Суббота , 19 апреля 2025

САЙЛАУШЫ САУАЛЫ:Үкіметтің жауабы қандай?

Кеше ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында үшінші сессияның жабылуына байланысты сайлаушылар сауалдарының орындалуы жөнінде Үкіметтің есебі тыңдалды. Үкімет үшін жауап берген вице-премьер Тамара Дүйсеноваға сайлаушылар атынан сұрақпен шүйліккен депутаттар да көп болды. Төменде біз Үкіметтің есебіне орай өз қорытындысын жасаған Парламенттегі «Аманат» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаевтың баяндамасын қаз-қалпында жариялап отырмыз.

Елнұр Бейсенбаев: Үкіметтің жалтарма жауабымен ХАЛЫҚТЫ АЛДАЙ АЛМАЙМЫЗ!

«Aманат» партиясының депутаттары қысқы сапар барысында  644 елді мекенде 1,5 мыңға жуық кездесу өткізді. Жеке мәселелер бойынша қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырды. Яғни, депутаттар назарынан ешбір елді мекен, мәселе көтерген тұрғын тыс қалмады.

​Сайлаушылардан мыңнан астам ұсыныстар мен талап-тілектер жинақталып, Үкіметке берілді. Бұлардың артында халықты толғандырып жүрген жүйелі мәселелер, түйіні тарқатылмай келе жатқан мыңдаған түйткіл мен он миллион адамның тағдыры жатыр.

Үкімет үшін дайын Жол картасы деуге болады.

​Дегенмен, Үкіметтен мыңнан астам сұрақтың басым бөлігіне сырғытпа жауаптар мен формальды ұсыныстар келді. Оның ішінде МӘМС бойынша қаражат аударғанымен, тиісті медициналық қызмет ала алмаған азаматтардың, «Ауыл – ел бесігі» жобасына кірмеген проблемалық ауылдардың, уақытылы индустриалды сертификат ала алмай, сарсаңға түскен кәсіпкердің, әлеуметтік пакетсіз ішкі істер органдарынан зейнеткерлікке шыққан ардагердің жанайқайы мен талап-тілектері бар.

Тағы бір жәйт – жергілікті жерде шешілуі тиіс мәселелердің республикалық деңгейге көтерілуі тағы бар.

​ Сонымен қатар азаматтар жылдан-жылға созылып, жүйелі шешімін таппай келе жатқан бірқатар мәселелерді көтеруде. Әсіресе бірінші кезекте халықты бағаның өсуі, табыстың төмендігі проблемасы қатты алаңдатады. Ел тұрғындарының тапқан табысының тең жартысы азық-түлікке жұмсалып, кедейшілікке тап болғандардың саны бір миллион адамнан асып кетті. Бұл – бір.

Екінші. Жұмыссыздық мәселесі халықты ерекше алаңдатып отыр. Сайлаушылармен кездескенде, бұл да жиі көтерілген мәселенің бірі болды. Министрлік жылына 950 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамтыдық дейді. Бұл цифрға сенетін тек министрліктің өзі ғана болар. Расында, ашылған жұмыс орындарының басым бөлігі уақытша, табысы аз салаларда. Тұрақты жұмыс орындарын ашу ісі мардымсыз ұйымдастырылуда.

Үшінші. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасының жалғасып келе жатқанына ширек ғасыр болды. Осы санатта кезекте тұрғандар саны – 640 мың адам. Жақын арада бұл көрсеткіш 1 миллионнан асуы мүмкін. Бұл мәселені ескертіп келе жатқанымызға үш жылдың жүзі болды. Сең қозғалар емес.

Төртінші. Ірі қалалардың тұрғындары саяжай алқаптары мен агломерация проблемаларын көтеруде. Мысалы, Алматының іргесіндегі саяжайларда 100 мың, Астанада 50 мың, Алматы облысындағы саяжайларда 250 мың адам тұрады. Еліміз бойынша дачалық массивтерде шамамен 700 мыңнан астам адам саяжайды баспана етіп отыр. Бұл ертелі-кеш шешімін табуы тиіс маңызды мәселе. Өйткені саяжайдың көбі тұрақты тұратын баспана мен ірі-ірі ықшамаудандарға айналған. Ал Үкімет осы мәселе бойынша нақты шешімдер қабылдар емес.

Бесінші. Президент бастамасымен қолға алынған бірегей білім жобасы – «Жайлы мектептің» де жыры таусылар емес. Өңірде әлі күнге дейін мемлекеттік сараптамадан өтпеген жобалық-сметалық құжаттамаға, мердігерлерге және инфрақұрылым тартуға байланысты маңызды мәселелер шешілмеген.

Президентіміздің – еліміздің ауыл жастары Финляндиядағыдай үздік мектептерде білім алса деген ойы тағы да белгісіз уақытқа шегеріліп отыр. Биыл 1 қыркүйекте салынып бітуі тиіс 217 мектептің небәрі 90-ға жуығы ғана берілетіні анықталып отыр.

​Алтыншы.​ Оңтайландырылмаған МӘМС мәселесі денсаулық сақтау жүйесін де, жұртты да сарсаңға салуда. Халық үшін осынау ең маңызды салада қаржының тиімсіз бөлінуі медицина мекемелерінің жеткілікті қаржыландырылмауына әкеліп отыр. Оның соңы тегін медициналық қызмет халыққа қолжетімсіз болып отыр. Адамдар ақылы емханаларға жүгінуге мәжбүр. Міндетті тегін медициналық қызметті алуға тиісті «бала көтерген» жас аналарымыздың өзін көптеген емханаларда 1 жылдық МӘМС-ке жарнасын міндеттеп төлетіп жатқан фактілерді естіп, төбе шашымыз тік тұрды. Демографияға елеулі үлес қосуды армандаған жас аналарды, «МӘМС-те төлеміңіз жоқ» деп сарсаңға салу – барып тұрған бассыздық.

​Келесі мәселе – ауыл әкімдерінің құзыреті жайлы. Шыны керек, бүгінде ауыл әкімінен ауылдағы шаруа қожалығының беделі жоғары. Өйткені ауыл әкімінде жеткілікті құзірет әлі жоқ. Өздігінен мәселе шешуге қауһарсыз. Сондықтан сайланғанымен, сайлаушыларының талабын орындауға келгенде күмілжуге мәжбүр.

Бюджет тек облыста болғандықтан, ауыл тұрмақ, аудан әкімдерінің өзі әлеуметтік нысандарын салуға, тіпті жобалау-сметалық құжаттаманы да дайындай алмайды. Осы мәселені де оңтайлы шешу керек.

​Біз ауыл әкімдерінің құзіретін арттыруды көтеріп келе жатқанымызға 2 жыл болды. Алайда Президент реформасымен іске асқан маңызды саяси бастама Үкіметтің салғырттығынан тиісті нәтиже бермей отыр.

​Әріптестер! Айта берсе, мәселе көп. Мен негізгілеріне ғана тоқталдым. Әрине, Үкімет те қол қусырып қарап отырған жоқ. Десе де, бірқатар Үкімет мүшелері, кейбір министрлер тікелей өз міндеттерін білмейтін немесе оған немқұрайлы қарайтын секілді.

​Например, мы видим, что со стороны членов Правительства периодически выскальзывают неоднозначные комментирования конкретных вопросов и указания важнейших проблем со стороны депутатов.

Например, члены Правительства говорят, что якобы депутаты не читают законы. А второй на приведенные факты о плачевном состоянии дорог апеллирует в СМИ об обратном. Третий учит население больше зарабатывать. Четвертый вовсе хотел повеселиться, когда говорил о «халяльной саранче». Коллеги, куда мы идем?

Кроме того, каждый депутатский запрос – это чаяние или же жизненно важная проблема региона или же нашего народа. Вместе с тем мы каждый раз видим формальный подход в ответах госорганов на депутатские запросы.

С начала сессии наша фракция направила в Правительство 268 конкретных депутатских запросов по всем важнейшим социально-экономическим направлениям. При это коллеги могут точно подтвердить, что около 70% ответов были формальными отписками. Одним словом, вместо того, чтобы решать проблему, госорганы ее умело забалтывают.

​Получается, выверенная Президентом концепция «Сильный Президент – влиятельный Парламент – подотчетное Правительство» исполнительной властью слабо придерживается.

​Хотелось бы подчеркнуть, что в соответствии с политическими реформами главы государства влиятельным является Парламент, а Правительство подотчетным Президенту и народу в том числе, в лице депутатов, избранных народом.

​Кроме того, главным ключом в решении проблем населения является совместная, а то слитная работа Правительства и Парламента, с сохранением всех принципов издержки и противовесов. К чему мы вас и призываем, коллеги!

Құрметті әріптестер!

Көріп отырғандарыңыздай, депутаттар барлық мәселеден хабардар. Елмен етене араласып, әрбір мәселені шешу үшін жұмыс жасап отыр.

Бүгінгі талқылаудан тиісті қорытынды шығарып, әрбір министрлік өзіне тиесілі мәселелер бойынша арнайы іс-қимыл жоспарын қабылдауы қажет деп ойлаймыз. Айтылған сөз, берілген уәде – орындалуымен құнды екенін қаперімізден шығармайық!

Республиканский еженедельник онлайн