Суббота , 5 июля 2025

РЕСЕЙ ЕНДІ КЕЛІССӨЗГЕ БАРУҒА ТЫРЫСАДЫ

Қоғам бел­сен­дісі Арман Шора­ев соғы­сып жатқа­ны­на мың күн болған Ресей мен Укра­и­на­ның текетіресі жөнін­де Ulysmedia.kz пор­та­лы­на ой-пікірін айт­ты. Біз одан осы соғыс кей­бір сарап­шы­лар айтып жатқан­дай келіс­сөз­бен уақыт­ша тоқтаған жағ­дай­да Қаза­қстанға әсері қан­дай бола­ты­нын сұрап көрдік.

СОҒЫСҚА СОЛТҮСТІК КОРЕЯ АРАЛАСТЫ. ЕНДІ НЕ БОЛАДЫ

Соңғы уақыт­та соғы­сқа Сол­түстік Корея әскерінің ара­ла­са баста­уы, Еуро­па­ның соғы­сқа көбірек мән бере бастаға­ны, АҚШ, Батыс елдерінің ұзақ қашы­қты­ққа жете ала­тын зымы­ран­дар­ды Укра­и­наға қол­да­нуға рұқ­сат етуі, Скан­ди­на­вия елдерінің кеше­гі ескер­ту хат­тар­ды тара­туы нені біл­діреді? Бұл соғы­стың ауқы­мы кеңей­іп кетуі мүм­кін бе? Оған жана­ма түр­де Қаза­қстан ара­ла­суы мүм­кін қауіп­тер бар ма? Кей­бір гео­са­я­си сарап­шы­лар айтып жатқан­дай, Ресей–Украина соғы­сы келіс­сөз жүр­гі­зу кезеңіне таяп қал­ды ма? Укра­и­на­дағы соғыс уақыт­ша тоқтаған жағ­дай­да ол фак­тор Қаза­қстанға қалай әсер етеді?

Бұл сұрақтарға жау­ап бер­ген Арман Шора­ев Сол­түстік Коре­я­ның осы соғы­сқа қаты­суы укра­и­на­лы­қтар үшін жақ­сы жаңа­лық деп айтуға бол­май­ты­нын, бірақ май­дан шебіне сон­ша­лы­қты өзгерістер әке­леді деп ойла­май­ты­нын айта­ды. Өйт­кені Сол­түстік Коре­я­ның әске­ри­лері баяғы тәсіл­мен соңғы мәр­те соғы­сқа қаты­сқа­ны­на 65–70 жыл­дай болған. Сон­ды­қтан қоғам бел­сен­дісі олар­дың ешқан­дай тәжіри­бесі жоқ деп есептейді.

– Одан қал­ды әске­ри тех­ни­ка­лар бол­сын, қару-жарақта­ры­ның бәрі ескір­ген. Сон­ды­қтан шай­қасқа сон­ша­лы­қты күр­делі өзгерістер әке­леді деп ойла­май­мын. Бұл Ресей­дің амал­сыздан жасап жатқан әре­кеті. Осы әре­кет­тен кей­ін Укра­и­наға болы­сып, Оңтүстік Корея, Жапо­ния елі қазір бел­сен­ді кірісіп жатыр. Өйт­кені олар үшін Сол­түстік Коре­я­мен өзінің май­да­нын­да емес, Укра­и­на­да да шай­қа­су прин­ци­пи­ал­ды мәсе­ле, – дей­ді ол.

Арман Шора­ев­тың сөзін­ше, КХДР төраға­сы Ким Чен Ын әредік Жапо­ния жақын маңға зымы­ран­да­рын сынап жібе­реді. Сон­ды­қтан Шора­ев Укра­и­на­дағы соғыс жаһан­дық сипат алып бара жатқа­ны бәрі­міз­ге мәлім деп есептейді.

– Өйт­кені Ресей енді «сасқан үйрек арты­мен жүзеді» әре­кеті­нен басқа ама­лы жоқ. Қасын­да көмек­тесіп жатқан үш-төрт ел бар. Олар: Сол­түсік Корея, Иран бар. Бела­русь аса қаты­са ала­ды деп ойла­май­мын. Қалған әлем Укра­и­на жақта. Скан­ди­на­вия елдері де Ресей­дің қан­дай әре­кет­тер­ге бара ала­ты­нын түсі­неді. Әсіре­се Фин­лян­дия Ресей­дің агрес­си­я­сы­нан бір­не­ше рет зардап шек­кен. Оларға ядро­лық соғы­сқа дай­ын­да­лу қиын емес. Скан­ди­на­вия елдерін­де әр ада­мға баяғы­дан бері бом­ба­ла­удан тығы­ла­тын нешетүр­лі бун­кер­лер бар. Олар дай­ын деп біле­мін, – дей­ді қоғам белсендісі.

ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАНДАЙ ҚАУІП БАР

Арман Шора­ев Қаза­қстанға соғы­сқа ара­ла­су қау­пі жоқ деп есеп­тей­ді. Қаза­қстан тара­пы шиеліністі рет­теу үшін халы­қа­ра­лық дең­гей­де ұста­ны­мын біл­дір­генін айта­ды. «Қаза­қтың әскері ешқа­шан бұл соғы­сқа ара­лас­пай­ды» деп ойлай­ты­нын айтады.

Кей­бір гео­са­я­си сарап­шы­лар айтып жатқан­дай, Ресей–Украина соғы­сы келіс­сөз жүр­гі­зу кезеңіне таяп қал­ды деп ойлай­сыз ба?

– Келіс­сөз­ге, әрине, келеді деп ойлай­мын. Бұл келіс­сөз­ге ең бірін­ші Ресей тара­пы­нан бір­не­ше мәр­те мес­седж­ді естідік, өйт­кені Ресей қазір құл­ды­рап жатыр. Бұры­нғы арсе­нал­да­ры жоқтың қасы. Танк­терінің шама­сын соғы­ста, май­дан­да көріп жатыр­мыз. Соғыс бары­сын­да танк­тер­дің саны есе­леп азай­ды. Дефи­цит­ке айнал­ды. Қару-жарақта­ры да дәл солай. Мыса­лы, Укра­и­наға бүкіл әлем көмек­тес­се, ресей­лік­тер­ге тек Иран мен Сол­түстік Корея ғана қол созды. Олар­дың арсе­нал­да­ры көбей­іп жатқан жоқ. Сон­ды­қтан, әрине, Ресей келіс­сөз­ге барғы­сы келеді, бірақ өзінің жос­пар­ла­ры­на жет­кен жоқ. Жете алмай­тын­да­ры да түсінік­ті бол­ды. Дәл осын­дай қарқы­н­мен соғыс жүре бер­се, Луганск облы­сы мен Донецк облы­сын түгел жау­лап алу үшін, Ресей­ге тағы кем деген­де үш жыл қажет. Ол мерзім­ге Ресей­дің қара­жа­ты да, қару-жарағы жет­пей­тіні әбден түсінік­ті. Ресей­дің гене­рал­да­ры да, пре­зи­ден­ті де оны түсі­неді. Сон­ды­қтан келіс­сөз­ге бара­ды деп ойлай­мын, – дей­ді Шораев.

АЛ ШАЙҚАС ТОҚТАСА

– Соғы­стың кесірін, оның шет-жаға­сын, әрине, біз де көріп отыр­мыз, өйт­кені Ресей­ге салы­нған санк­ци­я­лар­дың ықпа­лы, салқы­ны біз­ге де тиіп жатыр. Мұнай­ы­мы­здың 95 пай­ы­зы Ресей тер­ри­то­ри­я­сы арқы­лы экс­пор­тқа тасы­мал­да­на­ды. Сон­ды­қтан соғы­стың үш жылы ішін­де Ресей­де инфля­ция бол­са, рубль құл­ды­раса, біздің тең­ге­міз де дәл солай құл­ды­ра­уда. Қазір 1 дол­лар 500 тең­ге болға­нын өзіңіз де көріп отыр­сыз. Жал­пы осы үш жыл­да инфля­ция асқақта­ды. Ресей­дің кесірі­нен қаза­қтың эко­но­ми­ка­сы да зардап шегіп отыр. Азық-түлік­тің баға­сы осы үш жыл­дың ішін­де Ресей­де ғана емес, Қаза­қстан­да да 50 пай­ы­зға көтеріл­ді. Сон­ды­қтан соғы­стың тоқтаға­ны Қаза­қстанға жақ­сы әсер етуі тиіс деп біле­мін, – дей­ді Арман Шораев.

СОҒЫС

Ресей әскері 2022 жыл­дың 24 ақпа­нын­да Укра­и­на аумағы­на басып кір­ген бола­тын. Соғыс әлі жалға­сып жатыр.

БҰҰ, Amnesty International және Human Rights Watch халы­қа­ра­лық гума­ни­тар­лық ұйым­да­ры­ның хабар­ла­у­ын­ша, Ресей әскер­лері Укра­и­на­ның тұрғын аудан­да­ры­на, ауру­ха­на­ла­ры­на және басқа да әле­умет­тік инфрақұры­лым нысан­да­ры­на зымы­ран­дар­мен соққы­лар жасаған. Соғыс ірі көші-қон дағ­да­ры­сын туғы­зды. БҰҰ мәлі­мет­тері бой­ын­ша, Укра­и­на­дан 7,86 мил­ли­он адам босқын ретін­де кет­кен (2022 жылғы 20 жел­тоқ­сан­дағы жағ­дай бой­ын­ша), ал тағы 8 мил­ли­онға жуық адам ішкі қоныс аударған. Бірқа­тар жур­на­ли­стер шапқын­шы­лы­қты Екін­ші дүни­е­жүзілік соғыс аяқталған­нан бері Еуро­па­дағы ең үлкен әске­ри қақты­ғыс деп атай­ды. Ресей­дің әре­кет­терін әлем­нің көп­те­ген мем­ле­кет­тері мен ықпал­ды халы­қа­ра­лық ұйым­да­ры қат­ты айыптады.

Соғыс Ресей­де және әлем­де соғы­сқа қар­сы нара­зы­лы­қтарға, ресей­лік БАҚ-та цен­зу­раға АҚШ, Еуро­па­лық одақ және басқа елдер­дің Ресей­ге қар­сы жаңа санк­ци­я­ла­ры­на, соның ішін­де елді әлем­дік эко­но­ми­ка­дан іші­на­ра оқша­у­ла­у­ға, Ресей­дің бірқа­тар спорт­тық және басқа да халы­қа­ра­лық іс-шара­ларға қаты­суын шек­те­у­ге әкел­ді, сон­дай-ақ Ресей үшін ауыр эко­но­ми­ка­лық сал­да­ры бол­ды. Укра­и­на­да соғыс эко­но­ми­ка­ның құл­ды­ра­уы­на, әуе және теңіз көлі­гінің жұмысын тоқта­туға және басқа да бірқа­тар жағым­сыз сал­дарға апа­рып соқты. Укра­и­на­ның қор­шаған орта­сы­на және Укра­и­на­ның мәде­ни мұра­сы­на үлкен зиян кел­тіріл­ді. Әлем­дік ауқым­дағы шапқын­шы­лық және оны­мен бай­ла­ны­сты санк­ци­я­лар халы­қа­ра­лық сауда­ның төмен­де­уіне және азық-түлік пен энер­гия баға­сы­ның күрт өсуіне әкел­ді. Екі жақтан да адам шығы­ны көп. 

 Аян ӨРІБАЙ

Республиканский еженедельник онлайн