Пятница , 4 июля 2025

Салафиттік-уаһабиттік

ЖАТ ИДЕОЛОГИЯҒА

тый­ым салы­нуы керек!

ҚР Пре­зи­ден­ті Қ.-Ж. Тоқа­ев мырзаға

ҚР Пар­ла­мен­ті Сена­ты­ның Төраға­сы М. С. Әшім­ба­ев мырзаға

ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің төраға­сы Е. Ж. Қоша­нов мырзаға

ҚР Бас про­ку­ро­ры Б. Асы­лов мырзаға

Ашық хат

Елі­міз­де діни-ради­кал­дық бағыт­тар күш алып келеді. Соңғы кез­дері тіп­ті қарқын­ды түр­де даму­да. Оған дәлел – ұлт­тық құн­ды­лы­қта­ры­мыз, ұлт­тық ерекшелік­тері­міз­ге айры­қ­ша шабуыл­дар жаса­лу­да. Бұдан былай мем­ле­кет тара­пы­нан нақты шара­лар­ды қолға алма­са, мүл­де кеш бола­ты­ны сөзсіз.

Оның үстіне Өзбек­стан мен Қырғыз­стан сала­фит­тік-уаһа­бит­тік жат идео­ло­ги­яға тый­ым салу­ды қолға алды. Өзбек­стан тіп­ті заң шыға­рып үлгер­ді. Егер біздің елі­міз­де де мем­ле­кет нақты заң қабыл­да­ма­са, көр­ші елдер­де­гі теріс діни ағым өкіл­дері Қаза­қстанға қарай ағы­ла­ды. Сон­ды­қтан мем­ле­кет тара­пы­нан заң қабыл­дау жөнін­де шешім шыққа­ны көп­шілік тара­пы­нан қол­дау тауып отыр.

Осы күн­дері туы­стар, достар, тіп­ті бір отба­сы мүше­лері дін мәсе­лесі сал­да­ры­нан бір-бірі­мен араз­да­сып, бір дастар­хан басы­на оты­ра алмай­тын жағ­дай­ға жет­ті. Бұл ұлт­ты бөл­шек­те­у­ге апа­рып, ұлт­тық қауіп­сіздік жағ­дай­ы­на да орас­ан зор нұсқан келуде.

Теріс діни ағым­дар ислам діні аты­на кір кел­тіріп оты­рға­нын да баса айтуы­мыз керек.

Алда қай­та қара­ла­тын заң жоба­сы­на ғалым­дар, ұста­здар, ақын-жазу­шы­лар, жур­на­ли­стер, өнер адам­да­ры, жал­пы қоғам бел­сен­ділері өзіңіз­ге төмен­де­гі­дей ұсы­ны­стар жолдайды:

1. Қоғам­дық орын­дар­да ниқаб, паран­жа (бет­ті толы­қтай бүр­кеп жауып) киіп жүру­ге тый­ым салынсын;

2. Сала­фи­лік бел­гі­де­гі мұрт­сыз сақал қою­шы­лар, қысқа балақты­лар қатаң қадаға­ла­у­ға алынсын;

3. Мем­ле­кет­тік орган­дар­дың, сол меке­ме­ге қарас­ты жар­ты­лай мем­ле­кет­тік ұйым­дар­дың діни үгіт-наси­хат­пен айна­лы­суы­на тый­ым салу қажет. Себебі қан­дай бағыт­тың нақты дұрыс екенін біл­ме­стен-ақ, әрбір меке­ме өздерін­ше наси­хат­тық жұмыстар жүр­гі­зеді. Бұл заңға қай­шы. Көңілі таза, ниеті дұрыс жас толқын өздері де соны­сын түсін­бей, аран­да­ту­шы топ­тар­дың қар­мағы­на топыр­лап түсіп жатыр. Діни ағым­дар­дың мүд­десін көк­сей­тін мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер жұмысын боса­туы қажет.

4. Әле­умет­тік желі­де­гі әртүр­лі діни ағым­дар­дың ұлт­тық идео­ло­ги­яға қауіп төңдіретін үгіт-наси­хат­та­ры­на тоқтам жасау керек. Әсіре­се әле­умет­тік желілер­де­гі теріс діни ағым­дарға жасалған үгіт-наси­хат­тар қатаң қадаға­ла­нуы тиіс.

5. Әртүр­лі діни ағым­дарға сырт елдер­ден қол­дау жаса­лып отыр. Олар­дың қар­жы көз­дерін аны­қтап, шет­тен қар­жы­лан­ды­ру жол­да­ры­на тый­ым салы­нуы керек. Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті батыл әре­кет жаса­уын талап етеміз.

6. Соңғы 30 жыл­да ұлт­тық идео­ло­ги­я­ның орнын діни идео­ло­гия басып, жастар өз тамы­ры­нан, өз тегі­нен, ұлт­тық бол­мысы­нан жеріп жатыр. Сол себеп­ті ұлт­тық құн­ды­лы­қтар­ды дамы­та­тын арнайы мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма қабыл­да­нуы тиіс. Соның аясын­да жүй­елі, нақты жұмыстар жүр­гізілуі керек.

7. Елді нағыз дамы­та­тын бағыт­тар дін емес, ғылым мен білім сала­сы. Ғылым мен білім­ге жастар­ды тар­ту­дың, қызы­қты­ру­дың әдіс-тәсіл­дері зер­де­леніп, ғылым мен білім сала­сын наси­хат­тай­тын жоба­лар жүй­елі іске асуы тиіс.

8. Бүгін­де идео­ло­гия сала­сы бос қалған­ды­қтан, оның орнын әртүр­лі діни ағым жетек­шер­лері, уағыз­шы­лар тол­ты­рып отыр. Бло­гер­лер мен әншілер, уағыз­шы­лар жастар елік­тей­тін тұлға­ларға айна­лып отыр. Соның орнын елді нақты дамы­та­тын ғалым­дар, тарих­шы-этно­граф­тар, кәсіп­кер­лер, жал­пы еңбек адам­да­ры басуы тиіс. Осы бағыт­та арнайы жоба­лар іске асы­ры­лып, бар­лық БАҚ ұйым­дасқан түр­де жұмыл­ды­ры­луы керек.

9. Елі­міз­де жыл сай­ын мешіт­тер қарқын­ды түр­де салы­нып жатыр. Кей жағ­дай­да бұл құры­лыс жұмыста­ры­на мем­ле­кет­тік қол­да­удың да бар екені сезіледі. Бұдан әрі мешіт­тер­дің орны­на бала­бақ­ша­лар мен мек­теп­тер, уни­вер­си­тет­тер (жатақ­ха­на­лар) салы­нуы керек. Бала­бақ­ша жетіс­пей­ді, кезек­те тұрған­дар­дың саны есеп­сіз. Мек­теп­те бала­лар 2–3 ауы­сым­да оқи­ды. Уни­вер­си­тет­тер­дің жатақ­ха­на мәсе­лесі де өте өзек­ті. Сту­дент­тер­дің тек 1‑курста оқи­тын­да­ры ғана жатақ­ха­на­да жатуға мүм­кін­ді­гі бар. Был­ты­рғы жылғы есеп бой­ын­ша, Алма­ты қала­сын­да сол 1‑курс сту­дент­терінің небәрі 40 пай­ы­зы жатақ­хан­амен қам­ты­лған. Ал мешіт­тер апта­сы­на бір күн ғана, оның өзін­де сол жұма күнінің түс мез­гілін­де ғана пай­да­ла­ны­ла­ды. Ал ғылым мен білім алуы тиіс жастар пәте­рақы­сын төлеу үшін, оқу­дың орны­на жұмыс істе­у­ге мәж­бүр болып отыр. Толық білім алу үшін, олар­ды толы­қтай жатақ­хан­амен қам­та­ма­сыз ету қажет. Кәсіп­кер­лер­ді осы бағыт­тағы құры­лыс жұмыста­ры­на ынта­лан­ды­ру керек. Мем­ле­кет тара­пы­нан қол­дау қажет.

10. Мем­ле­кет­тік меке­ме­лер­де (М.Тазабеков бір кез­де құқық қорғау орган­да­ры­мен кез­де­су өткізді), уни­вер­си­тет­тер­де, мек­теп­тер­де (әсіре­се спорт мек­теп­терін­де) дін өкіл­дері­мен кез­де­су­лер өткізу­ге тый­ым салы­нуы қажет. Олар­дың орны­на тарих­шы-этно­граф­тар­мен, ғалым­дар­мен, еңбек адам­да­ры­мен кез­де­су­лер­ді көбейт­кен дұрыс. Ата­у­лы меке­ме­лер­де діни рәсім­дер, діни іс-шара­лар өтуіне де тый­ым салы­нуы керек. Аш құр­сақ сту­дент­тер­ге жатақ­ха­на­да ауыз ашар жасап беріп, уағыз­шы­лар өз әсі­ре дін­шіл­дік қақ­пан­да­ры­на оп-оңай түсіреді. Бүгін­ге дей­ін осы жағ­дай қалып­та­сып отыр.

Әр ауыл­да екі мешіт­тен. Еке­уі де бос, қаңы­рап тұра­ды. Тек жұма күні түсте біре­уіне ғана адам­дар жина­ла­ды. Бірақ сол ауыл­дар­да мәде­ни­ет ошақта­ры жоқ. Жол нашар. Қауіп­сіз бас­сейн жоқ. Жыл сай­ын жаз­да бала­лар суға ағып кетіп, өзен­дер­ге батып кетіп жатыр.

11. Talim tv, «Халық арна» сияқты теле­ар­на­лар жабы­лып, оның орны­на ғылым мен білім тура­лы теле­ар­на­лар көп­теп ашы­луы қажет. Мем­ле­кет­тік ақпа­рат құрал­да­рын­дағы («Қаза­қстан», «Қазақ радио­сы» сияқты) діни бағ­дар­ла­ма­лар жабы­лып, оның орнын ғылым тура­лы жоба­лар басуы керек. Бұл бағ­дар­ла­ма­лар қазір­дің өзін­де заңға қай­шы жұмыс істеп тұр. Мем­ле­кет дін­ге қара­жат сал­мауы керек.

12. Мешіт­тер­ге садақа­дан, зекет­тен түсетін қара­жат­тарға ашы­қтық жүйе арқы­лы бақы­лау орна­ты­луы қажет. Себебі елдің қара­жа­ты қан­дай да бір тер­ро­ри­стік ұйым­дар­ды, ради­кал­дық топ­тар­ды қар­жы­лан­ды­руға жұм­са­луы әбден мүм­кін. Халы­қтың да мешіт­ке беріп жатқан өз қара­жат­та­ры қалай жұм­са­лып жатқа­нын көріп-біліп оты­руға толы­қтай құқы­ғы бар.

13. Спорт сала­сын­дағы сала­фит­тер­ді аны­қтап, қатаң бақы­ла­у­ға алу керек. Спорт­тағы сала­фит­тер дай­ын­ды­қтан өткен «хали­фат әскер­лері» екенін жақ­сы түсі­нуі­міз керек. Спорт сала­сын­дағы әсі­ре дін­шіл­дік­ті тоқта­ту үшін, жас спорт­шы­ларға ұлт­тық құн­ды­лы­қтар дәнін егу керек. Және қоғам­дық спорт түр­лерін дамы­тып, ауыл­дар­да спорт кешен­дерін көп­теп салу­ды қолға алуы­мыз керек.

14. Түр­ме­де­гі сала­физ­мнің дамуы­на тоқтау салы­нуы тиіс. Абақты­да тәр­бие құра­лы ретін­де ұлт­тық құн­ды­лы­қтар негіз­ге алы­нға­ны жөн. Түр­ме­де­гі сала­фит­тік ағым өкіл­дері де дап-дай­ын «хали­фа­ат әскер­лері» екенін бір сәт те естен шығар­мау керек. Бұл ұлт­тық қауіп­сіздік­ке төніп тұрған үлкен қауіп. Осы күні түр­ме­де­гі намаз­хандар абақты­ға қамалған педо­фил­дер мен қыз зор­ла­у­шы­лар­ды қорға­у­ла­ры­на алып, қамқор­лық жасай­тын­ды­қта­ры да ашық айты­ла бастады.

15. Елі­міз­де қалып­та­сып оты­рған діни аху­ал­дың дең­гейі өте жоға­ры. Сол себеп­ті Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гінің құра­мын­дағы Дін істері коми­тетін бөліп алып, жеке-дара дер­бес Дін істері агент­ті­гін құру күн тәр­тібін­де тұр. Бүгін­де Дін істері коми­тетін­де­гі қыз­мет­кер­лер­дің зай­ыр­лы ұста­ным­да­ры­на күмән­мен қара­у­шы­лар да кез­де­седі. Дін істері агент­ті­гін­де білік­ті әрі мінезді бас­шы және заңға сай зай­ыр­лы­лық ұста­ным­ды ту ететін маман­дар қыз­мет етуі тиіс. Ол жер­ге қан­дай да бір ағым­дар мүше­лерінің кіріп кетіп, өз мүд­де­лерін жүзе­ге асы­руы­на мүм­кін­дік беріл­ме­уі тиіс. Осы жер­де зерт­те­улер, сарап­та­ма­лар, оқы­ту жұмыста­ры секіл­ді тиім­ді жоба­лар жүр­гізілуі керек.

Қоры­та келе, Мұх­тар Әуе­зо­втың «Ел бола­мын десең, бесі­гіңді түзе» деген ұлағат­ты сөзін есі­міз­ге алғы­мыз келеді. Бұл сөздің аста­рын­да ұлт­тық тәр­би­ені ұлы­қтау керекті­гі тура­лы үлкен мән бар. Бала­бақ­ша­дан бастап ұлт­тық құн­ды­лы­қтар­ды, ғылым мен білім­ді наси­хат­тап, жас толқын­ның бой­ы­на сіңіретін ауқым­ды жоба­лар, іргелі жұмыстар жүр­гізілуі керек.

Ел бола­шағы үшін бүгін әре­кет жаса­ма­сақ, ертең мүл­де кеш болмақ.

Қол қою­шы­лар:

Досмұ­ха­мед Кіші­бе­ков, ҰҒА ака­де­ми­гі;

Ора­за­лы Сәб­ден, Қаза­қстан ғалым­да­ры одағы­ның пре­зи­ден­ті, ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның иегері, академик;

Баян Рақы­шев, ҰҒА академигі;

Ясин Ұза­қов, Кеңес Одағы­ның еңбек сіңір­ген өнер­та­пқы­шы, ака­де­мик, т.ғ.д., профессор;

Ермұрат Бапи, ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты;

Қазы­бек Иса, ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты;

Ринат Зай­ы­тов, ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты;

Тыны­шты­қ­бек Әбдікәкі­мұ­лы, ақын, ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның иегері;

Бағ­дат Мүп­те­кеқы­зы, этно­граф, «Қыран» бүр­кіт­шілер феде­ра­ци­я­сы­ның атқа­ру­шы директоры;

Бабақұ­мар Қина­ятұ­лы, этно­раф, тарих ғылы­мы­ның кандидаты;

Әбдіра­шит Бәкірұ­лы, этно­граф, философ;

Бер­да­лы Оспан, этно­граф, мәде­ни­ет­та­ну­шы, музыкант;

Мұх­тар Тай­жан, сая­сат­кер, экономист;

Сұл­тан-Хан Аққұ­лы, ала­шта­ну­шы, әли­хан­та­ну­шы ғалым, халы­қа­ра­лық жур­на­лист, «Алаш» ғылы­ми-зерт­теу инсти­ту­ты­ның директоры;

Ахмет­бек Нұр­си­ла, кәсіп­кер, мотиватор;

Ерзат Кәрі­бай, био­лог, тарихшы;

Алмас Мұста­фа, қолө­нер шебері, сурет­ші, «Дала сазы» шебер­лер орта­лы­ғы­ның директоры;

Құсми­ля Нұрқа­сым, әдебиетші;

Жанұ­зақ Әкім, эко­но­мист, қоғам белсендісі;

Аманқос Мек­теп­те­гі, түрік­та­ну­шы, фило­ло­гия ғылым­да­ры­ның кандидаты;

Орын­ба­сар Жәні­бе­ков, қоғам қайраткері;

Рама­зан Құр­ман­ба­ев, Ашар­шы­лық құр­бан­да­ры қауым­да­сты­ғы­ның төрағасы;

Еркін Рақы­шев, режис­сер, қоғам бел­сен­дісі, Алма­ты қала­сы мәс­ли­ха­ты­ның депутаты;

Жұмаш Кене­бай – Көк­бөрі, қоғам қай­рат­кері, ақын, публицист;

Мұратхан Шоқан, ақын, «Тұлға-Достық» қоғам­дық қоры­ның төрағасы;

Шынқу­ат Бай­жа­нов, заң­гер.

Республиканский еженедельник онлайн