Суббота , 5 июля 2025

Ринат Зайытов: ЖҰЛЫСҚАНШАҰҒЫСАЙЫҚ!

  • «Ама­нат­тың» пар­ти­я­лық тізі­мі­мен ҚР Пар­ла­мен­ті мәжілісінің депу­тат­ты­ғы­нан үміт­кер, қазір­гі заман­ның атақты ақы­ны Ринат Зай­ы­тов әле­умет­тік желі­де­гі парақ­ша­сын­да өз оқыр­ман­да­ры­на арнап жаз­ба жари­я­лаған екен. Бір­лік пен тір­лік тұрғы­сын­дағы ақын­ның айта­ры көп­шілік­тің жанын жеген сұрақ екенін еске­ре оты­рып, сол жаз­ба­ны қаз-қал­пын­да жари­я­лап отырмыз. 

Құрмет­ті туы­стар! Қарға тамыр­лы Қазақ бала­сы әр сай­лау сай­ын неге жау­ла­са­ды? Айты­ңы­здар­шы? Не қуып, нені көк­сеп жүрміз?

Келі­се­мін – өткен кезең­де өкініш аз емес. Бірақ не себеп­тен біз бір күн­дік бәй­ге­ге бола, жүз жүй­рік­ті ала­лап жатыр­мыз? Осы күн­ге дей­ін алға бас­паға­ны­мыз бір-бірі­мізді аяқтан тар­тқан­ның кеселі ғой. Ағай­ын­дар-ау, бірі­гетін кезі­міз кел­ді ғой?!

Оңғар Қаб­ден (бел­гілі жур­на­лист-бло­гер – «D») бауы­рым «Нар тәу­е­кел» – «Нұр тәу­е­кел» деп мұқат­ты. Иә, кей­бір бауыр­ла­рым үшін бір әріп­ті өзгер­ту­де тұрған ештеңе жоқ шығар, бірақ маған олай емес. Бір әріп­тің маңы­зы өте зор. Өйт­кені бір әріп­ті өзгерт­сең, кө-ө-өп мағы­на өзге­реді. Мыса­лы: Қаза­қтың бір әрпін өзгерт­се – мазақ, Намыстың бір әрпін өзгерт­се – қамыс болады.

Сон­ды­қтан мен үшін «Ама­нат» пен «Жама­нат­тың», «Нар» мен «Нұр­дың», Қоша­нов пен Қоса­но­втың (дұшпан­дарға сый­лық) айыр­ма­сы өте үлкен. Әріп­пен алы­сқан­ша, Халы­қ­пен табы­сай­ық! Қолы­мы­здан кел­се, жұлы­сқан­ша – ұғы­сай­ық! Қалға­ны жаратқан­ның құзы­рын­да. Біз үшін бұл сай­лау – елді жұмыл­ды­ра­тын бір науқан. Шатаспаңыздар!

Мен бәріңіз­ге тілек­ші­мін. Әрбір тәу­ел­сіз кан­ди­дат­тың, әрбір пар­ти­я­ның Құдай маң­дай­ы­на жазған өз жолы бар. Деген­мен, бәрі­міздің тіле­гі­міз біреу шығар? Ел ара­сы тату, мем­ле­кет­тің іргесі бүтін бол­сын десек, «қыры­лған­ша» –жұмы­лай­ық!

Сөз жоқ, мен AMANAT пар­ти­я­сы­ның бағ­дар­ла­ма­сын жақта­у­шы­мын (арғы­сын көре­рміз.) Өйт­кені AMANAT пар­ти­я­сы­ның бағ­дар­ла­ма­сын­да менің көп тіле­гім орын тауып­ты. Енді соны жүзе­ге асы­руға бар күші­мізді жұм­са­уы­мыз қажет. Әйте­уір үміт-тіле­гі бір пікір­ле­стерім­нің жанын­да­мын. Ертеңі­ме деген кіш­кен­тай сенім бар.

Күмәнім жоқ, бұй­ыр­тып, Парла­мент төріне еліне жаны аши­тын, жүре­гінің қағы­сы – арам табысы­ның арба­уы­на бағын­бай­тын адам­дар кел­се, мем­ле­кет­тің бола­шағы бола­ды! Тек ондай адам­дар бір пар­тия неме­се бір ұйым­да топ­тас­паған (себебі көп).

Бір білерім – мақ­са­ты бір адам­дар­дың араз­да­суы мүм­кін емес! Құдай үшін, ел үшін бір ай шыдап, бар­лық әлем­ге ынты­мағы­мы­здың барын көр­се­тей­ік­ші! Бір үміт­кер­ді төр­ге шыға­ра­мын деп, басқа­ла­рын көр­ге тығу­ды әдет қылмайықшы!

Бар­лы­ғы бір Құдай­дың қолын­да. Әділ сай­лау бол­са, әділ қоғам қалып­та­са­ты­ны анық! Бар­лық үміт­кер­лер­ге сәт­тілік тілей­мін! Нар тәуекел!

  •  

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн