Вторник , 13 мая 2025

Рысбек Сәрсенбайұлы: АЛТЫКЕНІМ ҮШІН құрбан болмағаныма ӨКІНЕМІН!

  • Газеті­міздің өткен санын­да оқыр­ман­да­ры­мы­зға уәде еткен­дей, бел­гілі жур­на­лист, қоғам қай­рат­кері Рыс­бек СӘРСЕНБАЙҰЛЫНЫҢ 70 жас мерей­той­ы­на орай аға­мы­зды салиқа­лы әңгі­ме­ге тарт­тық. Оппо­зи­ци­яға келуіңіз­ге нен­дей себеп түрт­кі бол­ды деген сұрақтан басталған әңгі­ме­міз елде­гі бүгін­гі жағ­дай­мен ұшта­сып, Рыс­бек аға­мы­здың өмірі­нен бұрын­нан бел­гісіз болып кел­ген тұста­рын ашып берді.

­– Рыс­бек аға, тағы да 70 жастық мерей­той­ы­ңы­з­бен құт­ты­қтай­мыз! Десек те, сыр­тқы тұр­па­ты­ңыз бен тал­май­тын тұлғаңы­зға, қоғам­шыл энер­ги­яңы­зға қарап, сіз 70-ке тол­ды деген­ге ила­ну қиын сияқты…

– Сіз­дер­дің және оқыр­ман­да­ры­ңы­здың газет­те­гі, әле­умет­тік желі­де­гі құт­ты­қта­у­ла­ры­ңыз бен ізгі тілек­теріңіз үшін рах­мет айтамын!

Иә, 70-ке жет­кені­ме тәу­ба! Бала­лық шақ пен жігіт­тік кезең қас қағым сәт­те, ал одан кей­ін­гі, бүгін­ге дей­ін­гі ара­лық одан да тез өте шыққан­дай көрі­неді. Жет­пісін­де жүн­жіп жүр­ген құр­да­стар­мен салы­сты­рған­да, жастау көрі­нуім, өзім­ді солай сезі­нуім мүм­кін-ау! Адам­дар­дың бәрі солай ма, әлде біздің заман­даста­ры­мы­здың пеше­несіне жазы­лға­ны ма, әйте­уір жасты­қтың ауы­лы­нан ұза­ғың кел­мей­ді. Жастық – ол жігер, күш-қуат!

Деген­мен, жет­піс желі­гі жоқ, жел­кені жел күт­кен жас па дей­мін. Өзді­гің­нен өрге ұмты­лу­ды ойла­май­сың. Есеңді жіберіп, еңіс­ке де түскің кел­мей­ді. Ел басын­дағы жағ­дай жаны­ң­ды жай тапқы­з­бай жібер­ген­де, аты­ң­ды ерт­тей бастай­сың. «Аға, не істей­міз енді?!» деп, ақыл сұрап алаң­даған ағай­ы­нға демеу болу – пары­зың. Ал пары­зды өтеу жасқа бай­ла­нып қал­май­ды. Оның үстіне біздің ұрпақ бүгін­гі қоғам­дағы жай­сызды­қтар­дың орын алуы­на жол беріп қой­ған қателік­тері­мізді түзе­ту­ге мін­дет­ті­міз. Парыз бен мін­дет екі жақтап үйде оты­рғы­з­бай­ды. Тын­ды­рған ісің бол­са, ел риза­лы­ғын біл­діреді, тіле­уіңді тілей­ді, қол­дай­ды. Соны­сы­мен дем береді.

– Сіздің мерей­той­ы­ңы­зға бай­ла­ны­сты сұх­бат­ты ең алды­мен оппо­зи­ци­яға келуіңіздің тарихы­нан бас­та­сақ, әңгі­ме тағы да Алтын­бексіз айтылмайды-ау?

– Оппо­зи­ци­я­ны сая­си күрес тұрғы­сы­нан қарас­тыр­сақ, Алты­кен­нің (Алтын­бек­ті аға­сы үне­мі осы­лай атай­ды – Ред.) алды­мен ата­луы орын­ды. Әдет­те жал­пы оппо­зи­ци­я­ны – билік­тің неме­се билік басын­дағы­лар­дың үстем­ді­гіне, жөн­сізді­гі мен озбыр­лы­ғы­на, қия­на­ты­на қар­сы тұру, әділет­ке ұмты­лу деп түсі­не­міз. Ал сая­си оппо­зи­ция – билік­ті алма­сты­ру­ды, өзінің бағ­дар­ла­ма­сы­мен мем­ле­кет­тік, қоғам­дық қыз­мет атқа­ру­ды көз­дей­ді. Қар­сы­лы­қтар мен нара­зы­лы­қтар­ды пай­да­ла­ну, халы­қты өз жағы­на тар­ту арқы­лы мақ­сатқа жету­ге қаре­кет жасай­ды. Күрес жолын таң­дай­ды. Тәу­е­кел­ге бел буа­ды. Мәміле­ге келу мүм­кін­ді­гін де қарас­ты­ра­ды. Елдің эко­но­ми­ка­лық, әле­умет­тік дамуы­ның, аза­мат­тар­дың құқы­ғы­ның қорға­луы­ның, еңбек және тұр­мыс жағ­дай­ын жақ­сар­ту­дың бала­ма бағ­дар­ла­ма­сын ұсы­на­ды. Халық пен мем­ле­кет үшін жау­ап­кер­шілік­ті мой­ы­нға алады.

Сая­сат күр­делі шаруа. Оны ойдағы­дай жүзе­ге асы­ру­дың дұрыс жолын табу, қате­ле­с­пеу керек. Міне, Алты­кен және оның серік­тері Қаза­қстан­дағы оппо­зи­ци­я­ны осын­дай бағыт­та қалып­та­сты­рған еді…

Мен оппо­зи­ци­яға жур­на­ли­сти­ка арқы­лы кел­дім. Кеңе­стік кезең­де­гі әле­умет­тік әділет­сіздік­тер, теңсіздік­тер, астам­шы­лы­қтар, басқа­ру­шы­лар­дың бас­сызды­қта­ры талай адам­дар­дың тағ­ды­рын тәл­кек етті. Қорған іздеп, ара­ша сұрап, газет редак­ци­я­ла­ры­на арыз-мұңын жаза­тын оқыр­ман­дарға жана­шыр­лы­қ­пен қол ұшын беретін­біз. Зерт­теу жасап, деректер­ді аны­қтап, шын­ды­қты көр­се­ту­ге ұмты­ла­тын­быз. Сын мақа­ла­ла­ры­мыз үшін қоқан-лоқы жасай­тын­дар­дан жасқан­бай­тын­быз. Талай рет қара­пай­ым адам­дар­дың алғы­сын алдық. Пар­тия мен кеңе­стер­ді басқа­ру тіз­гінін ұстаған­дар­дың қыры­на ілі­гіп, қысым­шы­лы­қты да көрдік.

– «Жеті­су» газетін­де жүр­геніңіз­де Кол­бин­нің қуда­ла­у­ы­на ұшы­раған, Қазақ мем­ле­кет­тік уни­вер­си­тетінің рек­то­ры болған Өмір­бек Арсланұ­лы Жол­да­с­бе­ко­вті қорғап, «Ака­де­мик тура­лы ақиқат» атты мақа­ла жазған­да­ры­ңы­зды біле­міз. Облы­стық пар­тия коми­тетінің идео­ло­гия жөнін­де­гі хат­шы­сы, кей­ін депу­тат болған Зәу­ре Қады­ро­ваға қар­сы шығып, оның өзін мақа­лаға кей­іп­кер жасаға­ны­ңы­зды есті­ген­біз. Пар­тия қата­ры­на өтіп, қыз­метіңізді өсіруді былай қой­ған­да, тіп­ті жұмыстан кетіруі мүм­кін екен­ді­гін ойла­маға­ны­ңыз қалай? Бұл не, жан­ке­штілік пе?

– Жур­на­ли­стік кәсіп­ке адал­дық болар. 1985 жылғы Ком­пар­ти­я­ның Орта­лық коми­тетінің сәуір­де­гі пле­ну­мын­да қабыл­данған жари­я­лы­лық сая­са­ты­на сен­ген­ді­гі­міз шығар. Одаққа таны­мал ғалым, ака­де­мик Жол­да­с­бе­ко­вті Жел­тоқ­сан оқиға­сы­нан кей­ін қуда­лап, пар­ти­ядан шығар­ды, рек­тор­лық қыз­мет­тен босат­ты. Ол кісіні кей­бір шәкірт­тері, қыз­мет­те­стері сатып кет­ті. Маңай­ы­на жола­май, аулақ жүр­ген­дері қан­ша­ма. Сая­си, мораль­дық, пси­хо­ло­ги­я­лық ауыр кезең­де ол кісінің ақты­ғын, қыл­мысы жоқты­ғын дәлел­деп, мақа­ла шыға­ру қиы­нға түсті. Үш ай бойы Орта­лық коми­тет­тің, обком­ның, пар­тия комис­си­я­сы­ның табал­ды­ры­ғын тоздыр­дық. Ақы­рын­да асы­ра сіл­те­ген Кама­ли­де­но­втың, Меңді­ба­ев­тың аты-жөн­дерін ата­мау жөнін­де­гі ұсы­ны­ста­ры­на амал­сыз келісіп, мақа­ла­ны сәл ықшам­дап, газет­ке бастырт­тық. Елге шын­ды­қты жет­кіздік. Мұның еке­уі де жоға­ры дең­гей­де­гі дөкей­лер – алға­шқы­сы Қаза­қстан Ком­пар­ти­я­сы­ның хат­шы­сы, кей­ін­гісі Алма­ты облы­стық пар­тия коми­тетінің бірін­ші хат­шы­сы. Авто­ри­тар­лық ком­му­ни­стік жүй­енің бас­шы­ла­ры қолын­да билік құзы­реті тұр­ды. Соған қара­ма­стан, олар­дың өздерін сынға алдық. Бұл мысал­дар­ды кеңе­стік кезең­де­гі оппо­зи­ци­я­лық әре­кет деп баға­ла­у­ға бола ма?

– Әлбет­те! Қисы­ны бар екен…

– Енде­ше менің билік жүй­есіне қар­сы келуім­нің тарихы осын­дай бас­пасөз­де жари­я­ланған жаз­ба­ла­рым­нан баста­ла­тын шығар. Демек, жур­на­ли­стің кәсібі шын­ды­қты көр­се­ту, әділет­ті жақтау бол­са, сол үшін билік­ке қар­сы кел­се, оны оппо­зи­ция сана­ты­на қосқан ләзім. Ал билік­тің дегенін істей­тін, ақиқатқа аттап бас­пай­тын, өтірік­ке, мадаққа, жағы­нуға бей­ім­дел­ген жур­на­ли­стер­ді басқа­ша атайды.

– «Ака­де­мик тура­лы ақиқат» мақа­ла­сы авто­ры­ның бірі ­ Бозым­бе­ков деген жур­на­лист емес пе еді?

– Иә, дәл сол кісі – Жол­дас­хан Бозымбеков.

– «Жеті­су» теле­ар­на­сы­нан көр­ген­біз. Сіздің жала­мен сот­талған жур­на­лист Бозым­бе­ко­вты Мәс­ке­у­ге барып, СССР про­ку­ра­ту­ра­сын­да кінәсізді­гін дәлел­деп, ақтап қай­тқа­ны­ңыз тура­лы баян­даған. Ол аға­ның тағ­ды­ры не болды?

– Қазақ ССР про­ку­ра­ту­ра­сы Мәс­ке­удің пәр­мені­нен кей­ін ол істі қай­та қарап, Жөкеңді – Жол­дас­хан аға­ны кінәсіз деп тап­ты. Одақ аста­на­сын­да он күн жүріп, заң орын­да­ры­на, «Лите­ра­тур­ная газе­та» сияқты бедел­ді газет­тер­дің редак­ци­я­ла­ры­на барып, әріп­тесім­нің жазы­қ­сыздан сот­талға­нын, сот­тың істі тап­сыр­ма­мен бір жақты қараға­нын құжат­тар­мен, айғақтар­мен дәлел­деп бер­ген­ді­гім пай­да­сын тигізді. Облы­стық газет­ке бұры­нғы қыз­меті­мен дең­гей­лес жұмысқа қабыл­дап, өте­мақы төледі. Әділет­тілік­ті жақтап, талай ада­мға ара­ша түс­кен, көп­те­ген сын мақа­ла­лар жазған мықты жур­на­лист Бозым­бе­ков «Жеті­су» газетінің тарихын­да қала­тын тұлға. Жөкең кей­ін «Қазақ батыр­ла­ры» газетін шығар­ды. Марқұм­ды қыз­мет­тес әріп­те­стері еске алып тұрамыз.

– 2004 жылғы пар­ла­мент­тік сай­ла­у­ға түс­кен бір­не­ше пар­тия бол­ды ғой – қай­сысын жақтадыңыз?

– Әрине, Алты­кен­дер­дің «Ақ жол» пар­ти­я­сын! Газет оқыр­ман­да­ры­мен кез­де­су­лер ұйым­да­сты­рған «Еге­мен­нің» тіл­шісі Батық Мәжи­тұ­лы еке­уміз Алма­ты облы­сын ара­ла­дық. Бар­лық жер­де сай­лау тақы­ры­бын қозғап, «Ақ жол­дың» бағ­дар­ла­ма­сын наси­хат­та­дық. «Отан­ның», «Асар­дың» халық қамын ойла­май­тын, сыбай­ла­сты­қты, жемқор­лы­қты жой­май­тын, қай­та соған мүм­кін­дік беретін пар­тия екен­ді­гін әшке­ре­ледік. Тәу­ел­сіздік­ті, мем­ле­кет­тілік­ті сақтап қалу үшін, оппо­зи­ци­я­ны жақтап дауыс беру­ге шақыр­дық. «Пре­зи­дент­тің газетін­де істей­сің­дер, неге қар­сы жұмыс жасай­сы­ң­дар?» деп рен­жі­ген әкім­дер жос­пар­ланған кез­де­су­лер­ге кедер­гі келтірді.

Алты­кен­нің оппо­зи­ци­я­ны топ­та­сты­рып, билік­тің үрей­ін ұшы­рға­ны, менің олар­ды ашық қол­да­уым пре­зи­дент әкім­шілі­гі мен мини­стр­лік­те­гілер­ге ұна­ма­ды. Газет­те­гі вице-пре­зи­дент қыз­меті­нен өз еркім­мен кету­ге, Алма­ты­ға көшу­ге бел буған мені жұмыстан боса­ту тура­лы ары­зым­ды қабыл­да­май, штат­ты қысқар­ту арқы­лы жұмыстан шығар­ды. Өздерін­ше жаза­лаған сиқы. Содан бері қарай, яғни 2005 жыл­дың басы­нан сая­си оппо­зи­ция сапы­на қосыл­дым. Не де бол­са, Алты­кенім­нің қасы­нан табы­лай­ын, айна­ла­сын­да қорға­ны болай­ын деген көп­тен бер­гі ойым орындалды.

Бірақ қорғай алмаға­ны­ма, ол үшін құр­бан­ды­ққа кет­пе­гені­ме өкі­не­мін. Алты­кенім аман жүр­се, қоғам да, біз де басқа­ша болар ма едік.

– Жеке сіз ғана емес, бүкіл қоғам үміт артқан ініңіз­ге деген сағы­ны­штың табы басыл­май жүр­генін сезе­міз, аға… Сіздің ізіңізді басып, Алтын­бек жур­на­лист болып еді, кей­ін ініңіздің ізін басып, сіз оппо­зи­ци­яға шықты­ңыз. Деген­мен, Алтын­бек­тер жасаған, қоғам­ды тұта­сты­рған оппо­зи­ци­я­лық идео­ло­гия бүгін­де қожы­рап кет­кенін мой­ын­дай­сыз ба?

– Қазақ қоға­мы бүгін­де сан­сы­раған, шар­шаған, ашы­нған кей­іп­те. Маң­дайы тасқа қай­та-қай­та соғы­лып, тау­а­ны қай­тқан, жасы­ған, өзін сенім­сіздік жай­лаған күй­де тұр. Жұрт­ты жұмыл­ды­рған кеше­гі оппо­зи­ци­я­лық идео­ло­ги­я­ның бүгін­де жұр­нағы ғана қалған. Көп­тің аңса­уы бар. Ол – билік жүй­есін өзгер­ту, Назар­ба­ев­ты және оның нөкер­лерін кеті­ру. Шыдам­ның тау­сы­лған­ды­ғы сон­ша, оны тезірек іске асыр­сақ дей­ді. Мың­даған адам көше­ге шық­са, мына билік­те­гілер шет жаққа қашып кетер­дей үміт­те­неді. Қырғы­здық күрес жолын аңса­у­шы­лар тіп­ті олар­ды өздері қуып жібе­ретін­дей неме­се қамап, шеті­нен сотқа тар­та­тын­дай бола­ды. Бірақ мұның бәрі қазір­ше қиял ғана, батыл қадам жаса­уға қауқар­сыз. Баста­у­шы тұлға да, қол­дай кетер көп­шілік те көрінбейді.

Ең керектісі – басты мақ­сатқа халы­қты жұмыл­ды­ру­дың ортақ иде­я­сы және оны жүзе­ге асы­ру­дың келісіл­ген жол­да­ры мен тәсіл­дері бел­гі­лен­беді. Алты­кен­нің сая­си пай­ым­да­у­ла­ры­на, ұсы­нған ұста­ным­да­ры­на, таң­даған жолы­на, бет бұрған бағы­ты­на зер сал­сақ, не істеу қажет­ті­гін айқын­дап ала­мыз. Ол Назар­ба­ев­сыз қоғам құру мәсе­лесін алға қой­ды. Оған жету үшін, сая­си рефор­ма жаса­уды табан­ды түр­де талап ете беру керекті­гін және бір­ден-бір дұрыс жол осы екен­ді­гін айт­ты. Сая­си рефор­ма­дан бұры­нғы пре­зи­дент өлер­дей қоры­қты. Өйт­кені ол демо­кра­ти­я­лан­ды­руға есік ашса, сай­ла­у­лар әділет­ті өткізіл­се, өлген­ше билік жүр­гі­зу және мұра­геріне тақты қал­ды­ру мүм­кін­ді­гі­нен айы­ры­лып қалар еді. Шал­дың осал әрі жан­ды жері осын­да – сая­си рефор­ма­да! Он жыл­дан бері мақ­сат­ты түр­де, үздіксіз және жұмы­ла жұмыс жасаған­да, енді­гі бір өзгерістер­дің бола­ры анық еді-ау! Күре­стің түп қазы­ғы­на татыр­лық ортақ иде­я­ны негіз­деп, оны наси­хат­тау мен түсін­діру­ге, сая­си, заң­дық, бұқа­ра­лық шара­лар­ды қолға алуға мән берілмеді.

– Сон­да бұған не кедер­гі бол­ды деп ойлайсыз?

– Сая­си көш­бас­шы­лар­дың – сая­си қай­рат­кер­лер­дің және қалып­тасқан сая­си пар­ти­я­лар­дың жоқты­ғы. Кәсі­пқой­лық, білік­тілік қай жер­де де аса қажет. Оппо­зи­ция үшін де солай. Иде­я­лас серік­тер топ­та­сып, мәсе­лені бір­лесіп талқы­лап, біры­ңғай шешім қабыл­дап, оны орын­дау жау­ап­кер­шілі­гін тең бөліс­се ғана нәти­же шыға­ды. Халы­қ­пен тіке­лей ара­ла­сып, ел ішін­де жан­ды жұмыс жүр­гіз­бе­се, тек билік тар­мақта­рын, тіз­гін ұстаған­дар­ды әшке­ре­ле­умен, масқа­ра­ла­у­мен, жұрт­ты митин­гілер­ге шақы­ра беру­мен, өз көзқа­ра­сын, пікір­лерін жария ету­мен іс алға жүр­мей­ді. Қазір­гі жағ­дай осы­ған көз жеткізді.

– Елде­гі нара­зы топ­тар, қозға­лы­стар неге күш бірік­тір­мей­ді? 2019 жылғы пре­зи­дент­тік сай­ла­удан кей­ін сая­си алаңға шыққан жастар ұйым­да­ры мен жаңа қоғам­дық құры­лым­дар («Оян, Қаза­қстан!», «Тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар қауым­да­сты­ғы», «ХАҚ» қозға­лы­сы, Демо­кра­ти­я­лық пар­тия және т.б.) тура­лы не айтасыз?

