Пятница , 4 июля 2025

ПЁТР МЕН ПАВЕЛ ӘУЛИЕ ЕМЕС,

Қызылжар атауы қайтарылсын!

  • Петропавл қала­сында әлдебір тобыр­дың сепа­ра­ти­стік нұсқа­дағы ұра­ны ел ішін­де ашу туды­рып жатыр. Ел пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың аты­на жазы­лған сон­дай үндеу-хат қаза­қтың қай­наған зығыр­да­нын жеткізді.

Қала­дағы бүтін­дей бір мем­ле­кет­тік меке­менің акт залы­на жина­лып алып, сепа­ра­ти­стік бағыт­та жиын өткізіп, Қаза­қстан­ның тәу­ел­сізді­гін мой­ын­да­май, жеке ел бола­мыз деген­дер­дің түр-түсі анықталды. 

Қазақ мем­ле­кетінің ірге­та­сы біре­улер айтқан­дай тоқ­сан бірін­ші жылы қалып­тасқан жоқ, мем­ле­кеті­міздің тарихы тым терең­де, оны қазір тәп­ті­ш­теп айта­тын бол­сақ, қан­ша­ма уақыт­ты ала­ды. Отыз жыл­дан бері өзі­міздің төл тарихы­мы­зды түген­деп, өшкені­мізді жан­ды­рып, өлгені­мізді тіріл­тіп, тізім­деп жатқан­да, екі ұртын­да шала­сы бар­лар­дың «дымы ішін­де» екен. Біті­мі жаман ағаш сияқты бүй­рек­тен сирақ шыға­рып, көр­ген­сізді­гін көр­сетіп, көсеу болып түр­тіп, осы жолы бүй­ірі­міз­ден бүй­і­дей оңдыр­май шағып алды.

Қазір­гі таң­да Укра­и­на мен Ресей­дің ара­сын­дағы шие­леніс­кен соғы­стан мың­даған бей­біт адам­дар қыры­лып жатыр. Әрине, бөтен елдің тұта­сты­ғы­на баса-көк­теп кіріп, төбесі­нен бом­ба тастап, үй-жай­ын қира­тып жатқан­дар­ды кім бол­са да аямай­ды. Біздің халқы­мыз бей­біт­сүй­гіш халық болған­ды­қтан, тіле­уі­міз – елдің аман­ды­ғы мен тұтастығы.

Осы­дан бірер жыл бұрын Пет­ро­павл тұрғын­да­ры­ның ара­сын­да қала ата­уын өзгер­те­міз деген­дер­ге ұлар­дай шулап, сый­ла­сты­ғын көр­сет­пей, мінезін көр­сетіп қар­сы шыққан бола­тын. Ақы­ры, ата­уы өзгер­мей қал­ды. Ресей­дің кей­бір көбіка­уыз, көке­зу сая­сат­кер­лері ара-тұра Сол­түстік Қаза­қстан облы­сы Ресей­дің заң­ды өңірі деп жиі айта­ды, бірақ қол­да­рын­да ешбір тари­хи құжат, дәлел жоқ. «Ит үрді, керу­ен көшті» деген мағы­на­да қабыл­дап, біздің тарап­тан ресей­лік сая­сат­кер­лер­ге қар­сы осы күн­ге дей­ін ешқан­дай қарым­та жау­ап бол­май тұр. 

Атам қаза­қта «Есеп­тес­кен дос бол­мас» деген қанат­ты сөз бар. Өздерінің арам пиғыл­да­рын ашық айтқан сепа­ра­ти­стік ойдағы «елді іріту­шілер­дің» бір тобы қамауға алын­ды. Бұлар­дың жина­лыс өткі­зуін қол­даған Пет­ро­павл қала­сын­дағы дүр­дей оқу меке­месі екен, мәжіліс зал­да­рын беріп, айтқан­да­ры­нан шыға алмаған, әлде бір тарап­тан қоңы­рау түсіп, бұй­рық беріл­ді ме – бұл жағы тағы да бел­гісіз. Сол­түстік Қаза­қстан облы­сы­ның Білім депар­та­мен­тінің бас­шы­сы, бұлар­дың үсті­нен қарай­тын облыс бас­шы­сы­ның орын­ба­сар­ла­ры, Ішкі сая­са­ты, т.б. жау­ап­ты тұлға­лар қай­да болған?! Осы­ған таң қалып, ойланған­нан басқа жау­ап таба алмай отырмыз.

Қазақ халқы­ның аза­ма­ты сан ғасыр­лар бойы аты­ның жалын­да, түй­енің қомын­да жүріп қорғап, көзінің қара­шы­ғын­дай қылып сақтаған тұтас жерін әркім келіп жапы­рақтап бөліп алса, келер ұрпақтың алдын­да таза масқа­ра, сор­лы, бей­ша­ра бол­май­мыз ба?! Кезін­де Көк­ше­та­уда қырық сегіз жыл бойы хандық құрған Абы­лай оңтүстік жаққа барып, ханды­ғын құр­са бола­тын еді, теріс­кей­ден келетін дауыл­дан тұтас жатқан қазақ еліне соққы қат­ты бола­ды деді ме, әйте­уір өмірінің соңғы деміне дей­ін ұрпағын осы жақта сақтады. 

Тәу­ел­сіздік алға­ны­мы­зға отыз екін­ші жылға аяқ басты. Еңселі ел, шаңы­рағы бекем мем­ле­кет болып тұр­мыз. Татулық, тұрақты­лық, бір­лік керек деп жүр­ген­де, «достың ескісі» ескі әуеніне басып, баяғы совет үкі­метінің заң­ды құры­лы­мын алып келіп, қаза­қтың тәу­ел­сізді­гіне толы­ққан­ды нұсқан келтірмекші.

Сон­ды­қтан темір­ді қызған кез­де соғып, қарым­та жау­ап ретін­де Қызы­л­жар ата­уын қай­та алып келуі­міз керек.

Не себеп­тен Қызы­л­жар? Бұл жай­ын­да бел­гілі жазу­шы С. Мұқа­но­втың туын­ды­ла­рын­да да мол мағлұ­мат­тар кез­де­седі. Жал­пы, қаси­ет­ті өңір­ден шыққан қаза­қтың талай-талай клас­сик­терінің бар­лы­ғы тари­хи еңбек­терін­де Қызы­л­жар­дың сонау атам заман­нан келе жатқан­ды­ғын айғақтап жазып кет­кен. Тіп­ті жуыр­да ресей­лік архив­тен озбыр, отар­ла­у­шы елдің Қызы­л­жар ата­уын Пет­ропавл деп ауы­сты­ру тура­лы тари­хи құжа­ты дәлел ретін­де елге тара­ды. Сон­ды­қтан да надан­нан сөз естіп, таяқ жеп, тіл­сіз иша­рат жасап, қашанға үнде­мей оты­ра береміз?!

Елім­нің тұта­сты­ғы­на арам пиғы­лын біл­діру­шілер­ге қар­сы­лық таны­та оты­рып, қаза­қтың ресми ата­у­мен тұрған, тарихы­мы­зға ешқан­дай қаты­сы жоқ Петр мен Павел­дың атын­дағы қала­ның ата­уын өзгер­тіп, Қызы­л­жар қылу керекті­гін талап етіп сұрай­мын. Соны­мен қатар елі­міздің ішкі сая­са­ты­на достық пиғыл­мен емес, арам­дық негізін­де сая­си үндеу жасап, еге­мен­ді­гі­міз­ге күмән­мен қараған­дар ең қатал жаза­мен сот­та­луын талап етемін!

Жеңіс ОСПАНОВ

Шекараның маңына

ҮЙ САЛСАҢ,

субсидия беріледі

  • Қаза­қстан үкі­меті шека­ра­лық аймақтар­да тұрғын үйді арзан­да­ту жөнін­де­гі жос­па­рын жари­я­ла­ды. 4 сәуір­де өткен үкі­мет оты­ры­сын­да шека­ра­лық аудан­дар­да ауыл адам­да­ры­на жалға берілетін 2855 үй салу жос­пар­лап оты­рға­ны айтыл­ды. Ол үшін 14,3 мил­ли­ард тең­ге (қазір­гі бағам бой­ын­ша 31,7 мил­ли­он дол­лар) бөлінеді.

Үкі­мет оты­ры­сын­да инду­стрия және инфрақұры­лым­ды дамы­ту мини­стрі Марат Қара­ба­ев «ауыл­дар­дағы тұрғын үй мәсе­лесін шешу үшін, өз қыз­мет­кер­леріне жалға беретін үй салған ком­па­ни­я­ларға көмек ретін­де суб­си­ди­я­лау меха­низ­мі іске қосы­ла­ты­нын» айтты.

Мини­стр­дің сөзіне қараған­да, соны­мен бір­ге жыл сай­ын ауыл­дар­дағы жеке мен­шік тұрғын үй құры­лы­сын ынта­лан­ды­ру үшін, инже­нер­лік ком­му­ни­ка­ция тар­ты­лған 22 мың жер учас­кесі берілмек.

29 науры­зда Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев шека­ра­дағы ауыл­дарға қоны­станғы­сы келетін­дер­ді ынта­лан­ды­ру үшін тұрғын үйді арзан­да­ту­дың жаңа тәсілін ойла­сты­ру­ды тап­сы­рып, «басты мақ­сат – шека­ра­лық аймақтар­дың эко­но­ми­ка­сы­на сер­пін беру, адам өміріне қолай­лы жағ­дай жасау» деген.

Қаза­қстан­да 65 шека­ра­лық аудан бар. Көбінің әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық әл-ауқа­ты нашар. Оған эко­но­ми­ка фак­то­ры мен әкім­шілік-аумақтық тұрғы­дан тиім­сіз бөлініс жасалға­ны да себеп болған.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн