Четверг , 27 ноября 2025

РЕСЕЙГЕ КҮЛІП ҚАРАУ саясатынан басқа балама жоқ

Қаза­қстан мен Ресей: 28 мил­ли­ард дол­лар­лық бай­ла­ныс. Екі елдің ортақ эко­но­ми­ка­лық бола­шағын не күтіп тұр?

Мен анда-сан­да кар­таға қарап оты­ра­мын. Сіз­ге де кеңес бере­мін. Сол кар­таға қараған­да, көп нәр­сені түсі­несіз. Біз Ресей­ді айна­лып өте алмай­мыз, затта­ры­мы­зды жинап, одан қашып кете алмай­мыз. Ал есі­гі­мізді жауып қой­ып, тып-тыныш оты­ру мүл­де ақы­мақтық болар еді. Құдай бер­ген көр­ші деген тер­мин­нің қол­да­ны­ла­ты­ны да осы­дан. Біз оны таң­дап алған жоқ­пыз. Бірақ Құдай біздің қасы­мы­зға Ресей мен Қытай­ды қой­ып қой­ған­ды­қтан, біз­ге осы­лар­мен бір­ге өмір сүру­ге, эко­но­ми­ка­лық қаты­нас жасап, содан өзі­міз­ге пай­да келетін­дей қылып жаса­уға тура келеді. Басқа амал жоқ. Және Қаза­қстан дәл осы жұмысты дұрыс жасап отыр.

Өткен апта­лар­да Қаза­қстан Пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың Ресей­ге мем­ле­кет­тік сапа­ры өтті. Сапар аясын­да бірқа­тар маңы­зды кез­де­су­лер өткізіліп, Путин­мен ынты­мақ­та­сты­қтың жаңа бағыт­та­ры талқы­лан­ды. Сапар аясын­да екі ел пре­зи­дент­тері Орал қала­сын­да өтіп жатқан 21-ші Қазақстан–Ресей өңіра­ра­лық фору­мы­ның пле­нар­лық сес­си­я­сы­на бей­не­бай­ла­ныс арқы­лы қаты­сты. Форум­да Тоқа­ев: «Сауда-эко­но­ми­ка­лық және инве­сти­ци­я­лық ықпал­да­стық жыл сай­ын тұрақты түр­де нығай­ып келеді», – деп атап өтті.

Шынын­да да, ста­ти­сти­каға үңілей­ік. Ресей – бүгін­гі таң­да Қаза­қстан­ның ең ірі сауда және инве­сти­ци­я­лық серік­тесі. Екі ел ара­сын­дағы тау­ар айна­лы­мы қазір­дің өзін­де 28 мил­ли­ард дол­лар­дан асқан. Мақ­сат – бола­шақта осы көр­сет­кі­шті 30 мил­ли­ард дол­ларға жет­кі­зу. Осы бағыт­та нақты және жүй­елі жұмыс жүріп жатыр. 2024 жылы Ресей инве­сти­ци­я­сы рекорд­тық дең­гей­ге жетіп, 4 мил­ли­ард дол­ларға тең бол­ды. Ал жал­пы алған­да, Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­на құй­ы­лған ресей­лік инве­сти­ция көле­мі 27 мил­ли­ард дол­лар­дан асып түс­кен. Өз кезе­гін­де қаза­қстан­дық биз­нес те көр­ші елге бел­сен­ді қар­жы салып келеді, Ресей­ге салы­нған қаза­қстан­дық инве­сти­ция көле­мі 9 мил­ли­ард дол­ларға жуы­қта­ды. Өнер­кәсіп­тік коопе­ра­ция – екі­жақты серік­те­стік­тің ең айқын көрінісі. Қазір­дің өзін­де жал­пы құны 48,2 мил­ли­ард дол­лар­ды құрай­тын 171 бір­лес­кен жоба жүзе­ге асы­ры­лу­да. Бұл – 44 мың­нан астам адам­ды жұмыспен қам­тып оты­рған орас­ан ауқым­дағы серік­те­стік. Оның ішін­де 105 жоба толық іске қосы­лған, 40‑ы жұмыс үстін­де, ал 31 жоба дай­ын­дық кезеңін­де тұр.

Жал­пы енді Қаза­қстан мен Ресей ара­сын­дағы ірі эко­но­ми­ка­лық бай­ла­ны­стың ішкі құры­лы­мы­на үңіліп көр­сек. Ол үшін соңғы бес жыл­дағы дина­ми­ка­ны, яғни 2020–2025 жыл­дар­ды алып талқы­лай­мыз. Қаза­қстан мен Ресей ара­сын­дағы тау­ар айна­лы­мы соңғы бес жыл­да қарқын­ды өсіп, рекорд­тық дең­гей­лер­ге жет­ті. 2021 жылы екі елдің өза­ра сауда көле­мі 25,6 млрд АҚШ дол­ла­ры­на жетіп, 2020 жылға қараған­да 34%-ға өсім көр­сет­ті. Ал 2022 жылы сауда айна­лы­мы бұл дең­гей­ден де асып, 26,1 млрд дол­ларға жет­ті, яғни 2021 жыл­мен салы­сты­рған­да 6,1% жоға­ры бол­ды. 2023 жылы өсім қарқы­ны бір­ша­ма бая­у­лап, шама­мен 3,7% қосыл­ды. 2023 жылы тау­ар айна­лы­мы шама­мен 27 млрд дол­ларға жуы­қта­ды. Ал 2024 жылы өза­ра сауда көле­мі тағы ұлғай­ып, 28 млрд АҚШ дол­ла­ры­на жет­ті, бұл алды­ңғы жыл көр­сет­кі­ші­нен 3%-ға артық нәти­же. 2024 жыл­дың қоры­тындысы бой­ын­ша Ресей Қаза­қстан­ның жал­пы сыр­тқы сауда айна­лы­мы­ның 20%-ын құрап, Қытай­мен бір­ге негіз­гі сауда серік­тесі болып отыр. 2025 жыл­дың 8 айын­да екі ел ара­сын­дағы сауда айна­лы­мы 17 млрд дол­ларға жет­ті. Демек, жыл соңын­да тағы да жоға­ры көр­сет­кіш күту­ге негіз бола­ды. Біз 28 мил­ли­ард дол­лар­лық рекорд­ты жаңар­та ала­мыз ба? Әңгі­ме сонда.

Экс­порт пен импорт құры­лы­мы­на мін­дет­ті түр­де көз жүгір­туі­міз керек. Қаза­қстан­ның Ресей­ге экс­пор­ты соңғы жыл­да­ры айтар­лы­қтай өсті. Мыса­лы, 2022 жылы Қаза­қстан­нан Ресей­ге 8,8 млрд дол­ларға тау­ар экс­порт­тал­ды, бұл 2021 жыл­мен салы­сты­рған­да 60% артық бол­ды. Негіз­гі экс­порт тау­ар­ла­ры­ның қата­рын­да табиғи уран, метал­дар мен мине­рал­дық өнім­дер бар. 2022 жылғы дерек бой­ын­ша Қаза­қстан­ның Ресей­ге басты экс­порт өнім­дері уран 958,5 млн дол­лар, яғни экс­порт құры­лы­мын­да үлесі 10,9%, баға­лы метал­дар кен­дері мен кон­цен­трат­та­ры 339,1 млн дол­лар (үлес 3,9%), сон­дай-ақ алю­ми­ний оксиді мен гид­рок­сиді 337 млн дол­лар (үлес 3,8%) бол­ды. Экс­порт­тың өсі­мі тек дәстүр­лі шикі­зат есебі­нен ғана емес, гео­са­я­си жағ­дай­ларға бай­ла­ны­сты реэкс­порт есебі­нен де қам­та­ма­сыз етіл­генін қалай­ша жасырамыз?!

Сарап­шы­лар­дың айтуын­ша, 2022–2023 жыл­да­ры Қаза­қстан арқы­лы Қытай­дың тау­ар­ла­рын Ресей­ге қай­та сату тран­зи­ті артқан. Соның нәти­же­сін­де Қаза­қстан­да өндіріл­мей­тін ком­пью­тер­лер, тұр­мыстық тех­ни­ка, авто­көлік және өнер­кәсіп жаб­ды­қта­ры сияқты жаңа тау­ар­лар да Ресей­ге экс­порт­та­ла­тын өнім­дер құры­лы­мын­да пай­да бол­ды. Ресей­ден Қаза­қстанға импорт көле­мі 2022 жылы 17,3 млрд дол­ларға тең бол­ды, алай­да бұл көр­сет­кіш 2021 жыл­мен салы­сты­рған­да сәл (1,5%-ға) төмен­деді. 2022 жылы Қаза­қстан­ның Ресей­ден импорт­тай­тын негіз­гі тау­ар­ла­ры мына­лар еді. Ол мұнай өнім­дері – 542,2 млн дол­лар (импорт­тағы үлесі 3,1%), қара метал­дан жар­ты­лай фаб­ри­кат­тар – 417,6 млн дол­лар (үлес 2,4%), бидай асты­ғы – 330,6 млн дол­лар (үлес 1,9%), баға­лы металл кен­дері – 292,8 млн дол­лар (1,7%) және тағы басқалары.

2023 жылы Ресей­ден келетін импорт көле­мі айтар­лы­қтай азай­ды. 2023 жыл­дың алға­шқы жар­ты­сын­да импорт өткен жыл­дың осы кезеңі­мен салы­сты­рған­да 10,4%-ға төмен­деп, 7,8 млрд дол­лар­ды құра­ды. Бұл үрдісті сарап­шы­лар Ресей­дің өз ішкі қажет­тілік­терін қам­туға ұмты­луы­мен, сон­дай-ақ Ресей­ге қар­сы санк­ци­я­лар сал­да­ры­нан төлем жүр­гі­зу­де­гі қиын­ды­қтар­мен түсін­діреді. Нәти­же­сін­де Ресей­дің Қаза­қстан импор­тын­дағы үлесі соңғы жыл­да­ры едәуір қысқар­ды. Ол соғы­сқа дей­ін 42% бол­са, 2023 жылы 29%-ға дей­ін түсті. Ресей­лік тау­ар­лар­дың орнын Қытай мен Түр­кия өнім­дері басу­да. Қытай біз­ге импорт бой­ын­ша кей кез­дері Ресей­ді басып озып кетіп жүр­ді. Мыса­лы, Қытай­дың Қаза­қстан импор­тын­дағы үлесі 2023 жылы 27%-ға жет­ті. Деген­мен, 2024 жылы бұл тренд бір­ша­ма өзгер­ді. Ресей импор­ты­ның үлесі 27,9%-дан 30,5%-ға дей­ін қай­та өсіп, Қаза­қстан импор­тын­дағы әр үшін­ші тау­ар шама­мен Ресей­ден келетін жағ­дай қалып­та­сты. Дәл осы фак­тор тең­гені рубль­ге бай­лап отыр. Рубль қинал­са, тең­ге де қина­ла­ты­ны сондықтан.

Енді инве­сти­ци­я­ларға келей­ік. Қаза­қстан мен Ресей­дің инве­сти­ци­я­лық өза­ра бай­ла­ны­сы соңғы жыл­да­ры жаңа дең­гей­ге көтеріл­ді. Ста­ти­сти­ка­ны ашып қара­сақ, осы­ны түсі­не­міз. Ресей – Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­на ең көп қар­жы құй­ған инве­стор­лар­дың бірі. Ал был­тыр біз­ге инве­сти­ция бой­ын­ша Ресей бірін­ші оры­нға шықты. Ұлт­тық банк дере­гіне сүй­ен­сек, 2024 жылы Ресей­ден Қаза­қстанға тіке­лей инве­сти­ци­я­лар­дың жал­пы ағы­ны 4 мил­ли­ард АҚШ дол­ла­рын құра­ды. Ал 2023 жылы осы көлем 3 млрд дол­лар болған еді. Салы­сты­ру үшін, 2021 жылы Ресей­ден кел­ген инве­сти­ци­я­лар 1,9 млрд дол­лар, 2022 жылы 1,5 млрд дол­лар болған еді, ал 2023 жылы гео­са­я­си өзгерістер әсері­мен күрт өсіп, 3 млрд дол­ларға жет­ті. Осы өсім нәти­же­сін­де 2024 жылы Ресей жал­пы көле­мі 17,1 млрд дол­лар болған Қаза­қстанға шетел­дік инве­сти­ци­я­лар­дың 23,6%-ын қам­та­ма­сыз етіп, Нидер­ланд­ты басып озды. Ресей­лік инве­сти­ци­я­лар негізі­нен мұнай-газ, энер­ге­ти­ка, химия өнер­кәсібі, метал­лур­гия, банк сек­то­ры және маши­на жасау сала­ла­ры­на бағыт­талған. Мыса­лы, 2022 жылға дей­ін біз­де­гі қар­жы сала­сын­да ресей­лік «Сбер­банк» және ВТБ-ның нары­қтағы үлесі айтар­лы­қтай бол­ды. Соны­мен бір­ге «Рос­нефть», «Лукойл», «Газ­пром», «РусАл», «Евро­Хим», «Тат­нефть», «КАМАЗ» секіл­ді ірі ресей­лік ком­па­ни­я­лар Қаза­қстан­да мұнай өнді­ру, металл өңдеу, химия және маши­на жасау жоба­ла­рын жүзе­ге асы­рып келеді. Қазір­гі таң­да Қаза­қстан­да ресей­лік капи­тал­дың қаты­суы­мен тір­кел­ген кәсі­по­рын­дар саны 20 мың­нан асып отыр, бұл елде­гі шетел­дік қаты­сы бар бар­лық кәсі­по­рын­дар­дың 40%-ын құрайды.

Айта кетер­лі­гі – соңғы уақыт­та гео­са­я­си жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты ресей­лік биз­нес Қаза­қстан нары­ғы­на көбірек келу­де. Тек 2022–2023 жыл­дар­дың өзін­де мұн­дай ком­па­ни­я­лар саны 70%-ға өсіп, 18 мың­нан 23 мыңға дей­ін арт­ты. Қаза­қстан­дық биз­нес те Ресей нары­ғы­на инве­сти­ция салу­да, деген­мен оның көле­мі салы­стыр­ма­лы түр­де шағын­дау. 2005 жыл­дан 2019 жыл­дың I тоқ­са­ны­на дей­ін­гі ара­лы­қта Қаза­қстан­ның Ресей­ге салған тіке­лей инве­сти­ци­я­ла­ры­ның жиын­тық көле­мі 3,9 млрд дол­лар­ды құра­ды. 2023 жылға қарай бұл көр­сет­кіш 5–6 млрд дол­ларға жет­кені бай­қа­ла­ды. Қаза­қстан­дық инве­стор­лар Ресей­де негізі­нен банк сек­то­ры, метал­лур­гия, тау-кен және жыл­жы­май­тын мүлік сала­ла­рын­да бел­сен­ді. Мыса­лы, 2021 жылы қаза­қстан­дық «Pioneer Capital» инве­сти­ци­я­лық ком­па­ни­я­сы Ресей­дің Азия-Тынық мұхи­ты бан­кінің 100% акци­я­сын сатып алды, мәмі­ле сома­сы 188 млн АҚШ дол­ла­рын құра­ды. Сон­дай-ақ Қаза­қстан­ның мем­ле­кет­тік ком­па­ни­я­ла­ры Ресей­де бір­лес­кен жоба­ларға қаты­са­ды. Мыса­лы, «Қаз­Мұ­най­Газ» Ресей­дің бір­не­ше өңірін­де мұнай бар­лау жұмыста­рын бір­ле­се жүр­гі­зу­де. Ал «Қаза­том­пром» бұрын Ресей­де­гі уран бай­ы­ту кәсі­пор­ны­на акци­о­нер болған еді. Бірақ қазір ол үле­стің қомақты бөлі­гін кері сатып жібер­ді. Жал­пы алған­да, қазір Қаза­қстан ресей­лік инве­стор­лар қар­жы­сын ең көп тар­тқан алға­шқы үш елдің қатарында.

Ірі бір­лес­кен жоба­лар бар ма? Әрине, бар және жоға­ры­да айтқа­ным­дай олар аз емес. Соңғы бес жыл­да Қазақстан–Ресей эко­но­ми­ка­лық ынты­мақ­та­сты­ғы аясын­да бір­не­ше стра­те­ги­я­лық маңы­зға ие бір­лес­кен жоба­лар іске қосыл­ды. Екі ел үкі­мет­тері 2019 жылы өнер­кәсіп­тік коопе­ра­ци­я­ның жол кар­та­сын бекітіп, соған сәй­кес 2025 жылға қарай жал­пы 53 млрд дол­лар­дан аса­тын 171 бір­лес­кен жоба порт­фелі қалып­тасқан бола­тын. Бұл әу баста жос­пар­ланған көлем­нен алты есе көп. Ең ірі бір­лес­кен жоба, әрине, КТК – Кас­пий мұнай кон­сор­ци­у­мы. Бұл Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­ның күре­та­мы­ры. Мыса­лы, кіш­кен­тай бала труб­ка­мен сок ішіп отыр дей­ік. КТК біз үшін осы труб­ка. Түсін­діңіз­дер ме маңы­зын? КТК құбы­ры арқы­лы қазақ мұнайы Ресей­дің Ново­рос­сийск пор­ты­на тасы­мал­да­на­ды, бұл марш­рут Қаза­қстан экс­пор­ты­ның 80 пай­ы­зын қам­ти­ды. Өз кезе­гін­де Ресей де Қаза­қстан аумағы арқы­лы өз энер­гоөнім­дерін тасы­мал­да­уды жос­пар­лап отыр. Қазір екі ел ара­сын­да Ресей мұнай­ын Қаза­қстан арқы­лы Қытай­ға тран­зит­теу көле­мін жылы­на 7 млн тон­на­дан 10 млн тон­наға дей­ін ұлғай­ту жос­па­ры іске асу­да. Сон­дай-ақ бірқа­тар жаңа мұнай-газ кен орын­да­рын бір­лесіп иге­ру жөнін­де келісім­дер бар. Мәсе­лен, «Қаз­Мұ­най­Газ» бен ресей­лік «Лукойл» Кас­пий теңізін­де­гі Қала­мқас-теңіз және Хазар кен орын­да­рын бір­ге иге­ру тура­лы келісім­ге қол қой­ып, 2029 жылға дей­ін осы жоба­ларға шама­мен 6 млрд дол­лар инве­сти­ция тар­туы тиіс еді. Бірақ санк­ция сал­да­ры­нан бұл жоба­дан «Лукойл» айы­ры­лып қалады.

Мұнай мен газ­дан бөлек, одан кей­ін­гі ірі жоба­лар энер­ге­ти­ка сала­сын­да жасалған. Екі­ба­стұз ГРЭС‑2 элек­тро­стан­ци­я­сы Қаза­қстан мен Ресей­дің ортақ жоба­сы сана­ла­ды. Стан­ция акци­я­ла­ры­ның 50%-ы ресей­лік «Интер РАО» ком­па­ни­я­сы­на тиесілі. Қазір Екі­ба­стұз ГРЭС-інің қуа­тын арт­ты­ру, жаңа энер­го­бл­ок­та­рын салу жұмыста­ры жүріп жатыр. Соны­мен қатар 2023 жыл­дың соңын­да екі ел билі­гі Қаза­қстан­ның үш қала­сын­да – Көк­ше­тау, Семей, Өске­мен­де жаңа жылу электр орта­лы­қта­рын салу тура­лы келісім­дер жаса­сты. Бірақ «Интер РАО»-да осы жоба­ларға қаты­сты бір­ша­ма қиын­ды­қтар бар сияқты. Шеш­се бір­лесіп жасай­мыз, бол­ма­са қытай­ларға бере­міз. Атом энер­ге­ти­ка­сы бой­ын­ша өздеріңіз жақ­сы білесіз­дер. Балқа­штағы іргелі стан­ци­я­ны «Роса­том» сала­ды. АЭС құры­лы­сын 2035 жылға қарай аяқтау жос­пар­ла­ну­да. Қаза­қстан әлем­де­гі уран­ның ең ірі өндіру­шісі бол­са, Ресей оны бай­ы­ту, ядро­лық отын өндірісі бой­ын­ша әлем­де бірін­ші орында.

Инду­стрия және өндіріс сала­сын­да Қазақстан–Ресей коопе­ра­ци­я­сы соңғы жыл­да­ры жаңа жоба­лар­мен толы­қты. Қазір­гі уақыт­та екі елдің бір­лес­кен 75 өнер­кәсіп­тік жоба­сы іске асы­ры­лу­да, инве­сти­ци­я­лар көле­мі шама­мен 33 млрд дол­лар­ды құрай­ды. Соның ішін­де маши­на жасау және авто­мо­биль өнер­кәсібі ерекше орын ала­ды. Қоста­най қала­сын­да «КАМАЗ» жүк көлік­теріне арналған құй­ма бөл­шек­тер шыға­ра­тын зауыт іске қосыл­ды. Бұл жоба Қаза­қстан­ның авто­мо­биль кла­стерін дамы­туға өз үлесін қосып жатыр. Сарань қала­сын­да Татар­стан­ның «Тат­нефть» ком­па­ни­я­сы жылы­на 3,5 млн дана авто­ши­на өндіретін зауыт ашты. Айт­пақ­шы, осы авто­ши­на­лар Аттар деп ата­ла­ды. Химия өнер­кәсібін­де ресей­лік «Евро­Хим» және «Урал­хим» ком­па­ни­я­ла­ры­ның қаты­суы­мен мине­рал­ды тыңай­тқы­штар шыға­ра­тын жаңа өндірістер құры­лып жатыр. Бұл кәсі­по­рын­дар іске қосы­лған­да, Қаза­қстан ТМД аумағын­дағы тыңай­тқыш өндірісі хаб­та­ры­ның біріне айна­лып, агро­сек­тор­дың қажет­тілік­терін жабуға қыз­мет етеді.

Көлік және логи­сти­ка бой­ын­ша үлкен әле­ует бар. Гео­гра­фи­я­лық тұрғы­да Қаза­қстан мен Ресей Еура­зия құр­лы­ғы­ның орта­лы­ғын­да орна­ласқан­ды­қтан, тран­зит­тік тасы­мал және көлік дәліз­дерін дамы­ту ең бір сұра­нып тұрған, логи­ка­лық жағы­нан дұрыс қадам. Екі ел «Сол­түстік-Оңтүстік» және «Шығыс-Батыс» бағы­тын­дағы маги­страль­дық халы­қа­ра­лық дәліз­дер­ді бір­лесіп дамы­ту үстін­де. Мыса­лы, Үндістан–Парсы шыға­нағы­нан Ресей­ге және Сол­түстік Еуро­паға жүк тасы­ма­лын жеңіл­де­тетін Сол­түстік-Оңтүстік дәлізі аясын­да Қаза­қстан арқы­лы өтетін темір­жол, авто­мо­биль жол желілері жаңар­ты­лып жатыр. Соны­мен бір­ге Қытай – Еуро­па ара­сын­дағы бала­ма марш­рут ретін­де Түр­кия, Кас­пий теңізі арқы­лы өтетін Тран­с­кас­пий халы­қа­ра­лық көлік дәлізі (Орта дәліз) бел­сен­ді даму­да, бұған Қаза­қстан мен Ресей де өз инфрақұры­лы­мын бей­ім­де­уде. Әсіре­се пан­де­мия және 2022 жылы басталған соғыс логи­сти­ка сала­сы­на жаңа өзгерістер әкел­ді – Қаза­қстан жүк­тер­ді Ресей порт­та­рын айна­лып өтетін бала­ма бағыт­тарға, мыса­лы, Қара теңіз, Кав­каз арқы­лы көбірек бағ­дар­лап, тасы­мал­дау марш­ру­тын әрта­рап­тан­ды­ру­да. Бұл қадам­дар өңір­лік сауда тасы­ма­лы­ның қауіп­сізді­гі мен үздіксізді­гін қам­та­ма­сыз ету үшін маңызды.

Ғарыш сала­сы да ынты­мақ­та­сты­қтың ерекше бағы­ты. Кеңес кезеңі­нен мұраға қалған «Бай­қоңыр» ғарыш айлағы Қаза­қстан аумағын­да орна­ласқан және оны Ресей 2050 жылға дей­ін жалға алып пай­да­ла­на­ды. «Бай­қоңыр» кешені екі ел үшін де стра­те­ги­я­лық нысан: Ресей өзінің ғарыш бағ­дар­ла­ма­ла­рын осы жер­ден жүзе­ге асы­ра­ды, ал Қаза­қстан тара­пы­нан «Бәй­те­рек» бір­лес­кен жоба­сы арқы­лы «Бай­қоңыр» инфрақұры­лы­мын жаңғыр­туға инве­сти­ци­я­лар салы­на­ды. Өткен апта­да «Бәй­те­рек» жоба­сы аясын­да зымы­ран­ның ком­по­нет­тері ұшу алаңы­на жет­кізіл­ді. Сол жер­ден раке­та құра­лып, «Бәй­те­рек» жоба­сы­ның алға­шқы зымы­ра­ны ғары­шқа ұшпақ. Бұл жоба­ның құны 1,5 млрд дол­ларға жуық деп баға­ла­ну­да және нәти­же­сін­де «Бай­қоңыр­дың» ком­мер­ци­я­лық тар­тым­ды­лы­ғы арта­ды деп күтілуде.

Жағ­дай осын­дай. Мүм­кін­ді­гін­ше сауда­мы­зды істеп, өзі­міз­ге пай­да­лы жағын алып отыр­мыз. Басты­сы – ешкім­мен ұрсыспау. Бәріне күліп қарау. Өзі­міздің ойы­мы­зды тыныш іске асы­ру. Сон­да ғана дамимыз.

Айбар ОЛЖАЕВ

Республиканский еженедельник онлайн