Суббота , 5 июля 2025

Рысбек СӘРСЕНБАЙ: ОТАН ПАТРИОТТАРЫН «экстремистік» желеумен СОТТАУ ТОҚТАТЫЛСЫН!

Был­тыр, 2017 жыл­дың 28 қара­ша­сын­да «Алма­ты­да қару­лы жихад жаса­мақ бол­ды» деген күдік­пен бір топ аза­мат ұсталған еді. Олар ел аумағын­да заң­сыз деп таны­лған «Хизб-ут-Тахрир» ұйы­мы­ның әре­кетін наси­хат­таған бей­не­жа­з­ба­ны әле­умет­тік желілер арқы­лы тарат­пақ болған-мыс. Осы­лай­ша, «қоғам­да бүлік ұйым­да­сты­рып, құқық қорғау орга­ны қыз­мет­кер­леріне қоқан-лоққы жаса­уды көз­де­ген сыңай­лы» деген ресми ақпа­рат тараған еді. 

Осы орай­да Алма­ты қала­сы ІІД-нің ресми өкілі Сал­та­нат Әзір­бек төмен­де­гі­дей мәлім­де­ме жариялады:

«Олар­дың бар­лы­ғы­ның заң­сыз әре­кет­тері негізі құқық қорғау орган­да­ры және олар­дың отба­сы­ла­ры­на қаты­сты болып отыр. Алма­ты қала­сын­да бүлік шара­ла­рын және қоғам­дық тәр­тіп­ке бағын­ба­у­шы­лық шара­ла­рын ұйым­да­стыр­мақ болған Жұмағұ­лов, Омы­ров және Әбі­шев қамауға алы­нып, оларға қаты­сты тер­геу жұмыста­ры бастал­ды. Олар­дың қару­ла­ры мен пәтері­нен табы­лған басқа да айғақ заттар сарап­та­ма­лық зерт­те­у­ге жіберіл­ді».

Содан бері 11 ай бойы тер­геу-тек­се­ру өткізіліп, биы­лғы 27 қыр­күй­ек­те сот оты­ры­ста­ры басталған еді. Алма­лы аудан­дық соты­ның судья­сы Қуа­ныш Әрі­по­втың төраға­лық етуі­мен өткен алдын ала тың­да­уда айып­та­лушы үш аза­матқа сөз беріл­ді. Сот оты­ры­ста­ры кезін­де жау­ап­талған куә­гер­лер­дің, нақты­рақ айтқан­да, бүгін­ге дей­ін сұралған 7 куәнің алта­уы тер­ге­ушілер тара­пы­нан қысым көр­ген. Және кей­бірі тер­геу кезін­де бер­ген жау­ап­та­ры­нан іші­на­ра бас тартты.

Төмен­де біз қыл­мыстық іс бой­ын­ша куә ретін­де сұралған бел­гілі қоғам қай­рат­кері Рыс­бек Сәр­сен­бай­дың про­цесс кезін­де­гі сөзін ықшам­дап жари­я­лап отыр­мыз.

Айып­та­лушы аза­мат­тар­дың ішін­де Алмат Жұмағұ­ло­вты көбірек біле­мін. Кен­же­бек Әбі­шев­ті сот про­цесі басталға­лы және одан бұрын бір кез­де­су кезін­де көр­дім, өлең­дерін оқы­дым. Өлең­дері маған ұна­ды. Тұнып тұрған пат­ри­о­тизм. Кен­же­бек – ата-баба дәстүрін, сал­тын бой­ы­на сіңір­ген, елге, жер­ге, Отанға жана­шыр азамат. 

Мысалға, «Қай­ран шешем» деген өлеңін келтірейін: 

Қалам алып, қара сөз­бен тер­дім өлең,
Ақ қағазға ақиқат­ты жазып терең.
Қабы­ры­ң­ды қара қытай­ға тап­татқан­ша,
Қасқай­ып зира­ты­ң­ның басын­да өлем!

Сұм­дық өлең! Бұл нағыз пат­ри­от адам­ның, өзі өліп кет­се де, жерін, елін кеудесін тосып, жаудан қорғай­тын аза­мат­тың сөзі. Ал енді осын­дай отан­шыл ақын­ды қолы­на кісен салып, мына жер­ге, айып­та­лушы орын­ды­ғы­на оты­рғы­зып қою – қыл­мыс! Мен бұл сөзді жай айтып жатқан жоқ­пын. Кен­же­бек маған ешқан­дай туыс та, жер­лес те емес. Бұрын­нан таныс, ара­ла­сып, сый­ла­сып жүр­ген адам емес. Бірақ бұл кісінің өлең­дерін оқы­ған­нан кей­ін, іске қаты­сты жари­я­ланған ақпа­рат­тар­дан кей­ін осын­дай ойға кел­дім. Алмат Жұмағұ­лов­пен бұрын көп­шілік жиын­дар­да, митин­гілер­де, біздің ұйым­да­сты­руы­мы­з­бен өткен әртүр­лі тақы­рып­тар­дағы қоғам­дық тың­да­у­лар­да кез­де­стім, сөй­ле­стім. Ойын, көзқа­ра­сын, пікірін білдім. 

Мәсе­лен, үштіл­ділік, білім беру сала­сын­дағы рефор­ма тура­лы жиын өткіз­гені­міз­де, Алмат өзінің жақ­сы ойла­рын ортаға сал­ды. Әлі ана тілін толық игер­ме­ген жас балаға ағы­л­шын, орыс тіл­дерін үйре­туді мін­дет­теу дұрыс емес, ол бала­ны өзінің ана тілі­нен айы­ра­ды, түбін­де қасірет­ке ұрын­ды­ра­ды деген­ді айт­ты. Ұрпақтың қамын ойлай­тын аза­мат­тың сөзі бұл. 

Өздеріңіз­ге бел­гілі, жер мәсе­лесі Қаза­қстан­да үлкен дауға айнал­ды. Пре­зи­дент Қытай халық рес­пуб­ли­ка­сы­на барып кел­ген соң, 2010 жыл­дың қаңта­рын­да теле­ар­на­лар­да сөй­леп, Қытай­дың Қаза­қстан­нан соя, рапс егу­ге жалға бір мил­ли­он гек­тар жер сұраға­нын тіл­ге тиек етті. Осы­дан кей­ін халық ара­сын­да толқу бастал­ды. Мына аза­мат­тар да солар­дың қата­рын­да бар. Әрбір ота­нын сүй­ген аза­мат жер­ді қорғау қажет­ті­гін түсін­ді. Және олар­дың әрқай­сысы шама­сы кел­ген­ше жер­ді қорға­уға атса­лы­сты. Мен Алмат­тың солар­дың бел орта­сын­да жүр­ген батыл, жер­ді қорғай­тын пат­ри­от аза­мат екенін­ді­гін сол кез­де аңғар­дым. Осын­да оты­рған жел­тоқ­сан­шы Халел­хан Ибрай­ым­ханұ­лы да жер тура­лы жанай­қай­ын айтып жүр­ді. Тіп­ті көше­ге шығып, билік естісін деп, үндеу таста­ды. «Жер сатыл­ма­сын, шетел­дік­тер­ге жалға беріл­месін!» деген тұтас көп­шілік­тің, халы­қтың сөзін, тала­бын жет­кізу­ге тырысты. 

Жау­ап­та­лып оты­рған мына аза­мат­тар­дың ойы, мақ­са­ты – жер­ді қорғау еді. Жер­ді қорғау – ол ұрпақтың бола­шағын қорғау, мем­ле­кет­ті қорғау, ол Отан­ды қорғау, ол мем­ле­кет­ті қорғау! Ал енді сон­дай көңіл-күй­де, сон­дай мақ­сат­та жүр­ген аза­мат­тар­дан қыл­мыс­кер жаса­уы­мыз қан­дай заңға сәй­кес келеді? Сон­дай заң бол­са, пат­ри­от біт­кен­нің бәрін сот­тай­ық. Соның ішін­де мен де сот­та­луға дай­ы­н­мын.
Жер­ді, елді қорғаған батыр­лар бар. Біздің баба­ла­ры­мыз олар. Мына аза­мат­тар солар­дың ерлік рухын­да тәр­би­е­лен­ді. Өлең­дерін­де ғана емес, жер мәсе­лесіне қаты­сты айтқан сөз­дерін­де, рұқ­сат етіл­ген, рұқ­сат етіл­ме­ген митин­гілер­ге, әртүр­лі шара­ларға қаты­суы­мен соны дәлел­деді. Бұл аза­мат­тар­дың ешқай­сысы да діни фанат­тар емес. Төң­керіп тастап, билік­ті қолға алай­ық деп жүр­ген сая­сат­кер­лер қата­рын­да жоқ. 

Сон­да бұлар­дың қай жері экс­тре­мист, қай жері тер­ро­рист неме­се эст­ре­мизмді, тер­ро­ризмді наси­хат­та­у­шы? Айып­та­у­шы про­ку­рор мыр­за, айты­ңыз­шы, осы­лар­дың қай жері­нен экс­тре­миз­мнің исі шығып тұр? Егер біз елі­міз бен жері­мізді қорғаған аза­мат­тар­ды жазғы­ра­тын бол­сақ, онда Қабан­бай, Науры­з­бай, Рай­ым­бек баба­ла­ры­мы­зды, Бауы­р­жан Момы­шұлын, екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­стағы басқа да батыр­лар­ды, бәрін де сыр­ты­нан жазғы­рып, сот­тай­мыз ба? Жер­ді, елді қорғаға­ны үшін. Олай ету мүл­де ақы­лға сый­май­ды ғой. Сол сияқты мына аза­мат­тар­ды сот­тау да ешқан­дай ақы­лға сыймайды. 

«Еңку, еңку жер шал­май, еге­улі най­за қолға алмай, ерлер­дің ісі бітер ме?!» деп ұран­датқан, күрес­ке шақы­рған Махам­бет­ті білесіздер. 

Кен­же­бек те соған елік­те­ген ақын. Кеудесін­де сон­дай рух, отан­шыл­дық, қай­сар­лық бар. Міне, осын­дай ақын­ды жау­а­пқа тарт­сақ, Махам­бет­ті де жау­а­пқа тар­тқан­дай бол­май­мыз ба?
Егер ханға, пре­зи­дент­ке қар­сы дау айтқан­дар­дың бар­лы­ғын жау санай­тын бол­сақ, Абы­лай­дың қасын­да жүр­ген, сынап-міне­ген Бұхар жыра­уды да жау­а­пқа тар­туы­мыз керек шығар? Бүгін­де шын­дық деп шырыл­дап жүр­ген Мұх­тар Шаха­но­вты жау­а­пқа тар­тай­ық. ХХІ ғасыр­дың Махам­беті – ақын Темір­бек Медет­бек­ті жау­а­пқа тар­тай­ық. Ақиқат­ты ашып жаза­тын халық жазу­шы­сы Қаб­деш Жұма­ді­ло­вті жау­а­пқа тар­тай­ық. Тура­шыл ақын, жазу­шы Софы Сма­та­ев­ты сот­тай­ық. Сол сияқты шын­ды­қтың ішін­де жүр­ген бізді де соттасын. 

Рас, ашы­нған адам қат­ты айта­ды. Билік­те­гілер­ге жақ­пай­тын сөзді айта­ды. Сол үшін бәрін жаза­лай беру керек пе? Мен жаз­да жай­ла­уда бол­дым. Таудың қуы­сын­дағы қара­ша үйдің келіні шай құй­ып оты­рып, пре­зи­дент­ке күй­ініп, қат­ты сөз айт­ты. Сот­тағы­ла­ры­ңыз кел­се, алда­ры­ңы­зға кел­тірей­ік, оны да сот­таңы­здар. Осы­лай кете бер­сек, мына ел не болады? 

Мен үлкен сая­сат­та, оппо­зи­ци­яда жүр­гені үшін сая­си тер­рор­дың құр­ба­ны болған Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның аға­сы­мын. Қасірет­ті қаза­дан кей­ін, маған келіп, жана­шыр­лық біл­дір­ген­дер көп еді. Солар­дың ішін­де: «Тап­сы­рыс бер­ген­дер жоға­ры­да отыр ғой, оны бәрі­міз де біле­міз. Қара­жат жағы­нан көмек­тес­сеңіз, солар­ды атып таста­уды қолға алсақ» деген­дер де шықты ара­сы­нан. «Сөй­тіп сіздің кегіңізді алай­ық. Бұл әрі халы­қтың кегі. Осы­ған қалай қарай­сыз?» деді. Маған одан кей­ін де сон­дай ұсы­ны­спен шыққан басқа адам­дар болды. 

Не мақ­сат­пен сөйт­ті? Мен оны кей­ін түсін­дім. Олар менен қол­дау тап­па­ды. Қар­сы бол­дым. Ондай қыл­мысқа бар­мау керекті­гін ескерт­тім. Олар маған қан­ша­лы­қты жана­шыр­лы­қ­пен айт­ты? Менің­ше, олар­дың басқа мақ­са­ты болған. Мақ­сат­та­ры – аран­да­ту. Егер сол кез­де оларға еме­уірін біл­дір­сем: сөйт­сек қай­те­ді, ойла­най­ық деген сияқты, онда мені сол аран­да­ту­шы­ның сөзі­мен, куәлі­гі­мен, мына аза­мат­тар секіл­ді жау­а­пқа тар­тар ма еді? Оған бар­лық мотив бар ғой. Мен қара­лы адам­мын, ыза­лы­мын, кек қай­та­ру­ды ойла­у­ым мүм­кін, пен­де­мін. Сон­ды­қтан әлгін­дей қыл­мысқа баруым әбден ықти­мал ғой. Соған есеп құрып, мені қыл­мысқа итер­ме­ле­мек көрі­неді. Қол­дан ұйым­да­сты­рып, қыл­мыс­кер етіп, менің аузым­ды жап­ты­ру­ды, іні­ме жасалған қастан­ды­қты ашуға, сот про­це­стеріне қаты­суға мүм­кін­дік бер­ме­уді ойла­стыр­са керек. Тіп­ті түр­ме­ге оты­рғы­з­ба­са да, мені сөй­тіп оқша­у­лап таста­уды жос­пар­ла­уы мүм­кін.
Өз басым­нан өткен бұл жағ­дай­ды бекер­ге мысал етпе­дім. Осы үш аза­мат қамауға алы­нған кез­де, алға­шқы ақпа­рат­тар тараған­да, көңілі­ме күдік кел­ді: маған қол­данған амал­ды осы­ларға да жаса­ды-ау деген. Қол­дан қыл­мыс­кер жасап отыр. Аран­да­ту жолы­мен. Қаскөйлікпен!

Мәр­те­белі сот төраға­сы, мен өзінің айтқан сөзіне жау­ап­кер­шілік­ті арқа­лай­тын адам­мын. 44 жыл жур­на­ли­сти­ка сала­сын­да қыз­мет еттім. Қоғам­дық ой-сана­ның қозға­у­шы­сы бол­дым. «Еге­мен Қаза­қстан», «Жас Алаш» газет­терін­де бас дирек­тор, вице-пре­зи­дент, бас редак­тор қыз­мет­терін атқар­дым. Көп­те­ген жағ­дай­лар­ды, оқиға­лар­ды бастан кешір­дім. Жеке аза­мат­тар­ды, тұтас бір адам­дар­ды аран­да­туға ұрын­ды­ра­тын­дар­ды көз­бен көр­дім. Біз бұл зал­да, куәнің антын­да көр­сетіл­ген­дей, бар­лық шын­ды­қты айтуы­мыз керек. Өйт­кені бұл жер­де адам­дар­дың тағ­ды­ры шешіліп жатыр. Және асы­ра айтқан­дық демеңіз­дер, елдің, жер­дің тағ­ды­ры шешіл­гелі тұр. Өйт­кені осы сот­тың шеші­міне бай­ла­ны­сты елде демо­кра­тия бар ма, заң­ды­лық бар ма, аза­мат­тар­дың кон­сти­ту­ци­я­лық құқы сақта­ла ма, сақтал­май ма деген сұрақтар­дың жау­а­бын ала­мыз. Жер сату мәсе­лесіне қаты­сты про­цесс бұл. Жер­ді қорғаған аза­мат­тар­ды сот­тай беретін бол­са, жер­ді ертең кім қорғай­ды?! Міне, сон­ды­қтан бұл про­це­стің сот­та­лушы үш аза­мат үшін ғана емес, тұтас қоғам үшін, ел үшін үлкен мәні бар. Осы­ған сіз­дер­дің назар­ла­ры­ңы­зды аударғым келді. 

Про­ку­рор мыр­за­ға сұрақ қой­дым: «Экс­тре­миз­мнің исі шығып тұр ма?» деп. Әрине, куәнің сұрағы­на жау­ап беру сіздің мін­детіңіз­ге кір­мей­ді, жау­ап қат­па­сы­ңыз түсінік­ті. Бірақ сіз менің сөз­дерім­ді зей­ін салып тыңдаңыз. 

Экс­тре­мизм дегені­міз не? Ғылы­ми аны­қта­ма­лы­қтар­да былай көр­сетіл­ген. «Экс­тре­мизм – шек­тен шығу. Жал­пы тәр­тіп­ті мой­ын­да­май­тын, өзінің пікірі­мен ғана іс-әре­кет жаса­у­шы. Бұл қан­дай да бол­ма­сын иде­яға, сенім­ге не ілім­ге шек­тен тыс бері­лу, сол сенім­ді дәстүр­лі құн­ды­лы­қтар­дан жоға­ры қоюшылық». 

Алмат­ты алып қарай­ық: оның қай жері экс­тре­мист? Ол жал­пы тәр­тіп­ті мой­ын­дай­ды, өзінің пікірі­мен ғана іс-әре­кет жасап жүр­ген жоқ. Оған нақты мысал кел­тірей­ін. Біз өткен жылы 15 жел­тоқ­сан­да Алма­ты­да митинг өткі­зе­міз дедік. Ондағы тақы­рып: «Тәу­ел­сіздік: ел мен жер тағ­ды­ры». Жер­ді қорғаған Макс пен Талғат еке­уін түр­ме­ден боса­ту­ды талап ету. Алмат Жұмағұ­лов: «Қала­лық әкім­шілік­ке митинг өткізу­ге рұх­сат сұрап хат жазуға мен дай­ы­н­мын, қолым­ды қоя­мын» деді. Заң­ның тала­бы осы. Одан аттап кет­кен Алмат жоқ. «Рұқ­сат етсе де, етпе­се де, көше­ге шыға­мыз, сон­дай талап қоя­мыз» демеді.
Алмат­тың иде­я­сы бар. Ол идея – жер­ді қорғау. Еркін өмір сүру. Қоғам­ды жемқор­лы­қтан ары­л­ту. Осы экс­тре­мизм бе? Егер бұл іс экс­тре­мизм санал­са, жемқор­лы­ққа қар­сы күрес жөнін­де сөз сөй­лей­тін, Аты­ра­удағы митин­гі­ден соң, жерін қорғай­тын осын­дай халық бар кез­де біз алаң­да­май­мыз деген сияқты риза­лы­ғын біл­дір­ген Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­ты жау­а­пқа тар­тай­ық. Осын­дай иде­я­сы болға­ны үшін және сол иде­я­ны іске асы­руға шақы­рға­ны үшін. 

Міне, Алмат сон­дай иде­я­ны халық ара­сын­дағы іске асы­руға ұмты­лу­шы көп­тің бірі, ешқан­дай қыз­мет­тік мін­детіне кір­ме­се де, жеке бас пай­да­сын ойла­ма­стан, сол иде­я­ны құп көр­ген­дік­тен, ол дауыс көтеріп жүр. Бірақ шек­тен аспа­ды, дәстүр­лі құн­ды­лы­қтар­ды аяққа бас­па­ды. Демек, оның әре­кеті­нен ешқан­дай экс­тре­мизмді тап­пай­сыз. Оған көз­деріңіз жетіп отыр. 

Енді тер­ро­ризм­ге беріл­ген аны­қта­ма­ны қарас­ты­рай­ық. «Тер­ро­ризм –экс­тре­миз­мнің асқы­нған түрі. Тер­ро­ри­стер өз іс-әре­кет­терін­де тым қатал іс-шара­лар жасап, өздерінің сая­си мақ­са­тын орын­да­уда ешнәр­се­ден тар­тын­бай­ды. Ол сая­си әре­кет». Ал кез кел­ген ауы­здан шыққан сөзді, біре­улер­дің түрт­пек­те­уі­мен айты­лған сөзді, ешқан­дай мақ­сат­ты көз­де­ме­ген адам­ның сөзін сая­си әре­кет деп баға­ла­у­ға болмайды! 

Қаза­қстан­да заң­сыз деп табы­лған 16 ұйым бар. Экс­тре­мизм­ге, тер­ро­ризм­ге қаты­сты­лы­ғы жағы­нан: «Аль-каи­да», «Бра­тья мусыл­мане», «Исла­мист­ская пар­тия Восточ­но­го Тур­ке­ста­на», «Тали­бан», «Хизб-ут-Тахрир», «Таб­лиғи Джа­мат», «Сол­да­ты хали­фа­та» сияқтылар. 

Про­ку­рор мыр­за, айты­ңыз­шы, мына үш аза­мат сол 16 ұйым­ның қай­сысы­ның мүше­сі? Олар экс­тре­ми­стік, тер­ро­ри­стік ұйым саналған осы он алты­ның бір­де-біре­уіне мүше емес. «Қытай­ға жер беріл­месін, Қытай­дың эко­но­ми­ка­лық экс­пан­си­я­сы Қаза­қстанға өктем­дік жүр­гіз­бесін» деу және соған қар­сы тұру – ол ешқан­дай да экс­тре­мизм де, тер­ро­ризм де емес. Ол – нағыз пат­ри­о­тизм! Мен мына про­цес­ке негіз болған бар­лық әре­кет­тер­ді аран­да­ту және қол­дан жасалған іс деп бағалаймын. 

Нелік­тен осы­лай бол­ды? Не үшін? 

Бірін­ші­ден. Билік­те­гілер жер тағ­ды­рын, ел тағ­ды­рын ойлай­тын бел­сен­ді аза­мат­тар­ды бұға­уда ұста­уы керек бол­ды. Халы­қты бас көтер­пе­уді көз­деді. Сөй­тіп жер­ді сатуға, шетел­дік­тер­ге жалға беру­ге көн­діруді жос­пар­ла­ды. Ал билік тара­пы­нан ұстанған бұл сая­сат қытай экс­пан­си­я­сы­на тіке­лей жол ашып береді. Біздің күт­кені­міз бұл емес. 

Екін­ші­ден. Мұх­тар Әбі­ля­зо­вты жақта­уы ықти­мал аза­мат­тар­ды қорқы­ту, үрей­лен­ді­ру. Елде сая­си рефор­ма жаса­уға мүм­кін­дік бер­меу. Қазір­гі дик­та­тор­лық билік­ті сақтау, оның өмірін ұзарту. 

Үшін­ші­ден. Бөлін­ген қыру­ар қара­жат­ты «иге­ру». Жұмыс істеп жатқан­да­рын көр­сетіп, шен-шек­пен алу, қыз­мет­те өсу. 

Төр­тін­ші­ден. Осын­дай қыл­мыстық істер­ді қозғап, сотқа жет­кізіп, әлек­ке түс­кен­дер­дің тағы бір себебі – мем­ле­кет бас­шы­сы­на жағы­ну. «Біз сіз­дер­дің жау­ла­ры­ңы­з­бен күресіп жатыр­мыз. Олар­ды аяп жатқан жоқ­пыз. Әшке­ре­леп жатыр­мыз. Қаңғып жүр­ген Әбі­ля­зов деген­ді одан әрі қуда­ла­у­ға сал­дық. Енді оны экс­тре­мист, тер­ро­рист жаса­сақ, елге алдыр­тып, көз алды­ңы­зда сот­та­уға мүм­кін­дік туа­тын шығар» деген­ді ойлап отыр. Мына әре­кет­тер­ді басқа­ша түсі­ну мүм­кін емес. 

Қаза­қта сөз бар: «Екі түйе сүй­кен­се, ара­сын­да шыбын өледі» деген. 

Бұл жігіт­тер пре­зи­дент пен қашқын­дағы бан­кир ара­сын­дағы бітіс­пес шай­қа­стың құр­бан­ды­ғы­на шалы­нып отыр: Әбі­ля­зо­вқа ешбір қаты­ста­ры бол­ма­са да, олар­дан ақша алып, тап­сыр­ма­сын орын­да­ма­са да. Бұлар­дың бар жазы­ғы – Әбі­ля­зов көтер­ген мәсе­ле­лер­ді қол­даған­ды­ғы. Қаза­қстан жұрт­шы­лы­ғы­ның көкей­ін­де баяғы­дан жүр­ген, оппо­зи­ци­о­нер ретін­де өзі­міз талай рет көтер­ген мәсе­ле­лер­ді қай­та­лап жүр. Поли­цей­лер­дің, мұғалім­дер­дің айлы­ғын өсі­ру, тегін білім беру тура­лы сан рет талап қой­ы­лған. Біз осын­дай мәсе­ле­лер­ді көтер­ген кезі­міз­де, Алмат­тар соны қол­да­ды. Алмат­ты да, бізді де ол үшін жау­ап­кер­шілік­ке тарт­паған. Қазір сол сөзді Әбі­ля­зов айтып еді, мына­уы­сы дұрыс екен деп, талай адам жақтаған еді: олар­ды дырыл­да­тып поли­ция сүй­рей­тін әдет тап­ты. Сөй­тіп, халы­ққа керек сөз «қыл­мыс­кер» Әбі­ля­зо­втың аузы­нан шық­са, оны көп­шілік дұрыс қабыл­да­са, дереу аза­мат­тар­ды қуда­лау басталды. 

Жігіт­тер қамауға алы­нған кез­де Әбі­ля­зо­втың құрған ҚДТ-сы рұқ­сат етіл­мей­тін қозға­лыс деп таны­лған жоқ бола­тын. Яғни, оны жақта­уға, қол­да­уға тый­ым салын­баған кез. Бұл аза­мат­тар өткен жыл­дың қара­ша­сын­да қамауға алын­ды, ал ҚДТ тура­лы сот шеші­мі биы­лғы жыл­дың наурыз айын­да шықты. Сон­ды­қтан қозға­лы­сқа қол­дау біл­діреді деп кіна арту, іс қозғау – заң­сыздық, әрі бас­сыздық.
Осын­дай қол­дан жасалған сот ісінің сал­да­ры не бола­ды? Ол қай­да апа­рып соға­ды? Сая­си тұрғы­дан алған­да – халы­қтың қар­сы­лы­ғы мен нара­зы­лы­ғын өрші­те­ді. Өйт­кені ел-жұрт, қоғам қан­дай про­цес екен­ді­гін, не үшін сот­тап жатқан­ды­ғын көріп, қадаға­лап отыр. Ертең бұл сот әділ шеші­мін тап­па­са, қала­лық сот­та қара­ла­ды. Жоғарғы сот­та қара­ла­ды. Біз оны Бірік­кен Ұлт­тар Ұйы­мы­на, халы­қа­ра­лық сот­тарға дей­ін шыға­руға әзір­міз. Өйт­кені кінәсіз адам­дар­ды сот­та­уға жол беріл­мей­ді. Ота­нын сүй­ген аза­мат­тар­ды, жер­ді қорғай­тын аза­мат­тар­ды сот­та­уға болмайды. 

Сая­си тұрғы­дан алған­да, бұның тағы да мынан­дай залал­ды сал­да­ры бар. Бұл мем­ле­кет­тік басқа­ру жүй­есіне, пре­зи­дент­ке сенім­сіздік­ті асқын­ды­ра­ды. Заң, құқық сала­сын қол­шоқ­пар ету­ге, әділет­сіздік­ке апа­ра­ды. Оның соңы күрес­ке ұла­са­ды. Бұған мысал­дар жетер­лік. 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісті еске алай­ық: ақ пат­ша­ның әділет­сізді­гіне қазақ қар­сы шықты. 1986 жылғы Жел­тоқ­сан көтерілісін еске түсірей­ік: қызыл ком­пар­ти­я­ның әділет­сізді­гіне қазақ жаста­ры қар­сы тұрды. 

Өкініш­ке қарай, әділет­сіздік­тер бүгін­гі күні көбей­іп бара жатыр. Қуда­ла­у­лар үдей түсті. Мұның бәрі ертең көтеріліс­ке шыға­ра­ды. Оның соңы немен біт­пек? Тақта оты­рған­дар билік­тен айы­ры­ла­ды, Қаза­қстан тәу­ел­сізді­гін жоғал­туы мүм­кін. Адам­дар­ды қырғы­нға ұшы­ра­туы мүм­кін. Міне, осын­дай­ға ұрын­бай­ық десек, дәл осы зал­да әділет­ті шешім шыға­ры­луы керек. Үш аза­мат та ақта­луы керек! Сот про­цесі ұза­ққа созыл­ма­сын. Жете­ді жазы­қ­сыз оты­рған­да­ры! Қол­дан қыл­мыстық іс жасаған­дар сот­та­ла ма, сот­тал­май ма, онда біздің шару­а­мыз жоқ. Ең басты­сы – дәл қазір кет­кен қателік­тер­ді түзетіп, бостан­ды­ққа тез­детіп шыға­ру керек. 

Енді осы про­це­стің ада­ми тұрғы­дан сал­да­рын қарай­ық. Үше­уінің де отба­сы, бала-шаға­сы бар: күн­де күтіп отыр көз­дері жау­таң­дап, әке­лері­міз қашан келеді деп. Аяу­шы­лық қай­да? Қыл­мыс істеп қой­са, бір сәрі. Қыл­мыста­ры жоқ қой, біз неге бұл про­це­сті соза бере­міз? Неге түр­ме­де ұстай бере­міз? Менің куә ретін­де және Қаза­қстан аза­ма­ты ретін­де сұрай­ты­ным – бұл про­це­сті тез­детіп өткізіп, аза­мат­тар­ды боса­ту керек. 

Экс­тре­мизм мен тер­ро­ризм – өте қауіп­ті құбы­лыс. Мем­ле­кет оның алдын алуы және халы­қты одан қорға­уы тиіс. Біз оны қол­дай­мыз. Осын­дай қатер­ге қаты­сты-мыс делініп айып­талған үш аза­мат­тың да мұны қол­дай­ты­ны­на мен сене­мін. Мұн­дай кез кел­ген шара үлкен қара­жат­ты талап ете­ді. Экс­тре­мизм­ге және тер­ро­ризм­ге қар­сы коми­тет бар. Қаза­қстан­дағы осын­дай қыл­мыс түр­лері­мен күрес­ке рес­пуб­ли­ка­лық және жер­гілік­ті бюд­жет­тер­ден 2018–2022 жылға дей­ін­гі ара­лы­қта жұм­са­уға 286 мил­лард­тан астам тең­ге бөлін­ген. Өте үлкен қаражат! 

Біздің елі­міз­де шын мәнін­де экс­тре­мизм, тер­ро­ризм бар ма, бол­са қан­ша­лы­қты көлем­де? Сой­қан­шы­лар­дың, лаң­кестер­дің саны қан­ша? Ал егер олар бол­ма­са, сон­ша­ма қар­жы­ны қай­да жұм­сай­ды? Лаң­кестер жоқ бол­са, кім­мен күре­седі, олар­ды қол­дан жасай бере ме? Алған ақша­ла­рын қайт­пек? Жоға­ры­дағы сома­ның сыр­тын­да халы­қа­ра­лық ұйым­дар­дан, БҰҰ-дан бөлі­нетін көк қағаз­дар және бар. Қаза­қстан қоға­мын­да қомақты қара­жат­ты қар­пып қалу әдеті орны­ққан. Оған дай­ын тұра­ды. Мына іс те сон­дай обыр­лы­қтан туса керек. Бұлар­дың ынды­нын тый­ып таста­уға ұмты­лай­ық. Сон­да ғана біздің елі­міз­де қол­дан жасалған лаң­кестер, қауіп­ті құбы­лы­сты наси­хат­та­у­шы­лар, қатер­лі әре­кет­ке шақы­ру­шы­лар болмайды. 

Халы­қтың үні билік­ке қалай жет­пек: митин­гі­ге рұх­сат етіл­ме­се? «Шал кет» деген сөзді қазір кім айт­пай­ды? Біз де оңа­ша­да талай айт­тық, кет­сін­ші, құры­сын­шы деп. Мың­даған, жүз­де­ген мың адам айтып жүр. «Той­дық! Шар­ша­дық!» дей­ді халық. Ондай сөз­дер­ді бұл аза­мат­тар айтқан жоқ, мен есті­медім. Бірақ сол билік­ке нара­зы­лы­ғы, қар­сы­лы­ғы үшін жау­а­пқа тар­тыл­ды. Жаңағы­дай сөзді айтқан­ның бәрі қар­сы деген сөз. Олар­ды қамау үшін, көбей­іп кет­кен той­ха­на­лар­дың бәрін түр­ме­ге ауы­сты­руға тура келер. Қасы­мо­втың мини­стр­лі­гіне қан­ша­ма мил­ли­ард­таған ақша бөлін­ді. Сола­ры­на түр­ме сал­сын, бәрі­міз барай­ық өз еркімізбен. 

Біз­де, елі­міз­де билік­ке қар­сы келетін аза­мат­тар бол­ма­сын, неме­се солар­дың қата­ры азай­сын десе, ең алды­мен Жер кодексін қай­та қарап, халық талап еткен­дей жаса­сын. Сон­дай дұрыс заң қабыл­да­са, соның өзі елде­гі көп нара­зы­лы­қты сап тыя­ды. Қытай­дың 51 кәсі­пор­нын кел­тір­меу жөнін­де шешім қабыл­да­сын. Бәрі­міз еркін тыныс ала­мыз. «Айна­лай­ын, пре­зи­дент!» дей­ді жұрт. Жек көр­сек те, солай дейміз. 

Әле­умет­тік жағ­дай­ды жақ­сарт­сын. Қаз­ба бай­лы­қтар­дан түсетін табысты мем­ле­кет қазы­на­сы­на құй­ғыз­сын. «Форбс» жур­на­лын­дағы мил­ли­ар­дер­лер­ді қараңыз: кім­дер олар, бай­лы­қты қан­дай еңбе­гі­мен тап­ты? Міне, осы да нара­зы­лы­қтың бір себебі. 

Инве­сти­ция сұрап, шетел­ге алақан жая­мыз. Ақша­сын сала­ды, жеңіл­дік жасай­ды, қызы­ғын солар көреді. Қыз­мет­те жүріп, бай­лық жиып, қар­жы­ны шетел асы­рған­дар, пре­зи­дент­тің жанын­дағы­сы, басқа­ла­ры бол­сын, ақша­ны елге қай­тар­сын. Инве­сти­ция деген сол. Жаңа кәсі­по­рын­дар салы­на­ды, жұмыс орын­да­ры ашы­ла­ды. Міне, сон­да халық риза болады. 

Мем­ле­кет­те тәр­тіп, сот­тар­да әділет­тілік бол­са, поли­ция мен ҰҚК аза­мат­тар­ды қуда­ла­ма­са, сөз бостан­ды­ғы, ой-пікір еркін­ді­гі орны­қ­са, таза сай­лау өтіп тұр­са – халық та тыныш, билік те тыныш. Дәл осы­ны қалаға­ны, арман­даға­ны үшін, сон­дай етуді талап еткені үшін мына аза­мат­тар­ды құр­бан­ды­ққа шал­май­ық. Бостан­ды­ққа шыға­рай­ық!

Республиканский еженедельник онлайн