Пятница , 4 июля 2025

Расул ЖҰМАЛЫ: БОЛАШАҚ ОН ЖЫЛДЫҢ ҚАТЕРІ алдағы 2019 жылдан басталады…

Қаза­қстан­дық әле­умет әуресі­мен жүр­ген­де, итшілет­кен Ит жылы да жылы­стап біт­ті. Жыл жабар саны­мы­зда бел­гілі сая­сат­та­ну­шы, «Жаңа Қаза­қстан» фору­мы­ның мүше­сі Расул Жұма­лы­ның өткен жылға қоры­тын­ды жасаған сұх­бат-сара­бын оқыр­ман наза­ры­на ұсы­нып отырмыз. 

– Расул мыр­за, соны­мен 2018 жыл да түгесіл­ді: Қаза­қстан қоға­мы үшін бұл жыл­дың негіз­гі сая­си қоры­тындысы қалай бол­ды деп ойлай­сыз? Көңіл­ге медеу, дәт­ке қуат болар­лық не бар?

– Өтіп бара жатқан Ит жылы қуа­ны­шы­нан гөрі, реніш пен қиын­ды­ққа толы жыл бол­ды. Жыл­да қай­та­ла­на­тын әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық про­бле­ма­лар шеші­мін тап­па­ды. Бір кез­дер­де «День сур­ка» деген фильм болып еді ғой, сол сияқты әрбір өткен күні­міз келесі күн­нің көшір­месіне айнал­ды. 2018 жыл­дың бұры­нғы 2015–17 жыл­дар­дан өзге­шелі­гі бол­ма­ды: қым­бат­шы­лық, жұмыс­сыздық, қар­жы­лық дағ­да­рыс, тең­генің құн­сызда­нуы, ел аумақта­рын топан судың басуы, жемқор­лық, парақор­лық… Тіп­ті, керісін­ше, жағ­дай бұры­нғы­дан да ушы­ғып бара жатыр. Тең­генің жер­ба­уыр­лаған деваль­ва­ци­яға ұшы­ра­уы, ірі банк­тер­дің жабы­луы неме­се өзге банк­тер­дің құра­мы­на жұты­лып кетуі («Қаз­ком»), бірқа­та­ры­ның лицен­зи­я­сы­нан айы­ры­луы («Қазақ бан­кі», «Аста­на банк», «Эксим­банк») – Қаза­қстан­ның эко­но­ми­ка­сы мен қар­жы нары­ғын тұра­ла­туға шақ қалды. 

Ал көңіл­ге медеу тұта­тын жағ­дай­ға тоқтал­сам, шашы­ран­ды қаза­қтың басын қосқан Сай­ра­гүл Сауыт­бай­дың соты бол­ды. Тіліне, дініне, сая­си көзқа­ра­сы­на қара­ма­стан, отба­сы­на қосы­луға ұмты­лған жас келін­шек­тің тағ­ды­ры­на ара­ша түс­кен ел аза­мат­та­ры­ның ортақ мәсе­ле­де бірі­ге ала­ты­ны­на көз жет­ті. Соны­мен қатар Дима­шы­мы­здың әлем­дік сахна төріне шыққа­ны, актри­са Самал Есля­мо­ва­ның кино­дағы бедел­ді халы­қа­ра­лық сый­лы­ғы қаза­қтың рухын бір демеп тастады. 

Билік тара­пы­нан ұсы­ны­лған «Руха­ни жаңғы­ру», «Ұлы Дала­ның жеті қыры» баста­ма­ла­ры, латын әлі­п­биіне көші, жер-су атта­рын қаза­қи­лан­ды­руға қаты­сты оно­ма­сти­ка сала­сын­дағы мора­то­рий­дің алы­нға­ны сияқты оң өзгерістер бар. Ел ішін­де­гі эко­но­ми­ка­лық-қар­жы­лық дағ­да­рыс тек қана қар­жы­ға тірел­ген дағ­да­рыс десек, оның аясы тары­ла­ды. Бұл – билік жүй­есінің ел басқа­ру­дағы сая­си дағдарысы. 

– Сол сияқты «Қауіп­сіздік кеңесі» деген құры­лым­дық монстр пай­да бол­ды. Деген­мен оның билік­тік басқа­ру жүй­есін­де­гі бел­сен­ді рөлі әзір­ге байқалмайды…

– Қауіп­сіздік кеңесі мәр­те­бесінің өскені – өрке­ни­ет жолы­на түс­кен­ді­гі­міздің көрінісі деу­ге кел­мес. Ата заңы­мыз жиі өзгеріс­ке ұшы­ра­уы – жағым­ды құбы­лы­сқа жат­пай­ды. Сон­ды­қтан Қауіп­сіздік кеңесіне қаты­сты жаңа заң сая­си жүй­е­ге тың жаңа­лық алып кел­ген жоқ. Бұл – бола­шақта билік­тің тран­зи­ті кезін­де­гі қосым­ша тетік ретін­де алдын ала ойла­сты­ры­лған жос­пар­дан туған құры­лым. Тран­зит кезін­де билік­тің тіз­гіні бүгін­гі бас­шы­лы­қта оты­рған адам­ның қолын­да қалуы үшін қажет бола­тын амал­дың бірі. Бұл –елде­гі сая­си рефор­маға үш қай­на­са сор­па­сы қосыл­май­тын қадам болды. 

Жал­пы, сая­си тұрғы­дан алған­да, Қаза­қстан 27 жыл­да, қалай болған­да да, тәу­ел­сіз ел бола алған жоқ. Өзінің дер­бес сая­си жүй­есі былай тұр­сын, эко­но­ми­ка­сын тәу­ел­сіз ете алма­ды. Әлі күн­ге дей­ін әсіре­се Ресей­ге тәу­ел­ді­міз. Эко­но­ми­ка­ны тех­но­ло­гия тұрғы­сы­нан сапа­лы дең­гей­ге көте­ре алма­дық, нәти­же­сін­де шикі­за­тқа қарап оты­рған жағ­дай­ы­мыз бар. Ақпа­рат­тық, идео­ло­ги­я­лық, білім беру, мәде­ни­ет, қай сала­ны алып қара­саңыз да – дағ­да­рыс. Тәу­ел­ділік­тің сақта­луы, отар­лық сана­дан шыға алмаға­ны­мыз – жал­пы ұлт­ты ұлт ететін идео­ло­ги­я­лар­дың жоқты­ғы осы жағ­дай­ға жет­кізді. Осы дағ­да­ры­сқа алып кел­ген қара­ма-қай­шы­лы­қтың негіз­гісі – билік пен қоғам, билік пен халы­қтың ара­сын­дағы жары­қ­шақ жыл санап алшақтап барады.

Сіз сая­сат­та­ну­шы-маман ретін­де қоғам­дағы қаты­на­старға баға беру үшін, білік­ті эко­но­ми­стер жасаған қоры­тын­ды­ларға да жіті көңіл бөліп жүр­ген болар­сыз: мәсе­лен, Қаза­қстан­ның жыл­дық эко­но­ми­ка­лық қоры­тын­ды­ла­ры сізді қан­дай ойларға жетелейді?

Дағ­да­ры­стың түп-төр­кіні – кін­ді­гі­міздің Ресей­ге бай­ла­нып қалға­нын­да болып тұр. Сыр­тқы қары­зы­мыз 176 млрд дол­ларға тая­ды, эко­но­ми­ка­ны дивер­си­фи­ка­ци­я­лау, өндірісті көте­ре­міз деген әңгі­ме бос сөз болып қал­ды, шикі­за­тқа тәу­ел­ділік­тен айы­ры­ла алма­дық. Осы күн­ге дей­ін қабыл­данған инду­стри­ал­ды-инно­ва­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­лар қағаз­дағы жазу күй­ін­де қал­ды. Дамы­ған 30 елдің қата­ры­на кіре­міз деген мақтанға сенетін ешкім жоқ: жыл­дан-жылға құл­ды­рап бара­мыз. Дүни­е­жүзілік эко­но­ми­ка­лық форум­ның мәлі­метін­ше, әлем­дік бәсе­ке­ле­стік­ке қабілет­ті елдер­дің ішін­де 2015 жылы Қаза­қстан 42-орын­да бол­са, 2016 жылы – 48, 2017 жылы – 57, ал биы­лғы 2018 жылы – 59-оры­нға түстік. Даму­дың орны­на кері кетіп барамыз.

Елдің жағ­дай­ы­на қаты­сты ресми ста­ти­сти­каға үңілетін бол­сақ, Қаза­қстан­да орта­ша жалақы – 157 мың тең­ге, оның өзі әділ екеніне күмән көп. Осы 157 мың тең­ге – 425 дол­лар, бұл өте төмен көр­сет­кіш. Дамы­ған 30 елде­гі орта­ша төмен­гі жалақы – 1460 дол­лар: біз мақта­нып оты­рған орта­ша жалақы­дан үш есе­ге артық. Осы жағ­дай­да 30 елдің табал­ды­ры­ғын аттай алма­сы­мыз анық. 2010 жыл­да­ры жан басы­на шаққан­дағы көр­сет­кі­ші – 13 мың дол­лар шама­сын­да бол­ды, қазір бұл көр­сет­кіш 7–8 мың дол­ларға құл­ды­ра­ды. Бүкіл бір Қаза­қстан­ның жыл­дық табысы – бір ғана адам­ның, Аме­ри­ка­дағы «Ама­зон» ком­па­ни­я­сы­ның қожай­ы­ны Джо­зеф Без­остың бай­лы­ғы­на ғана тең. Кәсі­по­рын­дар ашы­лып, кей­ін­нен тоқтап қала­ды. Ал Қытай­дың аты­шу­лы 51 кәсі­пор­ны­на қаты­сты ақпа­рат жоқтың қасы. Кере­мет бол­са, Қытай осы кәсі­по­рын­дар­ды өз аумағы­нан неге шет­ке шығар­ды? Олар­дың эко­ло­ги­яға тигі­зер пай­да­сы мен зала­лы­нан қоғам бейхабар. 

– «Кін­ді­гі­міз Ресей­ге бай­лан­ды» демек­ші, Еура­зи­я­лық одақ фак­то­ры тұрғы­сын­дағы биы­лғы қоры­тын­ды­лар тура­сын­да не айтар едіңіз? 

– Бұл одақ ұлт­тық мүд­де­лері­міз­ге қай­шы, тәу­ел­сізді­гі­мізді шек­тей­тін зиян­ды инте­гра­ци­я­лық одақ екенін эко­но­мист-сарап­шы­лар әу баста ескерт­кен еді. Уақыт өте келе, елі­міздің шығы­нға батқа­ны, мұн­дай одақтан ұты­лға­ны­мыз көп екеніне көзі­міз әбден жет­ті. Әділет­ті түр­де, тең дәре­же­де­гі ықпал­да­стық тұрғы­сын­дағы инте­гра­ци­я­ның таға­ны қалан­ба­ды, Бұл одақ – Ресей­дің өктем сая­са­ты­ның ықпа­лын жалға­сты­ру­дың ама­лы ғана еді. Эко­но­ми­ка, сауда-сат­тық тұрғы­сын­да оры­ны тол­ма­стай ұтыл­дық, тең­ге­міздің Ресей­дің руб­ліне бай­ла­нып қалға­ны қар­жы нары­ғын тұра­ла­тып тынды. 

2014 жылы Батыс пен Ресей ара­сын­дағы текетірес ушы­ққан­нан бері, Укра­и­на мәсе­лесіне қаты­сты Ресей­ге жари­я­ланған санк­ция Қаза­қстанға да кесірін тигізіп отыр. Ресей тара­пы өзіне түс­кен сал­маққа ЕАЭО мүше­лерін де кіріп­тар етіп қоюға тыры­сып, ортақ валю­та енгі­зу баста­ма­сы биы­лғы жыл­дың келеңсіз бір көрінісі бол­ды. Ресей­дің әске­ри поли­гон­да­ры, Бай­қоңыр мәсе­лесі, зымы­ран­да­ры­ның апатқа ұшы­ра­уы – әдет­ке айналған құбылыс. 

Адам күлетін бір жағ­дай – Қаза­қстан әлем­де­гі ең ірі ғарыш айлағы «Бай­қоңыр­дың» қожай­ы­ны бола тұрып, зымы­ран­да­рын аме­ри­ка­лық Илон Маск­тің «Falcon‑9» ғарыш тасы­мал­дағы­шы­мен екі жер­сері­гін ұшы­рға­ны­на не дер­сіз? Бұған дей­ін­гі Ресей­мен бір­лесіп, аяғы құр­ды­мға кет­кен «KazSat‑1»-дің құны 65 млн дол­лар бол­са, «KazSat‑2»-ге мем­ле­кет қазы­на­сы­нан 115 млн дол­лар қай­та бөлін­ді. Кеші­гіп қай­та ұшы­ры­лған бұл нысан да сәт­ті бол­ма­ды. Қыз­метін­де­гі ақа­у­лар­дан 13 ұялы бай­ла­ныс пен теле­та­ра­ту­шы ком­па­ни­я­лар «KazSat‑2»-ден бас тарт­ты. Ақыр аяғын­да көп­те­ген дау-дамай­дан соң, 2014 жылы «KazSat‑3» жер­сері­гіне қазақ бюд­жеті тағы 176 млн дол­лар жұм­са­уға тура кел­ді. Сапа­лық та, сан­дық та тұрғы­дан Қаза­қстан­ның сая­си эко­но­ми­ка­сы Ресей­ге бай­ла­нып қалға­нын, оның зардаб­ын осы­дан-ақ көріп отырмыз.

– Қаза­қстан­ның тағы бір бүй­ірі­нен қысқан «Қытай фак­то­ры­ның» биы­лғы жылы өріс алу жағ­дай­ын қалай бағамдайсыз?

Мынау фак­ті айқын: Қытай – Қаза­қстан­ның бақыт­ты ел болуы үшін емес, эко­но­ми­ка­лық келісім­дер­ге, бір­лес­кен жаңа жоба­ларға ең бірін­ші кезек­те өз мүд­десі үшін қол қояды. Қаза­қстан­ның көп­век­тор­лы сая­са­ты негізін­де ел эко­но­ми­ка­сы­на өзге де елдер көп­теп тар­ты­луы тиіс еді. Бірақ Ақор­да билі­гі Қытай­ға кел­ген­де босаң­сып сала береді. Оның бір себебі – эко­но­ми­ка­лық дағ­да­рыс кезеңін­де қар­жы көзі осы көр­ші болып тұр. Ал Қытай­дан алған сол қары­зды қай­та­ру­дың жолын бүгін емес, кеше ойла­стыр­маға­ны­мыз өкіні­шті-ақ. Қаза­қстан отан­дық кәсіп­кер­лер­ден гөрі, қытай­лы­қтарға салы­қтық жеңіл­дік­тер беріп, тіп­ті кей­бір салық түр­лері­нен боса­туы – екі ел ара­сын­дағы ынты­мақ­та­стық тең дәре­же­де жүр­гізіліп оты­рға­ны­на күмән туғы­за­ды. АҚШ пен Қытай ара­сын­дағы «сауда соғы­сы­ның» салқы­ны Қаза­қстанға тимей­ді деп айта алмаймыз. 

Сол сияқты Қытай­ға қаты­сты сөз болған­да, соңғы кез­де­гі Шың­жаң өлкесін­де­гі 1,5 мил­ли­он қаза­қтың басы­на түс­кен ауырт­па­лы­қты айна­лып өте алмай­мыз. Ондағы қаза­қтарға идео­ло­ги­я­лық, сая­си тұрғы­да қысым жаса­лып жатқа­нын әлем­дік ақпа­рат құрал­да­ры хабар­лап жатыр. Биы­лғы жылғы үлкен күй­зеліс пен алаң­дай­тын мәсе­ленің бірі – осы. Мың­даған қазақ бас бостан­ды­ғы­нан айы­ры­лып, «сая­си-түзе­ту лагерь­леріне» қамал­ды. Бір отба­сы екі­ге бөлініп, әкесін, ана­сын, жарын, бала­сын іздеп, тағ­ды­ры тауқы­мет­ке түсті. Қытай мен Қаза­қстан ара­сын­дағы бай­ла­ны­стар­да эко­но­ми­ка­лық-қар­жы­лық тұрғы­да тәу­ел­ді болып, қытай­шыл шешім­дер­дің қабыл­да­нып, оның ығы­на жығыл­сақ, қаза­қтың мүд­десіне қаты­сты мәсе­ле­де Қытай жағы бұны ескеріп оты­рған жоқ. Бізді сая­си тұқыр­ту­дың бір­ден-бір көрінісі осы ма деп қорқамын. 

– Ақор­да өзінің көп­век­тор­лы сыр­тқы сая­са­тын­да әбден шата­сып кет­кен жоқ па? 

– Қаза­қстан­ның сыр­тқы сая­сат мәсе­лесін­де биыл ауыз тол­ты­рып айтар­лық жаңа­лы­қтың ішін­де Кас­пий теңізінің құқы­қтық мәр­те­бесінің шешіл­гені, тиісті келісім­ге қол қой­ы­лға­ны – үлкен жетісті­гі­міз бол­ды. Бұл 90-жыл­дар­дың басы­нан бері оң шеші­мін тап­пай келе жатқан мәсе­ле еді. Биы­лғы жыл­дың еншісін­де­гі жағым­ды жаңа­лы­қтың бірі осы шығар. 

Иә, көп­век­тор­лы сыр­тқы сая­са­ты­мыз тиісті дәре­же­де жүр­гізіл­мей отыр. Әріп­те­стері­міздің көп болға­ны, ықпал­ды ойын­шы­лар­ды тар­тып, тара­зы басын тең ұстай­тын әре­кет­тер жасау – көп­век­тор­лы сая­сат­тың негізі. Батыс елдері, түр­кітіл­дес, мұсыл­ман әле­мін­де­гі, Азия мен Еуро­па, АҚШ мем­ле­кет­тері­мен жүр­гізілетін көп век­тор­лы сая­сат­ты Қаза­қстан билі­гі соңғы 10–15 жыл­да ұмы­тқан сияқты. Оның орны­на Қытай мен Ресей­ге негіз­дел­ген сая­сатқа басым­дық беріл­ді. Бәл­кім, екін­ші тарап жағы­нан мәж­бүр­леу әре­кет­тері жасалған күн­нің өзін­де – шешім қабыл­дай­тын Қаза­қстан билі­гі. Ресей­шіл, қытай­шыл бағы­тқа бұры­лу – біздің сыр­тқы сая­сат­тағы тепе-теңдік­тің сақтал­мауы­ның көр­сет­кі­ші. Ресей­дің шен­ділері, сыр­тқы істер мини­стрі Лав­ров латын әлі­п­биіне қаты­сты біздің ішкі ісі­міз­ге ара­ла­суы – Қаза­қстан­ның Ресей­ге қан­ша­лы­қты тәу­ел­ді екенін аңғарт­ты. Бұл – бір ғана мысал. 

Сыр­тқы сая­сат деген­де, елі­міздің өткен жылы БҰҰ Қауіп­сіздік кеңесіне мүше болуын біздің билік жетісті­гі­міз ретін­де көр­сет­кісі кел­ген. Өкініш­ке қарай, екі жыл­дың ішін­де Ресей­ге тәу­ел­ділі­гінің нәти­же­сін­де Қаза­қстан ресей­шіл ұста­ным­да бол­ды. Укра­и­на, Қырым, Сирия мәсе­лесін­де Ресей­дің мүд­десіне жақ­тас қабыл­данған шешім­дер мен қарар­лар­ды қол­да­ды. Мұн­дай жан­дай­шап­тық қадам өрке­ни­ет әле­мінің Қаза­қстанға деген көзқа­ра­сы­на нұқ­сан кел­тір­ді, елі­міз қан­ша­лы­қты тәу­ел­сіз, дер­бес, Ресей­дің қолын­дағы сат­ти­лит мем­ле­кет емес деген­ге күмән туғызды. 

Соны­мен қатар БҰҰ мін­бесін пай­да­ла­на оты­рып, өзі­міз­ге қажет­ті ұлт­тық мүд­де­лер тұрғы­сы­на қаты­сты, Орта Азия аумағы­на қарай­лас жұмыстар жүр­гізу­ге болар еді. Аймақтағы қауіп­сіздік мәсе­ле­лерін, Ауған­стан­дағы жағ­дай, Арал теңізі мен Семей өңірін қалы­пқа кел­ті­ру БҰҰ-да көтеріл­меді. Көбіне ғалам­дық, айда­ла­дағы Сирия мәсе­лесі­мен айна­лы­стық та, бірін­ше кезек­те­гі ұлт­тық мәсе­ле­лер­ді көте­ре алма­дық. Жуыр­да АҚШ-тың ресми өкілі Аста­на­да көтеріл­ген Сирия мәсе­лесі ешқан­дай нәти­же­ге жет­пе­генін мәлім­деді. Осы жағ­дай Қаза­қстан­ның сыр­тқы сая­са­тын­дағы биы­лғы жылғы әтте­ген-айы­ның бірі. Сөй­тіп, БҰҰ мін­бері арқы­лы қол­дан келетін дүниені пай­да­ла­на алмадық.

– Биы­лғы өтіп бара жатқан жыл­да «билік тран­зи­тіне» қаты­сты Қаза­қстан­ның медиа-әле­мін­де біраз даб­ы­ра бол­ды. Оның үстіне соңғы үш-төрт ай көле­мін­де пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың әле­умет­тік сала­ларға қаты­сты сөз сөй­леу, баста­ма­лар көте­ру, үкі­мет­ке тап­сыр­ма­лар беру бел­сен­ділі­гі арт­ты. Осы­ның бар­лы­ғы әлдебір бола­шақ элек­то­раль­ды кам­па­ни­я­ның ныша­нын сездіретін сияқты. Бұл төңірек­те сіз қан­дай ойлар топ­шы­лап жүрсіз?

Кез кел­ген мем­ле­кет­те пре­зи­дент­тік сай­лау, пар­ла­мент­тік сай­ла­у­лар заң­мен бел­гі­лен­ген уақыт­та өтуі – сол мем­ле­кет­тің өзінің заңы­на деген құр­метін айқын­дай­ды, тұрақты дамып келе жатқан бағы­ты­ның көр­сет­кі­ші бола­ды. Өрке­ни­ет­ті елдер­де Кон­сти­ту­ци­я­мен бел­гі­лен­ген сай­лау уақы­тын өзгерт­кенін есті­меп­піз. Екін­ші дүни­е­жүзілік соғыс кезін­де де, Ұлы­бри­та­ния мен АҚШ соғыс жағ­дай­ы­ның өзін­де де пре­зи­дент­тік, пар­ла­мент­тік сай­ла­у­лар­ды өз мез­гілін­де өткізді. 

Қай­та-қай­та сай­лау өтетін уақыт­ты өзгер­те беру – жақ­сы құбы­лыс емес, бұл – өз заң­да­ры­на немқұрай­лы қара­удың айқын бел­гісі. Өкініш­ке қарай, Қаза­қстан­да сая­си науқан кезек­тен тыс уақыт­та өтуі әдет­ке айнал­ды. Иә, ел ішін­де 2019 жылы кезек­тен тыс сай­лау өтетіні жөнін­де дүр­кін-дүр­кін айты­лып жатыр. Біздің елде бәрі мүм­кін, билік ойы­на не кел­се, соны жасай­ты­ны­на еті­міз үйренген.

 Сай­лау өтудің мүм­кін­ді­гі бүгін­гі жағ­дай­да 50х50 дер едім. Дағ­да­рыс, тоқы­рау, қым­бат­шы­лық, мұнай баға­сы­ның төмен­де­уі, 2019 жылы эко­но­ми­ка­лық-әле­умет­тік сала­дағы аху­ал одан әрі ушы­ға­тын түрі бар. Сол үшін елде­гі қиын­ды­қтар­дың, нара­зы­лық өршуінің алдын алып, билік мерзі­мін ұзар­тып алу үшін, кезек­тен тыс сай­лау өткі­зуі әбден мүмкін. 

Сай­ла­уды клас­си­ка­лық демо­кра­тия тұрғы­сы­нан ала­тын бол­сақ, бұл – ел аза­мат­та­ры­ның бел­гілі бір таң­да­уын біл­діретін сая­си кам­па­ния болуы тиіс. Бір неме­се бір­не­ше сая­сат­кер­дің, бір­не­ше сая­си пар­тия бағ­дар­ла­ма­ла­ры ара­сы­нан біре­уін таң­даған кез­де нағыз сай­лау өте­ді. Біз­де­гі сай­ла­уда халы­қтың таң­дау еркі жоқ, билік пар­ти­я­сы неме­се билік­тің сөзін сөй­лей­тін «қуыр­шақ» пар­ти­я­лар­дың ара­сын­дағы қой­ы­лы­мға айнал­ды. Қаза­қстан­дағы сай­лау – бүгін­гі билік­тің құзіретін одан әрі ұзар­туға ғана арна­ла­ды. Келер 2019 жылы сай­лау өткен күн­нің өзін­де де, жағ­дай еш өзгермейді. 

– Расул, сіз Сүлей­мен Деми­рел уни­вер­си­тетін­де бірер жыл сту­дент­тер­ге лек­ция оқы­ды­ңыз. Сон­да бүгін­гі жастар­дың бола­шаққа, елде­гі сая­си жағ­дай­ға деген көзқа­рас­та­рын бағам­дай алды­ңыз ба? Бұны сұрап оты­рған себебім – биы­лғы жылы жастар­дың Қаза­қстан­ды тастап, шетел­дер­ге кетуі жиіледі деген дерек бар… 

– Атал­мыш уни­вер­си­тет­те дәріс бер­ген кез­де бай­қаға­ным – өзге­ге бодан болған заман­ды көр­ме­ген жаңа ұрпақ өсіп келе жатыр. Жастар­дың ара­сын­да бел­сен­ділік сан­нан сапаға қарай бұры­лға­ны қуан­та­ды. Алай­да бұл құбы­лыс өте баяу жүріп жатыр. Жастар­дың мүм­кін­ді­гін мем­ле­кеті­міз толы­ғы­нан пай­да­ла­нып отыр дей алмай­мын. Өрке­ни­ет­ті елдер­дің тәжіри­бесіне сүй­еніп, жастарға бағыт-бағ­дар беріп, елдің эко­но­ми­ка­лық дамуы­на үлес қосуға үндей­тін жұмыс жүр­гізіл­мей­ді. Мәсе­лен, Цукер­берг, Илон Маск, Билл Гейтс биз­не­стерін 20–30 жастың ара­сын­да бастаған. 

Жастар билік­тің наза­ры­нан тыс қалған­да, жұмыс­сыздық жай­лаған­да, ашы­нған­дар­дың әре­кеті елдің тұрақты­лы­ғы­на кесірін тигі­зуі мүм­кін. Қаза­қстан­да жастарға қаты­сты сау­ат­ты сая­сат жоқ, оның бір­ден-бір көр­сет­кі­ші – олар­дың қоғам­дық шара­лар­дан алшақта­уы. Мәсе­лен, олар Тәу­ел­сіздік күні алаңға келіп, тәу ету­ге де бармайды. 

Екін­ші жағы­нан, бүгін­гі жастар­дың 40 пай­ы­зы өзінің бола­шағы­на сен­бей­тінін әле­умет­тік зерт­те­улер­дің мәлі­меті­нен білу­ге бола­ды. Соның сал­да­ры­нан шетел­ге кету­ге бел буған­дар қата­ры жыл санап көбе­ю­де. Осы 40 пай­ыз өте жоға­ры көр­сет­кіш: елде­гі жастар­дың жар­ты­сы­на жуы­ғы шетел­де оқуға, жұмыс істеу ұмты­лы­сы­на алаң­дап оты­рған ешкім жоқ. Біз сон­да қан­дай мем­ле­кет құрған­быз? Жастар­дың өз елі­нен безі­нуіне түрт­кі болған не жағ­дай? Бұл сұрақтарға бас қаты­рып оты­рған билік­ті байқамадым.

Одан кей­ін­гі кезек­те жастар ара­сын­да өзге бағыт­ты ұстанған­дар, жаман әдет­тер­ге салы­ну­шы­лар, нашақор­лық, қыл­мыс жасау көр­сет­кі­ш­тері өте жоға­ры. Мәсе­лен, Дүни­е­жүзілік ден­са­улық сақтау ұйы­мы­ның есебін­ше, әлем елдерін­де­гі 200 мем­ле­кет­тің ара­сы­нан арақ-шарап тұты­ну­дан Қаза­қстан – 34, темекі тар­ту­дан 12-орын­да екен. Осы көр­сет­кі­ш­те жастар­дың үлесі басым екеніне күмәнім жоқ. Елі­міз­де жастарға қаты­сты билік­тің жүр­гізіп оты­рған сая­са­ты­ның сиқы осы.

– Иә, көңіл­ге қаяу түсіретін жағ­дай… Ал алда келе жатқан Доңыз жылы­нан жылт етер жақ­сы жаңа­лы­қтың ныша­нын көре ала­сыз ба? 

– Өкініш­ке қарай, алдағы жылы да осы дағ­да­ры­сты жағ­дай қай­та­ла­нып, тіп­ті ушы­ға­тын түрі бар. Эко­но­ми­ка­мыз мұнай­ға, шикі­за­тқа тәу­ел­ді, басқа бір тех­но­ло­ги­я­лық, сапа­лық тұрғы­дан дамып оты­рған жоқ­пыз: өзгерістер­дің бәрі көбі­не­се фор­маль­ды, тек қағаз жүзін­де ғана іске асып жатыр. 

Дүни­е­жүзілік банк жуыр­да мынан­дай жора­мал жасап­ты: «Қаза­қстан­да түбе­гей­лі рефор­ма­лар жүр­гізіл­ме­се, қазір­гі эко­но­ми­ка­лық сая­сат сақта­ла беретін бол­са, шикі­за­тқа тәу­ел­ділік­тен құтыл­ма­са, он жыл­дың айна­ла­сын­да елдің эко­но­ми­ка­сы үлкен дағ­да­ры­сқа ұшы­рай­ды, бюд­жеті екі есе кеми­ді» деп­ті. Бұл – өте қауіп­ті жора­мал. Елі­міз бұған дей­ін де қарық болып тұр­маған еді, деген­мен алдағы он жыл­дың қатері 2019 жыл­дан баста­ла­ды деген сөз. 

– Сұх­ба­ты­ңы­зға рах­мет, Расул мыр­за! Алай­да, өзіңіз айтқан­дай, қатып қалған, мәң­гілік ештеңе жоқ. Түбін­де бір өзгерістің бола­ры хақ! 

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Республиканский еженедельник онлайн