Понедельник , 12 мая 2025

Рысбек Сәрсенбай: Мені сайлаушылар тізімінен ШЫҒАРЫП ТАСТАҢЫЗ!

  • № 861 учас­келік сай­лау комис­си­я­сы­на Талғар ауда­ны Тұз­ды­ба­стау ауы­лы Д.Нұрпейісова көше­сі, 24-үйде тұру­шы Рыс­бек Сәр­сен­бай­дан Сай­ла­у­шы­лар тізі­мі­нен шыға­ру тура­лы ӨТІНІШ (ықшам­да­лып жарияланды).

2021 жылғы 10 қаңтар­да бола­тын ҚР Пар­ла­мен­ті мәжілісі мен мәс­ли­хат­та­ры депу­тат­та­ры­ның кезек­ті сай­ла­у­ы­на жария түр­де қар­сы­лық біл­діре­мін. Оған мынан­дай себеп­тер бар:

– тәу­ел­сіздік алған жыл­дар­дан бер­гі сай­ла­у­лар­дың бір­де-біре­уі әділет­ті, таза өткен емес; заң бұзу­шы­лы­қтар­мен, дауыс беру нәти­же­лерін билік пар­ти­я­сы­ның пай­да­сы­на қарай үне­мі бұр­ма­ла­у­лар­мен өткізілді;

– соның сал­да­ры­нан «Отан» кей­ін «Нұр Отан» атанған пар­тия басым көп­шілік болған пар­ла­мент­тің қабыл­даған заң­да­ры демо­кра­ти­я­ны орны­қты­руға емес, авто­ри­тар­лық жүй­ені қалып­та­сты­руға және нығай­туға қыз­мет етті;

– әле­умет­тік, эко­но­ми­ка­лық, құқы­қтық сала­ларға бай­ла­ны­сты заң­дар дамуға, ілгеріле­у­ге жәр­дем­де­се алма­ды, керісін­ше, халы­қтың кедей­ле­нуіне, өндірістің, ауыл шару­а­шы­лы­ғы­ның тоқы­ра­уы­на, игілік­тер­дің әділет­ті бөлін­бе­уіне апа­рып соқты;

– Жер тура­лы заң оны шетел­дік­тер­дің мен­шік­те­уіне жол ашты, халық ара­сын­да толқу туғы­зды, мора­то­рий жари­я­ланға­ны­мен, ол мәсе­ле әлі күн­ге шеші­мін таппады;

– қисық заң­дар­дың сал­да­ры­нан ұлт пат­ри­от­та­ры түр­ме­ге қамал­ды, сая­си қуда­ла­у­лар үдей түсті, ал бұған пар­ла­мент немқұрай­лы қарап отыр;

– Қаза­қстан жемқор­лық бой­ын­ша әлем­де­гі елдер ара­сын­да алды­ңғы орын­да, алай­да сыбай­ла­стар жиналған пар­ла­мент оны жою­дың пәр­мен­ді тәсіл­дерін заң­да­сты­руға ынта­сыз және қабілетсіз;

– мүге­дек­тер­дің, көп бала­лы ана­лар­дың жағ­дай­ын тіп­тен ауыр­латқан, жазы­қ­сыз жаза­ла­у­ға, айып­пұл­дар төле­ту­ге, аза­мат­тар­дың кон­сти­ту­ци­я­лық құқы­қта­рын шек­те­у­ге негіз болған құбы­жық заң­дар нара­зы­лы­қтар­ды өршітті;

– жеке адам­ның билік­ті ием­деніп кетуіне, қан­дай қыл­мыс жаса­са да, жау­ап­кер­шілік­ке тар­тыл­мауы­на жол ашқан, Кон­сти­ту­ци­яға қар­сы заң­дар­дың бәрі – сай­қы­ма­зақ сай­ла­у­лар­да сай­ланған депу­тат­тар­дың ісі;

– Жаңаө­зен мен Шет­пе­де бей­біт адам­дар­ды атып өлтір­ген­дер мен оларға тап­сыр­ма бер­ген­дер лай­ы­қты жаза­сын алған жоқ, адам­за­тқа қар­сы жасалған аса ауыр бұл қыл­мыс тура­лы депу­тат­тар мәсе­ле көтер­меді, өздеріне ман­дат бер­гіз­ген қожа­ла­ры­ның құлы­на айнал­ды; халы­қтың төгіл­ген қаны мен көз жасы, қай­ғы-қасіреті үшін жау­ап­кер­шілік, басқа­лар­мен бір­ге сон­дай сорақы сай­ла­у­лар­ды өткіз­ген­дер­дің де мой­ны­на ілінеді;

– қазір­гі қол­да­ны­стағы, бұры­нғы пре­зи­дент Н.Назарбаевтың өз жар­лы­ғы­мен 1995 жылы 28 қыр­күй­ек­те қабыл­даған «Сай­лау тура­лы заңы» заң­сыз және леги­тим­ді емес, өйт­кені жаңа Кон­сти­ту­ция бой­ын­ша пре­зи­дент­тің ондай кон­сти­ту­ци­я­лық заң қабыл­да­уға құқы­ғы бол­маған. Заң­сыз сана­ла­тын заң­ды пай­да­ла­нып сай­лау өткі­зудің өзі заңсыздық!

– мәжіліс пен мәс­ли­хатқа депу­тат­ты­ққа тек пар­ти­я­лық тізім­дер­мен сай­лау, Қаза­қстан халық ассам­бле­я­сы­на 9 депу­тат­ты сай­ла­у­ға арты­қ­шы­лық беру, сай­ла­на­тын­дар ара­сын­да кемін­де 30 пай­ыз әйел­дер мен жастар­дың болуын мін­дет­теу – Кон­сти­ту­ци­яға қай­шы, аза­мат­тар­дың құқы­ғын шек­те­ушілік, әле­умет­тік, нәсіл­дік, жыны­стық, ұлта­ра­лық араз­дық туғы­за­тын жайттар;

– Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­ның төраға­сын қыз­мет­ке пре­зи­дент­тің тағай­ын­да­уы, екі мүше­сін ұсы­нуы демо­кра­ти­я­лық ұста­ны­мға жат­пай­ды. Сай­ла­у­ға түс­кен пар­ти­я­ның көш­бас­шы­сы­мен және сол пар­ти­ядан депу­тат­ты­ққа үміт­кер­дің бірі­мен құда­лық қаты­на­стағы адам­ның ОСК бас­шы­сы болуы – сыбай­ла­сты­қтың нақ өзі.

Міне, осын­дай нақты­лы себеп­тер­ге бай­ла­ны­сты мен «Сай­лау тура­лы», «Сая­си пар­ти­я­лар тура­лы», Кон­сти­ту­ци­яға қай­шы келетін, мил­ли­он­даған аза­мат­тар­дың құқы­қта­рын шек­тей­тін заң­дар негізін­де бола­тын бұл сай­ла­уды – сай­ла­у­шы­лар­ды алдау, маза­қтау әрі қор­лау деп есеп­тей­мін. Сон­ды­қтан менің аты-жөнім­ді сай­ла­у­шы­лар тізі­мі­нен дереу алып таста­уды, оны кей­ін басқа­ша пай­да­лан­ба­уды өтінемін.

Рыс­бек Сәрсенбай,

5 қаңтар 2021 жыл

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн