Пятница , 23 мая 2025

САЛЫҚ РЕФОРМАСЫ саналы есептермен жасалуы тиіс

  • Дәл қазір­гі таң­да күн тәр­тібін­де мем­ле­кет­тік бюд­жет­тің кіріс бөлі­гін ұлғай­ту мақ­са­тын­да елі­міздің салық сая­са­тын жетіл­ді­ру мін­деті тұр. 

Бюджет – кез кел­ген мем­ле­кет­тің ажы­ра­мас бөлі­гі, оның негіз­гі атри­бу­ты. Егер бюд­жет­ке неғұр­лым көбірек қара­жат түсетін бол­са, онда мем­ле­кет­тің әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық про­бле­ма­лар­ды шешу әле­уеті соғұр­лым арта түсетіні бар­шаңы­зға мәлім. Оның үстіне бюд­жет­ке түс­кен қара­жат­ты қай­та бөле оты­рып, мем­ле­кет әле­умет­тік әлсіз топ­тар­ды қорғап, халы­қтың ара­сын­да тепе-теңдік­ті қалып­та­сты­рып, аймақтар­дың бір­кел­кі дамуы­на жағ­дай жасай­ды. Егер мем­ле­кет­тік инсти­тут­тар бюд­жет­ке түсетін кірісті жет­кілік­ті мөл­шер­де жинай алмай­тын бол­са, мұн­дай жағ­дай­да бай­лар­дың бай­ы­ған үстіне бай­ып, кедей­лер­дің кедей­лене беруіне жол ашы­ла түседі, аймақтар­дың ара­сын­дағы әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық алшақтық ұлғай­ып, елдің сая­си тұта­сты­ғы­на қауіп төнетіні де ақиқат. 

Өкініш­ке орай, Қаза­қстан­да соңғы жыл­да­ры бюд­жет­ке түсетін салы­қтың көле­мі жал­пы ішкі өнім­мен салы­сты­рған­да төмен­деп бара жатыр. Мыса­лы, 2005 жылы бюд­жет­ке түс­кен салық ЖІӨ-нің 26 пай­ы­зы­на тең бол­са, соңғы жыл­да­ры бұл көр­сет­кіш ЖІӨ-нің 12–13 пай­ы­зы­нан аспай­тын жағ­дай­ға жет­тік. Бұл – өте қауіп­ті үрдіс. 

Осы мәсе­ле мені эко­но­мист ретін­де қат­ты толған­ды­ра­ты­нын жасы­ра алмай­мын. Біз соңғы жыл­да­ры әле­умет­тік мәсе­ле­лер­ді шешу­ге ерекше екпін бер­дік, соның арқа­сын­да аз қам­ты­ла­тын топ­тар­ды қол­да­уға кең жол ашы­лу­да. Әрине, бұл бар­ша­мы­здың көңілі­міз­ден шыға­тын жайт екені бел­гілі. Мыса­лы, биы­лғы жылы рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тің шығы­сы 25,7 трил­ли­он тең­гені құрай­тын бол­са, соның 9,6 трил­ли­о­ны неме­се 40 пай­ы­зы, ал жер­гілік­ті бюд­жет­тен бөлініп оты­рған 15,5 трил­ли­он тең­генің 54 пай­ы­зы әле­умет­тік про­бле­ма­лар­ды шешу­ге бағыт­та­ла­ды. Осы­ның бәрі мем­ле­кет­тің әле­умет­тік мәсе­ле­лер­ді шешуді алды­ңғы оры­нға қой­ып оты­рға­нын көрсетеді.

Деген­мен, соңғы кез­де қалып­тасқан жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты мем­ле­кет­тің әле­умет­тік мәсе­ле­лер­ді шешу­ге қара­жа­ты жет­кіліксіз бола баста­ды. Соның сал­да­ры­нан мем­ле­кет ішкі және сыр­тқы қары­зды жыл сай­ын өсіру­де. Қары­зға өмір сүрудің қауіп­ті екенін түсін­діріп жату­дың қажеті жоқ деп ойлаймын.

Осы жағ­дай­ды жан-жақты талқы­лай келе, Үкі­мет мем­ле­кет бас­шы­сы­ның тап­сыр­ма­сы­мен Салық кодексін жетіл­ді­ру мақ­са­тын­да соңғы екі жыл­да үлкен шара­лар атқар­ды. Соның бірі – соңғы кез­де қоғам­да қызу талқы­ға түсіп оты­рған ұсы­ныс, яғни бюд­жет кірісін ұлғай­ту үшін қосы­лған құн салы­ғын 12 пай­ы­здан 16 пай­ы­зға дей­ін көте­ру болып отыр. Алға­шын­да талқы­ға ҚҚС-ғын 20 пай­ы­зға дей­ін көтеріп, әле­умет­тік салы­қты айна­лым­нан алып тастау ұсы­ны­лға­нын да жақ­сы білесіздер. 

Мен өз басым экс­перт ретін­де осы ұсы­ны­сты қол­даға­ным рас. Оның бір­не­ше себебі бар. Ең басты­сы – біз бола­шағы­мы­зды ойла­сақ, онда бюд­жет кірісін толы­қты­ру­дың бір­не­ше жолын ұдайы наза­рда ұста­уы­мыз қажет. Қосы­лған құн салы­ғы – рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­ті тол­ты­ру­дың ең жақ­сы фис­кал­дық құрал­да­ры­ның бірі. Өйт­кені ол әкім­шілік тұрғы­дан алған­да өзін-өзі бақы­лау эле­мен­тін қам­ти­ды. Мыса­лы, қосы­лған құн салы­ғын төлей­тін ком­па­ни­я­лар өздерінің іскер серік­те­стерінің де салы­қтың осы түрін толық мөл­шер­де төле­генін қалай­ды. Әйт­пе­се олар жоға­ры­рақ қосы­лған құн салы­ғын төле­у­ге мәж­бүр болады.

Екін­ші­ден, қосы­лған құн салы­ғы – сыр­тқы сауда айна­лы­мын рет­те­удің бір­ден-бір тиім­ді құра­лы. Мысал ретін­де Қаза­қстан мен Ресей ара­сын­дағы сауда қаты­на­сын алай­ық. Ресей – біздің негіз­гі сауда серік­тесі­міз. Шетел­ден келетін импорт­тың 40 пай­ы­зы осы елдің үлесіне тиесілі. Екі мем­ле­кет те ортақ кеден аймағы­на кіреді, демек, екі мем­ле­кет ара­сын­дағы тау­ар алма­су кеден­дік баж салы­ғын­сыз атқарылады.

Ресей эко­но­ми­ка­сы­ның әле­уеті біз­ге қараған­да бар­лық жағы­нан анағұр­лым күшті. Соның сал­да­ры­нан бүгін­де біздің ішкі нары­қта ресей­лік тау­ар­лар басым. Көп­те­ген отан­дық өндіру­шілер осы жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты ресей­лік кәсіп­кер­лер­мен бәсе­ке­ге түсудің қиын екенін еске­ре оты­рып, құзыр­лы орган­дар­дан ішкі нары­қты арнайы тех­ни­ка­лық тосқа­уыл­дар орна­ту арқы­лы қорға­уды талап етіп жата­ты­ны да бел­гілі. Бұл жер­де қара­пай­ым шешім табу қиын, себебі тех­ни­ка­лық кедер­гілер­ді орна­ту біры­ңғай Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақтың негіз­гі прин­циптеріне қай­шы келеді.

Бұл мәсе­лені рет­те­удің бір­ден-бір заң­ды жолы – біз­де­гі қосы­лған құн салы­ғы­ның мөл­шерін Ресей­де­гі жағ­дай­мен теңе­сті­ру. Ресей­де ол 20 пай­ыз, ал біз­де 12 пай­ыз. Осы екі став­ка­ның ара­сын­дағы алшақтық Ресей кәсіп­кер­леріне бәсе­ке­ле­стік арты­қ­шы­лық береді. Өйт­кені Қаза­қстанға тау­ар экс­порт­тау кезін­де ресей­лік өндіру­шілер ҚҚС-нан боса­ты­ла­ды, ал біз өз кезе­гі­міз­де кел­ген заттарға 12 пай­ыз мөл­шерін­де салық сала­мыз. Демек, ресей­лік тау­ар экс­порт­та­у­шы­лар бір­ден 8 пай­ыз басым­ды­ққа ие бола­ды. Сон­ды­қтан қаза­қстан­дық өндіру­шілер үшін Қаза­қстан мен Ресей­де­гі қосы­лған құн салы­ғы став­ка­ла­ры­ның бір­дей болуы аса маңызды.

Үшін­ші­ден, бұл құрал­дың да кем­шілік­тері бар екені анық. Қосы­лған құн салы­ғы став­ка­сы көтеріл­ген кез­де заттың баға­сы қысқа мерзім­де өсетіні бел­гілі. Қосы­лған құн салы­ғы жана­ма салық болып табы­ла­ды, сон­ды­қтан басқа салы­қтар­дың став­ка­ла­ры өзгер­мей­ін­ше, оның ауырт­па­лы­ғы толы­ғы­мен тау­ар­лар­ды сатып алушы­лар мен қыз­мет­тер­ді тұты­ну­шы­лар­дың мой­ны­на түседі.

Осы жағ­дай­ды еске­ре оты­рып, Үкі­мет еңбе­кақы қоры­нан ұста­ла­тын және өндіріл­ген тау­ар­лар мен қыз­мет­тер­дің өзін­дік құны­на кіретін әле­умет­тік салы­қты жою­ды жос­пар­лаған бола­тын. Өкініш­ке орай, бұл ұсы­ныс қол­дау тап­паған секілді.

Жалпы, мен Үкі­мет­тің салық және бюд­жет рефор­ма­сын жүзе­ге асы­руға қаты­сты бүгін­гі баста­ма­ла­рын қол­дай­мын. Мен тек жоға­ры­да аталған өзгерістер­ді ғана емес, соны­мен қатар жеке кәсіп­кер­лер­ге (ИП) салық салу­ды да рет­ке кел­ті­ру қажет­ті­гін күн тәр­тібіне қояр едім. Өйт­кені бұл да шеші­мін талап ететін күр­делі мәсе­ле­ге айналды. 

Менің­ше, жеке кәсіп­кер­лер­ге салық салу жүй­есін енгіз­ген кез­де біз о басы­нан қате­ле­с­кен сияқты­мыз. Жеке кәсіп­кер­лер әлем­нің бар­лық дер­лік елдерін­де бар, сон­ды­қтан халы­қа­ра­лық тәжіри­бені еске­ре оты­рып, жеке кәсіп­кер­лер­ге салық салу жүй­есін дұрыс қалып­та­сты­ру қажет еді. Оның орны­на біз салы­қтан жал­та­ру­ды қалып­ты жағ­дай­ға айнал­ды­ра­тын жүй­ені жасап алдық.

Мыса­лы, Қаза­қстан­да 2,4 мил­ли­он жеке кәсіп­кер­дің 400 мыңы ғана салық төлей­ді екен, ал 2 мил­ли­он­нан аста­мы ешқан­дай салық төле­мей­ді. Бірақ олар­дың шот­та­ры арқы­лы орас­ан зор қара­жат өтіп, олар­дың жал­пы ішкі өнім­де­гі үлесі 30 пай­ы­здан асты. Бұл – ел эко­но­ми­ка­сы­ның үштен бір бөлі­гі мем­ле­кет­тік бюд­жет­ті қалып­та­сты­руға қаты­спай­ды деген сөз.

Жағ­дай­дың тра­ге­ди­я­сы сол – тіп­ті елде­гі ірі кәсі­по­рын­дар, сауда және қыз­мет көр­се­ту нысан­да­ры да салы­қтан жал­та­ру­да жеке кәсіп­кер­лер­ді пай­да­ла­ну­ды дағ­ды­ға айнал­дыр­ды. Бұл үрдіс жыл­дан-жылға артып келеді. 

Сон­ды­қтан салық салу­дың заң­на­ма­лық база­сын нығай­ту­мен қатар қазір­гі заманғы қол­жетім­ді тех­ни­ка­лық құрал­дар мен әдістер­ді пай­да­ла­на оты­рып, халық ара­сын­да түсін­ді­ру жұмыста­рын күшей­тіп, салық жинау жүй­есін рет­ке кел­ті­ру қажет деп санай­мын. Жал­пы, салық тәр­тібін қатаң сақта­уды қам­та­ма­сыз ете оты­рып, бюд­жет­ті толы­қты­ру – мем­ле­кет­тік инсти­тут­тар­дың, жал­пы бар­ша сана­лы аза­мат­тар­дың басты боры­шы екенін түсі­нетін уақыт жет­кенін естеріңіз­ге салғым келеді және осы келелі жиы­нға қаты­сып оты­рған бар­ша құры­л­тай мүше­лері осы игілік­ті істің жана­шы­ры бола­ды деген ойдамын. 

Жақ­сы­лық ҚҰЛЕКЕЕВ, Қол­дан­ба­лы эко­но­ми­ка­ны зерт­теу орта­лы­ғы­ның ғылы­ми жетек­шісі, қоғам қайраткері

Республиканский еженедельник онлайн