Қазақстан Республикасы президенттегіне кандидаттарға «Дара Инфо» ЖШС-ңың республикалық қоғамдық-саяси «Общественная позиция» («ДАТ») газетінде басылым беттерін ұсынудың жалпы шарттары
«Дара-Инфо» ЖШС-ның «Общественная позиция» газеті(бұдан әрі – газет) Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 28 қыркүйегінде қабылданған «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық заңы және 2019 жылдың 9 сәуірінде қабылданған «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» заңына сәйкес, 2019 жылғы 9 маусымында өтетін ҚР Президенті сайлауына қатысатын барлық үміткерлерге сайлауалды үгіт-насихат материалдарын (бұдан әрі –үгіт материалдары) газетке орналастыру үшін, басылым бетін ұсынудың шарттары мен тәртібі жайлы, төленетін ақы мөлшері туралы Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттарына (бұдан әрі –кандидат) құлаққағыс етеді.
Сайлауалды үгіт Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлаудың алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. Осылайша, газетте үгіт материалдпарын орналастыру 2019 жылдың 11 мамыры күні сағат 18.00-ден кейін жүзеге асырылып, 2019 жылдың 8 маусымы күні 00.00-ге дейін жалғасады.
Газет газеттің иесі кандидатпен немесе оның уәкілетті өкілімен жасалған жазбаша келісім және келісім-шарт негізінде баспа бетін ұсынады. Газетте баспа кеңістігін ұсыну – дайын модульдар, мақалалар, фотосуреттер және сұхбаттар орналастыру жолымен жүзеге асырылады.
Өтініш кандидаттар өтінішін тіркеу кітапшасына тіркеледі, өтініш ҚР президенттігіне кандиадаттар өтініштерін тіркеу жаурналында ұсынылған уақыт тәртібімен, әрбір жазбаша өтініштің реттік нөмірі көрсетіліп, өтініші алынған күнді белгілеу арқылы тіркеледі.
Газет бетіне орын ұсыну туралы келісім үміткер мен газет меншік иесінің жазбаша келісімшарты негізінде жасалады.
Газет немесе газеттің интернет сайты бетіне үгіт-насихат материалдарын жариялау үшін, редакцияға ҚР Президенттігіне үміткер немесе оның сенімді өкілінің жазбаша өтініші түсуі шарт.
Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:
1. Үміткердің тіркелуін растайтын құжаттың көшірмесі.
2. Үміткердің сенімді өкілінің уәкілеттігін растайтын құжат көшірмесі.
3. Өтініш беруші тұлғаның жеке басын растайтын куәліктің көшірмесі.
4. Шарт жасау үшін, тұлғаның уәкілеттігін растайтын құжаттар.
Жазбаша өтініште үміткер немесе оның сенімді өкілінің үгіт-насихат материалдарын газет немесе сайтқа жариялауға келісімі мен қол қойылған мерзім көрсетілуі керек.
Егер жазбаша өтініш келіп түскен сәтте газет бетінен сұралған көлем ертерек өтініш берген басқа кандидатқа беріліп қойса немесе техникалық мәселелерге байланысты кеңістікті ұсыну мүмкін болмаса, онда Газет кандидатқа үгіт материалдарын орналастыратын басқа орын ұсына алады.
Үгіт-насихат және ақпараттық баспа материалдары газетке мерзімнен 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде берілуі тиіс: модуль үшін – TIF; мақала мен сұхбат үшін – WORD; фотосурет үшін – JPEG форматында.
Үгіт матеиалдарында қаржыландыру көздері туралы ақпаратты және ақпаратты берген адамның аты-жөні көрсетілуі тиіс.
Газетке ұсынылған үгіт материалдары ҚР заңының талаптарына, оның ішінде авторлық және сабақтастық құқықтар бойынша сай болуына кандидат тікелей жауапты болады.
Көрсетілген ақпараттық хабарламадағы шарт және тәртіптің бұзылуы жағдайында, сондай-ақ тиісті келісімнің шарттары бұзылған жағдайда үгіт материалдары басылып шығарылмайды немесе ереже бұзушылық жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Егер президенттікке үміткер сайлау алдындағы бағдарламасында республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, мәніндегі иедялар болса, қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа шақырса, сондай-ақ заңда көрсетілмеген әскерилендірілген топтарды құруға шақырса, сондай-ақ Қазақстан Республикасының президенттігіне басқа кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда газет иесі ол материалдарды орналастырудан бас тартуға құқылы. Кандидат газет иесінің талабы бойынша жоғарыда айтылған мазмұндағы ақпараттардың материалдары жоқ екенін растайтын құжаттар ұсынуға міндетті.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген баспа көлемін ұсынудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.
Газетте үгіт материалдарын орналастырудың құны:
- Газеттің 1 – 3 беттерінен басқа беттерге журналистік жарияланыммен бірге модуль орналастыру – 1 шаршы сантиметрге – 1 500 теңге;
- Газеттің 1-ші бетіне кандидаттың фотосуретін немесе модулін орналастыру: тұтас бетке – 1,5 (бір жарым) миллион теңге; тең жартысына – 1 (бір) миллион теңге; ширегіне – 700 (жеті жүз) мың теңге; ішкі беттегі жарияланымға сілтеме (анонс) жасау – 250 (екі жүз елу) мың теңге.
- Газеттің 1 – 3 беттеріне материал орналастыру – 1 ш/сантиметре – 2 500 теңге.
- Қалған беттерге журналистік жарияланыммен бірге модуль немесе фотосурет орналастыру 1 ш/сантиметрге 1500 теңге;
- Газеттің ішкі айқарма екі бетіне (вкладыш) материалдар топтамасын орналастыру – 1,5 (бір жарым) млн теңге.
- Айқарманың сыртқы екі бетін қосып, «Газет ішіндегі газет» деген айдармен берілетін төрт беттің құны – 3,5 (үш жарым) млн теңге.
Газет екі тілде (қазақша, орысша) шығады:
Шығу жиілігі: аптсына 1 рет (бейсенбі күні);
Форматы: А3 – 16 баспа беті, 1 және 16 беттер екі түсті.
Бір реттік ресми тиражы – 18 000 дана;
Таралу территориясы: Қазақстан Республикасы;
Интернет ресурс: datnews.info
Кандидаттың материалдарын орналастыру туралы келісімшарт бойынша төлемдер Газеттің иесі берген төлем шоты негізінде төлем шотын алған күннен бастап, 3 (үш) жұмыс күні ішінде төленеді.
Газет иесі жазбаша өтініштерді 2019 жылдың 6 мамырынан бастап, 2019 жылдың 3 маусымына дейін, соның ішінде демалыс және мереке күндерінен басқа күндері мына мекен-жай бойынша қабылдайды: Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 288 үй, 307-офис.
Тел: 8 (727)- 382-72-30, 8-701-358-35-24.
Қабылдау уақыты: 10.00-18.00 сағ. аралығында.
Факсимильді және интернет байланыс арқылы жіберілген жазбаша өтініштер қабылданбайды.
«Дара-Инфо» ЖШС