Пятница , 4 июля 2025

САЙРАГҮЛДІ Қытайдан ҚҰТҚАРАЙЫҚ!

Қазақ мем­ле­кеті адам құқын тап­тап отыр. Қазір­де (XXI ғасыр­да) әлем­нің көп­те­ген мем­ле­кет­тері өрке­ни­ет­ті дамуға бет бұрған. Оның айқын көрінісі – халы­қтық-демо­кра­ти­я­лық даму, адам құқы­ғын сақтау, озбыр­лы­ққа жол бер­меу, отба­сы құн­ды­лы­ғын қорғау, тағы басқа іс-әрекеттер.

Ал авто­ри­тар­лық билік үстем­дік еткен елдер­де мақ­сат-мұрат аяққа тап­та­лу­да. Бұған дәлел ретін­де айта­ры­мыз – бүгін­де Афри­ка мен Ази­я­ның, Оңтүстік Аме­ри­ка­ның қан­ша­ма мың­даған хал-жағ­дайы қиын босқын­да­ры Еуро­па мем­ле­кет­терін, АҚШ-ты, Кана­да мен Австра­ли­я­ны пана­ла­у­ға мәж­бүр болу­да. Ал бұл елдер босқын­дар­ды өрке­ни­ет­ті ізгілік­пен қабыл­да­уда. Міне, жал­пы адам­зат үшін игілік­ті баста­ма жасау деген осы. 

Деген­мен, озбыр­лық ошақта­ры әлем­де әлі де аз емес. Мәсе­лен, Қытай­да адам құқы­ғын тап­тау – қалып­ты жағ­дай­ға айнал­ды. Мұн­дағы аз ұлт­тар­дың аяны­шты сая­си-әле­умет­тік жағ­дай­ын былай қой­ған­да, тари­хи ота­ны­на ора­ла­мын деген қаза­қтар­ды жаза­лау, қуғын­дау, түр­ме­ге қамау – бүгін­де бүкіләлем­дік өрке­ни­ет­ке мәлім жәйт болды. 

Бұған қоса, Қытай мем­ле­кеті басқын­шы­лы­қтың эко­но­ми­ка­лық экс­пан­сия жасау түрін асқан озбыр­лы­қ­пен қол­да­на баста­ды. Бұл экс­пан­си­я­ның тұза­ғы­на ілін­ген елдер қата­рын­да біздің Қаза­қстан да бар екені жиі-жиі айты­лу­да. Ал эко­но­ми­ка­лық тұрғы­да мұқтаж­ды­ққа тап болған ел ертең­гі күні сая­си кіріп­тар­лы­ққа тап бола­ты­ны ежел­ден аян.

Мил­ли­ард­таған дол­лар қарыз алған Қаза­қстан билі­гі Қытай­дағы «сая­си лагерь­лер­ге» қамалған өз қаза­қта­ры­ның құқы­ғы сақта­луын талап ете алмауда. Себебі – «инве­сти­ция» деген желе­умен алған қары­здың қай­та­ры­мын өтей­тін кез кел­ді, ал екі ел ара­сын­да жасалған келісім-шар­ттар­да қан­дай талап­тар көр­сетіл­гені жал­пақ жұр­тқа құпия күй­ін­де сақталуда. 

Өзіне қар­жы­лық кіріп­тар­лы­ққа тап болған елдер­ге Қытай­дың азу көр­се­те баста­уы қазақ қызы Сай­ра­гүл Сауыт­бай тап болған жағ­дай­дан да анық бай­қа­ла­ды. Қаза­қтар­ды этни­ка­лық тұрғы­да қуғын­да­уға тоқтау салу­дың мәсе­лесі екі елдің ара­сын­да дипло­ма­ти­я­лық жол­мен шешілуі керек еді. Бірақ табан­ды талап қоюға қаза­қстан­дық билік­тің баты­лы жет­пей отыр. 

Ал екі ел ара­сын­да қалып­тасқан сая­си қамал­ды да, шека­ра­ны да бұзып өткен Сай­ра­гүл­дің ерлі­гін – өжет­тік, жігер­лілік, намыс­шыл­дық қаси­ет деп түсі­ну керек. Оның ата мекен­ге, отба­сы­на аман-сау қосы­лға­нын бүкіл қазақ ұлты қол­дап отыр. Сон­ды­қтан Сай­ра­гүл­ге «Қаза­қстан­ның аза­мат­ты­ғы» ста­ту­сын беру – ер пре­зи­ден­ті Н.Назарбаевтың құзы­рет­тік қана емес, қаза­қи аза­мат­тық пары­зы болуы керек. Ел-жұрт пре­зи­дент­тен осы­ны талап етеді. 

Бәти­ма ҚАЖЫБАЙ,
Жанай­дар ҚАШҚЫНБАЙ,

еңбек арда­гер­лері,
Қараған­ды қаласы

Республиканский еженедельник онлайн