Пятница , 18 апреля 2025

САЙЛАУМЕН БІРГЕ ҚУДАЛАУ КҮШЕЙДІ

  • Тіркелмеген оппозициялық Демократиялық партия белсенділері кезектен тыс президент сайлауы қарсаңында қысым күшейгенін мәлімдеді. 

Қамауда отырған партия лидері Жанболат Мамайдың жұбайы Инга Иманбай қысымның артында билік тұрғанын айтады. Оның сөзінше, сайлау алдында арандату күшейген. 

– Партия лидері Жанболат Мамай қамауда отырғанда, жұбайы мені күндіз-түні аңдуға қойғаны аздай, Жанболаттың жақтастарын мені аңдуға үгіттеу, жоспарларымды білуге тырысу, маған қатысты ақпарат жинау сайлау алды арандатулардың болатынын анық көрсетуде. Өзін Демпартияның жақтасымын деп санайтын кез келген адамға жасалған қысым – биліктен келіп отырған тапсырыс. Біз солай деп бағалаймыз. Демпартия жақтастарына, маған және Жанболат Мамайға үлкен қауіп төніп тұрғанын ескертеміз. Бұл құзырлы органдардың, Тоқаевтың ісі екенін анық білеміз және алдын ала жариялаймыз, – дейді Инга Иманбай. 

Белсенді Гүлнар Мирмамбетова өзіне Алматы қаласы бойынша экстремизммен күрес бөлімінің басшысы Мәулен Қасымжан келіп, Инга Иманбайдың алдағы жоспарларын айтуды сұрағанын айтты. 

– Мәулен Қасымжан жұмыс жағыма келді. Жұмысыма келгеннен кейін сөйлестім. Ол жақсы атты болып көрінгісі келіп, әпкеме көмектесемін деді. Ақыр соңында біз доспыз ғой, Инганың алдағы жоспарлары қандай, сайлауда не істемекшісіздер деп менен бүкіл мағлұматты біліп алғысы келді. Күні кеше осы баспасөз мәслихатының анонсы шыққанан кейін Қасымжан маған тағы да хабарласты. Оның не деп жазғаны менде сақтаулы тұр, – деді Мирмамбетова. 

Сайлау қарсаңында белсенділер мен журналистерді қудалау күшейді. Кеше «Не дейді?» ютуб-арнасының журналисі Думан Мұхаммедкәрім «бейбіт жиын тәртібін бұзды» деген айыппен 15 тәулікке қамалды. Ол бұған дейін халықты президент сайлауына қарсы митингке шығуға үндеген болатын. 

Осыдан бірнеше күн бұрын Жаңаөзенде Демпартия жақтасы Мұратбай Жұмағалиев үйінің алдында соққыға жығылған.

Мasa.media/kz

Инга Иманбай: Қастандыққа байланысты ПОЛИЦИЯҒА АРЫЗ ЖАЗДЫҚ

  • Балаларымыздың өміріне қастандық жасалу фактісі бойынша ресми түрде полицияға шағым тапсырдық, деп хабарлады редакцияға Жанболат Мамайдың жары Инга Иманбай.

«Егер полиция балалардың өміріне қауіп төндірген темірлердің біздің көліктің алдында қайдан пайда болғанын, кім тастағанын анықтамаса, билік бұл өздерінің ісі екенін мойындайды деген сөз.

Естеріңізге салайын, Нұрбол Қасымбеков пен адвокат Ернар Кенжебаев Жанболат екеуміздің балаларымызды мектептен, балабақшадан алып келе жатқан көлікке қастандық жасалды. Біз күнде балалармен бірге үйге қайтатын жолға қолдан жасалған темір дөңгелек жарғыш қойылған. Соны басып, дөңгелегі жарылғанда, көлік басқа бір көлікке соғылып, апатқа түскен. Мен Жанболатқа барғандықтан, қастарында болмадым. Дәл қазір келіп, қорқып қалған балаларымды алып, үйге кетіп барамын. Нұрбол аға мен Ернар көліктің қасында қалды. Бұл жағдайдың кездейсоқ екеніне сенбеймін, біздің балаларымызға жасалған қастандық деп бағалаймын. Қалай ол темір тура біздің көліктің алдында, тура біз жүретін жолда, тура біз өтетін уақытта жатады. Егер одан бұрын жатса, басқа көліктің дөңгелегін жарар еді ғой. Бұл сұмдық қой!» – деп хабарлайды оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайдың келіншегі Инга Иманбай.

  •  

Ресей үшін РАШИЗМ идеал ма?

  • 14 қазанда Астанада өткен ТМД елдері басшыларының саммитінде алдағы жылдарды қандай да бір бағытқа арнау мәселесіне ерекше шұқшиыпты. 2024 жыл Еріктілер қозғалысына арналыпты. Путиннің ұсынысы бойынша

2025 жылды Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 80 жылдығы – Нацизммен күрес бойынша Бейбітшілік және бірлік жылы, 2026 жылды Денсаулықты сақтау жылы деп жариялау туралы шешім қабылданыпты. 

Тәуелсіз Украинаға қарсы қылмыстық басқыншылық соғыс жасап отырған Ресей Федерациясы халықаралық деңгейде бұралқы (изгой) мемлекетке айналды. Путин бүгінде Гитлермен теңестірілді. Майданда орыс әскері күннен-күнге жеңіліске ұшырауда. Ресей қазір жаралы аюға ұқсайды. Жаралы аю айналасын жапырып кетуі әбден ықтимал. 

Осындай жағдайда саяси амал қолданып, орыс тілін қорғауға байланысты халықаралық ұйым құру, он шақты жылдан бері «комада» жатқан ТМД-ны тірілтіп, Путинге өзін шалажансар ұйымның лидері сезінуі арқылы оның Орталық Азияға, дәлірек айтқанда, Қазақстанға ықтимал агрессиясының бетін қайтаруға ұмтылыс – құптарлық дипломатиялық әрекеттер. Әскери қауқары төмен Қазақстан үшін бұл өте дұрыс қадам деп есептеймін.

Ал Путиннің жеңістің 80 жылдығына байланысты айтқандары шын мәнінде құр сандырақ. 2025 жылға дейін Ресей мемлекеті өмір сүре ме, сүрмей ме – мұның өзі үлкен сұрақ. Ресей тағдырына тірелген ТМД ұйымының келешегі де қыл үстінде тұр. Салынған экономикалық санкциялар салдарынан тығырыққа тірелген Ресейдің ыдырап кету ықтималдылығы зор. Украинадағы соғыс күн сайын Ресейдің бір миллиард доллардан астам ресурстарын жеп жатыр. Мобилизациямен жағаласа бұл шығын еселеп артатыны тағы айқын. Кешегі СССР де одақтас республикаларға, армия мен милицияға, мұғалімдер мен дәрігерлерге жалақы тауып бере алмағандықтан ыдыраған жоқ па? Ресей де қазір «шықпа, жаным, шықпа» деп отыр. ТМД басшыларының кездесуінен Ресей не әскери, не қаржылық көмек ала алмай қайтты.

Совет Одағында 1941–1945 жылдардағы соғысты «Ұлы Отан соғысы» деп атау жеңістің 30 жылдығы қарсаңында Л.И.Брежневтің коммунистік билігі тұсында 1975 жылы енгізілді. Бұл атаудың қазіргі тәуелсіз Қазақстан үшін еш қатысы жоқ. Қазақ халқы үшін 150 жылға созылған қазақ-жоңғар соғысы «Ұлы Отан соғысы» болып табылады. Ал 1941–1945 жылдардағы соғыс Қазақстан үшін «Совет-герман соғысы».

Екінші жаһан соғысы Батыс Европа, Шығыс Европа, Жерорта теңізі, Африкалық, Тынық мұхит аумағындағы әскери қимылдар сияқты бес соғыс театрында өтті. Бесеудің төртеуінде АҚШ пен Ұлыбритания жеңіске жетті. Тек Шығыс Европада гитлерлік Германиямен соғыста Совет Одағы адам ресурстарын (СССР Мемлекеттік жоспарлау комитетінің 2018 жылы жария болып кеткен құпия құжаттары бойынша 47 млн, оның 19,5 млн-ы солдаттар мен офицерлер) аяусыз құрбан ету арқылы жеңіске жетті. Онда тек Ресей емес, күллі одақтас республикалар, ленд-лиз заңы бойынша АҚШ пен Ұлыбритания орасан жәрдем жасады. Өкінішке қарай, Ресей Путин билігі тұсында осы жеңісті жекешелендіріп алып, бүкіл идеологиясының басты құралына айналдырып отыр.

Нацизммен күрес деген де – олардың жыл сайын көктем мен күзде өршитін дерті. Ресейдегі нацизмді рашизм деп атайды. Орыс ұлтын басқалардан жоғары қоюға ұмтылыс империялық астамшылық пен ұлыдержавалық шовинизмнен бастау алып жатады. Ресей нацизммен күресемін десе, өзінен бастасын. Ресейдегі ұлт мектептері жылдан-жылға кеми түсуде. 

1994 жылы Ресейде саны аз халықтардың балаларының 47 пайызы өз тілінде оқыса, 2008 жылы 28 қарашада Ресейдің Білім министрлігі Біртұтас мемлекеттік емтихан тек орыс тілінде тапсырылатыны туралы бұйрық шығарды. Орыстың Жоғарғы соты бұйрықты қолдап қаулы қабылдады. Соның салдарынан ұлт тіліндегі мектептер қазір жойылуға жақын. Басқасын қойғанда, Ресейде бір млн-ға жуық қазақ тұрады. Соған қарамастан, Ресейде жалғыз ғана қазақ мектебі бар. Мұны орыстандыру саясаты демей, не дерсің?

Сондықтан Кремль қартының сандырақтарын дені дұрыс пікір деп айтуға келмейді!

Марат БӘЙДІЛДАҰЛЫ (Тоқашбаев), жазушы-публицист

ПУТИНДІ СОТТАЙТЫН Гаага трибуналы құрылады

  • Гаагада жетекші халықаралық заңгерлердің қатысуымен Путинді және Ресейдің саяси жетекшілерінің бәрін соттайтын арнайы трибунал құрылады.

Саясаткерлерді Украинаға қарсы қылмыстары үшін соттайды. Трибунал құру ісін он бір ел жақтады. Сот шамамен бір жылдан соң жұмыс істей бастайды.

Арнайы трибунал құру жөніндегі украин жұмыс тобының мүшесі Олег Гавриштің айтуынша, трибунал құру жөніндегі халықаралық келісім дайын болып қалды, оған қосылғысы келетін бірнеше ел бар.

«Халықаралық құқықта өзге елге өктемдік көрсету қылмыстардың ең ірісіне жатады. Осының өзі өктемдік жасауға қатысқандарды соттауға жеткілікті. Олар Украинадағы соғысты арнайы әскери операция деп атайды, біз ауқымды басқыншылық деп қарастырамыз, өйткені соғыс 2014 жылы басталды, ал ақпанда басып кірді. Бұның бәрін Ресейдің қауіпсіздік кеңесі мақұлдады. Оның құрамына Путин, Шойгу, Лавров, Патрушев, Бортников, Медведев және басқалары кіреді. Бұлар осындай қылмыс үшін жазалануы мүмкін алғашқы үміткерлер», — дейді Гавриш.

Олардың кінәсі дәлелденсе, әрқайсы 30 жылдан бастап, өмірлік түрме жазасын алады. Арнайы трибуналды құруды Балтық елдерінің бәрі, Польша, Ұлыбритания, Чехия, Словакия, Румыния қолдап отыр.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн