Вторник , 1 июля 2025

САЙРАГҮЛГЕ БОСҚЫН МӘРТЕБЕСІ БЕРІЛМЕДІ


Көші-қон комитетінің комиссиясы Сайрагүл Сауытбайға босқын мәртесін беретін болса, екі ел қарым-қатынасына сызат түседі. Сол себепті комиссия Сайрагүлге «босқын мәртебесін» беруден бас тартты. Сонымен бірге комиссияның бір мүшесі: «Сіз осы шешіммен келісемін деп жауап беруіңіз керек» деп, Сайрагүлге қысым көрсеткен.

Қаза­қстан Қытай аза­ма­ты, этни­ка­лық қазақ Сай­ра­гүл Сауыт­бай­ға босқын мәр­те­бесін беру­ден бас тарт­ты, деп хабар­ла­ды Azattyq.org.

Сай­ра­гүл Сауыт­бай­дың өзіне босқын мәр­те­бесін беруді сұрап жазған өтіні­шін қазан­ның 4‑і күні Алма­ты облы­сы­ның орта­лы­ғы Тал­ды­қорған қала­сын­да Көші-қон коми­тетінің жаны­нан құры­лған комис­сия қарап, оны қанағат­тан­ды­ру­дан бас тар­тқа­ны тура­лы Сауыт­бай­дың адво­ка­ты Абзал Құс­пан хабарлады.

Еске сал­сақ, Сай­ра­гүл Сауыт­бай Қытай­дан Қаза­қстанға 2018 жылы сәуір айын­да қашып өткен. Алма­ты облы­сын­да өткен сот кезін­де ол мың­даған этни­ка­лық қазақ, ұйғыр және өзге мұсыл­ман­дар­дың Қытай­дың сол­түстік-батыс аймағын­да «сая­си тәр­бие лагерь­лерін­де» оты­рға­ны тура­лы мәлімдеген.

Тамыз айын­да Алма­ты облы­сы­ның Пан­фи­лов аудан­дық соты Сауыт­бай­ды Қаза­қстан шека­ра­сын заң­сыз кесіп өтті деп айып­тап, алты ай бас бостан­ды­ғы­нан айы­руға, бірақ оны «жаза­сын жеңіл­де­тетін ерекше жағ­дай­ы­на» бай­ла­ны­сты шар­тты жаза­ға алма­сты­руға үкім кес­кен. Сот Сай­ра­гүл Сауыт­бай­ды Қытай­ға депор­та­ци­я­ла­май, Қаза­қстан­да қалдырған.

Ал Сай­ра­гүл Сауыт­бай­дың адво­ка­ты Абзал Құс­пан: «Бірік­кен Ұлт­тар Ұйы­мы­нан Қаза­қстан билі­гіне нота жол­да­уды талап ете­мін» деп мәлім­деді дей­ді Abai.kz ақпа­рат­тық пор­та­лы­ның тіл­шісі Нұр­гел­ді Әбдіғаниұлы.

Абзал Құспан, заңгер:

Тал­ды­қорған қала­сын­да бұл мәсе­ле қарал­ды. Сай­ра­гүл Сауыт­бай­ға «Босқын мәр­те­бесін» беру-бер­меу жөнін­де жиын өтті. Қазір «Босқын мәр­те­бесін» берудің тәр­тібі өзгер­ген. Ол бой­ын­ша тек қана Қаза­қстан үкі­меті өзі шешеді. Үкі­мет аты­нан бұл істі қарай­тын – Көші-қон коми­теті. Бұған басқа да мем­ле­кет­тік орган өкіл­дері қаты­са­ды. Комис­си­я­лық тәр­тіп­те қаралады.

Осы комис­сия «Босқын мәр­те­бесін» беру­ге негіз жоқ деп тапқан. Мен үшін бұл тосын жаңа­лық бол­ды деп есеп­те­мей­мін. Біз­ге Қытай үкі­метінің ықпа­лын бәрі­міз де біле­міз. Қытай Қаза­қстан үшін өте ықпал­ды мем­ле­кет. Сон­ды­қтан өз басым осын­дай жағ­дай болып қалуы мүм­кін-ау деп, алдын-ала қам­да­нып, Халы­қа­ра­лық шар­ттар­ды зерт­те­ген­мін. Бұл шешім­ді қағаз түрін­де қолы­ма алған жоқ­пын. Алды­мы­здағы дүй­сен­бі күні қолы­ма тиеді.

Енді мен шағым­ды БҰҰ-на жаса­мақ­пын. БҰҰ-да бұған қаты­сты екі коми­тет бар. Бірін­шісі – БҰҰ жанын­дағы Босқын­дар ісі жөнін­де­гі жоғарғы комис­са­ри­ат. Екін­шісі – БҰҰ Азапта­уға қар­сы коми­теті бар. Мен ары­зды осы жер­ге жаза­мын. Өйт­кені осы­дан 1,5−2 ай бұрын аталған коми­тет дәл осы Батыс Қытай­дағы аз ұлт­тарға қар­сы сүр­гін­ге қаты­сты резо­лю­ция қабыл­даған. Онда аз ұлт­тарға, соның ішін­де қазақ, ұйғыр, дүн­ген ұлты­ның өкіл­деріне қаты­сты азаптау фак­тісі бар екенін дәлел­деп, резо­лю­ци­яда көрсеткен.

Осы екі коми­тет­ке арыз жазып, Қаза­қстан­ның шығарған шеші­міне қар­сы Қаза­қстан билі­гіне нота жол­да­уды талап етпек­пін. Қаза­қстан – БҰҰ мүше­сі. Сон­ды­қтан оның бел­гілі бір талап­та­ры­на жау­ап беруі керек. Ол енді хат­та­ма­лық шешім қолы­ма тиген күні, бас тар­ту­да қан­дай негіз­дер­ді бас­шы­лы­ққа алға­ны­мен таны­сып шыққан­нан кей­ін­гі шаруа.

Бұл ұйым­дар нота жібер­ген жағ­дай­да, Қаза­қстан Үкі­меті осы комис­сия оты­ры­сын қай­та қара­уға құқы­лы бола­ды. Нота Қаза­қстан билі­гіне жол­да­на­ды ғой. Бірақ қан­дай жағ­дай­да да, орын­да­у­шы – Көші-қон коми­теті бола­ды. Ал бар­лық Халы­қа­ра­лық құжат­тар Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гі арқы­лы түседі.

Ал комис­сия шеші­мі заңға және логи­каға сәй­кес кел­мей­ді. Өйт­кені бұдан бұры­нғы шығарған сот үкі­мі мен мынау комис­сия шеші­мі бір-біріне қарама-қайшы…

Ал неге комис­сия оты­ры­сы­на қаты­спа­дым деген­ге кел­сек, ол комис­сия оты­ры­сы 4 қазан күні өтті. Ал маған 3 қазан күні түс шама­сын­да хабар­лап айт­ты. Онда да теле­фон арқы­лы ғана. Мен Аты­ра­уда бір про­цес­сте едім. Физи­ка­лық жағы­нан үлгеріп келе алмай­тын болдым.

Бір қызы­ғы – әлгі комис­си­яға Аста­на­дан құзыр­лы орган өкіл­дері келіп қаты­сқан. Олар үлгеріп кел­ді ғой. Демек, комис­сия оты­ры­сы қашан өтетіні ерте­рек бел­гілі болған. Олар­ды шақы­рған. Ал маған, міне, бола­ды деген­де хабар­лап отыр. Онда да Сай­ра­гүл­ге хабар­ла­са алмаған соң, маған шығып­ты. Сон­ды­қтан бұл аяқ асты­нан қабыл­данған шешім деген­ге сенбеймін.

Abai.kz сай­ты­ның тіл­шісі Сай­ра­гүл ханы­мға да хабар­ласқан екен.
«Бір құжат­тар­ды тол­ты­ра­мыз деп жүр­дік, – деп­ті Сай­ра­гүл тіл­ші­ге бер­ген ком­мен­та­рий­ін­де. – Ал 3 қазан күні түстен кей­ін маған хабар­ла­сып, комис­сия оты­ры­сы өтетінін айт­ты. 4 қазан күн­діз­гі сағат 10.00-ге шақы­рған. Оты­рыс шама­мен 10.30-да бастал­ды. Ол жер­де 10 адам отыр­ды. Бір әйел­ден басқа­сы қаза­қ­ша біледі екен. Ал әлгі әйел БҰҰ өкілі екен. Тек ағы­л­шын­ша сөй­лей­ді екен. Ол кісі­мен тіл­де­се алмадым.

Әуелі олар менің адво­ка­тым­ның қай­да екенін сұра­ды. Үлгеріп келе алмаға­нын айт­тым. Менің ісім­ді 1 сағатқа жетер-жет­пес уақыт қарады.

Ең алды­мен «заң­сыз өтіп келу­де­гі себебің не?» деп сұра­ды. Сот­та айтқан­дай, бар­лы­ғын түсін­діріп айтып бер­дім. «Күй­е­уіңіз 2010 жылы зей­нет­ке шығып кел­ген­де, сіз неге зей­нет­ке шығып кел­медіңіз» деп сұра­ды. Мен зей­нет­ке шығуға жасым мен еңбек өтілім тол­май­ты­нын айт­тым. Сосын олар «күй­е­уіңіз неге сіз­ге шақыр­ту жібер­ме­ген» деді. Шақыр­ту жібер­ген. Ол шақыр­ту поч­та арқы­лы жет­кен­де, Қытай­дағы қауіп­сіздік қыз­меті кон­верт­ті ашпас­тан алып келуім­ді тап­сыр­ды. Мен сөйт­тім. Олар әлгі шақыр­туым­ды алып қой­ды. Оны да түсін­діріп айт­тым. Осы мағы­на­дағы сұрақтар­ды қой­ды да, жау­а­бым­ды есті­ген соң, менен сыр­тқа шыға тұруым­ды сұра­ды. «Өзі­міз ақыл­да­са­мыз» деді.

Бес минут­тан соң іштен бір кісі шығып, мені­мен жеке сөй­ле­сті. «Сіз­ге «босқын» мәр­те­бесін беретін бол­са, екі ел қарым-қаты­на­сы­на сызат түседі. Сол себеп­ті комис­сия сіз­ге «босқын» мәр­те­бесін беру­ден бас тарт­ты. Қазір ішке кір­ген соң, сіз­ге осы шешім айты­ла­ды. Сіз келі­се­мін деп жау­ап бересіз» деді. Ол өзі әске­ри адам емес, кәстөм киген кісі екен.

Сосын мені ішке шақыр­ды. Кір­дім. «Біз ақыл­да­сып, сіз­ге «босқын» мәр­те­бесін беру­ден бас тар­та­мыз» деді. Мен тағы себебін сұра­дым. «Босқын­дар заңы­ның 1‑бабының 12-тар­мағы­на сәй­кес» деп жау­ап бер­ді. «Басқа айта­ры­ңыз бар ма?» деп сұра­ды. «Отба­сым, бала-шағам осын­да. Солар үшін кел­дім. Қаза­қстан менің тари­хи Ота­ным. Отба­сым мен Ота­ным­нан айыр­ма­саңы­здар екен» дедім.

Айт­пақ­шы, сосын ақы­рын­да комис­сия мүше­леріне адво­ка­тым­ның БҰҰ Босқын­дар ісі жөнін­де­гі комис­са­ри­а­ты­на және Азапта­уға қар­сы коми­тет­ке ары­зданға­нын айт­тым. Ол жер­де БҰҰ өкілі оты­рған. Сол әйел­ден сұрап еді, әлгі кісі ондай ары­здың БҰҰ-ға түс­кенін, қазір қарас­ты­ры­лып жатқа­нын айтты.

«Босқын мәр­те­бесі беріл­ме­се, құжат­сыз қалай жүре­мін» деп сұра­дым. Себебі «Пана ізде­уші тұлға» дей­тін куәлі­гім­нің мерзі­мі 25 қазан күні аяқталады.

«Оны сотқа ары­зда­на­сыз. Сол бой­ын­ша уақы­тын ұзар­туға бола­ды. Онсыз біз ұзар­та алмай­мыз» деп қысқа қай­ыр­ды. Айт­пақ­шы, сон­да оты­рған­дар­дың біре­уі «ол куәлі­гіңіздің мерзі­мі аяқтал­са, әрі созса, 1 жылға дей­ін ғана созып жүресіз. Одан кей­ін Қытай­ға депор­та­ци­я­лай­ды. Сон­ды­қтан адво­ка­ты­ңы­зға айты­ңыз» деді. Сөй­тіп, мен әлгі жер­ден шығып кет­тім. Болға­ны осы», – деген екен Сай­ра­гүл Сауыт­бай Abai.kz пор­та­лы­на бер­ген түсініктемесінде.

Қаза­қстан үкі­меті сонау 2010 жыл­дан бері 700-ге жуық шетел­дік­ке «босқын» мәр­те­бесін бер­ген екен. Олар­дың дені Ауған асып жет­кен­дер. Ата­сы басқа, тегі бөтен талай жұрт­ты табал­ды­ры­ғы­мы­здан аттатқан Аста­на­дағы ақ жаға­лы­лар ұлты қазақ Сай­ра­гүл­ге сауға бер­ме­се, масқа­ра­ның көкесі сол бол­май ма?! – деген түй­ін жасап­ты пор­тал тіл­шісі Нұр­гел­ді Әбдіға­ниұ­лы.
Біздің газет әдет­те­гі­дей Сай­ра­гүл­ді сая­си сер­гел­дең­ге салған мәсе­лені тұрақты бақы­ла­уда ұстай­тын болады.

«

(медиа-про­ект «DAT» №36 (448) от 11 октяб­ря 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн