Понедельник , 30 июня 2025

ПУТИН ҮҢГІРДЕ ОТЫР, Байден әлемді шарлап жүр

Байден (сол жақта) мен Зеленский (оң жақта) Киевте. 20 ақпан, 2023 жыл.

  • АҚШ пре­зи­ден­ті Джо Бай­ден Укра­и­на­дағы соғы­стың бір жыл­ды­ғы қар­саңын­да Киев­ке бар­ды. Оның Укра­и­наға сапа­ры бұған дей­ін хабар­лан­баған. Бай­ден­нің Киев­ке сапа­ры тура­лы қазір­ге дей­ін не мәлім?

«Бүкіл әлем Ресей­дің Укра­и­наға қан­ды басқын­шы­лы­ғы­ның бір жыл­ды­ғы­на дай­ын­да­лып жатқан тұста пре­зи­дент Зелен­ский­мен кез­де­су үшін Киев­ке кел­дім. Осы сапа­рым арқы­лы демо­кра­ти­я­ны, Укра­и­на­ның аумақтық тұта­сты­ғы мен тәу­ел­сізді­гін толық қол­дай­ты­ны­мы­зды көр­сет­кім келеді», – деді Бай­ден мәлімдемесінде.

«Бір жыл­дай бұрын Путин басқын­шы­лы­ғын бастаған­да, Укра­и­на әлсіз әрі Батыс екі­ге жары­лған деп ойла­ды. Ол біз­ден басым түсем деп ойла­ды, бірақ ол оңбай қате­ле­сті» деді АҚШ бас­шы­сы. Сөзінің соңын­да Бай­ден «АҚШ Укра­и­на­ны қан­ша қажет бол­са да қол­дай береді», – деп сөзін аяқтады.

Бай­ден Киев­ке сапа­ры кезін­де Укра­и­на­ны Ресей­дің әуе шабуыл­да­ры­нан қорғай­тын артил­ле­ри­я­лық қару, тан­кі­ге қар­сы және раке­та­дан қорғай­тын жүйе беретінін, Ресей эли­та­сы мен ком­па­ни­я­ла­ры­на жаңа санк­ция сала­ты­нын мәлімдеді.

Жазықсыз қазақ қызы

ҚЫТАЙДА ҚАМАЛДЫ

  • Қытай­дағы «қай­та үйре­ту» лагерь­лерінің бірі.

  • Қытай­дың Үрім­жі қала­сын­да күштік құры­лым­дар жур­на­лист Жанар­гүл Жұма­тай­ды ұста­ды, деп жаз­ды Eurasianet сай­ты. 47 жастағы Жанар­гүл Жұма­тай­ды поли­ция 10 ақпан­да әпкесінің үйі­нен ұстап әкет­кен, деп жаз­ды жура­лист­пен жиі хабар­ла­сып тұрған дат ғалы­мы Рун Стин­берг­ке сүй­ен­ген басылым.

Дат ғалы­мы Eurasianet басы­лы­мы­на Жанар­гүл мен поли­ция қыз­мет­кер­лері ара­сын­да ұста­уға дей­ін болған теле­фон әңгі­мені жібер­ген. Жаз­ба­да Жанар­гүл Жұма­тай ком­пар­тия мүше­лерінің үйіне кел­генін қала­май­ты­нын айтып, оның маза­сын алмауды өтінген.

Жанар­гүл Жұма­тай бұған дей­ін тари­хи ота­ны Қаза­қстанға кет­кісі келетінін мәлім­де­ген. Стин­берг­тің айтуын­ша, ол елшілік арқы­лы және Қаза­қстан­да тұра­тын туы­ста­ры арқы­лы елге келу­ге мүм­кін­дік беретін құжат алуға тыры­сқан. Ол бұрын Қаза­қстан­да тұрып, мем­ле­кет­тік арна­да жұмыс істеген.

Жанар­гүл Жұма­тай Қытай­да бұрын да қуғы­нға ұшы­раған. 2017 жылы ол «сая­си тәр­би­е­леу лагеріне» қамалған. Шың­жаң­да бай­ы­рғы халық өкіл­дерін оқша­у­лау үшін қол­да­ны­ла­тын мұн­дай лагерь­лер сұм­ды­ғын көр­ген куә­гер­лер онда қысым мен азаптау барын айтқан. БҰҰ мәлі­метін­ше, 2018 жылы мил­ли­он­нан астам адам «лагерь­де» оты­рған. Тұтқын­дар­дың басым бөлі­гі – ұйғырлар.

2019 жылы «лагерь­ден» босап шыққан Жанар­гүл Жұма­тай билік­тің жіті бақы­ла­у­ын­да болған. Биыл қаңтар­да билік оған өз еркі­мен пси­хи­ат­рия кли­ни­ка­сы­на жату­ды ұсы­нға­нын, келіс­пе­се, түр­ме­ге жаба­ты­нын айтып қорқы­тқа­нын жет­кіз­ген. Ол Қаза­қстанға барғы­сы келетінін мәлімдеген.

Қытай билі­гіне эко­но­ми­ка­лық жағы­нан тәу­ел­ді Қаза­қстан билі­гі әзір­ше Жанар­гүл Жұма­тай­дың ұсталға­ны тура­лы ақпа­ратқа түсінік­те­ме бер­меді. Бұған дей­ін ресми Аста­на Шың­жаң­да бай­ы­рғы түр­кітіл­ді халы­қтың қуда­ла­нуы мәсе­лесін Қытай­дың «ішкі ісі» деп атаған.

Azattyq.org

«МЕТРО» ГАЗЕТІ тегін таратылады

 «Достар, қуа­ны­шты жаңа­лы­қ­пен бөліскім келіп отыр! Жаңа­дан «МЕТРО» газетін шыға­ра баста­дық. Газет­тің алға­шқы 12 мың дана­сын Алма­ты мет­ро­сын­да, соны­мен қатар таны­мал супер­мар­кет­тер­дің сөре­лері­нен тегін­нен-тегін ала ала­сыз. Мен үшін бұл айры­қ­ша маңы­зға ие жағ­дай. Мен оқи­тын ұрпаққа сене­мін және біз оқу өнері­мізді жоғалт­па­уы­мыз керек деп санай­мын!» – деді газет­ті шыға­ру­шы, Қаз­ТАГ агент­ті­гінің негізін қала­у­шы­лар­дың бірі Әсет Матаев.

«Адам­дар тех­но­ло­ги­ядан шар­ша­уы мүм­кін, бірақ білім мен қажет ақпа­рат­тан емес. Редак­ция сіз­дер үшін қазақ, орыс тіл­дерін­де жаңа­лы­қтар, тал­дау және әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық және қоғам­дық-сая­си тақы­рып­тарға шолу әзір­лей­тін бола­ды, кей­ін ағы­л­шын тілін­де дай­джест шыға­тын бола­ды. Біз­ге сәт­тілік тілеп қой­ы­ңы­здар!» – деді Матаев.

ДАТ-ақпа­рат

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн