Вторник , 26 августа 2025

Сайлау дегеніміз – БОС СЕРГЕЛДЕҢ

  • Был­ты­рғы сай­ла­уда тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы болған тәжіри­бем­ді пай­да­ла­нып, Алма­ты қала­сы мен оның төңіре­гін­де­гі біраз сай­лау учас­ке­лерін ара­лап шықтым. Сай­лау деген науқан фор­ма­лизм екеніне көзім жетті.

Жуықта «Нұр отан» пар­ти­я­сы­ның Түр­кісіб аудан­дық фили­а­лы­на барып, бақы­ла­у­шы болуға ниетім барын, тиісті куәлік алуға кел­генім­ді айт­тым. Пар­ти­я­ның өкілі­мін деген бір жас жігіт: «Қаңтар­дың 11-іне дей­ін ешкім­ді, ешқан­дай мәсе­ле­мен қабыл­да­мау жөнін­де нұсқау беріл­ген», – деп, мені сыпайы шыға­рып сал­ды. Маңай­ла­ры­на жолатқы­сы жоқ. Фили­ал кең­сесіне артқы жағын­дағы есі­гі­нен кіріп жатыр, алды­ңғы есі­гі жабық тұр. Демек, «Нұр отан­ның» сай­лау алдын­дағы сиқы осы деген сөз!

Содан Алма­ты қала­сын­дағы Абай мен Сей­фул­лин көше­лерінің қилы­сын­дағы қилы­сын­дағы № 256 сай­лау учас­кесіне жолым түсті. Ешкім ешқа­шан оқы­май­тын пла­кат­тар­дан сай­ла­удың «исі аңқып» тұрға­ны­мен, бірақ мұн­да сай­ла­у­шы­лар­дың тізі­мі жоқ болып шықты. Айту­ла­рын­ша, сай­ла­у­ға бір-екі күн қалған­да қол­да­ры­на тиеді екен.

Өзім Алма­ты маңын­дағы «Дача» елді мекенін­де тұра­мын. Был­ты­рғы пре­зи­дент­тік сай­ла­уда астан­дағы Тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар қозға­лы­сы­ның мүше­сі болып, жабық мек­ме­лер­де (ауру­ха­на, мүге­дек­тер үйі т.б) өткен сай­ла­уды бақы­ла­дым. Өз учас­кем­де бастан-аяқ сай­ла­уды бақы­ла­дым. Ол жер­де ешқан­дай бұр­ма­лау болған жоқ, хат­та­ма қолы­мы­зға тиді: Қоса­но­вқа – 54, Тоқа­евқа – 51 дауыс берілді.

Ал биы­лғы көз­бен көр­гені­ме кел­сем, менің ауы­лы­ма жақын орна­ласқан «Ком­со­мол», «Жан­те­кей», «Ащы­бұлақ» , «Батыр» елді-мекен­дер­де­гі сай­лау учас­ке­леріне ара­лап шықтым. Осын­дағы учас­клер­дің бәрін­де комис­си­я­лар­дың төраға­ла­ры – мек­теп дирек­тор­ла­ры екен. Комис­сия мүше­лерінің дені мұғалім­дер­ден құрал­маға­нын, басқа да сая­си пар­тия өкіл­дері барын айт­ты. Әрбіре­уін­де­гі сай­ла­у­шы­лар­дың саны 2 мың­дай адам­ды құрай­ды екен. Тізім қолын­да­ры­на тиме­ген, дай­ын болған күні бір түтін­ге бір ғана шақыр­ту жібе­ретін­дерін, жасы­рған жоқ.

Ең бір сорақы­сы – біз «Дача­да» тұра­тын сай­ла­у­шы­лар жақын жер­де­гі «Ком­со­молға» барып, 397-ші учас­ке­де дауыс беретін­біз. Енді «Жан­те­кей­ден» өтіп кетіп, оның арғы жағын­дағы «Ащы­бұлаққа» баруы­мыз керек екен. Қыстың орта­сын­да көпір­ден өтіп, жаяу бара­тын жер­ден алы­сқа, көлік жал­дап баруға тура келіп тұр.

Түр­кісіб аудан­дық «ЦОН»-ға соқтым. Қыз­мет­кер­лерінің бәрі «Нұр отан» пар­ти­я­сы­ның мүше­сі екен, кім­ге дауыс беретін­ді­ре айтпса да түсінік­ті. Пар­тия қата­ры­на қалай кір­ген­дерін сұраға­ным­да: «Өтініш жазған жоқ­пыз, жұмысқа тұрған кез­де «Нұр отан­ның» мүше­сі екені­мізді ескерт­кен» – дейді.

Билік пар­ти­я­сы күрес­сіз-ақ жеңіс­ке жең­тетін­деріне сенім­ді, ал қара­пай­ым қаза­қты сен­дел­тіп қой­ған сай­ла­удан не үміт, не қайыр?

Қуан­дық АБДУАЛИЕВ

қоғам бел­сен­дісі

Республиканский еженедельник онлайн