Пятница , 4 июля 2025

Рысбек СӘРСЕНБАЙ: БИЛІКТІҢ ТАҒДЫРЫН ХАЛЫҚ ШЕШЕДІ

Укра­и­на аста­на­сын­да «Қаза­қстан оппо­зи­ция өкіл­дері» деп баста­ма­шыл топ құрған бір топ аза­мат­тың қабыл­даған Үнде­уін, олар­дың құры­л­тай шақы­ра­тын­да­ры жөнін­де мәлім­де­генін газеті­міздің өткен санын­да жари­я­лаған едік. 

Осы жиы­нға қаты­сып кел­ген жур­на­лист, қоғам қай­рат­кері Рыс­бек СӘРСЕНБАЙҰЛЫН «ДАТ» айда­ры­на сұх­батқа тар­тып, Киев­те­гі кеңе­сте не айты­лға­ны, қан­дай тұжы­рым жасалға­ны, соны­мен қатар елде­гі сай­лау тақы­ры­бы­на қаты­сты сұрақтар төңіре­гін­де өрбі­ген әңгі­мені оқыр­ман наза­ры­на ұсы­нып отырмыз. 

ШЕТЕЛ АСҚАНДАРМЕН ШЕП ҚҰРЫП… 

– Рыс­бек аға, айдың басын­да қаза­қстан­дық оппо­зи­ция өкіл­дері Укра­и­на аста­на­сы – Киев­те бас қосып қайт­ты­ңы­здар. Кенет­тен болған осы жиын­ның мән-жайы қоға­мға бей­мағлұм болып тұр: басты сұрақтар­дың бірі – бұл кім­нің, қан­дай ұйым­ның баста­ма­сы­мен өткізіл­ген шара?

– Газет­теріңіздің бұл жай­тқа назар аударға­ны­на және құры­л­тай өткі­зу жөнін­де­гі ынта­лы топ­тың халы­ққа арнаған үнде­уін жари­я­лаға­ны­на риза­лы­қ­пен алғы­сы­мы­зды біл­діре­міз. Елде­гі қоғам­дық аху­алға бей­жай қара­май­тын шынайы жана­шыр аза­мат­тар қата­ры көбей­іп бара­ды. Біз­ге, Алма­ты­ға аймақтар­дан арнайы келіп, шетел­де жүр­ген­дері теле­фон­мен хабар­ла­сып, құры­л­тай өткі­зу неме­се қозға­лыс құрып, әре­кет ету тура­лы нақты­лы ұсы­ны­стар жаса­ды. Билік басын­дағы­лар­ды өткір сынаға­ны, әділет­сіздік­тер­ге қар­сы тұрға­ны үшін қуда­ла­нып, Ита­ли­яға кету­ге мәж­бүр болған Ержан Тұрғын­ба­ев­ты біраз жұрт тани­ды. Міне, сол аза­мат­тың, «Еркін қазақ» қозға­лы­сы жетек­шісінің баста­ма­сы­мен біз тоғыз адам Киев қала­сы­на барып, құры­л­тай мәсе­лесін талқы­ла­дық. Мұны кенет­тен болған жиын деген­нен де, көп­тен күтіл­ген кеңе­су десек, қисы­нға келіп қалар.

– Ал халы­қтық құры­л­тай­дың қажет­тілі­гін көтер­ген осы жиын Қаза­қстан аумағы­нан тыс жер­де өткенінің себебі неде?

– Егер елде өтсе, оған Ержан Тұрғын­ба­ев та, «Бәсе» арқы­лы шын­ды­қты көр­сетіп, авто­ри­тар­лық, тота­ли­тар­лық жүй­ені жүн­дей түт­кен Айдос Сады­қов пен Ната­лья Сады­қо­ва, еркін ойла­ры үшін талай рет сот­та­лып, Укра­и­наға ауған Ермек Нарын­ба­ев та қаты­са алмас еді. Іште­гі және сырт­тағы мақ­сат­та­ры бір­дей демо­кра­ти­я­лық күш­тер, оппо­зи­ци­я­лық бағыт­тағы бел­сен­ділер бірік­се, жеңісті жақын­да­та­ды. Күрес тәсіл­дерін үйле­стірудің, өза­ра түсіністік­те болу­дың мәні айрықша. 

– Киев­те­гі кез­де­судің ең басты күн тақы­ры­бы не бол­ды? Осы сұраққа орай қысқа­ша мәлі­мет бере кетсеңіз.

– Күн тақы­ры­бы: Халық құры­л­тай­ын­да қара­ла­тын мәсе­ле­лер және пре­зи­дент сай­ла­у­ы­на бел­сен­ді бой­кот жасау. Пре­зи­дент­тік билік жүй­есі біздің елі­міз үшін қажет пе? Адам­дар­дың әле­умет­тік жағ­дайы, күн­көрісі нелік­тен қиын­да­ды? Тәу­ел­сіздік­ке, мем­ле­кет­тік­ке төн­ген қауіп­тен, жемқор­лық дерт­тен қалай құты­ла­мыз? Қытай­дың сол жақтағы қан­даста­ры­мы­зға жасап жатқан қия­на­ты­на, елі­міз­ге енте­ле­ген эко­но­ми­ка­лық экс­пан­си­я­сы­на қар­сы тұра­тын күш қай­да? Қарау сай­ла­у­лар­дан құты­лу­дың, әділет­тілік­ті орны­қты­ру­дың жолы қай­сы? Міне, осын­дай сұрақтар­дың жау­а­бын қарас­ты­ру­ды, аза­мат­тар­дың тала­бын билік­ке жет­кі­зуді және халы­қ­пен сана­суға мәж­бүр етуді көздедік.

– Киев­ке барған­дар: Б.Тұрсымбаев, С.Әлібаев, У.Қайсаров, Қ.Мұқтай – елге таны­мал тұлға­лар. Алай­да елдің ішін­де жүр­ген қоғам­ның бел­сен­ді өкіл­дері, әсіре­се жастар жағы неге қам­тыл­май қалған деген пікір­ге не дейсіз?

– Аста­на­лық қоғам бел­сен­ділері – М.Орысбай, А.Қапар, Т.Түбекова, І.Тиыштыбаева «қам­тыл­май қалған» деген пікір­ді жоққа шыға­ра­ды. Халы­қтың өз ішін­де жүріп, әсіре­се жер­ді қорғау кезін­де таны­лған, ой-сана­сы қоғам­мен біте қай­на­сқан осын­дай інілері­міз бен қарын­даста­ры­мы­здың бары қан­дай жақ­сы! Әрине, қара­жат мүм­кін­ді­гі­міз бол­са, сая­сатқа жаңа­дан ара­ласқан тым жас буын­ды да ертер едік. Олар елде­гі құры­л­тай­да көбірек көрі­неді деген ойдамыз. 

– Аза­мат­тық қоғам­ды бірік­тірем деп, бар­лық күш-жігерін, мораль­дық-мате­ри­ал­дық ресур­ста­рын төк­кен аза­мат­тар бол­ды, бірі – атыл­ды, екін­шілері – қуғы­нға түсті, үшін­шілері – қыл­мыс­кер ата­нып, сырт­тай сот­тал­ды. Осы жағ­дай­лар­ды еске­ре оты­рып, алдағы уақыт­та қоғам­ды топ­та­сты­руға қаты­сты шару­а­ны құры­л­тай­дың іліп әке­те қоюы қалай болар екен?

– Иә, небір асыл аза­мат­та­ры­нан айы­ры­лған, соларға зәру болған бүгін­гі қоғам­да олар­дың мем­ле­кет­шіл, қоғам­шыл ісін, сая­си күресін жалға­сты­ру тіп­ті қиын­да­ды. Бірақ қол қусы­рып қарап оты­руға еш бол­май­ды. Құры­л­тай уақыт тала­бы­нан, қажет­тілік­тен туын­да­ды. Бұл – қоғам­ды топ­та­сты­ру­дың бір­ден-бір тиім­ді жолы. Қан­дай пар­ти­яда, бір­ле­стік­те бол­са да, ешқан­дай ұйы­мға кір­ме­се де, халық жиы­ны­на қаты­сып, елдік мұрат­ты қорға­уға атса­лы­са­тын­дар­дың бар­ша­сын шақы­ра­мыз. Қор­да­ланған мәсе­лені, билік­тің қан­дай бол­мағын, оның тағ­ды­рын халы­қтың өзі шешсін! 

– Нарық жағ­дай­ын­дағы Қаза­қстан­да аза­мат­тық қоғам­ның басын бірік­ті­ру үшін құры­л­тай жасақта­уға қар­жы­лық қол­дау керек екені бел­гілі. Осы мәсе­лені шешу мүм­кін­ді­гі қандай?

– Біздің алды-арты­мы­зда тұрған оли­гарх­тар, сая­си топ­тар жоқ. Өздеріне икем­де­гісі келетін билік­тен де аулақ­пыз. Ота­ны­на, мем­ле­кетіне, ұрпағы­на жаны аши­тын кәсіп­кер­лер­ге, шағын биз­не­сте­гі пат­ри­от­тарға, қол ұшын созған қара­пай­ым жан­дарға үміт артамыз. 

– Халы­қтың қала­у­ы­нан тыс, пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың ырқы­мен құры­лған сая­си жүй­ені тазар­ту оңай шаруа емес. Осы­ған орай қоғам өкіл­дері про­бле­ма­ның себебі­мен емес, сал­да­ры­мен күресіп жатыр деген тәу­ел­сіз сарап­шы­лар­дың пікіріне не айтасыз?

– Рас, бүгін­де бас­па­на­сыз, мар­дым­сыз жәр­де­мақы­ға қараған ана­лар, алданған ипо­те­ка­шы­лар, несие алып боры­шқа батқан­дар өз тала­бын қой­ып, көше­ге шықты. Сти­хи­я­лы түр­де пай­да болған әле­умет­тік топ­тар­дың бел­сен­ді өкіл­дері билік­ті жаға­дан мықтап алды. Тәу­ел­сіз сарап­шы­лар соларға қарап пікір түй­ген болар. Ал мәсе­ле мәнісін өзгер­мей­тін сая­си басқа­ру жүй­есі­нен – сыбай­ласқан, отба­сы­лық билік­тің өзі­нен іздей­тін құры­л­тай­шы­лар­дың, бой­кот­шы­лар­дың жөні басқа. Балы­қты басы­нан, былы­ққан билік­ті жоға­ры­дан бастап таза­лау қажет­ті­гін біз сарап­шы­лар­сыз да білеміз. 

– Жуыр­да ЖСДП пар­ти­я­сы – «Ақиқат» ата­лып, төраға­лы­ққа тәу­ел­сіз жур­на­лист Ермұрат Бапи сай­лан­ды. Жаңа төраға қоғам­дағы күш­тер­ді бірік­ті­ру жөнін­де ұсы­ныс жаса­ды. Ермұрат Бапи­дың бірі­гу жөнін­де­гі ұсы­ны­сы – сіз­дер құрға­лы жатқан құры­л­тай­дың мақ­са­ты­на сай ма, әлде алшақ па? 

– Біздің мақ­са­ты­мыз – елде түбе­гей­лі өзгеріс жасау, бей­біт жол­мен, күрес жүр­гі­зу арқы­лы қыл­мыстық басқа­ру жүй­есін ала­стау, адам­дар­ды кедей­шілік­тен, елді шетел­дік тона­у­шы­лы­қтан құтқа­ру, аза­мат­тар­дың құқы­ғы қорға­ла­тын, еркін өмір сүретін әділет­ті қоғам орна­ту! Монар­хи­яға, жемқор­лы­ққа, сатқын­ды­ққа орын жоқ! Кон­сти­ту­ци­я­ны және кон­сти­ту­ци­я­лық заң­дар­ды жал­пы халы­қтық мүд­де­ге қыз­мет ету­ге бағыт­тау! Демо­кра­ти­я­ны, сөз бостан­ды­ғын төр­ге шыға­ру! Осы тұрғы­дан қараған­да алшақтық бол­мауы тиіс. 

БОЙКОТ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

– Сай­ла­у­ға үміт­кер ретін­де түс­кен аза­мат­тық қоғам өкілі Әмір­жан Қоса­но­вты қоғам­ның қол­да­уы күшті болып тұрған жағ­дай­да бой­кот­тың мәсе­лесі қалай болады?

– Бой­кот сіз атаған үміт­кер­ге қар­сы­лық тұрғы­сын­да жаса­лып жатқан­дай көретін, оның мәнін дұрыс түсін­бе­ген адам­дар бар. Қасақа­на теріс пікір туғы­зуға, жік салуға әуе­стен­гі­ш­тер де жоқ емес. Сон­ды­қтан өте көкей­те­сті және маңы­зды мәсе­ле­ге – бел­сен­ді бой­кот тақы­ры­бы­на кеңірек тоқта­лай­ық, сіздің мар­ха­бат етуіңізбен. 

