Четверг , 3 июля 2025

РЕСМИ СТАТИСТИКА НЕ ДЕЙДІ

Қаза­қстан­да халық саны 20 млн емес, 3040 млн деген әңгі­менің негізі бар ма – демо­граф жау­ап берді

Қоғам­да «Қаза­қстан халқы­ның саны шын мәнін­де 20 мил­ли­он адам­нан көп» неме­се «біздің елде қаза­қтар­дың санын әдейі азай­тып көр­се­те­ді» деген әңгі­ме бар­шы­лық. Тіп­ті «шын мәнін­де, 30–40 млн адам­быз» деген де пікір бар. Мұн­дай болжам­ды ақын Бақыт Бедел­хан мен Ақбе­рен Елге­зек тая­у­да бер­ген сұх­бат­та­рын­да айтқан. Бұл тұс­пал жөнін­де Ulysmedia.kz тіл­шісі демо­граф Аяу­лым Сағын­ба­е­ва­ның пікірін біліп көрді.

 РЕСМИ СТАТИСТИКА НЕ ДЕЙДІ

Ұлт­тық ста­ти­сти­ка бюро­сы халық санын ай сай­ын жаңар­тып оты­ра­ды. Ол санақта жан саны айы­на шама­мен 20–25 мың ада­мға арта­ты­нын бай­қа­уға бола­ды. Мәсе­лен, бюро 1 мау­сым­да Қаза­қстан­да 20 139 914 адам тұра­ты­ны жөнін­де мәлі­мет бер­ген. Яғни, 2023 жыл­дың 14 қара­ша­сы­нан бері (бюро ол кез­де Қаза­қстан­да халық саны 20 мил­ли­он ада­мға жет­кенін сүй­ін­шіле­ген) адам саны­ның өсі­мі шама­мен 140 мың ада­мға жуықтаған.

Ақын Бақыт Бедел­хан бір сұх­ба­тын­да Қаза­қстан­да тұра­тын қаза­қтар­дың саны 30–40 мил­ли­он болуы мүм­кін екенін айта­ды. Ал Ақбе­рен Елге­зек кезін­де санақтан «5−6 млн қаза­қты сызып тастаған, менің­ше, қазір 30–40 млн адам бар­мыз» деп, бұл тұс­пал­ды шеге­лей түседі. Бірақ расын­да солай ма?

ҰЛТТЫҚ СТАТБЮРО:

ДЕРЕКТІҢ ШЫНДЫҒЫ ҚАЛАЙ ТЕКСЕРІЛЕДІ

Демо­граф Аяу­лым Сағын­ба­е­ва бұл пікір­мен үзіл­ді-кесіл­ді келіс­пей­ді. Оның сөзін­ше, жал­пы демо­гра­фия сала­сы­на кей­бір аза­мат­тар оңай сала деп қарай­ды. Өзі Қаза­қстан­ның ресми ста­ти­сти­ка орга­нын халы­қа­ра­лық дең­гей­де ең бедел­ді әрі сапа­сы жоға­ры мәлі­мет­тер­ді беретін меке­ме ретін­де біледі.

«Ұлт­тық ста­ти­сти­ка бюро­сы бір­не­ше рет әлем­дік тек­серістер­ден өте­ді. Open Data Watch сияқты Дүни­е­жүзілік банк­тің үлкен бір рей­тин­гі бар. 2022 жылы ол рей­тинг әлем­де­гі 195 елді қам­ты­ған. Қаза­қстан 63 балл­мен сол рей­тинг­те 51-орын­да бол­ды. 2020 жылғы рей­тинг­ке қараған­да (ол кез­де 187 елдің ішін­де 54-орын­да болған) өз көр­сет­кі­шін жақ­сарт­ты», – дей­ді ол.

Демо­граф­тың айтуын­ша, Population and vital statistics (халы­қтың саны мен табиғи қозға­лы­сы) бой­ын­ша, Қаза­қстан ашы­қты­ғы жағы­нан 70 ұпай­ға ие. Мұны сарап­шы өте жоға­ры деп баға­лай­ды. Өйт­кені орта­ша есеп – 55 балл. Сон­дай-ақ SPI рей­тин­гін­де Қаза­қстан 186 елдің ішін­де 78,2 балл­мен 67-орын­да. БҰҰ Еуро­па­лық эко­но­ми­ка­лық комис­си­я­сы да Қаза­қстан­дағы ста­ти­сти­ка­ны үш рет баға­лап, жұмысын жақ­сы дең­гей­де деп қабылдаған.

БҰЛҚАЗАҚТЫҢ ОСАЛ ЖЕРІ

«Негізі «халық санын сызып таста­ды», «қосып таста­ды» деген әңгі­ме­лер бұрын да айты­ла­тын. Бірақ солай дей­тін адам­дар әр адам­ды жеке санаған жоқ. Муль­ти­ин­ди­ка­тор­лы кешен­ді зерт­теу нәти­же­лерін ста­ти­сти­ка­лық тір­келім­мен салы­сты­руға бола­ды. Бар­лық адам­да жеке сан­дық нөмір (ЖСН) бар. Ол жаңа туған нәре­сте­ден бастап бәріне беріледі. Шетел­де Қаза­қстан аза­ма­ты сана­ла­тын қаза­қтар есеп­ке алын­ба­ды десек, бір сәрі. Бірақ Қаза­қстан аумағын­да тұрып жатқан жал­пы халы­қтың есебі жақ­сы дең­гей­де жүр­гізіледі. Сон­ды­қтан бұл бос әңгі­ме­лер деп есеп­тей­мін», – дей­ді Аяу­лым Сағынбаева.

Сарап­шы қаза­қтың бір­не­ше осал жері бар деп, оның ішіне тіл дауы, жер дауын жатқыз­са, тағы бір осал жері – халы­қтың саны деп есеп­тей­ді. Мұны қаза­қтың басы­нан өткен ашар­шы­лық – гено­цид­пен бай­ла­ны­сты­ра­ды. ҚазССР кезін­де де қаза­қтар­дың өзі этни­ка­лық азшы­лық болға­ны – тари­хи жад­та қалған сал­дар болуы мүм­кін деп болжайды.

«Әлем­де­гі дер­жа­ва­лар­ды алып қара­саңыз, олар­дың дер­жа­ва болуы­ның бір­ден-бір себебі – халқы­ның көп болуы. Бірақ халы­қтың саны­нан бөлек, сапа­сы бар. Сапа­сы деген­де, біз оның кәсі­би білік­тілі­гін ғана емес, жас жыны­стық құры­лы­мын да алып қарай­мыз. Тұс­пал­ды мәлі­мет­пен халық ара­сын­да үлкен бір шие­леністің туын­да­уы­на жол бер­меу керек», – дей­ді демограф.

Аяу­лым Сағын­бе­ва осын­дай бос әңгі­ме­лер бол­мас үшін, уни­вер­си­тет­тер­де ста­ти­сти­ка­лық жүйе бой­ын­ша және ста­ти­сти­ка­лық ақпа­рат­тар­дың сапа­сын зерт­тей­тін сабақтар болуы керек деп есептейді.

 Аян ӨРІБАЙ,

Ulysmedia.kz

Республиканский еженедельник онлайн