сым­мен қауы­шу үшін, кел­ген бір қаза­қтың қызы едім. Бостан­ды­ққа 01.08.2018 жылы шығып, алты ай шар­тты жаза­мен елім­де, отба­сым­да қал­ды­рыл­дым. Қазір сол жазам­ды үйде өтеп жатыр­мын. Бірақ 04.10.2018 жылы Тал­ды­қорған қала­сын­да өткен комис­сия оты­ры­сын­да маған «босқын мәр­те­бесін» беру­ден бас тарт­ты. Қазан­ның 8‑і күні Аста­наға шағым жаз­дық. Жел­тоқ­сан­ның 29-ында Аста­на да босқын мәр­те­бесін беру­ден бас тар­тқан шеші­мін естідік. Сөй­тіп, бұл мәсе­ле шие­ленісіп, уақы­ты созы­лған сай­ын, Қытай­дың жала­сы көбей­іп, бізді әбден тығы­ры­ққа тіреді… 

Қытай­дағы  үш мил­ли­он қазақ қара қытай­дың сая­са­ты­нан жой­ы­лу алдын­да. Яғни басы­бай­лы құлы­на айна­лу­дың аз-ақ алдын­да тұр. Дәл осын­дай жағ­дай­да өз елі­міз­де де бұған бей-жай қарап, халы­қтың ара­сы­на ірір­кі сала­тын, түр­лі «қытай­шыл» күш­тер құты­ры­нып әре­кет жасауда. 

Осын­дай қысым­дар­дың мәж­бүр­ле­уі­нен видео-мәлім­де­ме жари­я­лап, халқы­ма шын­ды­қты айт­тым. «Аққа – құдай жақ» деген халқым дана, даны­шпан ғой. Халқым билік­тен мына­ны күту­де: «Босқын мәр­те­бесі» бері­ле ме, жоқ па? Не үшін әлі күн­ге дей­ін беріл­мей­ді? Халық Сай­ра­гүл Сауыт­бай­ға  «босқын мәр­те­бесі» беріледі деп, баяғы­да нүк­те қой­ып болған. Бірақ беріл­ме­уінің себебі неде? Билік қай­тер екен?» деп, қадаға­лап отыр. 

Осын­дай жағ­дай­да мен халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­қтың қол­да­уы­на мұқтаж­бын. АҚШ елшілі­гі мен Гер­ма­ния елшілі­гіне өтініш кір­гіздім. Олар «сіздің ісіңіз біздің бақы­ла­у­ы­мы­зда бола­ды» деді. 

Шалғай­да бол­саңы­здар да, халы­қтың қуа­ны­шы мен қай­ғы­сы­на қазақ туын биік көтеріп жүр­ген өзіңіз­дей даны­шпан аға­лар күн­діз-түні менің тіле­уім­ді тілеп, «Дұға­сы­на қосқан» асыл рухы­на тән­ті­мін. Бүгін сәті түсіп, маған қамқор болып келе жатқан асыл ағам­нан өзіңіз­ге осы сәле­мі­міді жол­дау бақы­ты­на ие болып, тебіреніп отырмын. 

Сол жақтағы өзіңіз сияқты ұлт туын биік көтер­ген асыл аға­лар­дың басын қосып, менің ауыр тағ­ды­ры­ма ат салы­са­ды деп, шын жүрек­тен үміт етемін.

Құр­мет­пен –

Сай­ра­гүл Сауыт­бай қыздарыңыз.

04.02.2019 жыл

Республиканский еженедельник онлайн