«Ұлы ком­би­на­тор» – «елба­сы әрі пре­зи­дент­тер­дің тұңғы­шы» атанған Пен­де (есі­мі де елді жалы­қты­рған кісі) Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да отыз жыл­дай билік құр­ды. Және әлі де одан айы­рыл­ма­стың айла-шарғы­сын жасап, кезек­тен тыс пре­зи­дент сай­ла­у­ын өткізу­ге кірісті. Ол, өзі айтқан­дай, тақ мұра­герін алма­сты­ру ойы­нын бұдан үш жыл бұрын ойла­сты­рған. Аңғал халық демо­крат шапа­нын жамы­лған дик­та­тор­дың кезек­ті қулы­ғын толық түсініп жатқан жоқ. Назар­ба­ев сай­ла­у­ға түс­пей­ді, сол мүм­кін­дік­ті пай­да­ла­нып, өз өкілі­мізді додаға салай­ық, бәл­кім, жеңіп кететін шығар деген дәме­мен жүр. Жар­лы­қ­пен тағай­ын­далған, кем­бағал­дау болып көрін­ген Қ.Тоқаевты толы­ққан­ды пре­зи­дент жаса­удың қитұрқы жос­па­ры екенін ұғы­нып үлгер­меді. Тоқа­ев­ты «жал­пы халық сай­лаған пре­зи­дент» етудің соңы Дариға Назар­ба­е­ва­ны сол оры­нға қон­жи­ту­мен аяқта­ла­рын сезсе де, шай­тан­ның арба­уы­на шырмалды. 

Біз­дер, бел­сен­ді бой­кот жари­я­ла­уды жақтай­тын­дар, ең алды­мен мұн­дай монар­хи­я­лық мем­ле­кет құруға қар­сы екені­мізді мәлім­дей­міз! Қазір­гі пре­зи­дент сай­ла­уы – Н.Назарбаев кет­кен­нен кей­ін де өзінің отба­сы­лық билі­гін сақтап қалу­дың және оны бір­жо­ла­та орны­қты­ру­дың оңтай­лы ама­лы. Демо­кра­ти­я­ны, халы­қты пай­да­ла­нып, талай рет осын­дай сай­ла­у­лар өткізіп, мем­ле­кет басқа­ру тіз­гінін уысы­нан шығар­маған әккі адам­ның әре­кетіне біз қарсымыз! 

– Жар­лы­қ­пен тағай­ын­далған пре­зи­дент Тоқа­ев сай­лау әділ, таза, ашық бола­ды деді… 

– Оның қожа­сы да бар­лық сай­ла­у­лар­дың алдын­да дәл осы­лай уәде еткен. Халық сен­ген, сен­бе­се де көн­ген. Сон­дай сай­ла­у­лар­дың қара­улы­қ­пен, дауыс ұрла­у­мен, ұят­сызды­қ­пен, бұр­ма­ла­у­мен өткені жал­пы қауы­мға мәлім. Пре­зи­дент­тік қыз­метін­де «ұста­зы­ның» жолын жалға­сты­ра­ты­нын ашық айтқан екін­ші пен­де – Қасым-Жомарт та соны қай­та­лай­ды. Сай­ла­уды бұлар басқа­ша өткі­зе алмайды.

– Сіз бұры­нғы және қазір­гі пре­зи­дент­тер­ді нелік­тен Пен­де деп атай­сыз? Бәл­кім, жаңа бас­шы сай­ла­уды басқа­ша өткі­зетін шығар?

– Биік лау­а­зым­да жүр­ген­дер­ді көтер­ме­леп көк­ке шыға­ру­дың, көсем санап, табы­ну­дың зардаб­ын тар­тқан елдер­ге қараңыз. Бұры­нғы Кеңе­стер Одағы кезін­де­гі күй­і­мізді, қазір­гі Түр­кі­мен­стан, Тәжік­стан қата­рын­дағы Қаза­қстан­ды мысалға алы­ңыз. Қол­дан Вашинг­тон, Ататүрік жасау, өзге жұрт­тың алдын­да күл­кі­ге қалу қаза­қтан басқа­ның қолы­нан кел­мей­ді. Ал біздің «Вашинг­то­ны­мыз» халқын немен жары­лқа­ды? Әну­ар Әлім­жа­нов пен Шер­хан Мұр­та­за айтқан­дай, «ұлы­лар елін ұры­лар еліне», «алтын сан­дық үстін­де оты­рған тақыр кедей­лер еліне» айнал­дыр­ды. Оны өздеріңіз шыға­ра­тын «ДАТ»-тағы қалың оқыр­ман­ның ашу­лы нара­зы­лы­ғы, өкіні­шті өксі­гі айғақтай­ды. Тұтас бір мем­ле­кет­тің тағ­ды­ры­на жау­ап­ты бас­шы қыз­мет­те­гілер­дің де, басқа­лар секіл­ді, Пен­де екен­ді­гін есіне салу, елдің басы­на шығар­тып есірт­пеу керек! 

Тоқа­ев бұл сай­ла­уды басқа­ша өткі­зе алмай­ды. Әділ, таза, ашық сай­ла­уда олар, сөз­сіз, жеңіліс­ке ұшы­рай­ды. Ондай тәу­е­кел­ге бара­тын, өздеріне-өздері көр қаза­тын ақы­мақ емес шығар. Сон­ды­қтан сай­лау бұрын­нан бар, әбден жетіл­діріл­ген айла-тәсіл­дер­ді қол­данған билік­тің жеңісі­мен аяқталады. 

– Бой­кот жари­я­ла­удың, соны іске асы­ру­дың басқа қан­дай қажет­тілі­гі бар деп есептейсіз?

– Бірін­ші­ден, халық назар­ба­ев­тық отба­сы­лық, оли­гарх­тық жүй­енің өздері үшін пай­да­лы, ал рес­пуб­ли­ка аза­мат­та­ры үшін залал­ды билік құруы­на дәл қазір­гі сәт­тен бастап келіс­пей­тін­ді­гін ашық таны­та­ды. Екін­ші­ден, мем­ле­кет­тік билік­тің қай­нар көзі – халы­қтың өзі екен­ді­гін және бұл халы­қтың ат төбелін­дей азға­на топ­тың мани­пу­ля­ция жаса­уы­на, алда­уы­на жол бер­мей­тін­ді­гін ұқты­ра­ды. Үшін­ші­ден, пре­зи­дент­тік басқа­ру Қаза­қстан үшін өзін ақта­маған, шын мәнін­де­гі демо­кра­ти­я­лық, құқы­қтық мем­ле­кет құруға, әле­умет­тік әділет­тілік­ті орны­қты­руға, аза­мат­тар­дың еркін, алаң­сыз өмір сүруіне кедер­гі кел­тір­ген, жеке басқа табы­нуға, құл­дық сана­ны қалып­та­сты­руға жұмыс істе­ген жүйе бол­ды. Сон­ды­қтан оны алдағы мерзім­де керексіз деп табу, пар­ла­мент­тік-үкі­мет­тік жүй­е­ге ауы­су мәсе­лесі күн тәр­тібіне қой­ы­лған бүгін­гі жағ­дай­да пре­зи­дент сай­ла­у­ын өткі­зудің мәні жоқ!

– Демек, кең тұрғы­дан алған­да, билік жүй­есін өзгер­ту, сая­си рефор­ма жасау бағы­тын­дағы халық тала­бы осын­дай мақ­сат­тар­дан туын­даға­ны ғой. 

– Иә. Бел­сен­ді бой­кот­тың қоғам­дағы қажет­тілік­тен туған­ды­ғын, оған жоға­ры­дағы жағ­дай­лар­дың себеп болған­ды­ғын қай­та­лап айт­сам, арты­қтық етпес. 9 мау­сым­дағы пре­зи­дент сай­ла­уы босқа әбі­гер­шілік, қыру­ар қар­жы­ны шашу. Адам­дар­ды алда­удың кезек­ті қой­ы­лы­мы. Билік­тің ойын ере­же­сі­мен жүруді қоя­тын мез­гіл баяғы­да жет­кен. Кезін­де соны өзі де айтқан Әмір­жан­ның, үміт­кер­лік­ке ұмты­лып, назар­ба­ев­шы­лар­дың құрған торы­на түс­кені қын­жы­л­та­ды. Біз оның бел­сеніп шыққа­нын қызған­бай­мыз. Сая­си қателік жібер­генін көріп тұрып, айт­пай бол­май­ды. Билік­тің қала­у­ы­на қарай қимыл­даған­нан да, оған батыл қар­сы­лық таны­тқан жөн еді. 

– Сай­ла­уды билік­тің өз қала­у­ы­мен өткі­зуіне үзіл­ді-кесіл­ді келіс­пей­тін­дік­ті біл­діру­ден, ондай сай­ла­уды ман­сұқта­удан, ашық түр­де аза­мат­тық қар­сы­лық біл­діру­ден басқа не істейсіздер? 

– Бел­сен­ді бой­кот кезін­де бүгін­гі билік алды­на шыға­ра­тын нақты­лы талап­та­ры­мыз бар. Олар мыналар:

1. Сай­лау тура­лы заң­дағы аза­мат­тар­дың Кон­сти­ту­ци­я­ның 33-бабын­да көр­сетіл­ген құқы­ғын – Рес­пуб­ли­ка аза­мат­та­ры­ның мем­ле­кет­тік орган­дар мен жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру орган­да­рын сай­ла­у­ға және оларға сай­ла­нуға қаты­су құқы­ғын – шек­тей­тін бап­тар­ды алды­рып тастау. Сай­лау тура­лы заң­ның 54-бабын­дағы «пре­зи­дент болып сай­ла­ну үшін… мем­ле­кет­тік қыз­мет­те неме­се сай­лан­ба­лы мем­ле­кет­тік лау­а­зым­дар­да кемін­де 5 жыл­ды құрай­тын жұмыс тәжіри­бесі болуға» деген талап бар. Ол мың­даған, мил­ли­он­даған мем­ле­кет­тік қыз­мет­те бол­маған аза­мат­тар­дың өз құқы­ғын пай­да­ла­нуға тосқа­уыл жасай­ды. Пре­зи­дент­тік­ке сай­ла­ну үшін шене­унік болуың керек дей­тін талап кәсіп­кер­лік­те­гі, сая­сат­тағы, білім мен ғылым­дағы, шығар­ма­шы­лы­қтағы және басқа да сала­лар­дағы адам­дар­ды қор­ла­у­мен тең. 

2. Кон­сти­ту­ци­я­ның 42-бабын­да «Бір адам қата­ры­нан екі рет­тен артық Рес­пуб­ли­ка пре­зи­ден­ті болып сай­ла­на алмай­ды. Бұл шек­теу Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Тұңғыш пре­зи­ден­тіне қой­ыл­май­ды» деп көр­сетіл­ген. Жеке бір тұлғаға айры­қ­ша арты­қ­шы­лық беретін «шек­теу қой­ыл­май­ты­ны» жөнін­де­гі соңғы тір­кесті алды­рып тастау қажет. Күні ертең-ақ Тоқа­ев пре­зи­дент­тік қыз­мет­ті атқа­ра алма­ды деген сияқты сыл­тау тауып, тағы да кезек­тен тыс сай­лау өткізіп, тұңғыш пре­зи­дент­тің өзі үміт­кер­лік­ке түс­се, не бола­ды. Қар­тай­ған, қал­жы­раған шағын­да пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға түс­пек болған Алжир­де­гі Буте­фли­ка шал­дың мыса­лы соған дәлел. Күні кеше Н.Назарбаев эко­но­ми­ка­лық фору­мға қаты­сқан шетел­дік­тер алдын­да: «Сай­ла­у­ға түс­сем, халық болып тағы да мені таң­дай­тын еді», – деді. Дәмесінің зорын көр­діңіз бе! Иә, ол сай­ла­у­ға түсуді қала­са, сол бір адам­ның мүд­десіне ойла­сты­ры­лып жасалған заң кедер­гі кел­тір­мей­ді. «Заң­ның алдын­да аза­мат­тар­дың бәрі бір­дей». Бірақ бұл қағи­да­ны іске асырт­пай тастаған бұры­нғы пре­зи­дент­тің өзі. Сон­ды­қтан кері кет­кен заң­ды өзі­мен бір­ге әкет­сін. «Қазан­шы­ның өз еркі қай­дан құлақ шығар­са» деген­ге енді көнбейміз!

3. Бей­біт заман­да кезек­тен тыс пре­зи­дент сай­ла­у­ын өткізу­ге мүл­де тый­ым салу­ды талап ете­міз. Сай­ланған пре­зи­дент­тер ден­са­улық жағ­дай­ы­на бай­ла­ны­сты неме­се қыз­метін атқа­руға қабілет­сіздік жағ­дай­ын­да импич­мент жари­я­ла­нып, ол қабыл­данған соң ғана кезек­тен тыс сай­лау жари­я­ла­нуы тиіс. Сон­да ғана билік басын­дағы пре­зи­дент өз қулы­ғын іске асы­ру мүм­кін­ді­гі­нен айы­ры­ла­ды, өзге үміт­кер­лер­дің бар­шаға бел­гілі мерзім­де бола­тын сай­ла­у­ға дай­ын­ды­қ­пен қаты­суы­на, шынайы бәсе­ке­ле­стік­ке жол ашылады.

4. Сай­ла­у­шы­лар­дың кемін­де тең жар­ты­сы­нан аста­мы қаты­сқан жағ­дай­да ғана сай­лау өтті деп сана­ла­тын талап­ты Сай­лау тура­лы заң­ның 41-бабы­на қосу керек. Әділет­сіз, бұр­ма­ла­у­мен, дауыс ұрла­у­мен өткізіл­ген сай­ла­у­лар халы­қтың мем­ле­кет­тік орган­дар мен жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру орган­да­рын сай­ла­у­ға деген ынта­сын жоғалт­ты. Халық мем­ле­кет­тік билік­тің бір­ден-бір көзі сана­ла­тын өз құзы­реті­нен ажы­рап қал­ды. Мұның бәрі ең жоғарғы лау­а­зым­ды иелен­ген адам­ның жеке-дара билеп-төсте­уін, өзін басқа тұлға­лар­дың ауы­сты­руы­на мүм­кін­дік бер­ме­уін қалыптастырды.

5. Сай­лау комис­си­я­ла­ры тұта­стай жаңар­тыл­сын. Оның бас­шы­лы­ғы­на билік­те­гілер­мен туы­стық, жек­жат­тық жақын­ды­ғы бар адам­дар­ды жолат­па­сын. Назар­ба­ев­тар­дың құда­сы Берік Има­шев Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­ның төраға­сы қыз­меті­нен босатылсын.

6. Қазір Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да қос билік қабат­та­сты. Қауіп­сіздік кеңесін басқа­ру арқы­лы Қару­лы күш­тер­ді, Ішкі істер­ді, ҰҚК-ны уысын­да ұстаған Н.Назарбаев тағай­ын­далған пре­зи­дент­ке ықпал еткені секіл­ді, сай­ла­на­тын пре­зи­дент­ке де өктем­ді­гін жүр­гі­зеді. Қауіп­сіздік кеңесінің төраға­сы лау­а­зы­мы­на оны халық сай­лаған жоқ. Кезін­де өзінің қыз­мет бабын пай­да­ла­нып, елба­сы, тұңғыш пре­зи­дент мәр­те­бесін ойлап тауып, қуыр­шақ депу­тат­тарға заң шығар­ту арқы­лы бекітіп алған. Сон­ды­қтан оған ешбір мем­ле­кет­те жоқ жөн­сіз арты­қ­шы­лы­қтар­ды сый­лаған заң­сы­мақта­ры­ның күші жойылсын. 

7. Д.Назарбаеваны сенат төраға­сы еткен Қ.Тоқаев таяу жыл­дар­да пре­зи­дент орын­тағын да оған қал­ды­ра­ры дау­сыз. Қазір­гі сай­лау сол жоба­ның екін­ші кезеңі. Ал солай бола­рын халық сезіп оты­рған жағ­дай­да түп­кі мақ­са­ты бел­гілі, қитұрқы, кезек­тен тыс сай­ла­уды қол­дау – монар­хи­я­лық билік­ті орны­қты­руға жәр­дем­де­су. Біз бұған келіспейміз!

Бел­сен­ді бой­кот­тағы талап­та­ры­мыз, міне, осындай.

– Талап­та­ры­ңыз таспен ұрған­дай екен! 

– «Таспен ұрған­дай» демек­ші, сая­сат­та­ну­шы бол­са керек, тая­у­да біреу былай деп­ті: «Билік­ке тас ата­мыз деп мем­ле­кет­ті құла­тып алуы­мыз мүм­кін. Қазір жақ­сы­лы­ққа жете­міз, демо­кра­ти­яға жете­міз деп, кере­мет сай­лау өткі­зе­міз, бүгін­гі сая­си таққа тала­са­мыз деп, екі-үш облы­стан айы­ры­лып қал­сақ, келе­шек ұрпақ кеші­ре ме, кешір­мей ме?!». Не деген сақтық! Жақ­сы­лы­ққа, демо­кра­ти­яға ұмтыл­сақ, екі-үш облы­стан айы­ры­лып қалуы­мыз мүм­кін екен! Мұн­дай жоқ жер­ден үрей туғы­зуға тыра­шта­ну­дың аста­рын­да не жатыр? Билік­ке қар­сы кел­ме, дегеніне көне бер. Сай­лау сай­ын осын­дай сасы­ған сая­сат­тың иісін шыға­рып қояды. Қазір­гі жемқор, сатқын билік екі-үш облыс тұр­мақ, тұтас Қаза­қстан­ның өзін де, тәу­ел­сізді­гін де саудаға салып бол­ды емес пе! Сіздің теңе­уіңіз­де­гі­дей «талап­ты таспен ұрған­дай» етіп қой­ма­са, мына билік былқ етпейді. 

– Бой­кот­ты бел­сен­ді жүр­гі­зесіз­дер ме, әлде сай­ла­у­ға бар­мау, дауыс бер­ме­умен ғана шек­те­лесіз­дер ме?

– Бой­кот – бұл ең алды­мен сая­си талап. Ол талап­тар­ды жоға­ры­да айт­тық. Тәу­ел­сіздік жыл­да­рын­да Пен­де бір­де-бір таза, әділ, ашық сай­лау өткіз­беді. Пен­де­шілік­ке салы­нған сай­ла­у­шы­лар қан­ша­ма рет алдан­ды. Енді тағы да алданғы­сы келіп отыр. Қашанғы алда­на­сың, қой­саң­шы! Бұл жолы пре­зи­дент әкім­шілі­гін­де­гі ақыл­ды бастар өлі сай­ла­уды тіріл­ту, жұрт­ты қызы­қты­ру, учас­ке­лер­ге кел­ті­ру үшін тәу­е­кел­ге бар­ды. Оппо­зи­ци­я­ның өздері үшін оңды, таны­мал­ды­ғы бар, шең­бер­ден шығып кет­пей­тін бір өкілін додаға кір­гізді. Демо­кра­ти­яға жаны ашы­ған­ды­қтан емес. Өздері қой санай­тын қауым­ды қораға қау­ма­ла­удың тәсілін осы­лай тап­ты. Қулы­қта­рын әзір­ше іске асы­рып жатыр. 

Көп­шілік­ке арнап қояр сұрағы­мыз бар. Ау, халқым! Үміт­керіңді өткіз­бей­тінін қалай­ша біл­мей­сің?! Оның өзі де сон­ша­лы­қты жұлқы­нып тұр­ма­са, ертең жиған дауы­сы ұрланған­да, оны табан­ды­лы­қ­пен дау­ла­ма­са, жақта­у­шы­ла­рын соңы­нан ертіп атой сал­ма­са, несіне оған дауыс бере­мін деп дау­ры­ға­сың? Шын­ды­қтың бетіне тура қарай­ы­қ­шы. Мұның не қылған сай­лау екен­ді­гін алды­мен ұғы­нып барып, өз таң­да­уы­ң­ды жаса­май­сың ба? Мұн­дай қарау сай­лау­сы­маққа дәл осы жолы бар­ма­саң, ашық түр­де бас тарт­саң, бұл шара жап­пай жасал­са, билік не істей­ді? Зор­лай ма? Қаңы­рап тұрған бос учас­ке­лер­де қол­дан түз­ген көр­сет­кі­ш­теріне кім сенеді? Масқа­ра­сы шыққан соң ғана келесі сай­ла­уды дұры­ста­уға мәж­бүр бола­ды емес пе? Бой­кот­тың нәти­же­сі дегені­міз сол: алда­уға көн­бей­тін өр мінезін халық таба­ды. Билік­ті өзгер­те­мін десең, алды­мен өзіңді осы­лай өзгерт­пей­сің бе?

Дәл дауыс беретін күні сай­лау учас­кесіне барып, үміт­кер­лер тізі­мі көр­сетіл­ген парақ­шаға үйден апарған қалам­мен бады­рай­тып тұрып «Бой­кот» сөзін жазып, оны сурет­ке түсіріп алған соң урнаға сал­са, кім қой дей­ді? Неме­се учас­ке­ге өзге нара­зы адам­дар­мен бір мез­гіл­де жина­лып, есі­гі­нен ары­ға атта­май, дауыс беру­ден бас тар­та­ты­нын бақы­ла­у­шы­ларға жария етіп, мәлім­де­се бол­май ма? Үйде жатып алмай, әлгін­дей қаре­кет жасай­мыз деген­дер­дің пікірі осын­дай. Әркім өз таң­да­уын жасай­ды. Өз жақ­та­ста­рын молай­туға жұмыста­на­ды. Халық – ұлы күш. Бірік­се, билік­ті жөн­ге сала­ды. Көн­бе­се, кеті­ре де алады! 

– Рах­мет, Рыс­бек аға, сол күн­ге тезірек жетейік!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«D»

Республиканский еженедельник онлайн