– Шашы­раңқы­лы­қтың, топ­тас­па­удың себеп­тері көп. Бірін­ші­ден, нара­зы топ­тар мен әрқи­лы қозға­лы­стар­дың бәріне ортақ бір­тұ­тас иде­я­сы жоқ. Мүд­де­лері де өзге­ше. Екін­ші­ден, билік­ке мақ­сат­та­рын орын­да­ту үшін әртүр­лі тәсіл­дер­ді пай­да­ла­на­ды. Біре­улері қат­ты­рақ кетіп, күш­ке салу­ды ойла­са, басқа­ла­ры тіл табысу­ды, мәміле­ге келе салу­ды қалай­ды. Үшін­ші­ден, кей­бір топ­тар билік­тің қолы­мен құры­ла­ды. Солар­дың дегені­мен жүреді, сон­ды­қтан бір­ле­су­ден өздерін аулақ ұстай­ды. Егер арнайы тап­сыр­ма алса, топ­тарға қосы­лып, іштен іріт­кі сала­ды. Төр­тін­ші­ден, әр топ­тың неме­се қозға­лы­стың кей­бір жетек­шілері дара бас­шы болуға, табы­ла қалған қара­жат­ты өз біл­ген­дерін­ше жұм­са­уға ұмты­ла­ды. Бесін­ші­ден, пен­де­шілік мінез-құлы­қтан: іштар­лық, қызға­ныш, шамқой­лық сияқты жеке бастық кем­шілік­тер­дің сал­да­ры болады.

Сұрақта аталған жастар ұйым­да­ры мен қоғам­дық құры­лым­дар, қозға­лыс жай­ын­да қоғам­да түр­лі пікір­лер бар. Бұл орай­да Демо­кра­ти­я­лық пар­тия жөнін­де жеке тоқта­лу­дың реті келіп тұр. Бұл тір­кел­ме­ген пар­тия өзінің бар екен­ді­гін, күрес­ке бел шешіп, білек сыба­нып шыққа­нын көр­сет­ті. Оны бесі­гін­де тұн­шы­қтыр­мақ болған­дар жан-жақтан тиісті. Іштен де, сырт­тан да, билік­тен де ақпа­рат­тық шабуыл­дар жасал­ды. «Билік­тің жоба­сы» санап, халық жауы сияқты айып­та­у­лар­ды үйіп-төк­ті. Осын­дай дат­та­у­ларға сеніп, бай­ы­бы­на бар­ма­стан қосы­ла жаман­даған­дар­дың рай­ла­ры­нан қай­тқа­нын көр­дік. Жан­бо­лат Мамай мен оның серік­тері – жас жігіт­тер мен қыздар халық жағын­да екен­ді­гін нақты­лы істері­мен дәлел­деп келеді. Олар­дың ұйым­да­сты­рған митин­гілері, нара­зы­лық шара­ла­ры, ақпа­рат айды­нын­дағы най­за­ғай­дай жарқыл­да­ры көп­тің көңілін өздеріне ауда­ра баста­ды. Алма­ты қала­сы­на әкім етіп қой­ы­лған, жас басы­мен жал­мауы­здай асаған, жемқор­лы­ққа салы­нған Бәй­бек­тің жегенін жел­кесі­нен шығар­ды. Пана сұрап, сотқа жүгініп еді, сол ара­да жүн­дей түт­ті. Биле­уші «Нұр Отан» пар­ти­я­сын, оның көсе­мін айдай әлем­ге масқа­ра­лап бер­ді. Мұны да «қой­ы­лым», билік­тің ойы­ны дей­тін­дер­ге бір сұрақ: өзін, пар­ти­я­сын, сынып­та­сы­ның бала­сын, тұтас билік жүй­есін қыл­мыс­кер атап, тас-талқа­нын шығар­ту үшін, Н.Назарбаев Мамай­ға еркін­дік беріп қой­ған ба? Әлде Жан­бо­лат­тың «кры­ша­сы» делі­нетін Құлы­ба­ев пен Мәсі­мов осы­лай істет­кен бе? Қисы­нға салғы­штар­дың қисы­ны қиы­спай­тын шығар енді.

Біз жаңа­дан құры­лып жатқан ұйым­дар мен топ­тарға, суы­ры­лып алға тар­тқан бел­сен­ділер­ге тек күдік­пен қара­удан ары­лға­ны­мыз, оларға үміт артып, сен­гені­міз жөн. Билік­тің ықпа­лы­мен қол­дан құры­ла­тын неме­се жүре келе солар­дың ықпа­лын­да қала­тын ұйым­дар, қозға­лы­стар сын саға­ты соққан­да әйгі­ле­неді. Көп­шілік олар­дан теріс айна­ла­ды. Сон­ды­қтан бәріне күнібұрын айдар тағып, әшке­ре­лей­міз, сол арқы­лы қоғам­ды сатқын­дар­дан сақтан­ды­ра­мыз, тазар­та­мыз дей­тін бай­ба­лам­шы­лы­қтың қажеті шама­лы. Назар­ба­ев­тың өзі­мен және оның тамы­рын жай­ған отба­сы, айна­ла­сы, оли­гарх­та­ры үштаған болып тіреп тұрған билік жүй­есі­мен күре­судің орны­на, қатар­ла­ста­ры­мен қақты­ғы­са­тын­дар­дың өзі қауіп­ті. Өйт­кені ол жұрт­шы­лық ара­сын­да жік туғы­за­ды. Негіз­гі мәсе­ле­ден наза­рды басқа жаққа ауда­ра­ды. Билік­ке нара­зы, қар­сы адам­дар­дың өз ішін­де бір-біріне сенім­сізді­гін, тіп­ті ере­гесін туғы­зып, жау­ша жұлқы­сты­ра­ды. Бұл кім­ге керек? Жеке өзінің көзқа­ра­сын, пікірін ғана артық, өзге­ше санап, басқа­лар­дың одан да көш ілгері ойын, ұста­ны­мын баға­ла­май­тын кеудем­соқ сая­сат­кер­сы­мақтар­дың да зала­лы тиіп жатыр.

– Қоға­мға жарқы­шақ салу­дың тех­но­ло­ги­я­сын билік отыз жыл ішін­де мықтап игер­ген сияқты. Оған көн­бес­тік­ті қалай қалып­та­сты­ру керек?

– Елде­гі жағ­дай­ды тез­детіп, түбе­гей­лі өзгер­туді қалай­тын адам­дар­дың басым бөлі­гі бір­лік­ті қалай­ды. Оппо­зи­ция жақтағы көш­бас­шы­лар­дың, бел­сен­ділер­дің басы қосыл­май­ын­ша, бір тудың асты­на бірік­пей­ін­ше, нағыз күрес те, жеңіс те бол­май­ды деп шырыл­дап, соны талап еткен­дер­дің тілек­тері іске аспай жатыр. Мұның себеп­терінің біра­зын жоға­ры­да тіл­ге тиек еттік.

Менің­ше, сая­си күш­тер, әртүр­лі мақ­сат­тар мен бағыт­тар­дағы қозға­лы­стар ортақ мәміле­ге келудің жолы ретін­де Сая­си рефор­ма жасау жөнін­де ұлт­тық комис­сия құр­са. Ол комис­сия елде өзгеріс жаса­удың басты ұста­ным­да­рын, тәсіл­дерін, бар­лық мүм­кін­дік­терін бел­гілеп, күшті топ­та­сты­руға алғы шар­ттар жаса­са, ортақ мәміле­ге келіп, келісім­ге қол қой­са, қабыл­да­на­тын мәлім­де­ме­де елге жана­шыр әрбір аза­мат­тың мін­дет­тері көр­сетіл­се дей­міз. Ашы­қтық пен айқын­дық болған жер­де сенім ұялай­ды. Сырт­та жүр­ген бел­гілі сая­сат­кер­лер Ә.Қажыгелдин, М.Әбілязов, елде­гі Б.Тұрсымбаев, Г.Ерғалиева, Е.Бапи, Ж.Мамай сын­ды бұрын­нан сая­сат соқ­пақта­рын­да сын­нан өткен, тәжіри­белі қай­рат­кер­лер бастап, жаңа толқын – бел­сен­ді жастар қосы­лып, осы іске кіріс­се, халық қол­дай­ды деген сенім­де­мін. Жоға­ры­дағы аза­мат­тар­дың қазір­гі өте күр­делі және қатер­лі кезең­де – Қазақ мем­ле­кет­тілі­гі жой­ы­лып кету­ге, тәу­ел­сіздік­тен айы­ры­луға, Қаза­қстан халқы­ның күй­зеліс­ке түсуіне жақын­даған сәт­те бар­лық араз­ды­қты, келіс­пе­ушілік­ті, өткен кезең­дер­де­гі өкпе-рені­шті ысы­рып тастап, бас қосқа­ны, топ­тасқа­ны абзал!

– Рыс­бек аға, сіз­дер­дің баста­ма­ла­ры­ңы­з­бен «Халық құры­л­тайы» жиын­да­ры Аста­на­да, Алма­ты­да өткен еді. Әрқай­сы­на 400500 адам қаты­сқан, оппо­зи­ци­я­ның көр­нек­ті көш­бас­шы­сы Серік­бол­сын аға Әбділ­дин бата беріп, қол­даған ол жиын­дар неге жалғаспады?

– Тосын­нан жет­кен індет­тің ондай көп адам жина­уға қауіп­тілі­гі және қара­жат­тың қол бай­лау болуы құры­л­тай­ға кедер­гі кел­тір­ді. Назар­ба­ев­тың билік­тен кетуін, Кон­сти­ту­ци­я­ны, заң­дар­ды өзгер­туді талап еткен, пре­зи­дент сай­ла­у­ын өткізу­ге қар­сы­лық таны­тқан, сая­си рефор­ма жасау тура­лы мәсе­ле көтер­ген құры­л­тай қоғам­дық сана­да сер­піліс жасады.

Қытай­дың эко­но­ми­ка­лық экс­пан­си­я­сы­на тосқа­уыл қой­ып, зауыт­та­рын кір­гіздір­ме­у­ге шақы­рған халық үні құры­л­тай­лар­да естіл­ді. Билік­тің құлағы­на жет­ті. Бірақ пре­зи­дент Тоқа­ев­тың Назар­ба­ев пен Қытай алдын­дағы дәр­мен­сізді­гі енді оны сатқын­ды­ққа жете­леп бара­ды. Бұлар осы­лай­ша Отан­ды сатуға кірісті. Сон­ды­қтан Халық құры­л­тайы, Халық билі­гі қозға­лы­ста­ры­ның жұмысын қай­та жалға­сты­рып, «Ел мен Жер» және басқа да бір­ле­стік­тер­мен, топ­тар­мен бір­лесіп, жауын­гер­лік штаб құрып, май­дан­да­суға тура келеді. Халық құры­л­тайы сая­си күш­тер­дің, топ­тар мен қозға­лы­стар­дың бір­ле­сетін, ортақ шешім қабыл­дай­тын алаңы бола­ры анық.

– Сіз Мағ­жан Жұма­ба­ев пен Сәкен Сей­фул­линің дере­гін, сүй­е­гін іздеп Мага­данға барған едіңіз. Сол экс­пе­ди­ци­я­ла­ры­ңы­здан кей­ін­гі жағ­дай қалай? Не өзгеріс болмақ?

– Екі ақын­ның да 1938 жылы атыл­ды дегеніне мен сен­бей­мін. Мағ­жан – 1951 жылы, ал Сәкен – 1940 жылы Мага­дан облы­сы Сусу­ман және Ягод­ний аудан­да­рын­да қай­тыс болған. Оны ақын­дар­мен алтын өндірісін­де­гі лагерь­лер­де бір­ге болған аты­ра­улық Әбдірах­ман Абдул­ла­ев, қараған­ды­лық Иван Муд­ров дәлел­деп бер­ді. Әбдірах­ман ақсақал 102 жаста, Құл­са­ры­да тұра­ды. 31 мамыр – Сая­си қуғын­дар­ды еске алу күнін­де хабар­ла­стым. Жыл­дағы дәстүрі бой­ын­ша өзінің азапты бастан бір­ге өткіз­ген, пір тұтқан Мағ­жа­ны­на арнап садақа беріп жатқа­нын, құран бағы­штаға­нын айт­ты. Ақсақал біз­бен бір­ге қиян­дағы қиыр шет­ке барған кез­де Пет­ро­пав­л­дағы ақын әкесінің зира­ты­на арнайы келіп, Мағ­жан үшін құран оқы­ған­да, лагерь­лесінің туған топы­рағын­да тұрып, өзінің біл­ген­дерін баян­даған еді. Әңгі­ме­лерінің бәрі Мағ­жан­мен бір­ге болған­ды­ғын дәлел­дей­ді, күмән туғы­з­бай­ды. Біздің зерт­те­уі­мізді жалға­сты­ра­тын жастар шық­са, деректер­ді өзгер­тетін, ақын­да­ры­мы­здың сүй­ек­терін елге жет­кі­зетін күн­дер­дің туа­ры­на мен сене­мін. Бұл істі соңы­на дей­ін жет­кізу­ге қол­дан кел­ген көме­гім­ді жасаймын.

Қоғам үшін пай­да­лы бар­лық істеріңіз сәті­мен жалға­сып, жеңістер­ге жетуіңіз­ге тілек­тес­піз. Сұх­ба­ты­ңы­зға рахмет!

Аза­мат ШОРМАНХАНҰЛЫ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн