Суббота , 5 июля 2025

Президентіңіз АРЫСТАН БА, ТҮЛКІ МЕ?

Билік тағы­на жай­ғасқан­дар неге одан кет­кісі кел­мей­ді? Олар сол оты­рған­нан мол оты­ра­ды… Бұл сұраққа жау­ап тап­пай, дал болып жүр­сек, жүз жыл бұрын ита­льян­дық әле­умет­та­ну­шы Виль­фед­ро Паре­то бәрін жілік­теп, айтып кет­кен екен.

Ол өз иде­я­ла­рын әле­умет­та­ну­шы эли­та цир­ку­ля­ци­я­сы тео­ри­я­сы­на салған. Осы тео­ри­яға сай, адам­дар эли­та және жал­пы болып бөлі­неді. Эли­таға, әлбет­те, ерекше қабілеті бар адам­дар­ды жатқы­зды. Соны­мен қоса Паре­то басқа­ру­шы, яғни сая­сат­тағы эли­таға аса көңіл бөлді.

Ондай адам­дар­ды әле­умет­та­ну­шы екі тип­ке жатқы­зды: ары­стан­дар және түл­кілер. Ары­стан­дар күш қол­да­ну­дан қоры­қ­пай­ды, тұрақты­лық пен дәстүр негізін­де елді адал билей­ді, әрі халқы­на аса бедел­ді. Ал түл­кілер артық сөз­ден қашып, қулы­ғын іске басып оты­рып билей­ді. Ондай­лар өзгерістер­ге, түр­лі рефор­ма­ларға (жасан­ды – Ред.) құмар келеді.

Ары­стан­дар «ран­тье» деп ата­ла­тын эко­но­ми­ка­лық эли­таға сәй­кес келеді. Яғни, олар капи­тал­дан түс­кен табыспен күн көретін тұлға­лар. Паре­то олар­ды «киелі» деп атай­ды. Ал түл­кілер – алып­са­тар сауда­гер­лер және скеп­тик, яғни күдік­шіл, өзге­лер­ге сен­бей­тін тұлғалар.

Билік басын­да ары­стан­дар бар­да, халқы жай­ба­рақат, алаң­сыз өмір сүреді. Өздерін қорғай­тын бір тіре­уі­штің барын сезетін бола­ды. Алай­да ары­стан­дар­дың билік­те ұзақ оты­руы түбі жақ­сы­лы­ққа апар­май­ды. Ондай­да ел дамы­м­ай, арт­та қалып қалады.

Ал билік­те түл­кілер бол­са, қоғам рефор­ма­дан (нәти­же­сіз – Ред.) рефор­маға ауы­сып оты­ра­тын, сына­ла­тын ортаға айна­ла­ды. Түл­кілер­дің билік­те ұзақ бөге­луі – ел ішін­де­гі дүр­лік­пе­ге әкеп соға­ды. Мем­ле­кет ақша­сы­ның қай­да жұм­са­лып жатқа­ны­нан билік түгілі, халқы да хабар­сыз бола­ды. Ақша­сын үнем­дей алмай­тын жұрт қары­здан-қары­зға батады.

Сол себеп­ті, эли­та цир­ку­ля­ци­я­сы­ның заң­ды­лы­ғы­на сәй­кес, ары­стан­дар мен түл­кілер орын­да­рын ауы­сты­рып оты­руы тиіс. Сон­да ғана ел де бірқа­лып­ты дами­ды, бір дәуір рефор­ма­лар­дың өзге­руіне арнал­са, келесі дәуір халы­қтың алаң­сыз, жай­ба­рақат өміріне ауы­са­ды. Билік үне­мі ауы­сып оты­рған жер­де бере­ке де, бір­лік те, нор­ма да сақталады.

Gulim ZHAQAN,

Qamshy.kz

Республиканский еженедельник онлайн