Среда , 30 апреля 2025

Президент тапсырмаларын орындауға БҮГІНГІ ҮКІМЕТ ДӘРМЕНСІЗ

Ел Пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Кемелұ­лы Тоқа­ев биы­лғы жыл­дың басын­да «Ана тілі» газетіне бер­ген сұх­ба­тын­да мем­ле­кеті­міздің өткен жыл­дағы ішкі жағ­дайы мен сыр­тқы сая­са­тын­да жет­кен жетістік­тері мен жіберіп алған әтте­ген-айла­ры­на толық тал­дау жасап, Үкі­мет пен бар­лық мем­ле­кет­тік орган­дар­дың алды­на жаңа жыл­да атқа­ры­луы тиіс жоға­ры мақ­сат­тар мен мін­дет­тер қой­ды. Жал­пы алған­да Пре­зи­дент Үкі­мет­тің өткен жылғы атқарған қыз­метіне оң баға берді.

Әрине, Олжас Бек­те­нов басқа­ра­тын Үкі­мет­тің іске кіріс­кеніне бір жылға жетер-жет­пес қана уақыт өтті. Ел эко­но­ми­ка­сын­дағы жағ­дай­ды түбе­гей­лі өзгер­ту­ге және қомақты нәти­же­лер көр­се­ту­ге бұл уақыт аздық ететіні сөз­сіз. Пре­зи­дент осы жағ­дай­ды ескер­ген болар.

Бірақ ел эко­но­ми­ка­сы­ның бүгін­гі күн­гі жағ­дайы аса мәз емес екені, эко­но­ми­ка­ның бар­лық негіз­гі көр­сет­кі­ш­терінің күн­нен-күн­ге құл­ды­рап бара жатқа­ны бар­ша­мы­зға бел­гілі. Бюд­жет тап­шы­лы­ғы, жоға­ры дең­гей­де­гі инфля­ция, тең­генің күн сай­ын құн­сызда­нуы – осы­ның бәрі қара­пай­ым халы­қтың өмір сүру сапа­сы­ның төмен­де­уіне әкеліп отыр. Бүгін­гі Үкі­мет­тің тиім­сіз жұмысы­ның нәти­же­сі тек қана халы­қтың өмір сапа­сы­ның төмен­де­уі­мен шек­тел­мей, соны­мен қатар бола­шақ ұрпақтың несі­бесіне қол сұғуға да мәж­бүр ету­де. Ұлт­тық қор­дан бюд­жет тап­шы­лы­ғын жабуға алы­на­тын қар­жы­ның мөл­шері жыл­дан-жылға өсіп бара­ды. Өткен жылы Ұлт­тық қор­дан осы мақ­сатқа 3,6 трлн тең­ге транс­ферт бөлі­неді деп жос­пар­ланған­мен, нақты сома 2 трлн тең­ге­ге артық болып шықты. Осы­ның бәрі айна­лып кел­ген­де бүгін­гі Үкі­мет­тің жүр­гізіп оты­рған тиім­сіз эко­но­ми­ка­лық сая­са­ты­ның нәти­же­сі екенін елі­міздің бел­ді экс­перт­тері күн­делік­ті дәлел­деп отыр. Әрине, осын­дай қиын-қыстау жағ­дай­ға ұры­нуға өткен жылы елі­міз­де болған көп­те­ген сынақтар­дың, табиғи және тех­но­ген­дік апат­тар­дың әсер еткенін де жоққа шыға­руға бол­мас. Деген­мен, бұл фак­тор­лар Үкі­мет­тің эко­но­ми­ка­дағы жағ­дай­ды түбе­гей­лі өзгер­ту­ге батыл қадам­дар жасай алмай, дәр­мен­сіздік көр­се­туін ақтай алма­са керек.

Бәрі­міздің есі­міз­де, Пре­зи­дент өзінің «Әділет­ті Қаза­қстан­ның жаңа эко­но­ми­ка­лық бағ­да­ры» атты жол­да­уын­да 2029 жылға қарай ұлт­тық эко­но­ми­ка­ның көле­мін екі есе арт­ты­рып, 450 мил­ли­ард дол­ларға жет­кі­зу тура­лы мін­дет қой­ған бола­тын. Енді ойла­най­ық, осы бүгін­гі Үкі­мет­пен, оның тиім­сіз эко­но­ми­ка­лық сая­са­ты­мен біз осы көз­дел­ген меже­ге жете ала­мыз ба? Біз – қара­пай­ым халы­қтың өкіл­дері, әрине, эко­но­ми­ка­лық сая­сат­тың қиыр-шиы­рын жете түсіне бер­мей­міз. Бірақ елі­міздің осы мик­ро- және мак­ро­эко­но­ми­ка­сы­ның май­ын ішкен эко­но­мист ғалым­дар­дың, экс­перт­тер­дің пікір­леріне сүй­ен­сек, бүгін­гі эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­да, әсіре­се бүгін­гі Үкі­мет­тің құра­мы­м­ен жоға­ры­да көр­сетіл­ген меже­ге жету – өте күмән­ді нәр­се! Әрине, Пре­зи­дент бел­гіле­ген мерзім­ге әлі төрт жыл уақыт бар. Дәл сол меже­ге жет­пе­ген­мен, ел эко­но­ми­ка­сы­на жаңа тыныс беріп, батыл-батыл қадам­дар жасал­са, көп шару­а­ның басын қай­та­рып, тығы­ры­қтан шығу­дың жол­да­ры бел­гілі болып қалар еді.

Соны­мен, ел эко­но­ми­ка­сын тығы­ры­қтан шыға­ру­дың мүм­кін­ді­гін неден бастау керек? Тағы да қара­пай­ым халы­қтың өкілі, эко­но­ми­ка мәсе­лесін­де диле­тант ретін­де біздің пікірі­міз – бірін­ші кезек­те қазір­гі Үкі­мет­ті отстав­каға жіберіп, оның жаңа құра­мын жас, білім­ді, батыл кадр­лар­дан құрам­дау қажет. Әрине, бүгін­гі пре­мьер Олжас Бек­те­нов – әлі Пре­зи­дент­тің сені­мі­нен шыға қой­маған, жас, тео­ри­я­лық жағы­нан қолай­лы тұлға. Бірақ оның, біздің ойы­мыз­ша, бір ғана кем­шілі­гі бар. Ол Бек­те­но­втың қыз­мет­тік өмір­ба­я­нын­да ел эко­но­ми­ка­сы­ның жетек­ші сала­ла­рын­да, әсіре­се өндіріс сала­сын­да істе­ген жұмыс тәжіри­бесінің жет­кіліксізді­гі. Соны­мен қатар ол бұрын не аймақтың әкі­мі неме­се министр қыз­мет­терін атқар­маған. Бүгін­гі күні Үкі­мет­тің басын­да, біздің ойы­мыз­ша, кри­зис-мене­джер дең­гей­ін­де­гі тұлға болуы керек. Сон­да бүгін­гі күні ол қыз­мет­ке кім лайық?

Бұл жер­де Пре­зи­ден­ті­міздің мен­та­ли­тетін ескер­ген жөн болар. Қасым-Жомарт Кемелұ­лы жоға­ры бас­шы лау­а­зым­дарға кадр­лар­ды тек өзі жақ­сы білетін, талай сынақтар­дан өткен, бір сөз­бен айт­сақ, өзі білетін обой­ма­ның іші­нен ғана таң­дай­ды. Осы кри­те­рий­ді еске­ре оты­рып, біз Үкі­мет бас­шы­лы­ғы­на Қанат Алдаб­ер­генұ­лы Бозым­ба­ев лай­ық деп айтар едік. Неге ол? Өйт­кені Бозым­ба­ев салы­стыр­ма­лы түр­де жас тұлға, шару­а­шы­лық, эко­но­ми­ка, өндіріс сала­ла­рын жетік білетін маман. Үш облы­сты басқарған, энер­ге­ти­ка мини­стрі, «Самұрық» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы­ның төраға­сы лау­а­зы­мын атқарған. Бүгін­гі күні Үкі­мет төраға­сы­ның орын­ба­са­ры қыз­метін атқа­ру­да. Бозым­ба­ев­ты бір кез­дері Назар­ба­ев мем­ле­кет­тік басқа­ру орган­да­ры­на қыз­мет­ке шақы­рған мла­до­тюрк­тер қата­ры­на жатқы­зуға бола­ды. Бірақ ол мла­до­тюрк­тер­дің көбісі қаты­сқан ДВК-ның құра­мы­на кір­ме­ген. Бозым­ба­ев өзінің бүгін­гі қыз­метін­де Үкі­мет­те­гі кри­зис-мене­джер мін­детін атқа­ра­ды десек, артық айтқан­дық емес. Өйт­кені ол осы күн­ге дей­ін елі­міз үшін өте маңы­зды, ел басы­на күн туған жағ­дай­дағы екі кам­па­ни­я­ның басы-қасын­да болып, олар­ды абы­рой­мен атқа­рып шықты.

Оның бірін­шісі – был­ты­рғы көк­тем­де болған ала­пат су тасқы­ны­мен күрес және оның сал­да­рын жою шара­ла­ры бол­са, екін­шісі – жақын­да ғана Ақтау қала­сын­да болған әуе апа­ты бой­ын­ша құры­лған Үкі­мет комис­си­я­сы­ның жұмысы­на бас­шы­лық етуі. Біз бәрі­міз куә болған­дай, Бозым­ба­ев мыр­за осы бір төтен­ше жағ­дай кезін­де бар­лық туын­даған мәсе­ле­лер­ді сабыр­мен, бай­ып­ты түр­де қарап, әділет­ті де дұрыс шешім­дер қабыл­даған болатын.

Енді Үкі­мет құра­мы­на келетін бол­сақ, ол енді жаңа төраға­ның құзы­реті. Бірақ, біздің ойы­мыз­ша, Үкі­мет­тің жаңа құра­мын­да бүгін­гі күні өздерін тиісті дең­гей­де көр­се­те алмаған лау­а­зым иелері бол­мауы тиіс. Олар­дың қата­ры­на Р.Скляр, Қ. Шар­ла­па­ев, А. Сатқа­ли­ев, А. Сапа­ров, Р. Жақ­сы­лы­қов, М. Қара­ба­ев­тар жатады.

Ал енді Олжас Бек­те­нов тура­лы айта­тын бол­сақ, ол жоға­ры­да айтқа­ны­мы­здай жас, келе­шек­те әлі талай жау­ап­ты бас­шы қыз­мет­тер­ді сеніп тап­сы­руға бола­тын тұлға. Бүгін­гі қыз­метіне дей­ін ол Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы іс-қимыл агент­ті­гінің, ҚР Пре­зи­дент әкім­шілі­гінің бас­шы­сы лау­а­зым­да­рын абы­рой­мен атқарған. Үкі­мет төраға­сы қыз­меті­нен отстав­каға кет­кен жағ­дай­да, біздің ойы­мыз­ша, Олжас Абай­ұ­лы үшін ең қолай­лы қыз­мет – рес­пуб­ли­ка­ның бас про­ку­ро­ры лау­а­зы­мы дер едік. Қазір елі­міз үшін ең бір басты да маңы­зды мәсе­ле – соңғы отыз жыл ішін­де халы­қтың аузы­нан жырып, ұрланған-жыр­ланған, сыр­тқа шыға­ры­лған қара­жат­тар мен актив­тер­ді қай­та­ру десек, бүгін­гі таң­да көп­те­ген кедер­гі­ге ұшы­рап тұрған осы жұмысты жан­дан­ды­ру Бек­те­нов мыр­за­ға сеніп тап­сы­рыл­са, дұрыс болар еді деп ойлаймыз.

Бұл айтып оты­рға­ны­мы­здың бәрі – қара­пай­ым халы­қтың Пре­зи­ден­ті­міздің наза­ры­на жет­кіз­гісі кел­ген құлаққағы­сы. Ел тіле­гін наза­ры­на ала ма, әлде басқа­ша шеше ме – ол енді басқа мәсе­ле. Соны­мен қатар Қасым-Жомарт Кемелұ­лы елі­міздің бола­шағы­на шын жаны аши­тын, бәрі­міз­ге бел­гілі себеп­тер­мен сырт­та жүр­ген Әке­жан Қажы­гел­дин сияқты (одан басқа да көп­те­ген аза­мат­тар­ды) елге қай­та­ру мәсе­лесін қолға алса, нұр үстіне нұр болар еді!

Сәмет ЫҚЫЛЫСҰЛЫ,

Ақтау қала­сы

Республиканский еженедельник онлайн