Суббота , 5 июля 2025

Сайрагүл әлі күнге «ПАНА ІЗДЕУШІ» САНАТЫНДА ЖҮР

Қаңтар­дың 28-інде Алма­ты облы­стық поли­ция депар­та­мен­тінің Көші-қон қыз­меті басқар­ма­сы Сай­ра­гүл Сауыт­бай­ға үш айға ұзар­ты­лған «Пана ізде­уші тұлға» куәлі­гін бер­ді: 25 қаңтар күні мерзі­мі аяқталған құжат сәуір­дің 25-іне дей­ін ұзартылды.

Еске сала кетей­ік, өткен жылы тамыз айын­да «шека­ра­ны заң­сыз кесіп өтті» деп айып­талған қан­да­сы­мыз Сай­ра­гүл Сауыт­бай­ды Алма­ты облы­сы­ның Пан­фи­лов аудан­дық соты алты ай бас бостан­ды­ғы­нан айы­руға, бірақ оны «жаза­сын жеңіл­де­тетін ерекше жағ­дай­ы­на» бай­ла­ны­сты шар­тты жаза­ға алма­сты­руға үкім еткен еді. Осы­лай­ша сот Сай­ра­гүл Сауыт­бай­ды Қытай­ға депор­та­ци­я­ла­май, Қаза­қстан­да қал­ды­рған. Сот­та Сай­ра­гүл Қытай­да «сая­си қысым жасалған­ды­қтан, шека­ра­дан заң­сыз өту­ден өзге жол қал­маға­нын» мәлім­де­ген еді. Егер Қаза­қстан билі­гі гео­са­я­си жағ­дай­дың салқы­ны­мен қаза­қтың қызын Қытай­ға қай­тар­са, оған өлім жаза­сы кесілуі мүм­кін еді. Сон­ды­қтан Сай­ра­гүл сол сот­тан «Қаза­қстан­да – өзім­нің ата­жұр­тым­да қан­дай жаза кесіл­се де, мой­ын­сұ­на­ты­нын, бірақ кері қай­тар­мауын» сұраған болатын.

 Сол кез­де қоғам­ның қызу қол­да­уы­мен оған Қаза­қстан билі­гі үш ай мерзім­ге «Пана ізде­уші тұлға» куәлі­гін беріп, был­тыр қазан айын­да оның мерзі­мін тағы үш айға ұзар­тқан. Ал қазан­ның 4‑і күні Алма­ты облы­сы­ның орта­лы­ғы Тал­ды­қорған қала­сын­да Көші-қон коми­тетінің жаны­нан құры­лған комис­сия Сай­ра­гүл Сауыт­бай­дың өзіне босқын мәр­те­бесін беруді сұраған өтіні­шін қарап, оны қанағат­тан­ды­ру­дан бас тартты. 

Сай­ра­гүл бол­са, өзіне «босқын» мәр­те­бесінің не үшін беріл­мей оты­рға­ны­нан хабар­сыз, мән-жай­ды адво­ка­ты Абзал Құс­пан арқы­лы білу­ге бола­ты­нын айта келіп: «Мен Қаза­қстанға өз елім, жерім, отба­сым деп кел­дім. Мен­де басқа мақ­сат жоқ. Аңсап кел­ген ота­ным­да бала-шағам­мен бір­ге бол­сам дей­мін. Менің бақы­тым да, отба­сым да осын­да. Ана үшін отба­сы­нан артық еш нәр­се жоқ. Біздің билік те менің жағ­дай­ым­ды түсініп, өз Ота­ным­да отба­сым­мен бір­ге тұруға мүм­кін­дік береді деп ойлай­мын», ­­­­­– деді. 

Ота­ны­на ора­лып, отба­сы­мен қауы­шып, бала­пан­да­рын бауы­ры­на басу үшін от пен суды кешіп, қос бір­дей шека­ра­ны «бұзып» кел­ген ана­ны алты ай жаз, алты ай қыс бойы зары­қты­рып, сен­дел­тіп қою – билік басын­дағы­ларға сын екені дау­сыз. «Босқын» деп кем­сіт­кен­нен гөрі, Сай­ра­гүл­ге «Қаза­қстан­ның аза­ма­ты» деген мәр­те­бе бер­се екен деген бар­ша қаза­қтың тіле­гі жуық маң­да орын­да­ла­ды деген үміттеміз.

Республиканский еженедельник онлайн