Четверг , 10 апреля 2025

РЕСЕЙДЕГІ ҚАЗАҚТАРДЫ ҚАСІРЕТТЕН ҚҰТҚАРАЙЫҚ!

Айдын Рахымбаевтың азаматтық үндеуін қолдайық!

Украинадағы соғыстан жеңіле бастағанын сезген агрессияшыл Путиннің «жартылай мобилизация» жариялау жөніндегі жарлығы Ресейде барынша толқу тудырды. Әділетсіз соғыстан қашқан, ақымақтың амбициясы үшін өлгісі келмейтін ресейлік жастар Қазақстанға ағылып келуде. Ресми органдар босқындар санын дөп басып айта алмайды, себебі – екі ел арасындағы 7,5 мың шақырымдық шекараның тұс-тұсын тесіп өткен, маң даламен маңып қашқан жастардың санында есеп жоқ.

Бұл екі арада Ресей билігі оккупациялық соғысқа орыстан өзге ұлт өкілдерін әкетіп жатыр деген ақпараттың ағыны қатты. Таяуда астрахандық қазақ жастарын автобусқа тиеп жатқан видео әлеуметтік желілердің қазақстандық сегментін жарып жіберді.

Міне, Ресейдегі миллионнан астам қазақтың жас буынын соғыс пен өлімнен құтқару үшін, елге танымал «BI» құрылыс компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев әлеуметтік желілер арқылы үндеу жариялады. Онда холдингтің қожайыны не деді? «Фейсбуктен» көшіріліп, қаз-қалпында жарияланып отырған жазбасын оқыңыз:

Қандас бауырлар!

Соңғы күндері көрші елде орын алып жатқан жағдайлар бізге де ауыр тиіп жатыр. Әскерге жұмылдыру деген сұмдық нәрсе ғой! Әсіресе майданға Орынбор, Омбы, Астрахан өңлеріндегі жүздеген бауырымызды да алып кетіп жатыр екен. Жасын да, кәрісін де. Обал-ай! Кеткендердің көбісі аман келмейтіні анық қой…

Сондықтан біз – бір топ жігіттер – әскер жасындағы /соғыстан қашқан/ қандастарға Астана мен Атыраудағы жатақханалардан орын мен тамағын беріп, көмектесейік деп шештік. Елге қарай жетсе болды ғой…

Осындай қиын жағдайдағы бауырларымыз болса, менің «Фейсбкутегі» мессенджеріме хабарлассын. Қажетті ақпаратты жібереміз.

Айдын Рахымбаев

Айдынның азаматтық бастамасы Қазақстанда кеңінен қолдау табуда. Оны қолдаушылар тобы «Фейсбукте» былай деп жазады:

Уважаемые этнические Казахи России!

Меценат Айдын Рахимбаев заявил о готовности помочь этническим казахам России. Вам достаточно пересечь границу. Будут предоставлены общежития в городах Атырау и Астана, обеспечены питанием, работой. Контакты +7-777-198-1313, Айша (НАО «Фонд Отандастар»).

Контакты Центра информационной поддержки этнических казахов за рубежом и Қандастар, прибывших в Казахстан: 

1. 1404 (звонки для всех казахстанских мобильных операторов осуществляются бесплатно);

2. 8 800 080 1404 (звонки с городских номеров по Казахстану осуществляются бесплатно); 

3. +77172981404 (звонки из-за рубежа осуществляются по ставке оператора связи);

4. +7010001404 (WhatsApp, Telegram).

Бұл екі арада ҚР Сыртқы істер министрлігі Украинадағы соғыс пен саяси жағдайға байланысты мынадай хабар таратты (ҚазТАГ):

Қазақстан Украинаның төрт облысының Ресейге қосылуы туралы референдумды мойындамайды, деп хабарлады Қазақстан Републикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

«ЛХР мен ДХР деп өзін-өзі жариялаған мемлекеттердің және Запорожье мен Херсон облыстарының әскери әкімшіліктерінің Ресейге қосылу туралы референдумдар өткізуіне келетін болсақ, Қазақстан мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, олардың егемендік теңдігі және бейбіт қатар өмір сүру қағидаттарын негізге алады», – деп мәлімдеді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

СІМ баспасөз хатшысы атап өткендей, президентіміз бірнеше рет, оның ішінде БҰҰ мінберінен жақында ғана сөйлеген сөзінде осы дүниежүзілік әмбебап ұйымның Жарғысына негізделген халықаралық құқық қағидатын бұлжытпай сақтаудың маңыздылығы туралы мәлімдеді. Жарғыда БҰҰ-ға мүше елдердің бейбітшілік пен мемлекеттердің аумақтық тұтастығын сақтау жауапкершілігі туралы айтылады.

«Біз саяси диалог орнату үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенімізді тағы да растаймыз. Бұл ретте еліміз тұрақтылықты өңірлік әрі жаһандық деңгейде сақтауды аса маңызды міндет санайды», – делінген хабарда.

Құрметті қазақтар!

Егер сіздің Ресейде тұратын туған-туыстарыңыз болса, газетте жарияланған осы хабарды шекараның арғы жағына жеткізуге тырысыңыз! Онсыз да саны аз, әлемнің түкпір-түкпіріне тараған қандастарымыздың бір пұшпағын төніп келе жатқан қасіреттен құтқарайық! Айдын сияқты қазақ азаматтары өз бауырларын құшақ жая қарсы алады!

«DAT» газетінің редакциясы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн