Пятница , 4 июля 2025

Сайрагүл САУЫТБАЙ: Маған берілген сыйлық – ҚАЗАҚТЫҢ ЕРІК-ЖІГЕРІН әлемдік қолдаудың белгісі

Шың­жаң­дағы сая­си тәр­би­е­леу лагерь­лері жөнін­де шын­ды­қты халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­ққа жай­ып салған Қытай қаза­ғы, қазір Шве­ци­яда тұра­тын Сай­ра­гүл Сауыт­бай АҚШ мем­ле­кет­тік депар­та­мен­тінің «Батыр әйел­дер» халы­қа­ра­лық сый­лы­ғын (Annual International Women of Courage) алды. Еске сала кетей­ік, Сай­ра­гүл Сауыт­бай – АҚШ мем­ле­кет­тік депар­та­мен­тінің бұл сый­лы­ғын иелен­ген екін­ші қазақ қызы. 2018 жылы «Халы­қа­ра­лық батыр әйел­дер» сый­лы­ғы­на қаза­қстан­дық адво­кат Айман Ома­ро­ва ие болған еді. АҚШ мем­ле­кет­тік депар­та­мен­ті бұл сый­лы­қты бей­біт­шілік, әділ­дік, адам құқы­ғы, ген­дер­лік теңдік, әйел­дер құқы­ғы үшін күресіп, өмірін қауіп­ке тік­кен әйел­дер­ге береді. Біз АҚШ-та сапар­да жүр­ген Сай­ра­гүл Сауыт­бай­ға хабар­ла­сып, теле­фон арқы­лы біл­ген мән-жай­дың нұсқа­сын оқыр­ман­дар наза­ры­на ұсы­нып отырмыз.

– Сай­ра­гүл, халы­қа­ра­лық сый­лық алуы­ңы­з­бен құт­ты­қтай­мыз! Сый­лы­қты Аме­ри­ка­ның бірін­ші ханы­мы Мела­ния Трамп пен АҚШ-тың мем­ле­кет­тік хат­шы­сы Марк Пом­пе­о­ның өзі тап­сы­рға­нын желі­де­гі ақпа­рат арқы­лы көр­дік. Алға­шқы әсеріңіз қан­дай болды?

– Рах­мет! Деген­мен әйел адам батыр болған­нан бұрын, ана болға­нын қалар едім. Бала тауып, отба­сы ошағы­ның жылуын сақтау – ана­ның асыл пары­зы. Бірақ менің «батыр­лы­ғым» тағ­дыр­дың басқа салған тәл­ке­гі­нен туған, амал­сыз болған батыр­лық еді.

Маған беріл­ген бұл сый­лық – қазақ деген қаси­ет­ті ұлтқа беріл­ген сый­лық! Әлем халы­қта­ры демо­кра­ти­я­ны, бостан­ды­қты, еркін­дік­ті шексіз сүй­етін­ді­гін біл­дім. Бәрінің де гено­цид, фаши­стік жауы­зды­ққа қар­сы екеніне көзім жет­ті. Демо­кра­ти­я­лық мем­ле­кет­тер – ақиқатқа, әділет­ке жету үшін құры­лға­нын сездім. Маған беріл­ген сый­лық – қаза­қтың Қытай қасіретіне қар­сы ерік-жігерін қол­да­удың әлем­дік, халы­қа­ра­лық бел­гісі деп білем!

Осын­дай мара­патқа ие бола­мын деп ойла­мап­пын. Бірақ менің мил­ли­он­даған халы­қтың мүд­десін қорғау жолын­дағы күресім­ді АҚШ үкі­меті мен бар­ша әлем жоға­ры баға­лаған екен. Мара­пат­тау рәсі­мі кезін­де Пом­пео мыр­за: «Сай­ра­гүл Сауыт­бай­ға бас иеміз. Ол бұрын дәрі­гер болған, шын­ды­қты айтқа­ны үшін отба­сы­нан ажы­рап, қама­лып, қысым көр­ді, өлім жаза­сы­на кесілуі де мүм­кін еді. Ол – Қытай­дың ком­му­ни­стік пар­ти­я­сы­ның Шың­жаң­дағы мұсыл­ман­дарға қар­сы қысы­мы жай­лы ашық айтқан­дар­дың бірі. Сай­ра­гүл Сауыт­бай қоры­қ­пай Шың­жаң лагерь­лері тура­лы ақпа­рат­ты айт­ты және қазір де лагерь­де қама­лып шыққан­дар мен олар­дың туы­ста­ры­на қамауда көр­ген­дерін ашық айтуға жігер­лен­діріп жүр», – деді. Көр­ген қор­лы­ғым­ның бір өте­уі сияқты болған осы сөз­ге көңілім көтеріліп қалды…

– Біз соққан теле­фонға бұры­луға мұр­шаңыз бол­маға­ны­на қараған­да, АҚШ сапа­ры қар­ба­лас болып жатқан сияқты ғой…

– Иә, дәл айт­ты­ңыз. Баты­стағы, АҚШ-тағы 30–40 мем­ле­кет­тің теле­ар­на­ла­ры­на үзіліс­сіз сұх­бат беру­ден мой­ын бұра алма­дым. Сол сұх­бат­та­рым­да Қытай­дың гено­цид­тік сая­са­ты­ның құр­бан­ды­ғы­на ұшы­раған мил­ли­он­даған халы­қтың зарын әлем­ге естірт­тім. Шың­жаң­да өзім куә болған жағ­дай­ды баян­дап, Қытай билі­гі­нен аз ұлт­тар­ды қуғын-сүр­гін­ге салу­ды тоқта­ту­ды талап еттім. Әлем­дік қауым­да­сты­қтан тауқы­мет­ке тап болған халы­қты бостан­ды­ққа шыға­руға көмек­те­суін сұрадым.

– Мара­пат тап­сы­руға дей­ін­гі сіз­ге қаты­сты кей­бір жағ­дай­лар­ды сұра­уға тура келіп тұр. Біз­ге жет­кен бей­ре­сми хабарға ден қой­сақ, АҚШ-тағы Қаза­қстан­ның елшілі­гі сізді өз пай­да­ла­ры­на «ием­ден­гісі» кел­ген сияқты…

– Мен Вашинг­тонға кел­ген­ге дей­ін, осы шара­ны ұйым­да­сты­ру­шы­лар мені Шың­жаң­нан кел­генім­ді, қазір­гі кез­де Шве­ци­яда тұра­ты­ным­ды, ұлтым­ның қазақ екенін айтып, алдын ала таны­стыр­ды. «Ием­де­не­міз» деген­дер­ге жол бер­гіз­бей­тінім аян. Егер Қаза­қстан­ның аза­ма­ты бол­сам, халы­қа­ра­лық ұйым­ның төрін­де мақта­нып тұрар едім ғой… Ізім­ді аңдып, қай­да бар­сам, сон­да барып, сөзім­ді тың­дап, қисын­сыз сұрақтар қой­ып, мысым­ды бас­пақ болған­дарға не дей­ін? Осын­дай тір­лік­ке мән беріп, сөз қуа­тын бол­сам, бағыт-бағ­да­рым­нан ада­сып кетер едім. Олар­дың әре­кетін өздерінің ары­на тапсырдым.

Шын мәнін­де мен ұлтым қазақ болға­ным­мен, Қаза­қстан­да тоғыз ай түр­ме­де жатып, қор­лық көр­генім бол­ма­са, Қаза­қстан аза­ма­ты емес­пін. Кезін­де қиын тағ­дыр­ды басым­нан өткіз­ген­де, мен үшін бір ауыз сөз айта біл­ме­ген Қаза­қстан­ның АҚШ-тағы елшілі­гіне не айтуға болады?..

– Сіз­ге қан­дай мәсе­лені айту керек, нен­дей жағ­дай­ды қозға­мау жөнін­де кеңес айтқан­дар бол­ды ма? Себебі Қытай­дағы қаза­қтар­дың, аз ұлт­тар­дың басы­на түс­кен қиын­ды­қты Қаза­қстан­да жүр­ген­де айтуы­ңы­зға тый­ым салы­нған еді ғой…

– Аме­ри­каға кел­ген бет­те біраз қиын­ды­қтар туын­да­ды. Деген­мен ұйым­да­сты­ру­шы­лар дер кезін­де бұл қиын­ды­қты өздері шешті, ары қарай жақ­сы бол­ды. Аудар­ма­шы қаза­қтың жігіті мен қызы ағы­л­шын және басқа тіл­дер­ге де өте жетік екен, жан-жақты көмек қол­да­рын созды. Маған ақыл-кеңес айтқан болып, «нені айту керек, нені айт­па­уым керек» деген мәсе­лені Шве­ци­яда жүр­сем де, ескер­тіп, тый­ым салуға тыры­са­тын­дар бар, бірақ олар аузым­ды жаба алмай­ды. Себебі менің айтып жүр­генім өз басым­ның мәсе­лесі емес, қасірет көр­ген қаза­қтың жағдайы.

Айт­пақ­шы, сый­лы­қты алған кез­де алғыс айтқан жоқ­пын. Сасқа­лақтап жүріп, ұмы­тып кет­кен­дік­тен емес, себебі алғыс айта­тын­дай үлкен нәти­же­ге қол жет­кі­зе алма­дым. Ұлт­тың жал­пы тағ­ды­ры шешіл­ген жоқ, Қытай­дағы қаза­қтар фаши­стік гено­цид­тен құты­лған күні алғы­сым­ды алақай­лап тұрып айта­мын. Бұл мара­пат маған мой­ны­ма үлкен жүк­тің арты­лға­нын, күре­стің енді ғана басталға­нын біл­діріп отыр. Жүк­тел­ген – сал­мағы ауыр мін­дет, ұлт мүд­десі алдын­дағы үлкен борыш, жау­ап­кер­шілік. Осы мін­дет­ті толық атқа­рып, ұлтым­ның толы­ққан­ды еркін­дік алып, қазақ – қазақ қал­пын­да сақта­луы үшін, жеңіс­ке жет­кен­ше күресім тоқтамайды.

АҚШ билі­гі, жал­пы Батыс елі Шығыс Түр­кістан­дағы қаза­қтар­дың жағ­дай­ы­нан қан­ша­лы­қты хабар­дар екен?

– Сый­лы­қты алған соң, лау­а­зы­мы биік тұлға­лар­мен кез­де­стім, бар­лы­ғы­ның атын, атқа­рып оты­рған қыметін алдағы уақыт­та айтар­мын. Кез­де­су­лер өте сәт­ті өтті, қолы­нан үлкен іс келетін, нақты жұмыс істей­тін, мықты аза­мат­тар екен. Алдағы уақыт­та жақ­сы жаңа­лы­қтар мен өзгерістер­ге қол жет­кі­зетіні­міз­ге кәміл сене­мін. Көзқа­рас­та­ры айқын. Қытай ком­пар­ти­я­сы жауы­здық сая­са­тын жер­гілік­ті жер­де­гі халы­ққа ғана емес, жан-жағы­на да үлкен қауіп әкел­генін біліп отыр, сон­ды­қтан үлкен жұмыстар жаса­ла­ты­ны бел­гілі бол­ды. Менің сый­лық алға­ным­нан гөрі, осы аза­мат­тар­дың көзқа­рас­та­ры мен Қытай­дың гено­цид­тік сая­са­ты­на қар­сы жасап жатқан жұмыста­ры мен үшін ең үлкен қол­дау бол­ды. Күш-жігерім таси түс­кен­дей сезім­де болдым.

– Жал­пы, осы сапар­дан қан­дай ой түй­діңіз? Осы сапар­дағы көр­ген-біл­геніңізді біздің оқыр­ман­дар үшін айтып берсеңіз?

– Аме­ри­ка өте алып, даму қарқы­ны жедел өркен­деп жатқан ел екен. Ел тұрғын­да­ры­на жағ­дай толық жасалған, тіп­ті үлкен қала­ның көше­лерінің орна­ла­су тәр­тібі ешкім адас­пай­тын­дай ерекше екен. Маңы­зды нысан­да­рын тез тауып ала­сың. Халқы – мәде­ни­ет­ті, сала­у­ат­ты өмір сүріп жатқа­нын көр­дім. Лау­а­зым­ды тұлға­лар­дың қай­сысы бол­сын кез­де­су кезін­де тең дәре­же­де әңгі­ме­лесіп, мұқи­ят тың­дап, аса ыждағат­пен көңіл бөледі. Риза­шы­лы­ғын біл­діріп, рах­метін айтып, түсін­бей қал­са, кешірім сұрап, бас иетін­дері таңқал­дыр­ды. Бөтен адам­мен тез тіл табы­са­ты­ны кере­мет екен! Алған әсерім­ді айтып тауы­су мүм­кін емес.

Науры­здың 10 күні Нью-Йорк қала­сы­на кел­дік, ойла­маған жер­ден қаза­қтың өрім­дей жаста­ры топ-топ болып, көк туды желбіретіп, менің атым­ды қағазға әр тіл­де жазып, қол­да­ры­на ұстап, қар­сы алды. Қуа­ны­штың әсері­нен айтуға сөз тап­пай қал­дым. Көк бай­рағы­мы­здың қасын­да тұрып, Нью-Йорк көше­лерін­де сурет­ке түстік, көңілім толқып кет­ті. Өтіп бара жатқан аме­ри­ка­лы­қтар таң­да­на, қызы­ға қара­ды. Бір қазақ – бар қазақ, бар қазақ – бір қазақ екеніне мақтандым!

– Сіз сый­лық алған күн­нің ертеңін­де Қытай­дың Қаза­қстан­дағы төтен­ше және өкілет­ті елшісі Чжан Сяо сізді мара­пат­тап жатқан АҚШ билі­гін қара­лаған жаз­ба­сын әле­умет­тік желі­де жари­я­ла­ды. Қоғам өкіл­дері бұл жаз­баға өре түре­геліп, қар­сы­лық біл­діру­де. Елшінің жаз­ба­сы көзіңіз­ге түсті ме?

Қытай­дың Қаза­қстан­дағы елшісі есі­нен адасқан есірік деу­ге тура келіп тұр. Жаз­ба­сы көзі­ме түс­се де, оқы­мас едім. Оның қаза­қтар­ды, Қаза­қстан­ды басы­нып сөй­лей­тіні әдет­ке айна­лып кет­кен­дей. Біздің елде­гі құзыр­лы меке­ме­лер қапер­ге алмай­ты­ны өкіні­шті. Қаза­қстан­да тоғыз ай түр­ме­де болған кезім­де көр­ме­ген қор­лы­ғым жоқ, қол-аяғым­ды бай­лап тұрып, Қытай­ға өткіз­бек болған –қытай­дың осын­дай итар­шы­ла­ры. Қытай­дың шпи­он­да­ры Қаза­қстан­да тыныш жатқан жоқ, тын­бай жұмыс жасай­ды. Елшілік қыз­мет­кер­лері мен Қытай­ға саты­лған қаза­қтан шыққан екі бет­кей сатқын­дар өлтіріп қоя жаз­даға­нын қалай ұмы­тай­ын. «Аққа Құдай жақ болып», халқым­ның дұға-тіле­гінің арқа­сын­да аман қал­дым, үмітім­ді үзбедім. Сол арсыздар­дың жан­та­ла­сы­на қарап, Қаза­қстан­да Қытай­дың ықпа­лы қан­ша­лы­қты күшті екенін, елге сіңіп алға­нын, бел­гілі дең­гей­де өздеріне мықты бір орын тауып алған­да­ры­на көз жет­кізу­ге болады.

– Қаза­ғы­ңы­зға айтар тілек-назы­ңыз бар ма?

Аллаға сан­сыз шүкір дей­мін, қаси­ет­ті қазақ халқы­на алғы­сым­ды біл­діріп, басым­ды иемін! Өйт­кені ауыр тағ­ды­рға тап болған кез­де жан-жақтан қол­дау көр­сетіп, қиын­ды­қты бір­ге бөлісіп, үлкен-кішісіне қара­май қол­даған қаси­ет­ті халы­ққа мың алғыс! Осын­дай тек­ті халы­қтың ұрпағы болға­ным­ды мақтан ете­мін, өзім­ді бақыт­ты сезі­не­мін! Сырт­та жүріп, қаза­ғым үшін сүй­і­не­мін, қадір тұта­мын! Халы­қтың тіле­гі шабыт беріп, руха­ни күш болып, күресім­ді жалға­сты­руы­ма жол ашты.

Ауыр тағ­дыр­дан ара­ша­лау үшін қол­дау біл­діріп, күн-түні тын­бай еңбек еткен, ұлты үшін күресіп жүр­ген батыр ағам Серік­жан Білә­шұлы­на, «Ата­жұрт­тың» маңы­на топ­тасқан қаза­қтың ұл-қызда­ры­на басым­ды иіп, алғыс айта­мын. Сонау Гер­ма­ни­яда тұра­тын, қазақ ұлты­ның мүд­десі үшін күресіп жүр­ген, сон­ша жер­ден ат ары­тып келіп, сотқа қаты­сқан, қол­дау көр­сет­кен, ара­ша түс­кен Өмір­хан Алтын аға­ма мың алғыс! Гер­ма­ния үкі­метіне, Гер­ма­ни­я­ның Қаза­қстан­дағы елшілі­гіне рах­метім­ді айта­мын, Адво­ка­тым Айман Ома­ро­ваға алғы­сым шексіз!

Ауыр күн­дер­де біз­ге пана болып, Шве­ци­яға көшіріп әкеліп, құшағын жай­ып, қар­сы алған Шве­ция үкі­метіне, швед халқы­на алғы­сым мен құр­метім­ді айта­мын. Қазақ халқы өз еліне өзі қожа болып, демо­кра­ти­я­лы ел бол­са, еркін қазақ бол­са деп арман­дай­мын. Дүниенің қай бұры­шын­да жүр­сем де, қаза­қтың қызы­мын! Бар­ша қаза­қты жақ­сы көре­мін, қаза­ғым үшін қолым­нан кел­ген­ше еңбек етемін.

Сөзім­нің соңын­да айта­рым – өз ұлты­ның ертең­гі тағ­ды­ры үшін, қазақ ұлты­ның мүд­десі үшін жаны­мен жұмыс жасап жатқан Серік­жан Білә­шұ­лы бастаған «Ата­жұрт» ұйы­мы жабы­лып қал­мас үшін, қазақ билі­гі, қазақ халқы қар­жы­лай әрі руха­ни түр­де қол­дау көр­сет­се екен деген тіле­гім­ді айтқым келеді!

– Қай­да жүр­сеңіз де, аман болы­ңыз! Қаза­ққа деген еңбе­гіңіз жансын!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«D»

  • Редак­ци­ядан: Қытай­дағы қаза­қтың қай­ғы­сы­на ара­ша түс­кен «Ата­жұрт» ерік­тілері ұйы­мы­ның жетек­шісі Серік­жан Білә­штің тағ­ды­ры тәл­кек­ке түс­кен Сай­ра­гүл­ге қаты­сты, оның Қаза­қстан­да қамауда болған кезін­де бұрын­да­ры айтыл­маған жәйт­тер­ді қозғай­тын сұх­ба­ты газет­тің келесі санын­да жарияланады.
  •  

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн